Vi халықаралық конференция 1


Список использованных источников



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54

Список использованных источников: 

 1.  Нҧрғалиева  М.,  Фазылжанова  А.  Ҥштілділікке  қатысты  тілдік  жағдаяттың  алғашқы 

ҽлеуметтанушылық зерттеуі // Тіл. Мҽдениет, Коммункация-1. Ғылыми мақалалар жинағы. - 

Алматы: "Елтаным баспасы", 2013. - с.18-40;  

2.  Сулейменова  Э.Д.  «Казахстанская  русистика:  1991-2001»  //  Материалы  конференции 

МАПРЯЛ «Русский язык в социально-культурном пространстве XXI века». Алматы. - 2001;  

3.  Шаймерденова  Н.Ж.    «Русистика  в  Казахстане:  тенденции  и  перспективы»,  //  I 

Международной конгресс «Русский язык и литература в XXI веке: теоритеческие проблемы 

и прикладные аспекты». Астана.- 2007. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



VI Халықаралық конференция

 

203 



 

КӘСІБИ МӘТІНДЕРДІ ТҤЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ҦСТАРТУ ЖҦМЫСТАРЫН 

ТҤРЛЕНДІРІП ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Шахина Сауле Жумахасовна 



Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, «Қазақ тілі кафедрасы»,  ф.ғ.к., 

доцент 

100017, Қарағанды қаласы, Қазақстан 

 

Resume  



In  article  the  question  of  methods  of  training  of  professional  Kazakh  language  is  discussed.  The 

main  task  of  training  of  a  vernacular  –  to  teach  training  by  means  of  reading  various  text  of  the 

professional contents and understanding. 

Authors of these articles along with training of professional language take in attention also training 

of students by various methods of lexical and grammatical bases who contain educational character. 

By  means  of  such  methods  of  training  the  student  broadens  range  of  interests,  information  which 

they  receive  at  each  lessons  it  will  be  able  to  use  in  practice,  also  it  promotes  creation  of  the 

professional relations. 

Vocabulary:  professional  text,  professional  direction,  to  write  compassion,  own  specialization,  to 

development of speech, fire safety, fire-prevention action, the words of edification, set expression, 

the grammar meaning, expressions, the grammar forms, methods of teaching, to diversify training. 

 

Тҥйіндеме 



Мақалада  ҿзгетілді  аудиторияларда  кҽсіби  қазақ  тілін  оқыту    мҽселесі  сҿз  болады.  Кҽсіби 

мҽтіндерді  тҥзу  мен  тіл  ҧстарту  жҧмыстарының  басты  мақсаты  –  тіл  ҥйренушінің  кҽсіби 

мҽтіндерді  оқып,  тҥсініп,  ҽңгімелеу  ҽрекеттерін  қалыптастыру  арқылы  қазақша  сҿйлеуге 

ҥйрету.  

    Бҧл  тҧрғыда  мақала  авторлары  студентке  кҽсіби  мҽтіндерді  оқытумен  қатар,  тҽрбиелік 

мҽні  бар  басқа  да  лексикалық  материалдар  мен  грамматикалық  бірліктерді  ҥйретудің  тҥрлі 

ҽдіс  –  тҽсілдерін  басшылыққа  алады.  Мҧндай  жҧмыстар  арқылы  студенттің  қазақша  ой  – 

ҿрісі  кеңейіп,  ҽр  сабақтан  алған  білімдерін  тҽжірибеде  қолдана  алуына  жҽне  кҽсіби  тілде 

қарым – қатынас жасауына мҥмкіндігі мол.  

Негізгі сҿздер: кҽсіби мҽтіндер; кҽсіби бағыт; шығармашылықпен айналысу; тіл ҧстарту; ҿз 

мамандығы;  ҿрт  қауіпсіздігі;  ҿртке  қарсы  қызмет;  нақыл  сҿздер;  тҧрақты  сҿз  тіркестері; 

грамматикалық  мағына;  сҿз  тіркестері;  грамматикалық  форма;  оқыту  ҽдістері;  тҥрлендіріп 

оқыту.  

 

Кіріспе 


1.1Кҽсіби  мҽтіндерді  тҥзу  жҽне  тіл  ҧстарту  жҧмыстарын  тҥрлендіріп  оқытудың  басты 

мақсаты  –  студентке  кҽсіби  бағыт  –  бағдар  беру.  Тіл  ҥйренушінің  ауызекі  тілдесу,  кҽсіби 

мҽтіндерді  оқу,  тҥсіну,  ҽңгімелеу  ҽрекеттерін  қалыптастыру  арқылы  қазақша  сҿйлеуге 

ҥйрету. Болашақ мамандардың алған білімдерін тҽжірибеде қолданып, кҽсіби тілде қарым  – 

қатынас жасауына мҥмкіндік беру. 


VI Халықаралық конференция

 

204 



 

Тҽрбиелік мақсат  тіл ҥйренушіге қазақ халқының ҽдет – ғҧрпы, салт – дҽстҥрі, даналық ой – 

пікірлері,  адамгершілік  асыл  қасиеттері,  адал  еңбек  пен  жасампаздық  ізгі  істері  туралы 

мағлҧмат беру арқылы іске асады. 

Студенттің  ой  -  ҿрісін  кеңейту,  шығармашылықпен  айналысуға  жҽне  ҿздік  жҧмыстарын  

зейін қойып игеруге  дағдыландыру сабағымыздың дамытушылық мақсатына жатады. 

*Автормен байланыс: 87012346996 

Кҽсіби  қазақ  тілі  пҽнін  ҿзгетілді  аудиторияларда  оқыту  барысында  студенттердің  кҽсіби 

тілдесімін  қалыптастыру  мақсаты  қазақ  тілі  пҽні  оқытушылары  тарапынан  жҥзеге 

асырылады.  Пҽн  бойынша  ҽр  сабақтан  алған    білімдерін  тіл  ҥйренуші  кҥнделікті  қарым  – 

қатынаста, ҿз мамандығы шеңберінде тҽжірибеде қолдана алуы тиіс. 

Негізгі бҿлім 

1.2  Ҽдіскер  –  ғалым  Ф.Оразбаева  қазақ  тілін  басқа  ҧлт  ҿкілдеріне  оқытуда    мынадай 

ҧстанымдарды  басшылыққа алады: 

1.  Тіке  байланыс.  2.  Адамның  жеке  қабілетін  басқару.  3.Сҿйлеуге  ҥйретуде  жҥргізілетін 

жҧмыстардың тҥрлерін анықтау. 4.Сатылап даму жҽне т.б. Оразбаева Ф.(1996) 

Ал  жалпы  қазақ  тілі  ҽдістемесі  ғылымында  мамандыққа  байланысты  оқытуда  мынадай 

талаптар қойылады: 

- мамандық бойынша лексикалық жҽне грамматикалық минимумдарды баяндау; 

-  ҥйренушінің  ҿз  мамандығына  сҽйкес,  тілді  коммуникативтік  қарым  –  қатынаста  қолдана 

алатындай дҽрежеде біліп шығуын қамтамасыз ету; 

- сҿйлеу іс- ҽрекетінің тҿрт тҥрінің негізі қамтылатын мҽтіндерді беру; 

- елтануға қатысты материалдарды ҥйренушінің ҿз қажетіне қарай пайдалану;  

-сҿйлеу  жағдаятын  ҥйренушінің  мамандығына  қарай  бейімдеу,  арнаулы  терминологияның 

берілуін қарастыру жҽне т.б. Білҽл Б.Қ. (2008) 

1.3 Сонымен кҽсіби мҽтіндерді тҥзу мҽселесіне келейік. 

Бҧл  тҧрғыда  жоғары  оқу  орындарының  «Ҿрт  қауіпсіздігі»    мамандығының  орыс  бҿлімінде 

оқитын  студенттеріне  арналған  «  Кҽсіби  қазақ  тілі»  пҽні  бойынша  жҥргізілетін  тіл  ҧстарту 

жҧмыстарын тҥрлендіріп оқыту мҽселесін сҿз етпекпіз.  

Ҿрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мемлекеттік  қызметтің  ажырамас  бір  бҿлігі  болып 

табылады. Мҧндай мемлекеттік қызметті іске асырушы, ҽрине, сол саланың мамандары. 

Басты мақсат студентке кҽсіптік бағдар беру болғандықтан, аталған мамандыққа байланысты 

«Менің  мамандығым»,  «Ҿрт  қауіпсіздігі  туралы  Қазақстан  Республикасының  Заңы», 

«Мемлекеттік  ҿртке  қарсы  қызмет  органдарының    жауынгерлік  Жарғысы»,  «Ҿрт  сҿндіру 

тарихы»,  «Қарағанды  облысы  ҿртке  қарсы  қызметінің  тарихы»,«Ҿрт  қауіпсіздігі 

саласындағы    оқу  орындары»,  «Ҿрт  сҿндіру  техникасы»,  «Ҿрт  сҿндіру  қондырғылары», 



VI Халықаралық конференция

 

205 



 

«Ҿртке қарсы қызмет», «Ҿртке қарсы негізгі щаралар» жҽне т.б. сияқты мҽтіндер ҧсынылып, 

тіл ҧстарту жҧмыстары жҥргізілмек. 

Ескеретін жайт, мҽтінді оқытуға қойылатын негізгі талаптар жалпы оқытушылар қауымына 

таныс  болғандықтан,  тіл  дамыту  барысындағы  ҽдіс-  тҽсілдерге  жан  –  жақты    тоқталмай,  

тҽжірибеде кҿңілге тҥйген кейбір мҽселелерді сҿз етуді жҿн санадық. 

1.4  Тіл ҧстарту жҧмыстарын тҥрлендіріп жҽне тереңдетіп оқыту мақсатында тҽрбиелік мҽні 

бар    лексикалық  материалдар  да  қамтылуы  тиіс.  Айталық,  студент  ҿмірде  оқыстан 

туындайтын от ҿртінің зияндылығы, одан  қорғану, оның алдын алу жолдары  мен тҽсілдері 

туралы хабардар болумен қатар, қазақ халқы ҿмірінің кҿшпелі дҽуірінде оттың алатын орны 

жҽне содан туындаған наным-сенімдерімен, (мысалы, отпен аластау, отқа табыну, отқа май 

қҧю жҽне т.б.) ҽдет-ғҧрыптарымен танысады. 

Тарихи  деректерге  сҥйенсек,  қазақтар  отты  ҽулие  деп  санайды.  Аса  жоғары  қҧрметтеудің 

белгісі  ретінде  отты  ана  деп  атайды.  Отта  тазартушы  қасиет  бар  деп  тҥсінеді,  екі  оттың 

арасынан ҿткізіп тазартады, осы тазартуды қазақтар аластау дейді.Қыстаудан кҿшкенде олар 

кҿшті  екі  оттың  арасынан  ҿткізеді.  Ел  алдында  ант  берген  адам  да  отпен  тазалануға  тиіс. 

Аластау бҥгінгі кҥнде де бар. 

Қазақтарда  от  ҥйдің  киесі,  шамшырағы,  сондықтан  да  жаңадан  тҥскен  жас  келіншек  ҥлкен 

ҥйдің  отына  тағзым  етуге  (сҽлем  етуге)  тиіс.  Бҧл  салт  неке  қию  ҥрдісінде  жасалады.Жас 

келін  отқа  еңкейіп,  оған  май  тамызады.  Осы  кезде  қалыңдықтың  жанындағы  ҽйелдер 

қолдарын отқа қыздырып, «от ана, май ана, шапағатыңды тигізе кҿр»деп қалыңдықтың бетін 

сипайды.  Қазақтар  отты  қасиетті  деп  санайды:  отқа  тҥкіруге  болмайды,  сондай-ақ  ҥстінен 

аттауға да болмайды. Тіпті ҿшіп қалған от орнынан да аттауға  болмайды. 

2. Кҿптеген аурулар оттың киесінен болады деп тҥсініп, сондықтан оттың киесімен емдейтін 

болған.  Осындай  отпен  емдейтін  аурулардың  қатарына  сарп  ауруы  жатады.  Сарп  кезіндегі 

аяқтың  сырқырап  ауыруы,  қазақтардың  ҧғымында,  ескі  жҧртта  абайламай  жҥргеннен. 

Уҽлиханов Ш. (1985) 

Тілімізде  «от  ала  келдің  бе?»  деген  тіркес  бар.Аталған  тіркестің  мағынасын  екі  тҥрлі 

мағынада  (тура  жҽне  ауыспалы  мағынада)  тҥсінеміз.Ауыспалы  мағынаны  тҥсіндіру  ҥшін 

оның шығу тҿркініне назар аударып кҿрелік. Халқымыздың кҿшпелі ҿмірінде оттың ауадай 

қажет болғандығын жоғарыда атап ҿттік. Ол кезде қазіргідей сіріңке, отшақпақ, газ, электр 

тоғын қолдану дегендердің  мҥлдем болмағандығы белгілі. Таңертең от тҧтату ҥшін  тҥннен 

қалған шоқтан от шығарады. Тҥнгі шоқты сақтап қала алмаған ҥй оты бар ҥйден от ҽкеліп, 

жағады. Бір ҥйден екінші ҥйге от апара жатқан адамның міндеті - отты сҿндіріп алмай, тиісті 

орнына уақытылы жеткізу. Сондықтан да ол адам асығады. Қазақ тілінде «от ала келдің бе?» 

деген  тіркес  осыдан  қалған.  Беретін  мағынасы  –  «асығыссың  ба?»,  «асығып  келесің  бе?», 

«асығып қайда барасың?».  

 Сҿздік қорымыздың байлығы болып саналатын  «от» сҿзінен ҿрбіген басқа да (мысалы, «от 

ауызды,  орақ тілді»,  «нажағайдың отындай  жарқылдау»,  «оттай кҥйіп  –  жану»  т.б.) сияқты 

тҧрақты  сҿз  тіркестерінің  беретін  мағыналарын  этимологиялық  тҧрғыдан  тҥсіндіру  тіл 

ҥйренушінің  тіркес  мағыналарын  жаттанды  тҥрде  емес,  саналы  тҥрде  ҧғынуына  септігін 

тигізеді деген ойдамыз. 



VI Халықаралық конференция

 

206 



 

Сол сияқты студент «от»  сҿзінен туындаған «Ҿз отыңды ҿшірме», «Отан оттан да ыстық», 

«Жерден ауыр – ақыл, білім; судан терең – оқу, ғылым; оттан ыстық – адамның ҿмірі; кҿктен 

биік  –  тҽкаппардың  кҿңілі»  т.б.  сияқты    мақал-мҽтелдерді  жаттап,  аталған  сҿздердің 

ауыспалы жағымды мағынада қолданылатындығына кҿз жеткізіп, ҿз отбасын, елін, Отанын 

сҥюге,  халқын  қҧрметтеуге  тҽрбиеленеді.  Бҧл  тҧрғыда,  ҽрине,  студенттің  кҽсібіне  немесе 

мамандығына  қатысты  нақыл  сҿздерді  де  назардан  тыс  қалдырмағанымыз  жҿн.  Атап 

айтқанда,  «Қыран  кҿзіне  сенеді,  қырағы  ҿзіне  сенеді»,  «Батыл  болсаң,  батыр  да  боласың», 

«Ер  –  елдің  ық  жағының  қаласы,  жел  жағының  панасы»,  «Тҽуекелсіз  іс  бітпейді,  тҽуекел 

етпеген арықтан ҿтпейді»,  «Қол кҥрек – шабуылда қалқаның, бекіністе қорғаның», «Ҿнерлі 

істе жеміс бар, ҿрелі істе жеңіс бар» жҽне т.с.с. нақыл сҿздер тіл ҥйренушінің сҿздік қорын 

молайтып, ой – ҿрісінің кеңеюіне ықпал етеді. 

1.5  Тіл  ҥйренушінің  дҥниетанымын  қалыптастыруда  қазақ  халқының  отқа  қатысты 

тыйымдары  мен  ырымдарының  да  алатын  орны  ерекше.  Мысалы,  «Отты  су  қҧйып 

ҿшірмейді. Ҿйткені оны қайта тҧтату қиын болады», «Тҥнде ҥйден кҥл шығармайды. Себебі 

кҥл  тҿгілген  жерді  басуға  тура  келеді»,  «Кҥл  тҿгілген  жерді  басуға  болмайды.  Барлық 

жаманшылық кҥлмен кетеді, оны басу сол жаманшылықты ҥйіңе ҽкелгенмен бірдей» деген 

сҿздердің  мағыналарында  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  бай  тҽжірибесі  мен 

ҧлттық рухани байлықтың қайнар кҿзі кҿрініс тапқан. 

Сол сияқты сҿздердің лексика  – семантикалық топтарын қҧрайтын синонимдік, омонимдік, 

антонимдік  мағыналарын  ажырату  жҧмыстары  да  сабақта  назардан  тыс  қалмақ  емес. 

Мысалы:  Синонимдер:  от,  ҿрт,  шоқ,  жалын,  тҥтін.  Омонимдер:  1.  Жалын  –  зат  есім;  2. 

Жалын – етістік. Антонимдер: жанды, ҿртенді – сҿнді, ҿшті т.б.   

Сабақты  бҥгінгі  жаңалықтармен,  айталық,  ҿмірде  болып  жататын  тҿтенше  жағдайлар, 

мемлекет  тарапынан  атқарылатын  тҥрлі  іс  -  шаралар  жҽне  ҿрт  қауіпсіздігі  саласындағы 

майталман  мамандардың  іс-  ҽрекеттерімен  байланыстыра  оқыту  мҽселесін  де  ескеруіміз 

қажет. Бҧл ҥшін кҥнделікті бҧқаралық ақпарат  қҧралдары (газет, журнал, радио, теледидар, 

ғаламтор)  кҿмегіне  жҥгінеміз.  Студент  бейнежазбалардан  кҿргенін,  дикторлар  тарапынан 

оқылған  материалдарды  тыңдау  арқылы  ҽдеби  тіліміздің  тҥрлі  стильдік  ерекшеліктерін 

байқап, тҥсінгенін айтып беруге дағдылануы тиіс.  

1.6  Сабақ  барысында  тіл  ҥйренушіге  тҥрлі  тақырыптағы  жағдаяттық  тапсырмаларды 

орындатудың  тиімділігін  тҽжірибеде  кҿріп  жҥрміз.  Бҧл  тҧрғыда  тіл    ҧстарту  жҧмыстары 

студенттің  лексикалық  материалды  (кҽсіби  мҽтінді)    меңгеруімен  ғана  шектелмей, 

жағдаяттық  тапсырмалар  орындау  арқылы  да  жҥзеге  асуы  қажет.  Ҥлгі  ретінде  мына 

тапсырмаларға назар аударып кҿрейік: 

1.  Қазақ  халқы  «ҿрт  –  тілсіз  жау»  деп  ҿртті  жеті  жҧттың  бірі  санайды.Сҿйте  тҧра,  «от  – 

тіршілік  негізі,  тазалық  иесі»  деп,  отқа  табынады.  Мысалы,  бесікті,  ҥйді,  адамды,  малды 

отпен аластау – соның дҽлелі. «Қыз Жібек» фильмінде де отпен аластау  рҽсімі қолданылған. 

Қазақ халқы отқа не себепті табынған? Тҥсіндіріңіз. 

2.  Сіз  ҿрт  сҿндіру  депосының  басшысысыз.  Сіздерге  іс  –  тҽжірибеден  ҿтуге  жас  мамандар 

келді.Жастарға депо, ондағы қҧралдар туралы ҽңгімелеңіз. 


VI Халықаралық конференция

 

207 



 

3. Біздің университетте «Ҿрт қауіпсіздігі шараларын жҥргізу туралы нҧсқау» (маусым, 2012 

жыл)  ҽзірленген.Университет  ҧжымы  осы  нҧсқау  талабы  бойынша  ҿрт  қауіпсіздігі 

шараларын іске асыра ма? Ҿз ойыңызды білдіріңіз. 

4.  Тҥн  ішінде  кҿрші  пҽтерден  тҥтіннің  иісі  шықты.Сіз  барсаңыз,  кҿршіңіз  тҥтіннің  иісінен 

уланып,  тынысы тарылып, дем жетпей,қысылып жатыр.Сіз не істейсіз? 

5.  Орташа  кҥйік  шалған  адамға  қандай  медициналық  кҿмек  кҿрсететіндігіңіз  туралы 

ҽңгімелеңіз 

6.  Сіздің  ҥйге  келін  тҥсті  .Келін  ҥйге  кіріп  келе  жатқанда,  ҥйдің  ҥлкендері  оған  отқа  май 

қҧйғызды.Сіздің  ҧлты  басқа  досыңыз  бҧл  салтты  тҥсінбеді.Қазақтың  отқа  май  қҧю 

салтын,оның себебін тҥсіндіріңіз. 

Тапсырма  шарты  бойынша  тіл  ҥйренуші  алдымен  ойланады,  ойын  жинақтап,  сҿйлем 

қҧрайды, я болмаса ауызша мазмҧндайды. 

1.7  Тіл  ҧстарту  жҧмыстары  грамматикалық  жаттығулар  арқылы  да  жҥргізілетіндігі  белгілі. 

Бҧл  тҧрғыда  оқытушы  грамматикалық  материалдарды  кҽсіби  мҽтіндерге  сҽйкес  сҧрыптап, 

мҽтін ішінде грамматикалық формалардың қай тҥрі жиі кездесетіндігіне студенттің назарын 

аударып,  тҥрлі  лингвистикалық  талдау  жҧмыстарын  (фонетикалық,  лексикалық, 

грамматикалық) жҥргізеді. 

Мҽтінмен  жҥргізілетін  тіл  ҧстарту  жҧмыстары  ҽдеттегідей  мҽтін  ішіндегі  жаңа  сҿздерді 

анықтап,  аударып,  сҿздік  қҧрастырудан  басталады.  Бҧдан  кейін  ол  сҿздердің  лексикалық 

мағыналарына  (тура  немесе  ауыспалы  мағына)  назар  аударамыз.  Сҿздердің  лексикалық 

мағыналары тҥбір сҿздер арқылы берілетіндігі белгілі. Мысалы: Ҿрт , қауіпсіздік , тҿтенше 

жағдай , тҥтін , тҽртіп , қҧтқару , сақтандыру , сҿндіру , қол ҿрт сҿндіруші , ҿрт краны,  ҿрт 

техникасы жҽне т.б.  

 

Сондықтан да тіл ҥйренушіге мҧндай сҿздердің орысша баламаларын тауып,  мағыналарын 



тҥсіну онша қиындық келтірмейді. 

Мҽтін  негізінен  сҿз  тіркестері  мен  сҿйлемдерден  қҧралатындығын  ескерсек,  келесі  кезекте 

студентке мҽтін ішінен сҿз тіркестерін теріп жазып, олардың қандай мағына беретіндіктерін 

анықтау  жҧмысы  тапсырылады.  Сҿйлем  қҧрамындағы  қандай  да  бір  сҿз  жеке  тҧрғанда  не 

тҥбір  кҥйінде  бір  немесе  бірнеше  лексикалық  мағынада  жҧмсалып  қана  қоймай, 

грамматиканың  қарамағына  тҥсіп,  бірнеше  грамматикалық  мағыналарға  ие  болады.  Бҧл 

тҧрғыда  лексикалық  мағынаға  ие  дербес  сҿздердің  басқа  сҿздермен  байланысқа  тҥсіп, 

тіркесіп,  қандай  грамматикалық  мағына  білдіретіндігін  анықтау  қажет  болады.  Жҽне  бҧл 

жҧмыстың біраз қиындық келтіретіндігін де жасырмаймыз.  

Кҿп  жағдайда  студенттер  сабақта  мҽтіндер  қҧрамындағы  сҿз  тіркестерін  кҿшіріп  жазып, 

оларды  қҧрғақ  жаттаумен  шектеледі.  Сондықтан  мҧндай  сҿз  тіркестерінің  сҿйлем  ішінде 

қолданылу,  сҿйлем  қҧрауға  негіз  болар  аясы  тар.  Ал  мҧның  аяғы  тіл  ҥйренушінің  мҽтін 

мазмҧнын саналы тҥрде ҽңгімелемей, жаттанды сипатта мазмҧндауына ҽкеліп соғады.  

Ал  ҿзге  ҧлт  ҿкілдерін  қазақша  сҿйлеуге  ҥйретудің  сҿз,  сҿз  тіркесі,  сҿйлем  арқылы  жҥзеге 

асырылатындығын  ескерсек,  осы  аталған  тілдік  бірліктердің  бір-бірімен  ҥнемі  байланыста 

болатындығын  практикалық  сабақтарда  саналы  тҥрде  ҥйрету  пҽн  оқытушыларынан  



VI Халықаралық конференция

 

208 



 

ҽдістемелік  шеберлікті  талап  етеді.  Сондықтан  сабақ  барысында  осы  мҽселеге  жиі  назар 

аударғанды жҿн деп санаймыз. 

Сҿзіміз дҽлелді болу ҥшін теорияға жҥгініп кҿрейік. 

Сҿз  тіркесін  қазақ  тіл  білімінде,  сондай  -  ақ  жалпы  тіл  білімінде  де,  сҿйлемнің  шикізаты 

(материалы) ретінде қарастырады: 

1. «Сҿздер ҿзара тіркесу арқылы сҿйлем қҧрамына енеді. Сондықтан сҿз тіркестері – сҿйлем 

қҧраудың шоғырланған материалдары» (Ғылым баспасы, 1967) 

2.  «Сҿз  тіркесінің  де,  сҿйлемнің  де  лексика  –  грамматикалық  элементі  –  сҿз.  Оның  ҿзгеруі, 

басқа  сҿзбен  байланысып  жҧмсалуы  сҿйлемде  (контексте)  ғана  анықталады.  Бҧл,  жеке 

сҿздер  мен  тҧрақты  сҿз  тіркестері  сияқты  сҿйлем  қҧраудың  материалы  болады»  Тҿлегенов 

О. (1968) 

3.  «Сҿздер  ҿзара  тіркесе  келіп,  бір  тҧтас  сҿйлем  болғанда,  олар  ҽр  алуан  синтактистік 

тҽсілдер арқылы байланысады» Тҿлегенов О. (1968) 

Сҿз бен сҿзді байланыстыруға дҽнекер болатын синтактистік тҽсілдер негізінде, мыналар: 1. 

Жалғаулар  (септік,  тҽуелдік,  жіктік,  кҿптік).  Мысалы:  Тҥтіннің  иісі,ҿрт  қауіпсіздігі,ҿрт 

сҿндіру  жҧмыстары,олар-ҿрт  сҿндірушілер.  2.Шылаулар  (септеуліктер,  жалғаулықтар, 

демеуліктер).  Адамдарды  қҧтқару  ҥшін  ҿрт  сҿндірушілер  келді.  Суды  қолдану  арқылы  ҿрт 

сҿндірілді.  Ормандағы  ҿрт  туралы  хабар  келді.т.б.  3.Сҿздердің  орын  тҽртібі.  Жанғыш 

заттар,қҧқықтық  шаралар,  мемлекеттік  бақылау,  ҧлттық  байлық.  4.Интонация.  Бҧл  -  ҿрт 

сҿндіру  мекемесі.  Келген  -  ҿртке  қарсы    қызметтің  полковнигі.  Бҧл-бір  ерекшелік. 

Екіншіден,  тҽжірибе  кҿрсетіп  отырғандай,  сҿз  тіркесі  мен  сҿйлем  қҧрастыруда  қазақ 

тіліндегі  сҿздердің  синтаксистік  байланыс  формаларын    (1.қиысу,  2.матасу,  3.меңгеру, 

4.қабысу, 5. жанасу) ҧғындырудың маңызы зор. 

Егер  мҽтін  қҧрамында  кем  дегенде  10-15  сҿйлем  болатындығын  ескерсек,  ҽр  мҽтіннен 

бірнеше сҿз тіркестерінің мағыналарын анықтауға болады. 

Қазақ  тілі  грамматикасын  мектептен  жақсы  меңгеріп  келген  тіл  ҥйренушіге  бҧл  тапсырма 

онша  қиындық  келтірмейді.  Керісінше,  кей  жағдайда  сҿз  тіркестерін  дҧрыс  қҧрастыру 

ережелерін білмегендіктен, студенттер тарапынан мына тҽрізді қателіктер жіберіліп жатады. 

Мысалы: шаралары ҿрт сҿндіру (дҧрысы - ҿрт сҿндіру шаралары), кезінде ҿрт (дҧрысы - ҿрт 

кезінде),  белгілері  ҿрт  қауіпсіздігі  (дҧрысы  -  ҿрт  қауіпсіздігі  белгілері),  жҧмыстары  қоныс 

аудару (дҧрысы – қоныс аудару жҧмыстары). 

Қазақ тілінің сҿз тіркестері ҿзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жҽне етістікті болып ҥлкен 

екі  салаға  бҿлінеді.Есімді  сҿз  тіркестері  қабыса,  матаса,  жҽне  меңгеріле  байланысады. 

Етістікті сҿз тіркестері қабыса жҽне меңгеріле байланысады  

Шешімі 


1.8 Сҿздердің осылайша тіркесуі негізінде пайда болатын тҥрлі грамматикалық мағыналарды 

нақтылау жолдары студенттердің сҿз тіркестерін дҧрыс қҧрастырып, сҿйлеу кезінде оларды 

сҿйлем қҧрамында орынды пайдалануына мҥмкіндік беретіндігін тҽжірибеде байқап жҥрміз. 


VI Халықаралық конференция

 

209 



 

Сабақта  жҥргізілетін  лингвистикалық  талдаулардың  кейбір  ерекшеліктерін  де  атап  кетуге 

болады.  Мҽтіндер  арқылы  тіл  ҧстарту  барысында  сҿздердің    мағыналарына    жиірек  кҿңіл 

бҿлініп,  лексикалық  талдаулар    жҥргізілетіндігі    жоғарыда  айтылды.  Ал  тіл  ҥйренушіге  

сҿздердің  морфологиялық қҧрылымын тҥсіндіру ҥшін морфологиялық талдаулар жасаймыз. 

Сҿздің морфологиялық қҧрылымы морфемалардан қҧралатындығы,  морфемалардың негізгі 

жҽне  қосымша  морфема  болып  екіге  бҿлінетіндігі    белгілі.  Тҽжірибе  кҿрсеткендей, 

морфологиялық талдау барысында тіл ҥйренушілер тарапынан сҿз қҧрамындағы омонимдес 

қосымшалардың    сҿз  тҥбіріне  жалғанғанда  қандай  мағына  беретіндіктерін  ажырата 

алмаушылық  байқалады.  Мҽселен,  тіліміздегі  бірыңғай  дыбысталатын  –ды,  -ді,  -ты,  -ті  

қосымшалары  бірде  жалғау  (елді  қорғау,  қазақша  сҿйлейді),  бірде  жҧрнақ  (елді  мекен, 

кітапханаға  келді),  бірде  шылау  (...айтқалы  келген  -  ді)  ретінде  қолданылып,  сҿз 

тҥрлендірушілік жҽне сҿз тудырушылық қызметтер атқарады. Бҧл тҧрғыда сҿйлемдегі сҿздің 

лексикалық  мағынасы  қай  сҿз  табының  жалпы  семантикасына  сҽйкес  келетінін  анықтап 

алып,  енді  сол  сҿздің  қҧрамындағы  кҿмекші  морфемалардың  қай  сҿз  табының 

категорияларының  кҿрсеткіші  екенін  табу  керек.  Сҿздің  морфемдік  қҧрамы  сҿйлемдегі 

негізгі ойды білдіру қызметін атқарып тҧрған тілдік бірліктер мен грамматикалық қызметтегі 

бірліктерді ажыратуға кҿмектеседі.  

Қорытынды 

Сонымен сабақ тақырыбы аясында сҿйлесе  білуге ҥйретуде кҽсіби мҽтіндермен тіл ҧстарту 

жҧмыстарын тҥрлендіріп оқытудың ҿзіндік ерекшелігі бар деп есептейміз. 

Кҽсіби мҽтін арқылы тіл ҥйренушінің дҥниетанымы,  ой-ҿрісі кеңейіп, ҿз мамандығына деген 

қызығушылығы  артып,  ойын  жҥйелеп  айтуға  дағдыланады.  Студент  –  болашақ  маман.  Ал 

қазақ тілін мамандыққа сай оқыту – бҥгінгі заман талабы. 



Әдебиеттер тізімі 

Оразбаева Ф.Тілдік қатынас пен қатысым ҽдісінің ғылыми - теориялық негіздері. – Алматы, 

1996. 415- б. 

Білҽл  Б.Қ  Студенттердің  коммуникативтік  дағдысын  қалыптастыруда  мҽтіннің  рҿлі.  // 

Қазақстандағы орыс тілі мен ҽдебиетін оқытудың ҿзекті мҽселелері. Республикалық ғылыми-

практикалық конференция материалдары. – Қарағанды : Санат – Полиграфия, 2008. 382-б. 

Уҽлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. 177-б. 

Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. – Алматы : Ғылым, 1967. 8-б. 

Тҿлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді жҽне мақсат мҽнді жай сҿйлем типтері. 

– Алматы : Мектеп, 1968. 6-б. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет