Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет39/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54

Әдебиеттер׃ 

1. Сейітжанов З. Шыңжаң қазақ  ҽдебиеті.– Алматы: Қазақ университеті, 1999.– 185 б. 

2. Мҧқанов С. Алыптың адымдары.– Алматы: Қазақ   мемлекеттік кҿркем ҽдебиет баспасы, 

1959.– 362 б.  

3. Таңжарық. Шығармалары. Алғы сҿз.– Ҥрімжі, 2001.– 22 б. 

4.  Егеубаев О. Таңжарық туралы ақиқат // Жҧлдыз.– 2001.– № 4.– 108 б. 

5. Ҽдішҧлы Ы. ―Тҥрме халіне‖ ҥңілгенде // Іле педагогикалық институты ғылыми журналы.– 

Қҧлжа,  1994.– № 3.– 60 б. 

6. Ҽзезов Қ. Тҿңкерісшіл ақын Таңжарықты еске алғанда // Тҿңкерісшіл ақын Таңжарық.– 

Кҥйтің: Іле халық баспасы, 1985.– 454 б. 

 


VI Халықаралық конференция

 

340 



 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ (Қ.Жҧмаділовтің «Дарабоз»  романы 

бойынша) 

Айтбаева  Айман Ералықызы 



филология ғылымдарының кандидаты, доцент 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қызылорда қ.

 

 

 

Мҽңгілік  тақырыптардың  бірі  –  ҽйел  мҽселесі.    Шын  мҽнінде,  қазақ  тарихы  мен 



мҽдениетін  зерделесек,  сан  ғасырлар  бойғы  кҥресте  елдігін  ерен  еңбегімен,  асқан 

парасатымен, шексіз шыдамдылығымен жҽне сҥйіспеншілігімен сақтай білген, ҧлттық рухты 

ҧрпағының  бойына  ақ  сҥті  арқылы,  бесік  жыры  мен  туған  тілі  арқылы  сіңіре  білген  ҽйел-

аналар аз емес. 

 

Ҽйел  ҽлемі  -  жҧмбақ,  терең  сырға  толы  тағдырлар.  Қазіргі  қазақ  романдарындағы 



ҽйелдер  бейнесі,  оның  психологиялық  портреті  ауқымды  тақырып  тақырып.  Бҥгінгі 

ҽңгімемізде  біз  Қ.Жҧмаділовтың  «Дарабоз» романындағы  Ханбибі,  Майсара,Назым, Мҥней 

сияқты  арулардың  типтік  бейнесін  жасаудағы  жазушы  шеберлігін  қарастырдық.  Шығарма 

кейіпкерлері  тарихи  кезеңнің  жҥгін  арқалап,  сол  бір  тҧстың  талап-тілектерін  алға  тартып, 

эстетикалық ҧғым, талғамның эволюциялық даму ҥрдістерін аңғартады. 

Қ.Жҧмаділов  ҿзіне  дейінгі  тарихи  роман  авторлары  Есенберлин,  Кекілбаев,  Сматаев, 

Мағауин  кҿтерген  проблемаларды  ҥстей  тҥседі  де,  олардың  қаламы  тие    қоймаған  кезеңді 

жҽне жоңғарларға қарсы ҧлт-азаттығы соғысының аса кҿрнекті қолбасыларының бірі, Бҧқар 

жырау сҿзімен айтқанда, Бҿгенбай батырдан да бҧрын найзасын жауға тіреген, бҧған дейінгі 

тарихи  туындыларда  тек  бірер  кҿрінер  эпизодтық  кейіпкер  ретінде  ғана  бедерленген. 

Абылай  хан  дарабоз  атаған    Қаракерей  Қабанбайды,  басқа  да    бейнеленуі  кҿмескі   

тҧлғаларды,яғни  шығармадағы  қазақ  ҽйелінің  образын,  оның  ҧлттық  болмысын,  рухани 

қҧндылықтарын,  қазақ  қоғамындағы  орнын      суреттеу  объектісі  етіп  алға  шығарады. 

Мысалы, І.Есенберлиннің «Кҿшпенділер» романындағы Кҥнімжан, Гауһар, Ҽ.Кекілбаевтың 

«Елең-алаң»  романындағы  (Бопай  ханым),    Қ.Жҧмаділовтың  «Тағдырындағы»  (Ажар), 

Ҽ.Ҽлімжановтың  «Махамбеттің  жебесіндегі»  (Фатима  тоташ),  Қ.Жҧмаділовтың  «Дарабоз» 

(Ханбибі,  Майсара,  Мҥней)  романдарындағы  ҽйелдер  бейнесі  –шығарма  арқауындағы  бас 

қаһармандар образын толықтырушы, ҽр тҥрлі қырынан кҿрсетуші ғана емес,  сонымен қатар 

авторлық ҧстанымға орай ҽр тҥрлі ракуста кескінделген.  

  

Қабанбай  батырдың  ҿмірлік  серігі,  Бҽсентиін  Малайсары  батырдың  қарындасы 



Гауһар  анамыз  да  жауға  бетпе-бет  шығып,  айқасқа  тҥскен  батыр  болған.  Осындай  ҽке  мен 

ана  кҿрген  қызы  Назым  да  ҥлкен  соғыстардың  бірінде  дағдарып  қалған  қазақ  қолын 

«Қабанбайлап» жауға бастаған . 

«Дарабоз»    романындағы  ҽйел  образдарының  ерекшелігі  дегенде  оның  тарихилығы,  

олардың ҧлттық-рухани болмысы, қоғамдағы орны жайлы сҿз еткен дҧрыс. Романдағы басты 

кейіпкер Қабанбай батырдың ҥш жансерігі болған. Ол – Қубас ат, адал жары Майсара жҽне 

ер қызы Назым. Ҽсіресе, Майсараның орны ерекше болғандығы жайлы романда жан-жақты 

суреттеледі.   

 

Жорықтарда батырмен бірге ерлік кҿрсеткен қарулас серігі, ҿмір бойы айнымаған ақ жҥректі 



зайыбы,  дастарқаны  мол,  пейілі  кең,  ҥйіне  ҧйытқы  болған  дархан  мінезді  Майсараның 

психологиялық портреті шынайы бейнеленген.Қазақ романшыларының Майсараның ҧлттық-

рухани  болмысын,  оның  ҧрпақ  тҽрбиелеудегі  тектілігі  мен  тҿзімділігін  беруде  тарихи 

деректерге  де  назар  аударғаны  кҿрінеді.  Мысалы,    Майсараны  алғаш  І.Есенберлиннің 

―Жанталас‖  романында  кездестірдік.  Онда  аты  Гҽуһар  делінген.  1723  жылы  жоңғарлар 

жетпіс бес мың қолмен жеті топқа бҿлініп, тҧтас қазақ сахарасына шабуылға ҿтеді. Ал 1724 



VI Халықаралық конференция

 

341 



 

жылы  Тҥркістанға  қауып  тҿндіреді.  Осы  жақта  Қабанбай  жауға  қарсы  кҥресті 

ҧйымдастырушы  болып  жҥреді.  Бҧл  жердегі  кҥштің  жетпейтінін  сезген  ол  мҧндағы 

батырларға тапсырмалар беріп, ҿзі қалың қол жинап келу ҥшін Арқаға аттанады. Бар қазақты 

кҿтеру керек деп есептеген Қабанбай атқа мініп жҥрмек болады. Сол мезетте атын жетелеп 

―сусар  бҿрік  киген  сҧңғақ  бойлы,  бота  кҿз  аққҧба  бойжеткен  алдынан  кҿлденең  тарта 

береді‖[1,20]. 

Одан  кейінгі  ҽсерлі  сҽт  осы  ―Жанталас‖  романында  былай  суреттеледі.  ―Батырдың  жолы  

болар  ма  екен,  ҿзім  аттандырайыншы,  –  деді  маржандай  ҽппақ  тісін  кҿрсете  кҥлімсіреп, 

сҿйтті  де  тізгінді  қолына  алып,  ҥзеңгісін  аяғына  салған  қас  батырдың  қолтығынан  ҧстап, 

жоғары кҿтере бастады… 

–  Рахмет,  қҧрбым,  –  деді  Қабанбай  жҥрегі  кенет  дҥрсілдеп,  —  Айдын  кҿлдің  аққуы 

аттандырды ғой, жолым болады екен!… 

– Айтқаныңыз келсін! 

– Қош бол, қарындасым!… – Қабанбай атының басын тежей қалды. – Кездесе алмай қалсам, 

ең болмаса біліп кетейін, атың кім, қарындасым? 

– Атым Гҽуһар… Бҽсентиін Малайсары батырдың қарындасымын, — қыз бҧ жолы сҥйріктей 

ҽппақ саусақтарын ҧсынды. – Алла сау-сҽламат кҿрісуге жазсын! 

–   Айтқаның келсін, қарындасым! Қош бол! 

– Қош болыңыз!‖ ‖[1,24].  

Қабанбай ҧзап барып артына қараса, Гҽуһар ақ орамалын алып екі-ҥш рет бҧлғайды. ―Гҽуһар 

десе Гҽуһар екен‖ деп Қабанбай іші елжіреп, жҥрегі ҿрекпіп ҧзай береді. Бҧл екеуінің алғаш 

танысқаны,  тілдескені.  Қандай  инабатты,  ҽдепті,  тіпті  мҽдениетті  тҥсінісу,  сҿйлесу. 

Лебізінен еркелік те, тектілік те сезіледі. 

Шынтуйатына  келгенде  Гҽуһардың  ерке  болып  ҿсетін  жҿні  де  бар  екен.  Туған  ағасы 

Малайсары  да  аттың  жалында,  тҥйенің  қомында  жҥріп,  Қабанбай  жҽне  басқа  батырлармен 

қатар  ҥнемі  сапта  болып,  жан  аямай  жауға  қарсы  соғысқан  аты  ҽйгілінің  бірі  еді.  Хан 

Абылай  «байлығымен,  батырлығымен  даңқты  Малайсарыны  қҧрмет  тҧтам»  дейтін  батыры  

осы  –Малайсары.  Қарындасы  Гҽуһар  да    соның  қасында  жҥріп,  сан  жорыққа  қатысқан 

ержҥрек қыз.  

Дҽстҥрлі  қазақ  дҥниетанымында  тҧлғалықты,  даралықты  білдіретін  тҿл  категориялар  бар. 

Осындай  ҧғымға  «тектілік»  жатады.  Тектілік  ерге  де,  ҽйелге  де,  байға  да,  кедейге  де  тҽн 

қасиет.    Тектілік  деңгейін  «тҧқым  мен  қан  тектілігі,  азаматтың  ҿз  басының  тектілігі, 

халқының тектілігі» деп бҿлген философ ғалым А.Адаеваның пікірінше, «осы тҧқым мен қан 

тектілігі  туралы  қазақ  тҥсінігі  ерте  заманнан  бастау  алғанын  жҽне  бҧл  қасиетке  атасы  мен 

анасының  бірдей  жауапты  екенін,  кҿбінесе  ҽкесінен  гҿрі  анасының  тегіне  қатты  мҽн 

берілетіндігін,  қазақ  тҥсінігінде  елді  текті  адам  билеуі  тиіс  екенін  дҽлелдейтін  мысалдар 

жеткілікті. [2, 96 б.].  

Шынында  да,  халық  аңыздары  мен  жырларында,  тарихи  хикаяларда,  шежірелерде,  ҧлттық 

салт-дҽстҥр,  ҽдет-ғҧрыптардан  ата-бабаларымыздың  ең  алдымен  ана  тегіне  ерекше  назар 

аударғаны  жайлы  деректерді  жиі  кездеседі.  Жоғарыдағы  жайттарды  қазіргі  ғылыми 

зерттеулер  нҽтижесі  де  дҽйектей  тҥседі.  Заманауи  генетика  ғылымы  ақыл-парасаттың  ана 

бағыты арқылы берілетінін дҽлелдейді.  

 

Қ.Жҧмаділовтің  ―Дарабоз‖  дилогиясында  Гҽуһар  қыз  есімі  Майсара  деп  аталады. 



Шын  атын  жҧрт  ҿзгертіп  Гҽуһар  деп  атап  кеткен  кҿрінеді.  Кейінгі  кездегі  байқауымызша, 

осы  есімі  тҧрақты  айтылатын  болып  жҥр.  Қ.Жҧмаділов  оның  Қабанбай  батырмен  алғаш 

жҥзбе-жҥз келіп, тілге келуіне қызықты мына бір штрихты келтіреді. 

Тҥркістанды қорғау кезінде осы жақта болған Қабанбай кҿзі тҥсіп, ынтызары ауып жҥрсе де 

Гҽуһарға  лҽм дей алмай, ҿзін тежей береді екен. Бҧрын ҥйленгендігі,  екі-ҥш  баланың ҽкесі 


VI Халықаралық конференция

 

342 



 

болғандығы  себеп  бҧған.  Соның  шешілуін  жоқ  жерден  келген  ажалдан  Қабанбайды 

Майсараның  қҧтқарып  қалуы  сҽтін  келтірген.  Ол  былай  бопты.    Бірде  Қабанбайдың  ша-

тырдан шыққан кезін аңдып, жау оны атып ҿлтірмек болыпты. Соны байқап қалған Майсара 

садақ оғымен жансызды сҧлатып салған. Соны кҿрген батыр: «Мені ажалдан алып қалған ақ 

тілеулі  періштем  ҿзің  екенсің  ғой…  Міне,  мен  бҥгіннен  бастап  сенің  жаудан  тҥсірген 

олжаңмын.  Ендігі  ҿмірім  сенікі»,-  депті[3].  Ақылды  Майсара  батырдың  сҿзін  қҧп  алмады. 

Бҧл жерде Қ.Жҧмаділов екі мҽселеге назар аудартады: біріншісі – Майсараның қағылездігі, 

мергендігі, екіншісі – сҥйіскен екі жҥректің алғаш табысуы. 

Жазушы Қ.Жҧмаділов ―Дарабоз‖ дилогиясында Майсараның батырға ҧқсас бейнесін  былай 

суреттейді:  ―Аяғына  шоңқима  кҿксауыр  етік,  ҥстіне  кестелі  жарғақ  шалбар,  қатипа  камзол 

киіп  алған.  Оның  сыртында  жеңіл  бектер  сауыт,  басында  алтындаған  болат  дулыға.  Кемер 

белдікке  қыстырып  қойған  қос  ҿрім  қолаң  шашқа,  жҽудіреген  ҧялы  нҽркес  кҿз  бен  қайқы 

кірпікке  қарап  айырмасаң,  саптағы  сарбаздай  болған  да  қалған‖.  Жас  кезінде  де  талай 

жорыққа қатысқанда Майсара осылай сапқа қосылатын болған ғой. Ал ҽлгі киінісі ҧзақ бір 

жолға шыққанын білдіреді. Жазушының ҿз уақытындағыдай бейнелеп беруінде еш мін жоқ. 

Майсараның  ерлігін  паш  ететін  жҽйттерді  жоғарыдағы  кітаптардан  басқа  да  еңбектерден 

ҧшыратамыз. Жас арудың бір ерекшелігі асқан сҧлулығы, кҿз тоймас ҽсемдігі болса, екіншісі 

– ел есінде ―Гауһар батыр‖ аты қалған жаужҥрек ерлігі еді. ―Қаракерей  Қабанбай‖ кітабында 

З.Сҽнік пен Б.Садықан ―Кіші жҥздің ханы  Ҽбілқайыр отыз мың ҽскер, орта жҥзден Сҽмеке 

жиырма  мың  ҽскер  дайындап,  Қабанбайдың  бас  сардарлығымен  жоңғарларға  қарсы 

шабуылға ҿтпек болып жатқанда, ―Гҽуһар жоңғарлардың қоршауын ерлікпен бҧзып шығып, 

Қабанбайдың қасына барып, оларды жау жағдайы  жҿнінде толық мҽліметпен қамдайды‖,  – 

деп жазады .  

Романда  Майсараның-Гауһардың  қайсарлығын,  беріктігін,  жҥректілігін,  еліне  берілгендігін 

суреттегенде  ҿзінің  де  алабҧртып,  іштей  толқып  отырғанын  сезінесің.  Жоңғарлар 

Тҥркістанға шабуыл жасамақ кҥндерінің бірінде Ҽбілқайыр ханға хабар бермек боп бір қыз 

шауып келе жатады. Бір топ адаммен шолғынға шыққан Сыбан Раптанның қызы Хоча оны 

байқап  қалып  артынан  қуа  жҿнеледі.  Зорға  дегенде  қуып  жетіп,  қолындағы  қыларқанын 

лақтырып  қыздың  мойнына  салып,  қолға  тҥсіреді.  Қайда,  неге  бара  жатқанын  сҧрап 

ҽурелейді. Қыз бір айтқан сҿзінен қайтпайды: ―Мен сендерге ештеңе айтпаймын, ҿлтірсеңдер 

ҿлтіре беріңдер‖, деп қасарысып тҧрып алады. Сонда қыздың қайсарлығына ызаға булыққан 

Хоча  оны  ҿлтіруге  бҧйырады.  Жас  ноян  Шҽңгерек  арашаға  тҥседі.  Қыздың  сҧлулығы 

ноянның жҥрегіне ҧшқын тастап жібергендей болады бір жағынан. Болашақ қосағы болмақ 

Шҽңгеректі қызғанып не істерін білмей аласҧрады Хоча. Сол кезде шолғыншылар бір қазақ 

жігітін  ҧстап  ҽкеледі.  Енді  қыздың  кҿзінше  жігіттің  тақымына  қыларқан  салып,  бір-екі 

бҧраттырады. Жігіттің қҧлындағы дауысы жан тҥршігерлік боп шығады. Соның бҽрін кҿріп 

отырған  қыз  сҧп-сҧр  болып,  ернін  тістеп  міз  бақпайды,    кҿзіне  жас  та  іркілмейді.  Тағы 

бҧраңдар деп Хоча бҧйрық бергенде тҧтқын жігіт шыдамай сҧрақтарына жауап беруге ыңғай 

білдіреді.  Сҿйтіп    ол  ҿзінің  Ҽбілқайырдың  барлаушысы  екенін,  Ҽбілқайыр  мен  Сҽмекенің 

қанша  қолы  барын,  қазір  қай  жерде,  Тҥркістанға  қарай  қашан  аттанбақ  болып  жатқанын 

айтып береді. Манадан бері жігітке жиіркенішпен  ҿшіге қарап тҧрған қыз шалт қимылмен 

атылып,  жетіп  келіп,  қолындағы  алмас  кездікті  жігітке  сілтеп  ҥлгереді.  Кездік  дҽл  жҥрек 

тҧсынан қадалады. Сол қызды ақыры Шҽңгерек ноян ретін келтіріп босатып жібереді. Тҧла 

бойы ашу-ыза кернеген Хочаға ―Қызды мен босатпағанымда, сен оны бҽрібір ҿлтіретін едің‖, 

–  дейді  Шҽңгерек.  Қызғаныштан  не  істерін  білмей  жҥрген  Хочаға:  бҧл  себеп  болып,  жас 

ноянды ол да ҿлтіреді. Қыз босап шыққан бойда Ҽбілқайыр ханның ҽскеріне қарай  тартып 

отырады. Ханға жоңғар  шапқыншылары жҿнінде керекті мҽліметтер жеткізеді. Бҧл ер қыз – 

Гҽуһар еді. Оның сҧлулығы мен қайсарлығына бас ҧрған жоңғар нояны Шҽңгерек одан гҿрі 


VI Халықаралық конференция

 

343 



 

ҿзінің ҿлгенін артық  санайды, сол ҥшін ол мерт етіледі. Егер Гҽуһардай  қыз кездеспесе, тірі 

жҥріп, Хочамен қосылар ма еді, қайтар еді.  

Қызықты бір мағлҧмат мынау – əлгі Хоча кейін Абылайханның кҿп ҽйелдерінің бірі болған 

екен.  Шҽңгеректің  Гҽуһарға  ғашық  болып  қалып,  ол  ҥшін  ҿзін  ҿлімге  қиюы  тегін  болмаса 

керек.  Гҽуһарға  кҿздің  сҧғын  қадаған  жалғыз  Шҽңгерек  емес  екен.  ―Сан  айқастан  ҿткен, 

сонау  Қытайдың  шекарасындағы  Халкадан  Тҥркістанға  дейін  адамзаттың  нелер  сым-

баттысын  кездестірген  қалмақ  жауынгерлері  Гҽуһарды  кҿргенде,  мҿлдір  су  тҥбінде  жатқан 

жарқыраған  гҽуһар  тасты  кҿргендей  естері  шықты.  Шҽңгерек  ноянның  бірден  Гҽуһарды 

ҿлімге қимай араша тҥсуі де содан еді‖, — деп жазған І.Есенберлин [3, 65]. Cҿйтіп қаламгер 

кҿсіліп  жатқан  ҧлан-ғайыр  кең  далада  Гҽуһардан  асқан  сҧлу  жоқтығын  мақтаныш  ете 

суреттеген. 

Батырдың  бҽйбішесі,  яғни  алғашқы  зайыбы  керей  қызы  Ханбибі  екен.  Қабанбайдан, 

Қ.Жҧмаділов  пен  З.Сҽніктің  айтуларына  қарағанда,  жеті  ҧл,  бес  қыз  тараған  кҿрінеді. 

Солардың  ішінде  Қабдеш    Ҥмбетей,  Сырымбет,  Байтоқ,  Едіге  Ханбибіден,  Ҽлі  мен  Назым 

қыз Майсарадан десе, Зейнолла  Ҥмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтоқ, Дойнақ, Ҽлі 

деп  жеті  ҧлдың  атын  атайды,  қайсысы  қай  ҽйелден  екенін  кҿрсетпейді.  Қалайда  ҧрпақ 

жалғастығының  белгісіндей  болған  балпанақтай  жеті  ҧл    батырға  зор  қуаныш  ҽрі  ҥлкен 

мақтаныш ҽкелсе керек. Олар ―Жеті Қабанбай‖ атанған. 

Ҥздіксіз жортуылда жҥріп, анда-санда от басына келіп кетіп жҥргені болмаса, ҥй шаруасына 

қарайтын, ҽйелдері мен балаларына кҿңіл бҿлетін батырдың мҧршасы да жоқ еді. Сондықтан 

бар ауыртпалық екі ҽйелдің мойнына тҥсетін. Сол жағынан қарағанда Майсараның тағы бір 

қыры,  басқалардан  бҿлек  ерекшелігі  айқын  аңғарылады.  Ол  –  оның  кҥншіл  еместігі, 

Ханбибінің  ҥлкендігін  сыйлап,  тіл  табысып,  кҿкірек  кҿзімен  тҥсініп  Қабанбай  шаңырағын 

шайқалтпай, ҥй-жайына ешбір дақ тҥсіртпей керегесін кең ҧстай білуі. Екі ҽйел екі отау тігіп

екі бҿлек отырса да сыйласып жҥрген. Ол Ханбибіге де байланысты еді. Бҽйбіше ҿктем мінез 

кҿрсетпеген. Екеуі де ҿсек-аяңнан аулақ болыпты. Той-томалақты, ҽртҥрлі қызық-қуанышты 

екеуі  ортақ  санаған.  Сондықтан  Қабанбайдың  тҿңірегіндегі  батырларға  аяқтарынан  тік 

тҧрып қҧрмет-қошемет кҿрсету жазылып қойған ереже сияқты еді оларға. 

Бҧдан  Майсара  –  Гҽуһардың  қонақжайлылы  ерекше  кҿрініс  береді.  Бірде  Қабанбай  топ 

адаммен Майсара отырған отауына келеді. Сол сҽтті Қ.Жҧмаділов: ―Ақ кимешек-шаршысы, 

қос етек кҿйлегі мен оқалы камзолы зипа бойына қҧп жарасқан, дҽденді сҧлу ҽйел жаңа ҥй 

сарайында  жасы  ҥлкендерге  алыстан  иіліп  сҽлем  етіп,  қашанғы  ҽдеті  бойынша  кҥйеуінің 

атын ҿзі келіп ҧстаған‖, - деп бейнелі суреттейді. [1,65].  

Майсараның тағы бір ерекшелігін атар болсақ, ол оның балаларына деген ілтипаты, олардың 

жан-жақты  тҽрбие  кҿрген  азамат  болып  ҿсуіне  мҽн  беруі.  Қабанбайдың  кенже  ҧлы  Ҽлі 

абыздыққа  дейін  жеткен.  Ҿзінің  қҧрсағынан  туған  Ҽліні  ҽулетті  де  ҿнегелі  жердің  қызына 

ҥйлендіруді  армандайды  Майсара.  Келінді  ҿзі  таңдап,  оны  қҧтты  орнына  қондыру  ҥшін 

барын салады. Сҿйтіп Қызай елінің Қарқара деген қызына ҥйлендіреді. Той жасау қамының 

қарбаласын  Ханбибі  мен  Майсара  басқарады.  Тойға  аттанған  адамдардың  сҽн-салтанаты 

қандай керемет.  

Сол  кҿріністі  кҿрсете  келіп  Қ.Жҧмаділов  Майсараны  ерекшелей    бейнелейді:  ―…Ҿңі 

таймаған,  ҿз  жасына  лайық  кҿрікті,  кербез  бҽйбіше  боп  толысқан  Майсараның  бҥгінгі 

салтанаты ерекше. Ол қазір кҥміс ер-тҧрманды жалдас торының ҥстінде шалқия тҥсіп, кілең 

киіт, жыртыс артқан жҥкті тҥйені ҿзі жетелеп келеді. Бір арманға қолы жеткендей ҽлі  сыны 

кетпеген ақсары жҥзінде қуаныш нҧры шалқиды. Солай болатын да жҿні бар. Ҿйткені, бҧл 

Майсараның  ҿзі  таңдап,  еңбектеніп  тҥсірген  алғашқы  келіні‖.  [2,  220].  Бҧл  екінші  келін, 

алғашқысы қалмақ қызы Мҥней (оны Мҿней деп те атайды). Осы Мҥнейді Қабанбай батыр 

қызы  Назыммен  бірге  қалмақтармен  қарсы  соғысқа  алып  шығады.  Атасы  бір  жағынан 


VI Халықаралық конференция

 

344 



 

келінінің  ішкі  ниетін  білмек  болады.  Мҥней  бҧл  шайқаста  мергендігімен  қалың  қалмаққа 

қарсы соғысты ерлік кҿрсетеді. Назымға «Мен қазақтың бесігін тербетіп, оның тілеуін неге 

тілемеймін » дейді.Осы сҿзінен – ақ қаншама ҧлылықты байқауға болады. 

  

Майсара  қызы  Назымға  да  кҿп  кҿңіл  бҿлген.  Ҿзін  баулыған  ағасы  Малайсары 



сияқты, ол да қызын еркін ҿсірген, ерлерше киіндіріп, ―ерке, шолжаң‖ қып ҿсірген. Одан ол 

ҽдепсіз,  кҿргенсіз,  ҧятсыз  болған  жоқ.  Ҥлкендерді  сыйлау,  алдарынан  ҿтпеу,  иіліп  сҽлем 

беру  сияқты  ибалы,  ҽдепті  мінез  Майсарадан  қонған  десе  болады.  Анасы  оны  садақ  ату, 

семсерлесу  тҽсілдеріне  де  жаттықтырады,  ерлікке,  батылдыққа  баулиды.  ―Ҽке  кҿрген  оқ 

жонар,  ана  кҿрген  тон  пішер‖  демекші,  Назым  ҿжеттілігімен,  қайсарлығымен  кҿзге  тҥсіп, 

батырлардың  сапына  қосылып,  Қабанбайдың  жорықтардағы  серігі  шешесі  Майсараның 

орнын басады. Соның бір дҽлелі – қазақ қыздар жасағын басқарған Назымның ҽлденеше рет 

соғыста  ерлік  кҿрсеткенін,  атойлап  қамал  бҧзғанын  ескеріп  Абылайханның  ҿзі  оған  алтын 

кісе сыйлапты, Назымның осындай ержҥрек болып ҿсуі – Майсара тҽрбиесінің жемісі, сҿйтіп 

қызы да ―Назым батыр‖ атанған. 

 

Ҽйел  –  ананың  сол  дҽуірдің  ҿзінде  ел  ортасында,  ауыл-аймақта  қаншалықты 



маңызды роль атқарғандығын батырдың Ханбибіге айтқан  сҿзінен білуімізге болады: «Сен, 

Ханбибі,  небҽрі  он  алты  жасыңда  атаң  кім,  анаң  кім  демей,  салт  басты,  сабау  қамшылы, 

болашағы беймҽлім, бір кезбе жігіттің етегінен ҧстап едің. Алла Тағалла екеумізді осы кҥнге 

жеткізді.Торсық шеке ҧл, толған айдай қыз сҥйдік. Тағдыр бізді мал бастан қысқан жоқ. Ол 

да болса,сенің ырысың, басыңа қонған бақ еді. Жаугершілік жылдары  мына мен де қатын – 

балаға, арттағы мал -  жанға қарайтын мҧрша болды ма? Мені жоқтатпай , соның бҽріне сен 

ие болдың, Ханбибі! Сендерге сенгенім сонша, мен тіпті ауыл – аймаққа алаңдаған емеспін. 

«Бақсыны  байым  бар  деме,  бҧқаны  малым  бар  деме»  деуші  еді.  Батырлардың  да  солардан 

артылып тҧрғаны шамалы. Ҿз аулыма айында, жылында бір соғатын қонақ боп жҥрем. Мен 

тҥзде  жҥргенде  орнымды  басып,  олқымды  толтырғаның  ҥшін,  саған  мың  да  бір  рақмет, 

бҽйбіше!» [2, 383]. 

Сҿзімізді дҽделдей тҥсейік: « О дҥниелік болар шағында Қабанбай 

риза  кҿңілін  былай  білдіреді:  ―Сен  екеуміз  аттың  жалы,  атанның  қомында,  жорықта  жҥріп 

табысып  едік.  Ҿзіңнің  туған  ағаң  –  марқҧм  Малайсары  батыр  сен  екеумізге  батасын  беріп 

еді… Тосын тҿгілген жастық жалын,  асау арын саған  келіп  байсал тапқан. Одан ары  тҿсек 

желігін  іздеген  мен  жоқ.  Ханбибі  екеуің  от  басының  қҧты,  қос  қанатым,  қос  тҧғырым 

болдыңдар. ―Кҥндестің кҥлі де кҥндес‖, дейтін ырың-жырың біздің шаңыраққа бас сҧқпапты. 

Сол  ҥшін  де  рахмет  сендерге.  Не  дейін,  тҽңірім  осы  берекелеріңнен  айырмасын!  Жаман 

айтпай  жақсы  жоқ,  мен  олай-бҧлай  боп  кетсем,  балалардың  арасына  жік  тҥсірмей,  ауыл-

аймаққа ҧйытқы болыңдар!‖ [2,384]. 

Майсараға батыр ризалығы ҥлкен баға, одан артық сыйдың керегі жоқ. Ал айтқан аманаты – 

зор  міндет,  ауыр  жҥк.  Толқып,  толғанып  шерткен  сырында  батырдың  жан-жҥрегінде 

қылаудай реніштің ізі  сезілмейді, қайта  риясыз ризалық  пен ҥй-іші,  ел-жҧрт іргесі сҿгіліп, 

шаңырақ  шайқалмай,  береке-бірлігі  берік  болуы  қамын  ойлаған  арманы  аңғарылады. 

Қабанбай  ҧрпағының  ҿсіп-ҿркендеп  шартарапқа  тарағаны  сол  аманаттың  орындалуының 

дҽлелі деп білеміз.   



Пайдаланылған əдебиеттер: 

1.

 



Жҧмаділов Қ. Дарабоз 1- кітап – Алматы, 1994 жыл 

2.

 



Жҧмаділов Қ. Дарабоз 2- кітап– Алматы, 2009 жыл 

3.

 



Есенберлин І. Кҿшпенділер – Алматы, 2007 жыл 

4.

 



―Қаракерей Қабанбай‖ – Алматы,2000 ж. 

5.

 



 Адаева  Г.  Қазақ  халқының  дҽстҥрлі  дҥниетанымындағы  гендер  мҽселесі:   

Философия ғыл.  кан... дисс. – Алматы, 2007.  

 


VI Халықаралық конференция

 

345 



 

Т.ІЗТІЛЕУҦЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҦЛТТЫҚ 

ЖӘНЕ ӘДЕБИ–МӘДЕНИ БАЙЛАНСЫТАР  

Жанбершиева Ҧлжан Нахатқызы 



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен 

әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының 

кандидаты 

 

Сыр  ҿнері  –  ҽлем  ҿркениеті  кеңістігіндегі  адамзат  ҧрпақтарының  мыңдаған  жылдар  бойы 

жан,  дҥние  ҽлемін  адамгершілік-имандылық  ҧлағатымен  байытып  келе  жатқан  рухани 

қҧндылық қазынасы. 

Сыр  елі  қашаннан-ақ,  жыраулар  мен  шайырлар,  данышпан  шешендерден  қалған  асыл 

мҧраларды  ҧрпақтан-ҧрпаққа  жеткізіп  отырған.  VІІІ-ІХ  ғасырда  ҿмір  сҥрген  Қорқыт 

жырларынан  бастап,  бҥгінге  дейін  ақын-жырауларымыз  ҿнер-жырды  қҧрметтеп,  рухани 

байлыққа айналдырып отырған. 

«Адамға ең бірінші білім емес, тҽрбие беру керек. Тҽрбиесіз берілген білім адамзаттың қас 

жауы,  ол  келешекте  оның  ҿміріне  апат  ҽкеледі»,  -  деп,  ҧлы  ғҧлама  ҽл-Фараби  айтқандай, 

адам  тҽрбиесі  –  орасан  маңызды  да  жауапты  іс.  Ел  тҽуелсіздігін  алғалы  рухани 

қҧндылықтарымыз  қайта  оралып,  аса  қадірлейтін  қымбат  дҥниелерге  айналғаны  мҽлім. 

Ҿткенімізге  кҿз  жіберіп,  жаңаша  ойлау  тҧрғысынан  қарасақ,  Сыр  сҥлейлерінің 

шығармаларындағы ҥлгі-ҿнеге, тҽлім-тҽрбиеге қатысты мҽселелердің бағасын беріп, тҽрбие 

кҿзіне  айналдыратын  маңызды  істің  бірі  болып  отыр.  Қазақ  халқы  –  табиғатынан  ақын, 

ойлы,  дана  халық.  Ел  тарихының  кҿркем  шежіресін  жасап,  оны  ҧрпаққа  жеткізіп,  сҿз 

ҿнерімен  ҿнеге,  ҿсиет  қалдырған  Сыр  сҥлейлерінің  шығармаларындағы  тҽрбие  мҽселесін 

ғылыми негізде бағалау, зерттеп, зерделеу қажет.  

Сыр сҥлейлері терең толғау, ойнақы терме, аталы ақыл-нақыл сҿздермен кейінгі ҧрпаққа ҥлгі 

боларлық  ҿнеге  қалдырып,  жақсы  дҽстҥрді  жалғастырып  отырған.  Ҽлемдік  педагогикалық 

теория мен тҽжірибеде тҽрбие ҥдерісі ешнҽрсеге тҽуелді болмау керек екендігі жҿнінде пікір 

қалыптасқан.  Тҽрбие  бастау  бҧлағын  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған 

қҧндылықтарынан  алуы  тиіс.  Сондықтан  Сыр  сҥлейлері  шығармалары  бҥкіл  тҽрбие 

жҥйесінің негізгі сипаттарына сай келеді. 

Жиенбай,  Балқы  Базар,  Тҧрмағанбет  Ізтілеуов,  Шораяқтың  Омары,  Қарасақал  Ерімбет, 

Бҧдабай  Қабылҧлы,  Дҥр  Оңғар,  Кете  Жҥсіп,  Қаңлы  Жҥсіп,  Нҧртуған,  Нартай  Бекежанов, 

Рҥстембек,  Кҿшеней  секілді  жыр  жампоздары  артына  тҽлім-тҽрбие,  ҿнеге  қалдырып, 

ҿсиеттік мҽні бар ақыл-нақылдар жазған. 

Академик  З.Қабдолов:  «Ҿнердің  кҽусар  туындысы  халық  ҿмірінің  терең  жҽне  мҿлдір 

қайнарынан  шымырлап  шығады  да,  сол  халықтың  ҿзінің  рухани  сусынына  айналады»,  - 

дегендей  [1.  255  б.],  Сыр  сҥлейлерінің  шығармалары  бҥгінгі  таңда  ҧрпақ  тҽрбиесінде 

тҽлімдік  мҽнге  ие  болып,  халықтың  игілігіне  айналып  отыр.  Ол  адамдардың  ізгі  мҧратына 

ҥлгі-ҿнеге ретінде қызмет етеді. 

Сыр  сҥлейлері  толғау-термелерінде  адамгершілік,  гуманизм  мҽселесі  тҧлғаның  ҿзіндік 

жетілуіне жол ашады. Қазіргі педагогика ғылымында гуманизация принциптері деп жҥрген 

сҿз  ғасырлар  бойы  адамзаттың  жасаған  қҧндылықтарын  танып  білу,  пайдалануынан 

басталады.  

Аға буын қалыптастырған дҽстҥрді кейінгі буын ҥзбестен жалғастырып келеді.  

«Кҿп  жанрлы  кҿркем  ҽдебиеттің  ҿсіп,  ҿркендеу  тарихын  зерттесек,  оның  ҿзіне  дейінгі 

кҿркемдік тҽжірибеге шынығып, шыңдалған дҽстҥрге сҥйене отырып ілгерілейтінін білеміз», 

- деп жазылған «Қазақ поэзиясындағы дҽстҥр ҧласуы» атты еңбекте [2. 30 б.]. 

Демек,  кҿркем  ойлаудың  ҧлттық  ерекшеліктері  негізінде  қалыптасқан  Тҧрмағамбеттің  де 

ҽдеби дҽстҥрі бар. Ол бір кезең емес, бір дҽуірден астам уақытта ҧрпақтан-ҧрпаққа беріліп, 

ҥнемі  ҿзгеріп,  тҥлеп,  байып,  дамып,  рухани  игілікке  айналған.  Қашан  да  ҽдеби  дҽстҥр  мен 

ҽдеби даму - ҽдеби қозғалыстың ҿзара ажырамас, тығыз байланыстылығын қҧрайды. 

Сыр  елінде  ҿмір  сҥріп,  аты  ҥш  жҥзге  мҽлім  болған  ақын-жырауларымыз  ҧрпақ  тҽрбиесіне, 

инабаттылық  пен  ой-ҿрісінің  дамуын,  эстетикалық  талғам  биігінен  кҿрінуін  басты  назарда 

ҧстаған,  сҿйтіп  барша  шығармаларында  рухани  қҧндылықтарды  арқау  еткен.  Бҧл  жырлар 



VI Халықаралық конференция

 

346 



 

ҧлтымыздың  болашағына  ҥлгі-ҿнеге  ретінде  жол  салған.  Атадан-балаға  мҧра  болып  келе 

жатқан  жыраулық  ҿмір  арқылы  жақсылық,  ізгілік  туын  жоғары  кҿтеріп,  жастарды 

адамгершілікке, гуманизмге, еңбек етуге ҥндейтін толғау-термелерде игі қасиеттерді кҿңілге 

тоқып,  зердеге  сіңіруге  баулыған.  Сыр  сҥлейлері  ҿмірдің  ҿзінен  алынған  қорытынды, 

тҥйіндерді сҿз асылымен тізеді. Мҽселен Т.Ізтілеуов: 

«Керіспеймін деп мақтанба, 

Кек сақтамаймын» деп мақтан. 

Ердің ісі – келіс 

 

Жаманның  ісі  керіс,  -  деп,  адамдардың  мінез-қҧлқымен  есептесіп  отыруға  кеңес 



береді.  Тҧрмағанбет  қысқа  тҧжырымды,  тҧспалдап  айтатын  ҿсиет  сҿздері  арқылы  ҧрпақ 

тҽрбиесіне кҿіл бҿлген: Оның ҿткір де мҽнді қанатты сҿздері, даналық тҧспалдары ел ішінде 

жиі  қолданылады.  Ақын  адамгершілік,  мінез-қҧлық,  адалдық,  ғылымды  игеру,  еңбек  етуге 

шақыра  отырып,  дидактикалық  ой  тҥйеді.  Тҽрбиесіз  тҽлім  болмайды,  ғылымды  игере 

отырып, оны орынды жҧмсау кажет демек. 

Ғылым – іштегі нҧр 

Ҿнер – сыртқа салынған тҥр 

Ақылсыз адам –  

 

Ауыздықсыз  ат,  -  деп  [3.  49  б.],  тҽлім-тҽрбие  беріп,  барлық  жақсылықты  кҿңілге 



тоқып,  зердеге  сіңіруге  шақырады.  Тҧрмағанбеттің  қай  шығармасын  алсаң  да,  ақынның 

ҿзіндік сыры мол, сҿз асылдарын аңғару қиын емес.  

Ақын «Тҽлім» деген ҿлеңінде: 

«Аға» деген ініні –  

Жаным десе болады. 

Ерін кҥткен ҽйелді –  

«Ханым» десе болады. 

Қызғалдақтай ҧл-қызды 

«Сҽнім» десе болады, - дейді. [3. 59 б.]. 

Осы  ҿлеңді  оқыған  ҽрбір  жас  жақсы  қасиеттерді  бойына  сіңіруге  ҧмтылады.  Ақын  ҿлеңде 

жҥрекке  жетерлік  ой  тастайды,  жыр  желісімен  ғибраттық  ой  тҥйеді.  Оқырман  ҽрбір 

шығрамасынан қорытынды  шығарып,  ҿзіне  ҿнеге алады. Ҿлең адамдар арасындағы  қарым-

қатынас нормаларын насихаттауға қҧрылған. 

 

Сыр  сҥлейлерінің  шығармаларында  ҧлттық  педагогикаға  қосылған  мол  ҥлес 



даралана  кҿрінеді.  Олардың  шығармаларында  тҽрбие,  ҥлгі-ҿнеге  басым  келеді.  Мысалы, 

Базар жыраудың «Ҿсиет» атты термесі басынан аяғына дейін тҧнып тҧрған тҽрбие, ҿсиетке 

қҧрылады. 

Тіршілікте талпынып, 

Талаптан денің сауыңда. 

Еш нҽрседен жасқанба, 

 

Атың  бар  да  жер  таны,  –  деген  [3.  21  б.]  терең  мағыналы  ҿсиетке  бай  жолдардан 



ҥлгі-ҿнеге ғибрат аласыз.    

Шораяқтың Омары:  

Ҽділ іс – ағын судың арнасындай, 

Ҽділ сҿз – болат семсер алмасындай

Пайда етпе, ҿмір бойы ҿтірік айтып, 

Жаласы қалмас бір кҥн жармасылмай, - десе [4. 27б.], 

Т.Ізтілеуов: 

Кейбіреу сҽл бақытқа мас болады, 

Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы. 

Адамдық ісіңе жҧрт аңсап тҧрсын, 

 

Не керек қарныңның қҧр майланғаны [3. 27б.],-  деп жыр толғайды. 



  

Бҧл  ҥзінділерде  ақындар  асқан  адамгершілік  ҥлгісін  термелеген.  Ер  жігіттің  ерлігі 

еліне  кҿрсеткен  қызметімен  бағаланатынын  шебер  суреттеп,  жастарға  ҥлгі  етеді.  Жас 

буынды тҽрбиелеу мақсатында жазылған нақыл, ғибрат сҿздер жалаң ҥгітке қҧрылған қҧрғақ 

сҿз емес, ҿмір шындығымен тығыз байланысты жазылған ҿсиет сҿздер болып қалған. 


VI Халықаралық конференция

 

347 



 

 

Гуманизмнің  басты  ерекшелігі  адамды  ең  жоғары  қҧндылық  деп  бағалап,  ҿнер 



арқылы  адамға  қызмет  етуді  кҿздейді.  Осы  орайда  надандық,  қараңғылық  адам  бойындағы 

тҥрлі  психологиялық  ерекшеліктерді  Сыр  сҥлейлері  қазақ  халқының  ҧлттық  қабылдау 

ҧғымына сай жырлай білген. 

Бірлік,  татулық,  адамгершілік  қасиеттер  қауымдастыққа  ҽкелетін  Сыр  сҥлейлері  толғау-

терме,  ақыл-нақыл  сҿздері  арқылы  кҿрсеткені  айқын.  Келтірілген  ҧстанымдарға  сай,  Сыр 

саңлақтары шығармаларында тҽрбие ҥдерісінің мақсаттарын нақтылап отырған. 

Сыр  ҿңірі  жырауларының  ҿнер-білім  тақырыбындағы  ҿлеңдерінің  қай-қайсын  алсаңыз  да, 

жастардың  келешегі  алдында  екенін  ескеріп,  тҽлімдік  ойлар  тҥйеді.  Мҽселен,  Т.Ізтілеуов: 

«Ҧстаз ҧсынысы» ҿлеңінде: 

Шҽкірттер, бір-біріңмен ҧрыспаңдар! 

Мінездің мініп алып дҧрыстаңдар! 

Жолына жамандықтың жақын бармай, 

 

Кҥтініп  кҥні  ілгері  жылыстаңдар,  -  дей  келе  [3.  21  б.],  адамның  мінезді  болуы  да 



оның жан-жақты дамуына ҽсерін тигізетінін айтып, адам мінезін жоғары қҧндылық ретінде 

дҽріптейді. Сол сияқты Жиенбай жырауда мҽселеге кҿп кҿңіл бҿледі: 

Мал шіркін ердің сҽулеті, 

Басында сҽулет тҧрмаса 

Халықтың кҿңілі жарымас 

Еңбегі еткен еш болып

Абыройға жалықпас [5. 60 б.]. 

Сыр бойы жыраулары адам тҽрбиесіне ерекше кҿңіл бҿліп, жастарды ҿзін-ҿзі танып білуге, 

жамандықтан  жирендіріп,  жақсылыққа  ҧмтылдыруға,  мейрімділікке,  сҥйіспеншілікке 

баулып  келген.  Жастардың  жан  дҥниесін  байытып,  ақыл-сезімін  жетілдіруді  басты  мақсат 

тҧтқан  Сырдың  сырлы  сарынымен  жырлаған  Сыр  сҥлейлерінің  толғау-термелерінен  ҥзінді 

алып, дҽлелдеме жасап, тізе беруге болады. Жан тазалығы ізет-тҽрбиеден бастау алатынын, 

жыр  жолдарымен  жеткізген  олар  адам  жанын  рухани  жағынан  жетілдіру,  адам  жҥрегіне 

ықпал ете отырып тҽрбиелеуге кҿңіл бҿлген. Оқушы мен тыңдарманға ой тҥсіретін асыл сҿз 

термеленген.  Демек,  Сыр  елінде  ҿмір  сҥрген  ақын-жырауларымыздың  дҥниетанымы 

халқымыздың ежелгі даналық ҥлгілерімен қабыса байланысып жатыр екен. 

Жаңашылдық  ізденістердің  арнасы,  ең  алдымен,  жҥйелі  дҽстҥрді  игеруде  жатыр.  Сҥлейлер 

бір-бірінен ҥйрену, ҥлгі алу, тҽжірибе жинақтау кезеңдерінен ҿтіп, соныға тартатын болған. 

Ҽдеби  дамудағы  жалғастық  ҧлттық  ҽдеби  байланыстардың  жолдарынан  ҿтеді.  Ҽлем 

ҽдебиетінде адамзатқа ортақ дҽстҥрлерді байыта  келіп, кҿркемдік жинақтаулар жасап, жаңа 

игіліктер туып отырады. 

Т.Ізтілеуовтің  поэтикалық  мектебі  тек  қазақ  фольклорынан  емес,  оның  ойшылдық, 

шығармашылығы Шығыстың шымыр бҧлақтарынан тарап, қазақ ҽдебиетіне қосылған. Ҽлем 

таныған «Шаһнаманы» қазақша сҿйлету арқылы ҽлемдік ҽдеби байланыс жасаған. 

Сыр елі ақын-жырауларының ҥздік ҥлгілерден ҥйренуге қҧмарлық, адамзат қалыптастырған 

дҽстҥрлерге  ден  қойып,  туған  елдің  рухани  байлығынан  қол  ҥзбеуі  -  ҽлемдегі  барлық 

қаламгерлерге  ортақ  қасиет.  Ҧлттық  ҿнер,  ҽлемдік  дҥниелер  тоғысуынан  қазақтың  арналы 

қазынасы  кҿркем  ҽдебиет  жасалады.  Кҿркем  ҽдебиет  ҽдеби  байланыста  дамиды. 

Р.Нҧрғалиев:  «Еш  уақытта  ешбір  елдің  ҽдебиеті,  ҿнері  томаға-тҧйық  қалыпта,  ҧлттық 

шеңбердің  ішінде  ғана  ҿсіп  жетілген  емес.  Ана  топырағында  жаратылған  ҿнер  басқа 

жҧрттардың озық, асыл қазыналарынан нҽр алып байығанда ғана ҿркен жаймақ»,  - дейді [6. 

92  б.].  Зерттеуші  ғалымның  ҽдеби  байланыстар  жҿніндегі  тҧжырымы  Сыр  сҥлейлері 

шығармаларына  да  қатысты  екенін  айтуымыз  керек.  Тҧрмағамбет  шығармалары  арқылы 

туысқан  халықтардың  фольклорындағы  ҧқсас  сюжеттер  ортақ  сарындар,  орындаушылық 

жыраулық ҿнердің ыңғайластығын ҧғу қиын емес. 

Ҧлттық  дҽстҥрді  қастерлеген  Сыр  сҥлейлері  орындаушылық  шеберлік,  ҧлттық  ҽуенді 

сақтаған. 

Сыр елінде ғасырлар бойы қалыптасқан жыраулық, жыршылық ҿнер – халқымыздың рухани 

дҥниетанымының кҿркемдік ойлау жҥйесінің жемісі. Сҿз ҿнері мҧраларының фольклор мен 

ҽдебиеттің  тҧтастығы  сипатындағы  ҥлгілері  халықтың  ата-бабалар  мен  кейінгі  ҧрпақтар 

арасындағы  табиғи  сабақтастық  сақталуы  ҥшін  маңызды  қызмет  атқарады.  Жалпы  адамзат 


VI Халықаралық конференция

 

348 



 

руханияты ҿзінің бастау бҧлағын ҿнер-жырдан алғаны да белгілі. Қазақ сҿз ҿнері кҿркемдік 

жалғастығы  негізгі  ҿзекті  арнасы  болып  саналатын  ақын-жыраулар  бір-бірінен  ҥлгі  алып, 

ықпалдасып отырған. Т.Ізтілеуов дҽстҥр жалғастығы арқылы қазақ ҽдебиетіне жаңа леп, тың 

екпін  ҽкелді,  оны  байытты,  ҿзгеше  ажар  берді.  Сыр  сҥлейлері  шығармаларындағы  дҽстҥр 

жалғастығы,  ҽдеби  ҥрдісті  ҥлгі  тҧтқандығы  айқын.  Олардың  жыр  ҥлгілеріндегі  кҿркемдік 

тҽсіл мен мазмҧндық бірлік, ҧқсастықтар дҽстҥрлі дамуымен ерекшеленеді.  Сондықтан бҧл 

арнайы зерттеу арқылы шешімін табуға тиіс. 

Кҥні  бҥгінге  дейін  Сыр  бойында  Жиенбай,  Нартай,  Сҽрсембай,  Нҧртуған  атымен  аталатын 

тҿрт  мектеп  бар  деген  пікірдің  де  ғылыми  негізі  шалғай.  Сҿзіміз  дҽлелді  болу  ҥшін  қазіргі 

Сҽрсембай  жырау,  Манап  Кҿкенов,  Тҧрымбет,  Тасберген  жырау  т.б.  секілді  жыршылық 

ҥрдістегі  мектептер  белгілі  бір  дҽстҥрдің  аясында  қалыптасқанын  ескеруіміз  керек.  Біздің 

зерттеп  отырған  жҧмысымызда  жырау-ақын,  жыршы-орындаушы,  жыр  айту,  машық-

мақамға сай бірнеше мектептердің ізін ашып, негізін жасауға болады. 

Ақындық,  жыраулық  дҽстҥрдің  алтын  шынжырын  жеті  атасынан  ҥзбей  жалғаған  Жиенбай 

ҧрпақтары Сыр елінде ҿнер мектебін қҧрды. 

ХIХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдағы  қазақ  ҽдебиеті  жанрлық,  кҿркемдік  жаңа  бағыттардың 

дамуымен жазба дҽстҥрдің жалғасып негізделуімен ерекшеленеді. Бҧл дҽуірде қазақ ҽдебиеті 

тарихындағы  дҽстҥрлі  ақындық,  жыраулық,  ҽдеби  мектеп  ҥрдісі  де  жаңа  кҿркемдік 

сипаттармен  толыға,  айқындала  тҥсті.  Қазақ  ҽдебиеті  тарихында  Сыр  бойы  ақындығының 

айрықша  кҿркемдік  орны  бар  екендігі  белгілі.  Дҽстҥрлі  Шығыстық  негізі  де,  халық 

ҽдебиетінің  арғы  бастауларынан  жалғасқан  кҿркемдік  арнасы  да  айқын,  жаңа  жанрлық 

толығу,  жаңаруды  орнықтыруда  дара  ақындық,  жыраулық  қолтаңбалар  айқын  қаланған 

ҽдеби мектеп ҽдеби орталықтың айқын да ажарлы ҥлгісі болған. 

Ҽлемдік  ҽдеби  процесс,  тіпті  кез-келген  қоғамда-саяси  қҧбылыстар  да  ҿзгелерге  ой  салмай 

тҧра алмайды. Ҽлемдік ҽдебиет ағымы ҽлемдік ҽдеби-мҽдени дҥниетанымнан хабардар етеді. 

ХХ  ғасырда  Сыр  сҥлейлері  Шығыс,  батыс  ҽдебиеті  арқылы  біздің  рухани  ҿміріміздің 

ҿркениеттен  кеш  қалмауын  қамтамасыз  еткен.  Шығыстық  ҥлгідегі  ҽдебиеттегі  жаңа 

ойлармен қарулана отырып, тың идея айтқан. 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1.

 



Қабдоллов З. Сҿз ҿнері 

2.

 



Қазақ поэзиясындағы дҽстҥр ҧласуы. –Алматы: Ғылым, 1981. -320 б. 

3.

 



Т.Ізтілеуов шығармалары: -Алматы: Баспа ҥйі, 2007. -588б. 

4.

 



Шораяқтың Омары. Сҿйле тілім жосылып.  -Алматы: Жазушы, 1995.                    -

301б. 


5.

 

Айсауытов Ҽ. Сыр елінің ҿнер ҿрендері. -Қызылорда. 1999. -268 б. 



6.

 

Нҧрғалиев Р. 2 томдық шығармалар жинағы. 2 том. Арқау. Алматы: Жазушы, 1991. -



576 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

VI Халықаралық конференция

 

349 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет