Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54

Пайдаланған əдебиеттер: 

1.  Бҧл  мақала  Қытай  қоғамдық  ғылым  қоры  жағынан  қаржыландырлған  «Қытайдағы  қазақ 

ҽдебиет сынының тарихын зерттеу» (№10XZW042) атты ғылыми жобаның бір бҿлімі. 

2.  Меллат Ҽбзалқанҧлы. Шҧғыла. 2001 жыл №7. 

3. Серік Қирабайев. Ҧлт тҽуелсіздігі жҽне ҽдебиет. Алматы: ғылым баспасы, 2001жылы. 

4. 


Дандай 

Ысқақҧлы. 

Ҽдебиет 

тарихын 


зерделеудің 

ҿзекті 


мҽселелері.  

http://turkiya.kz/?p=666. 

5.  Жақып  Мырзақанов  бас  редакторлығында  Щинжияң  қоғамдық  ғылым  академиясының 

ҧлттар  ҽдебиеті  иниституты  ҧйымдастырып  жазған.  Қазақ  ҽдебиет  тарихы.  Ҥрімжі: 

Шинжияң халық баспасы, 2005 жылы, 4-том, осызаман ҽдебиеті бҿлімі. 

6.  Ҽбденбай  Бажайев.  «Дҽуір  жҽне  ҽдебиет»  атты  ғылыми  мақалалар  жинағы.  Қазақ 

осызаман ҽдебиетінің тууы жҽне дамуы. Бижиң:  ҧлттар баспасы, 2009 жылы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


VI Халықаралық конференция

 

326 



 

ЕГІНШІЛІК ЖӨНІНДЕГІ ФОЛЬКЛОР 

Cамал Дҽрібайҧлы 



филология ғылымдарының кандидаты 

Қазақ  даласында  егіншіліктің  байырғы  дҽуірлерден  келе  жатқандығына 

археологиялық  зерттеулер  толық  дҽлел  бола  алады.  Бҧл  кҽсіптің  республика  аймағында 

пайда  болған  мезгілі  –  неолит  дҽуірі,  осы  уақыттан  бастап  табиғаттың  дайын  ҿнімдерін 

пайдалану  орнына  ҿндіруші  шаруашылық  –  мал  жҽне  егіншілік  туа  бастады,  екі  кҽсіп  тҥрі 

бірін-бірі толықтырып отырған

§§

. Кейінгі мерзімдерде қазақ халқының басты шаруашылығы 



–  бақташылық  болып,  тҧрмысы  кҿшпелі  сипат  алғанымен  егіншілік  кҽсіп  жойылып  кеткен 

жоқ, тек ҽлсіреген кезеңдері болған, ҿзенді-сулы ҿңірлерде, белгілі ҿлкелерде ғана дамыған. 

Сол  себепті  егіншілікпен  байланысты  сенімдер  мен  ғҧрыптардың,  фольклорлық  тҥрлердің 

тҥп-тамыры  тереңге  тартады  деп  тҥйіндей  аламыз.  Алайда,  ата-бабаларымыздың  егіншілік 

кҽсібінің  кҿне  кезеңдерін  айғақтар  заттық  куҽліктер  археологиялық  қазбалардан  кҿптеп 

табылып  отырса  да,  сҿз  мҧралары  аз.  Сондықтан  кейініректе  хатқа  тҥскен  материалдарға 

арқа сҥйейміз. Ҿйткені, фольклорда дҽстҥр тҧрақты, сабақтастық ҥзілмеген. 

Бҧрын  егіннің  бітік  ҿсуі  тиісті  ғҧрыптарды  орындап,  ырымдарды  сақтаумен 

байланысты деп сенген. Басқа кҽсіптер тҽрізді егіншіліктің ҿз иесі, пірі бар деп иланған, ҽрі 

еңбектің берекетті, жемісті болуы иенің кҿңілін табуда деп нанған. Орта Азия халықтарында 

Бобой Дехқан, Баба-Дайхан, Дехқан баба, қазақта – Диқан баба. 

Кҿне мифтік аңыздардың бірінде атам заманда адам енді адам болып келе жатқанда 

Аспан ата мен Жер ана «Жан бергенге дҽн беріп», жан біткенді жарылқап, Диқан баба жыл 

сайын  жаңбыр  орнына  аппақ  ҧн  жаудырып  отырғаны  баяндалады.  Мҧндай  молшылықты 

кҿтере  алмай,  мейманасы  тасыған  адамдар  «Диқан  баба,  биыл  да  кҿп  бер,  қиқаңдама»  деп 

кепиет  сҿздер  айтыпты.  Кҿл-кҿсір  астықты  аяқасты  етіп  қорлапты.  Бҧл  оспадарлыққа 

ҿкпелеп, шамданған Диқан баба ҥш жыл ҧдайы теріс қарайды. Кейін адамдар Диқан бабаның 

аяғына жығылып, кешірім сҧрайды

***



Ҽ.Диваевтың  жазуына  қарағанда,  «Диқан  ҿз  қырманының  астығын  алып, 



пайдалануға  кірісерде  Диқан  атаның  атына  бағыштап,  Қҧраннан  аят  оқиды.  Содан  соң 

алғашқы  ҿлшем  қайыр-садақаға,  «аққҧлаға»  бҿлінеді.  Бҧл  міндетті  тҥрде  кешкісін  оттың 

жарығымен жасалады, кҥндіз жасалмайды»

†††


«Аққҧла»  арабша  «алланың  хҧқы»  дегенді  білдіреді.  Г.П.Снесаревтің  ойынша,  бҧл 

ғҧрыптың тегі зороастризмге тіреледі

‡‡‡


. Алланың жолына деп бҿлінген дҽнге мал таптаған 

шақтағы  жҧққан  ластықтан  тазарту  ырымы  жасалған.  В.Н.Басиловтың  ой-тҧжырымдарына 

                                                           

§§

 Қазақстан тарихы. Алматы, 1996.1-т. 85-б. 



***

 Қазақтың мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 26-б. 

†††

 Диваев Ҽ. Тарту. Алматы, 1992. 167-б.



 

‡‡‡


 Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. М., 

1969. С.222-223. 



VI Халықаралық конференция

 

327 



 

жҥгінсек, Диқан бабаға сыйынудың арғы тегінде бір кездегі дамыған кҥшті аграрлық қҧдайға 

табынудың іздері бар

§§§


Жер  жыртуға  кірісер  алдында  егінші  ауылдың  кҿрнекті  жеріне  қазан  қойып,  қос 

кҿже  дайындап,  оған  ауыл  ақсақалын  шақырған,  ҿз  ниетінен  хабардар  етеді.  Дҽмнен  соң 

ақсақалдар: 

Қҧдай бере берсін, 

Диқан баба келе берсін

****

, - 


деп бата берген. 

Тҧқым себуге кіріскенде: 

Бісміллеһир-рахман ар-рахим, 

Я, Диқан баба, қҧрт-қҧмырсқа, 

Жан-жануардан қалғаның менікі, 

Я, қҧдая, ауадан жаудыр, жерден ҿндір, 

Бала-шағаның ризқын жеткер

††††


Немесе: 


Бісмілле, 

Кҿптің несібесіне, 

Диқан баба жолына

‡‡‡‡


, -  

деп жалбарынған. 

 

Алғаш  дҽн  егу  кезінде  «менің  қолым  емес,  Диқан  бабаның  қолы»  деп  жасалатын 



ырым негізінде де жер бетіне шығар ҿнімнің иесі бар деген кҿне наным-сенімдердің кҿрінісі 

жатыр. 


 

Негізінен,  кҥріш  дақылын  егумен  айналысатын  Сыр  бойында  мынандай  аңыз  бар: 

«Адам  Ата  мен  Хауа  Ана  Ібілістің  азғыруымен  Жаратушының  ҽмірін  орындамайды. 

Жаратушы  оларға  ешнҽрсе  берместен  жҧмақтан  аластауды  ҧйғарады.  Қаншама  жалынып-

жалбарынғанымен Жаратушы райынан қайтпайды. Адам Ата амалы таусылып, ҿзімен бірге 

Жер бетіне қимас заттарынан бір нҽрсені ала кетуді ойлайды. Сҿйтіп, башпайының арасына 

кҥріштің  дҽнін  қыстырып  ала  тҥсіпті.  Кҥрішті  Тҽңірі  дақылы  деп  қабылдау  осы  кезеңнен 

                                                           

§§§

 Басилов В.Н. Культ святых в исламе. М., 1970. С.13 



****

 Кармышева Дж.Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования и 

культы народов Средней Азии. М., 1986. С.56. 

††††


 Аталған еңбек. 56-б. 

‡‡‡‡


 Аталған еңбек. 56-б. 

VI Халықаралық конференция

 

328 



 

басталыпты»

§§§§

.  Ҽдетте,  кҿктемде  кҥрішті  егерде  егіннің  бітік  болуы,  қҧрғақшылық 



болмауы  ҥшін  алаң  басында  қҧрбандық  шалынады.  Кҥрішті  алғаш  суарардан  бҧрын  да  су 

келетін жолға қолмен не арнайы ыдыспен су шашылады. 

 

Кҥрішке жіберілетін су атыздарын қазған кезде де арық қазушылардың қҧралдарын 



(кҥрек,  кетпен) шаршаған  жағдайда  тоқтатпастан келесі  адамға  беруі,  оның да ҿз  кезегінде 

жҧмыс біткенінше басқа қолға ҿткізуі шарт. Осы ҽрекет арқылы су жолында болатын сырт 

кедергілерден сақтану ырымын байқаймыз. Жҧмыс біткенше қҧралды тастамау (дем алмау) 

–  осы  кҥштерге  қарсы  тҧруға  арналған  тыйым.  Ол  бҧзылса,  судың  келмей  қалу  қаупі 

кҥшейеді  не  ысырап  болады.  Бҧл  ырымның  негізінде  адам  баласының  кҿне  замандардағы 

барлық заттың (қҧбылыстың) жаны, иесі бар деген таным-тҥсінігі жатыр. (Дҽл осыған ҧқсас 

ырымды  ҿлікті  жерлеу  ғҧрпынан  да  кездестіреміз.  Ҿлікті  жерлеу  кезінде  де  о  дҥниеге 

аттанған  адамның  орнын  қазушылар  (кҿр)  жҧмыстарын  тоқтатпай,  қашан  марқҧм  денесі 

топырақпен кҿмілгенше қҧралға кезекпен-кезек иелік етеді. Мҧнда да ҿлімді (ҿлген адамды 

емес)  алыстату  сенімін  аңғарамыз.  Жҧмыс  толық  аяқталғанша  оны  тоқтатуға,  демалуға 

тыйым салынған. Тыйым бҧзған адам ҿлілер ҽлеміне біртабан жақындай тҥседі деген сенім 

қалыптасқан). 

 

Жер жыртып жатқан егінші жанынан ҿткенде жҥргінші: «Бір дҽнің мың болсын» деп 



тілек айтса, қырман қасынан ҿткенде: «Қырман тасысын, обынан ассын» деп тілек білдіруі 

қажет болған

*****



Астық бастыру науқанында мал айдаған балалар: 



Оптыр майда, бидай пайда, 

Диқан баба, майда-майда, 

Береке бер, қҧдая-ау, кҿп-кҿп пайда

†††††


, -  

деп, ҿлең айтқан. Келтірілген ҿлең мҽтіндері таза практикалық мақсатта айтылған. 

 

Ежелден  келе  жатқан  ғҧрып  –  қырманды  қандау.  Егін  иесі  астық  жанында  «Қҧдай 



жолы»  деп,  «Диқан  бабаға»  деп  қой  не  серке  сойып,  қҧрбандық  қанымен  жерді  суарған, 

астыққа тығылған кҥрек, айыр, сыпырғыны қандаған. Бҧндай ырымдар иенің кҿңілін аулау, 

астықтың бітік шығуын қамтамасыз ету ниетінен туындаған. Этнографтар Р.Д.Ходжаева мен 

В.В.Востровтар Қостанай жҽне Қарағанды облыстары егіншілері арасында сақталған Диқан 

бабаға арналған Кҿк жағыс мейрамын кҿрген

‡‡‡‡‡


 

Кҿк  сҽл  кҿтерілген  уақта  ҧйымдастырылатын  мейрамда  қҧрбандыққа  қой-ешкі  не 



сиыр шалынған, қҧдай мен Диқан бабадан жаңбыр сҧрап, жалынған. Астық бастыру кезінде 

балалар: 

Оптыр майда, он майда, 

                                                           

§§§§

 2005 жылдың 12-мамырында Алматы қаласында Қызылорда облысы, Тереңҿзек 



ауданының тҧрғыны Д.Қожахметовтен жазылып алынған.  

*****


 Кармышева Дж.Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования 

и культы народов Средней Азии. М., 1986. С.63. 

†††††

 Аталған еңбек. 63-б. 



‡‡‡‡‡

 Хозяйство казахов на рубеже XIX и XX веков. Алма-Ата, 1980. С.251. 



VI Халықаралық конференция

 

329 



 

Майда болмай, болмайды, 

Сабаны саған пайда, 

Дҽні маған пайда

§§§§§

, -  


деген тҽрізді ҿлең айтқан.  

 

Қырман  басында  айтылатын  мҧндай  ҿлеңге  ҧқсас,  ҥндес  жолдардың  туыстас 



қырғыз, ҿзбек халықтарында ҧшырасатыны белгілі

******


 

Алғашқы қауым дҽуірінен бері келе жатқан ҽрбір қҧбылыстың: желдің иесі, кҥн иесі, 



су  иесі,  т.б.  қҧдіретті  иелердің  пҽрменімен  болып  жататындығына  сенім  бертінде  де  ізі-

қайым жойылып кете  қоймаған. Кҿп иелер туралы  тҥсінік бір Қҧдайға  табыну  шыққан соң 

да,  ислам  діні  таралғаннан  бері  де  сақталып  қалған,  кейде  Диқан  бабаға  сыйынумен 

қатарласа-қабаттаса жҥретіндігіне кҿз жеткіземіз. 

 

Қазақ  арасындағы  аңыз-ҽңгімеде  он  тоғызыншы  ғасырда  Алтайда  су  қҧрылысын 



жҥргізетін Кеншін жайында «Су иесінің киелі бҧйдасы Кеншіннің қолында, ол ҿзеннің суын 

тіркеулі  тҥйедей  жетектейді»  деген  сҿз  болған.  Бір  рет  Ертіс  ҿзенінен  тоған  алып,  арық 

қазып жатқан он ҥш жҧртқа ол кенеттен: «Біз жаңылыппыз, бҧл тоғанға су шықпайды, енді 

ҽуре болмай, жҧмысты тоқтатайық... Маған су иесі аян берді, қазылып жатқан арыққа су иесі 

ақ бура болып келіп, кҿлденең жатып алды», - деп, жҧмысын тоқтатқан

††††††


 

Егінші  жҧрттың  арық  пен  тоған  тазарту,  су  тоқтату  шаруаларын  атқарып  жҥріп, 



қҧрбандыққа  ҿгізше  сойып,  қанын  жерге  тамызбай,  бірден  суға  ағызып  жіберетін  ырымы 

болған


‡‡‡‡‡‡

.  Бҧл  ғҧрыптың  су  иесінің  кҿңілін  тауып,  мейірімін  аудару,  рақымын  тҥсіру 

мақсатында орындалатыны кҥмҽн келтірмейді. Қҧрғақшылық жылдары ҿзен-сулы жерлерде 

тасаттық жасап, малды бауыздап, қанын қолма-қол суға ағызуды су тҽңірісіне жасалған аса 

ірі ілтипат белгісі деп ҧққан абзал

§§§§§§


. Су иесі туралы тҥсінік байырғы кезеңдерде шыққан, 

ал су иесі – Сҥлеймен деу тҥркі халықтарында ислам кіргеннен кейін қалыптасқан. Хакастар 

су  иесін  суда  жҥзгендер  мен  балықшыларды  желеп-жебеуші  ҽрі  жадылаушы  ретінде 

қабылдаса

*******

,  тофалар  оның  тау  иесіне  бағынбайтындығына,  ҽрбір  ҿзен,  судың  жеке 



қожайыны болатындығына, олардың бас су иесіне мойынсҧнатындығына нанған

†††††††


. Бақсы 

сарындарында ҧшырасатын: «Су басында – Сҥлеймен, Су аяғында - Қорқыт» деген жолдар 

осындай  наныммен  ҧштасып  жатыр.  Зайсан,  Ертіс  балықшылары  балық  аулар  алдында 

Сҥлейменге тҽу етіп: 

Су ішінде Сҥлеймен, 

Судан балық тілеймін. 

                                                           

§§§§§


 Кармышева Дж.Х. аталған еңбек. 63-б. 

******


 Уахатов Б. Қазақтың тҧрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы, 1983. 98-99-б.  

††††††


 Қазақтың мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 27-28-б. 

‡‡‡‡‡‡


 Кармышева Дж.Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования 

и культы народов Средней Азии. М., 1986. С.60. 

§§§§§§

 Абылқасымов Б. Телқоңыр. Қазақтың кҿне наным-сенімдеріне қатысты ғҧрыптық 



фольклоры. Алматы, 1993. 74-б. 

*******


 Петри Б.Э. Промыслы у карагас. Иркутск, 1928. С.15-16.  

†††††††


 Катанов Н.Ф. Поездка к каракасам в 1890г. Спб., 1891. С.28. 

VI Халықаралық конференция

 

330 



 

Алабҧға, майбас, 

Қармағыма жармас, 

Қабандай қап, балық, 

Қармағымды тарт, балық

‡‡‡‡‡‡‡


, -  

деген. 


 

Дҽн  тазартып  жатқанда  жел  иесін  дауыстап  «Мірхайдар,  кел,  Мірхайдар»  деп 

шақырған.  Ҽ.Диваев  «Жел  шақыру»  ҿлеңінің  мҽтінін  орыс  тілінде  аударып  бастырған, 

ҿкініштісі, сол мҽтіннің қазақша нҧсқасы сақталмаған: 

О,Жалаңаш ата, жел шақыр, 

Кҿтерілсін қара тҧман боп, 

Қҧйын болып, боран боп,  

Ҥрлесін жалба-жҧлба етіп, жалаңаштап 

Жарқырау ҥшін оның денесі, 

Мен таба алмаспын басқа жол 

Сабаннан тазалау ҥшін тартылған дҽнді 

О, Жалаңаш ата, жібер оңтҥстік-батыстан 

Гуілдеген қызыл желді

§§§§§§§


Бҧрын  шығырдың  да  тҽңірі  бар  деп  иланған.  Т.Сейдалиннің  жазуына  қарағанда, 

Торғай ҿңіріндегі Сейітқҧл қыпшақ бастаған егіншілер атаулы мейрамында  Қҧдай жҽне Ҽлі 

Шынарға бағыштап, қҧрбандық берген, сол кезде орындалатын ҽн: 

Шығырдың шын атасы – Ҽлі Шынар, 

Шынарға сыйынбастан, шығыр сынар. 

Ҽліге Шынарменен шын сыйынсаң, 

Қашанда Тҽңірі оңғарып, ісің тынар

********

Диқан  бабаны  ашуландырып,  қаһарына  тиюден,  обал-сауаптан,  киесінен  қорыққан 



қазақ нанды жерге тастамайды. Нанды қасиет тҧтқандықтан «Егер баланың бойы нанға қолы 

                                                           

‡‡‡‡‡‡‡

 Тоқтабай А. Қазақтардың аңшылыққа, қҧсбегілікке, балық аулауға байланысты жора-



жосындары // Қазақ халқының дҽстҥрлері мен ҽдет-ғҧрыптары. Алматы, 2005. I-т. 261-б. 

§§§§§§§


 Диваев А. Заклинание и призыв ветра. Из киргизских поверий // Этнографическое 

обозрение. 1910. Вып. 1-2. С.131-133. (Аударма – ҿзіміздікі). 

********

 Сейдалин Т.А. О развитии хлебопашество по бассейну р.Тургая // ЗООИРГО. 1870. 

Вып. 1. С. 248. 


VI Халықаралық конференция

 

331 



 

жетпесе,  Қҧранды  табанға  қойып  алуға  болады,  ал,  Қҧранға  қолы  жетпесе,  нанды  табанға 

қойып алуға болмайды» деген тҥсінік орныққан. Сондай-ақ, нанды екі саусақтың арасымен 

қысып  алуға  болмайды,  ауыздағы  жеп  отырған  нанды  тҥкіріп  тастауға  болмайды,  теріс 

қоюға болмайды, ҥстіне зат қоюға болмайды, кесілген нанды, болмаса, жеп отырған нанды 

шертуге,  бір  қолмен  ҥзіп  жеуге  болмайды,  нанды  кеудесіне  қойып  турауға  болмайды,  т.с. 

тыйымдар туындаған. 

 

Диқаншы  ҥшін  астан  кейінгі  қадірлісі  –  еңбек  қҧралы.  Ел  аузында  кетпеннің 



теміріндегі  доғал  тесік  жҿніндегі  мынадай  аңыз  айтылады:  «Кҿне  замандарда  бір  диқаншы 

жігіт  аңдаусызда  жыланды  ҿлтіріп  алыпты.  Жылан  ордалы  жылан  екен.  Ҿлген  жыланның 

кегін  қайтармаққа  ордаластары  жігітті  іздеп  шығады.  Бҧны  сезген  жігіт  жан  сауғалап 

қашыпты.  Ордалы  жыландар  жігіттің  ауыл-аймақ,  туған-туыстарын  тҥгел  жалмапты.  Жігіт 

амалы  таусылып,  кҿрші  ауылдағы дана  қариядан амал сҧрайды. Сонда қария:  -  Балам, сені 

бір қҧтқарса қолыңдағы  кетпенің қҧтқарады, осыны қалқан қылып жат,  - деп, жігітті тоғыз 

кетпенмен жҽне кҥлше нанмен жауып тастапты. Бірақ жыландар жігіттің жасырынған орнын 

тауып,  оқша  атылыпты.  Алайда,  тоғыз  кетпенді  тескенімен,  нанды  тесіп  ҿте  алмай,  ҿздері 

жан  тҽсілім  етіпті.  Осылайша,  жігіт  дана  қарияның  ақылының  арқасында  аман  қалыпты. 

Кетпеннің теміріндегі тесік осылайша пайда болыпты деседі»

††††††††

 



Егін егу барысында еңбекке жаңа араласқан жасқа елге қадірлі, егіні бітік шығатын 

қарт диқанның қҧралы (кҥрек, кетпен, т.б.) беріледі. Бҧл жаңа туған нҽрестенің бесігін елге 

сыйлы,  кҿп  ҧрпақ  ҿсірген  ананың  аттағаны  (мінгені),  дҥниеден  озған  қадірлі  қарияның 

киімдерінен оның жасын, сый-қҧрметін берсін деп жыртыс бергені секілді кҿшпелі ғҧрып. 

 

Диқаншылықты атадан балаға мирас етіп келе жатқан адамдардың еңбек қҧралдары 



да – ең қастерлі заттардың бірі. Бақилық болған диқаншының тҧтынған еңбек қҧралдары да 

ҿзінің  ізін  басқан  ҧрпақтарына  немесе  осы  кҽсіпті  меңгерген  талапты  жасқа  табысталып 

отырады. 

 

Кҥрішті  ҿсірушілер  арасында  осы  дақылды  тыныштықты  сҥйеді,  адамның  кҿңіл-



кҥйі  дақылдың  ҿсіп-ҿнуіне  ҽсер  етеді  деген  тҥсінік  қалыптасқан.  Кҥріш  кҿңілді  жҥріп,  ҽн 

айтқанды, ҿзімен сҿйлескенді ҧнатады деген деректер де кездеседі. 

 

Кейбір  мифологиялық  тҥсініктер  ҽңгімеде  емес,  ырымда  ғана  бой  кҿрсетеді



‡‡‡‡‡‡‡‡

Диқаншылық  кҽсіптегі  ең  маңызды  нҽрсе  –  егінді  бітік  шығарып,  мол  ҿнім  алу.  Қауын-



қарбыз  егушілер  дақылдың  қҧр  жапырақтанып  (еркектеніп)  кетпей,  ҿнімді  кҿбірек  беруі 

ҥшін  кҿп  қҧрсақ  кҿтерген  ҽйел  адамның    іш  киімімен  пҽлектерді  ҧрып-қағып  шығады. 

Мҧндай  ырым  мақта  ҿсірушілерде  де  бар

§§§§§§§§


.  Пияз  егушілерде  де  осы  ырым 

сақталған

*********

.  Бҧл  дақылды  егушілердің  басты  мақсаты  –  мол  ҿнім  алумен  бірге 

дақылдың ащы, иісті болуы. Сол себепті де кей жерлерде осы дақылды ырым бойынша адам 

ҿз бойынан жел шығарып барып егеді. Осылай етсе иісі ҿткір, таза болады деп сенген. 

                                                           

††††††††


 2004 жылдың 15-шілдесінде Ҽйтеке би кентінде Қызылорда облысы, Қазалы 

ауданының тҧрғыны Ж.Табынбаевтан жазылып алынған. 

‡‡‡‡‡‡‡‡

 Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002. 72-б. 

§§§§§§§§

 2005 жылдың 14-қыркҥйегінде Алматы қаласында Оңтҥстік Қазақстан облысы, 

Жетісай ауданының тҧрғыны Ш.Сапашевадан жазылып алынған. 

*********

 2004 жылдың 30-шілдесінде Жанқожа батыр ауылында Қызылорда облысы, Қазалы 

ауданының тҧрғыны Б.Сердалиевтен жазылып алынған. 



VI Халықаралық конференция

 

332 



 

ТАҢЖАРЫҚТЫҢ ТҤРМЕ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТОЛҒАУЛАРЫ 

ТУРАЛЫ

 

Сырайыл Ысқақҧлы 



ҚХР Іле педагогикалық университетінің доценті, ф.ғ.к. 

Қысқаша мазмҧны׃ Мақалада Таңжарықтың Гоминдаң тҥрмесінің қҧпиясын, жауыздық 

сырын, абақтының азапты ҿмірін, жантҥршігерлік қинауларын асқан суреткерлікпен, кҿркем 

тілмен,

 

шыншылдықпен  ҿрнектеген  тҥрме  тақырыбындағы  ҿлеңдерінің  тарихи  қҧндылығы 



айқындалады. 

Тҥйін сөзі׃ Таңжарық, тҥрме тақырыбы, тарихи шындық 

 

Таңжарық 



Жолдыҧлының 

шығармалар 

жинағындағы 

―Іле 


тҥрмесінен‖, 

―Тҧтқындалу‖,  ―Елмен, жермен қоштасу‖,  ―Абақтыда  кім жатыр‖,  ―Тҥрме  тарихы‖, ―Тҥрме 

халы‖,  ―Елес‖,  ―Елге  амандасу‖,  ―Жерге  амандасу‖  қатарлы  жеке  тақырыптарда  басылған 

ҿлеңдері бір-біріне тҧтас желі қуып жазылған. Бҧларда жалғасқан,  ҥзуге болмайтын ҧзақ бір 

жҥйе жатыр. Яғни бҧл ҿлеңдерін тҧтас бір ҿмірдің сыр-сипатын, қоғамдық, ҽлеуметтік мҽнін 

қамтыған лирикалық цикл ретінде қарауға болады. Ал мазмҧн жағынан қарастырсақ, жҥйелі, 

кесек  дастан  деуге  де  болады.  Бҧл  туралы  профессор  Зҧфар  Сейітжанов  ―Шыңжаң  қазақ 

ҽдебиеті‖ атты монографиясында: ―Абақты‖ аймақ ҽдебиетін қойып, бҥкіл қазақ ҽдебиетінде 

тҥрме туралы жазылған алғашқы кҿлемді шығарма болып  табылады‖, [1, 136 б.] – деген-ді. 

 

Қытайда  творчестволық  іссапарда  болған  академик-жазушы  С.  Мҧқанов  Таңжарық 



шығармаларымен  танысып,  сол  сапарынан  жазған  ―Алыптың  адымы‖  кітабына  ақынның 

―Тҥрме халы‖ атты  толғауын тҧтас енгізеді ҽрі бҧл шығармаға ―Таңжарықтың бҧл жырына 

ешқандай комментарийдің қажеті жоқ, сондай-ақ оның кім екендігін де осы еңбегінен анық 

кҿруге болады‖, [2] – деп жоғары баға береді.  

 

Дастанда отызыншы жылдардың соңын ала ―Ҥкіметке қарсылар, ҧлтшылдар‖ деген 



атпен  Гоминдаң  ҥкіметі  жағынан  жҥргізілген    қанды  қырғын  қапысыз  бейнеленеді.  Оқиға 

лирикалық кейіпкердің атынан баяндалады. Лирикалық кейіпкер – ақынның ҿзі. Ол – тҥрме 

тҥнегіндегі азапты ҿз басынан кешкен, азаттық ҥшін арпалысқан ерлердің бірі. Ақын ҿзінің 

екі  реткі  қалай  тҧтқындалуынан  бастап,  абақтыдан  шыққанға  дейінгі  кҿрген  қорлығы  мен 

жантҥршігерлік қинауларын, абақтының азапты ҿмірін суреттеу арқылы сол тҧстағы ҧлттың 

рухын  ҿшіруді  мақсат  тҧтқан  ҽділетсіз  ҥкіметтің    зорлық-зомбылығын  шыншылдықпен 

ҽшкерелейді.  Қуғын-сҥргін  жылдардың  қасіретін,  жазықсыз  жҽбірленген  ел  ардагерлерінің 

аянышты тағдырын баяндайды. 

 

 Дастанның  тарихи  қҧндылығы  да  осы  тҧрғыдан.  Ақын  тарихи  шындықты  асқан 



суреткерлікпен,  кҿркем  тілмен  ҿрнектеп  береді.  Гоминдаң,  Шың  Шысай  тҥрмесінің  нақты 

картинасын  сызып  береді.  Аяулы  азаматтар  мен  ардагерлердің  қызыл  қаны  тҿгілген  Шың 

Шысайдың  Ҥрімжі  тҥрмесінің  фашистік  ҽрекеттері  жҿнінде  қыруар  фактілер  бар. 

Гоминдаңның  Шыңжанда  ҥстемдік  жҥргізген  алаяқ  жендеті  Шың  Шысай  Кеңес  Одағымен 

ауыз жаласа  отырып,  саналы, ҧлтжанды,  сауатты, зиялы  қауым ҿкілдерін ҽр тҥрлі жаламен 

тҧтқындап, жазаның ең ауыр тҥрін қолданып,  кҿздерін жоюға  дейін барды.  Қара  машинаға 

мінген қанішерлер ―қалаған‖ адамын тҥнделетіп келіп тҧтқындап ҽкетіп отырған.  


VI Халықаралық конференция

 

333 



 

 

Шығарманы  оқи  отырып,  абақтыдағы  осы  жауыздықтың,  сҧрқиялықтың, 



қанқҧйлылықтың сырына қанығасыз, ондағы адам баласы тҿзгісіз алуан тҥрлі тҽн жазаларын 

кҿргенде, сай-сҥйегің сырқырап, жаның шошиды. Тҥрменің азапты тҧрмысын ҿз басыңыздан 

ҿткізіп  жатқандай  сезімге  кенелесіз.  Зҧлымдыққа,  хайуаннан  бетер  жауыздыққа  барған 

тағыларға  деген  кегіңіз  бҧрқ-сарқ  етіп  қазандай  қайнайды.  Тҧтқындарға  деген  айрықша 

аяушылық жанашырлық білдіресіз. 

Міне, осы ҽңгімесі тҥрме-тарих, 

Жатқан соң жазып шықтым болып ғарып, –деп абақты тарихын, қаралы жылдардың қатал 

шындығын мҽңгі тасқа қашалған шежіредей, ҿткен кҥннің белгісіндей етіп таңбалайды. 

 

 Яң  Зыңшың  дҽуірінен  кейінгі  Жың  Шурын,  Шың  Шысай  замандары  да  ҧлт 



мҥддесін,  ҧлт  теңдігін  ту  етіп  кҿтерген  қозғалыстарға  оң  кҿзбен  қарамады.  Ҿте-мҿте  Шың 

Шысай заманы улы шҿптей отады. Қазан тҿңкерісінен кейін Қазақстаннан Шыңжаңға қашып 

келген  алашорда  азаматтары  ҿздерінің  қҧпия  ҧйымдарын  қҧрып,  бҧрынғы  қимылдарына 

кірісе  бастайды.  Бҧны  Кеңес  Одағы  да,  Шыңжаң  билеушілері  де  ҽр  екі  жаққа  тиімсіз  деп 

біліп, оны  екі жақ  бірлікте жою байламына келеді. Сонымен ҧлттық қозғалысты  ҿршітпей 

ҧясында жаныштамақ болып, оларды тҧтқындау ҥшін ел ішіне ―уыйюан‖

1

 (жора) деген атпен 



жағдай  бақылайтын  жансыздар  жібереді,  қаптатып  тыңшы  қояды.  Оларды  ―Ҧлтшылдар, 

ҥкіметке  қарсылар‖  ―қару-жарақ  жасырғандар‖  деп  ҽр  саққа  қҧбылтып  атайды.  Олардың 

қарулы бҥлік тудыруынан сезіктеніп, халық арасынан жаппай қҧрал жинайды [3, 21 б.]. Бҧл 

деректі ақын: 

Бастықты елден қалған жҽне ҧстады, 

Мақсаты қҧрал жинау амалында. 

―Дҽйбияу‖

2

 деген атпен келіп жатты, 



―Дубанның‖

 

 қара қақпа, қамалына  



Артында шаршы шпион уыйюандардың

Қалды ғой қазақ байқҧс табанында. 

Қазақтан шықты тыңшы қанша ―батыр‖, 

Ҽрбірі бес жҥз ҥйлік елге татыр. 

―Бар екен тыққан мылтық бересің‖ деп 

Жетпіс пенен сексеннен қамап жатыр (―Тҧтқындалу‖),–  

деп бейнелейді. 

                                                           

 

1

  Уыйюан (Қытайша) – жора. 



2

  Дҽйбияу(Қытайша)–ҿкіл. 

 


VI Халықаралық конференция

 

334 



 

 

Бҧл  ―тазалау‖  барысында  ―Алашорда  ҧлтшылдарымен  тіл  біріктірген,  ҥкіметке 



қарсы  ҧйым  қҧрған‖,  –  деген  айып  тағып,  1937  жылы  тек  бір  Іле  аймағының  ҿзінен  қазақ-

қырғыз ҧйымының бастығы Махсут бастаған жетпіс адамды бір жолда ҧстады [3, 22 б.]. 

Сонымен бір, екі, ҥш ай ҿткен кезде, 

Дҥрбелең сҽл саябыр ҿткен кезде, 

Тағы алды Махсут бастаған жетпіс адам, 

Кҿрмеген адам сенбес мҧндай сҿзге (―Тҥрме халы‖). 

Шығармада  тарихи  деректен  мҽлім  сол  кезде  тҧтас  Шыңжаң  бойынша  тҧтқындалған 

қазақстандық жҽне қытайлық алаш азаматтарының аты негізінен тҥгел аталып шығады. 

Іледен Мақсҧт пенен Айса тҿре, 

Қожабек, Қами кетті оны кҿре. 

Еменбай, Уаңқадыр, Сисар, Тастан, 

Бастығы Абылаев, Солтан Тҿре. 

Байбатша – Ыбырайым, Жайнаковпен  

Жҿнелді Сағатбектер соңына ере. 

Тҧрдақын, Зҽкіржан мен Ҽкімқожа, 

Дамолда, Жҽлел, Нҧртай кеткен оза. 

Шыңдали, Ҽбілмҽжін, Ахыметбек 

Ажалға ҧмтылғандар қолын соза. 

Тағы ҿлді Қажен мен Қалиякбар, 

Жолығып сергелдеңге қайтқан бақтар. 

Барлығы осылардың қинауда ҿлді, 

Бір келмей қош айтуға тіл мен жақтар (―Тҥрме халы‖). 

 

Міне,  бҧлардың  бҽрі  ҧлтының  еркіндік-теңдігін  аңсаған,  елінің  кҿсегесін  кҿгертіп, 



озық  елдер  санатына  қосуды  мҧрат  тҧтқан,  еңсесі  биік  егей  тҧлғалар,  сайдың  тасындай 

саңлақтар, арманда кеткен арыстар еді. Зҧлмат заманның мезгілсіз қҧрбаны болған, қинауда 

ҿлген, із-тозсыз дҥниемен қоштасқан есіл ерлерді елжірей еске алған ақын: 

Осылар елбастығы бҽрі манап, 

Басты ғып мыңнан бірін кҿрсеткенім, – дейді. 


VI Халықаралық конференция

 

335 



 

 

Шың  Шысай  ҥкіметінің  қолға  тҥскендерді  тірідей  кҿміп  ҿлтіргені,  у  беріп  кҿзін 



жойғаны,  кейбіреуін  Кеңес  Одағына  алып,  кетіп  із-тозсыз  жоғалтқаны  тарихи  факті, 

деректерден жақсы мҽлім [4, 104 б.]. Ақын қаламынан бҧл шындық та қағыс қалмайды: 

Қан ішіп қарға-қҧзғын қылмыңдайды, 

Май тамып беттерінен жылмыңдайды. 

Қаланың шет жағынан ҧра қазып, 

Апарып неше жерден қырғындайды (―Тҥрме халы‖). 

 

Сҿйтіп,  тҧтқындарды  ҿлтірудің  де  алуан  тҥрлі  айла-амалы  болған.  Бірде  нҽр 



татырмай аштан ҿлтірсе, кейбіреуін ҧрып,  тірідей найзалап ҿлтірген. 

Тірідей кейбіреуге найза салып, 

Артына екі қолын байлап алып, 

Сҧққылап сҥйреп жҥріп ҿлтіреді, 

Шыңғырып, қарамайды жатса талып. 

Кесілген кейде қол мен санын кҿріп, 

Қырғындап, киіз жапқан ылғи ҿлік. 

Адамның ішек-қарны шҧбатылып, 

Қаламыз кейде жатқан басын кҿріп. 

Он метр, жеті метр зынданы бар

Тҿстіктей қақтайтҧғын ―қҧмданы‖ бар. 

Сол жерде аштан ҿліп, сасып қалған 

Адамды тазалаған мҧнда біз бар (―Тҥрме халы‖). 

 

Дҥниеде мейлі қандай елдің абақтысы болсын, онда қандай жаза қолдансын, қандай 



нашар тамақ берді дегенде де, тамақ бермей ашықтырып ҿлтіріпті дегенді сирек еститініміз 

хақ.  Неткен  жауыздық десеңізші. Қанішер қарақшылар енді бірде бір-екі  кҥн жеке қамаған 

соң, екі есігі бар оңаша ҥйге ―сҧраққа‖ деп ҽкеледі де, осы арада балтамен басын кесіп алады. 

Адамды ҿлтіретін ҽтей қастап, 

Киімін шешіп алып жалаңаштап. 

Арнаулы екі ауызды сҧмдық ҥй бар, 

Сҧрақ деп ҽкеледі соған бастап. 

Оңаша екі ауызда, екі-ақ есік, 



VI Халықаралық конференция

 

336 



 

Жері бар айқасатын тҥбі тесік. 

Кірерде сол тесіктен тосып тҧрып, 

Алады қылышпенен басын кесіп (―Тҥрме халы‖). 

 

Бҧл шумақтардан абақтының ызғарлы да ҥрейлі бейнесі елестеп, қан исі мҧрыныңа 



келеді. Сҿйтіп, Гоминдаң тҥрмесінде аштан, ҧрып, найзалап, жадауда турап, атып ҿлтірілген 

адамдарда сан жоқ. 

Есепсіз, міне, осындай ҿлген жандар, 

Бар қазір ҿлгендерді кҿмген жандар. 

Кҥз болса неше мыңдай кҿр даярлап, 

Кҿзімен бҽрін істеп кҿрген жандар (―Тҥрме халы‖). 

 

Осы  жауыздықтың  бҽрін  ҿз  кҿзімен  кҿрген  ақын  ет  жҥрегі  езіліп,  қамыққан 



кҿңілмен: 

Осындай сҧмдықпенен ҿліп жатқан кісінің бҽрі Отанның белтірегі, –  

десе, енді бірде: 

Тҥрмеде тоғыз жылда ҿлген адам, 

Асыпты орта есеппен алпыс мыңнан (―Тҥрме халы‖), – дейді.  

Таңжарықтың  ―Тҥрме  халы‖  толғауының  тарихи  негізіне,  ҿмірлік  шындығына,  себеп-

салдарына барлау жасаған Ы. Ҽдішҧлы келтірген тҿмендегі мысал, фактілер Гоминдаң, Шың 

Шысай ҥкіметінің Шыңжаңның тҧрғылықты халқына тудырған зобалаңының ащы нҽтижесін 

пайымдауға  мҥмкіндік береді. ―Сол кезде бҥкіл Шыңжаңның жан саны  небҽрі ҥш  миллион 

мҿлшерінде  екен.  Сонда  тҥрмеде  ҿлгендердің  ҿзі  2  %  -ке  жетіп,  ҽр  жҥз  адамның  екеуі 

Гоминдаң  тҥрмелерінде  ҿлді  деген  неткен  ашынышты  жайт‖  [5,  60  б.].  Міне,  осы  санды 

мҽліметтің ҿзінен Гоминдаң тҥрмелерінің халықты  қан қақсаттып, жазықсыз жаныштайтын 

тозақ болғанын аңғаруға болады. Демек, жан жҥрегіңді баурап алатын шындық шығарманы 

шырайландыра тҥскен. 

 

Шығармада  Гоминдаң  абақтысының  адам  баласы  кҿргенді  қойып,  қҧлақ  естімеген 



неше тҥрлі жазалаудың, қинаудың небір сҧмдықтарын қолданып, бейкҥнҽ жандарды тірідей 

шырылдатып жатқаны кҿз алдыңа елестейді. 

Су бермей, нҽр татырмай неше сҿтке, 

Жабысып шҿлден ҿкпе, бауыр етке. 

Еріксіз екі кҿзден жас парлайды, 

Соққанда тас ҧлтанмен екі бетке... Кҿмірге отырғызып ҧсақ шағып, 

Қан деген май қҧйрықтан судай ағып. 


VI Халықаралық конференция

 

337 



 

Ҥрпіңе ши жҥгіртіп боздатқанда, 

 Шыбын жан шығып кетпей тҧрсың нағып!... 

– Жалаңаш қҧйрық қойып отыр, – дейді, 

Қаратып ҧшын ҿрге шеге қаққан. 

Адамның жаны кетіп денесінен, 

Қҧйрықты алсаң жҧлып шегесінен. 

Тҽңірге даусың жетіп зарланасың, 

Тырнақтың ине сҧқса кҿбесінен... (―Тҥрме халы‖). 

 

Ет  жҥректі  пенденің  қиналуы,  жҽбір  кҿруі  дҽл  осы  жырда  баяндалғаннан  артық 



болмас.  Қандай  жаза  болғанда  да,  осындай  адам  баласы  тҿзгісіз,  адам  тҥгіл  хайуан  екеш 

хайуанға  да  істетпейтін  жаза  қолданып,  қорлау,  қан  қақсату  қанішер  жауыздардың,  адам 

тонына  оранған  тағылардың  қылапаты.  Бҧл  –  аңыз  емес,  шындық.  Суреткер  ақын  осы 

шындықты  ҿз  басынан  ҿткізді  де,  оны  қаз-қалпында  аса  шеберлікпен  оқырманның    жан 

дҥниесіне  ерекше  ҽсер  ететіндей  психологиялық  тітіркендіру  арқылы  бейнелейді.  Ҿлең 

жолдарын  оқып  отырып,  жаныңыз    тҥршігеді.  Бҧдан  басқа  да    адамның  аза  бойы  қаза 

болатын қинау тҥрлері – Аспаққа асып қойып ҧру, табанға темір ҥскі жҥгірту, басына темір 

қҧрсау  салу,  дағарға  салып  сҥйреу  т.б.  бҽрі-бҽрі  де  бар.  Міне,  бҧның  барлығы  фашистік 

қорлаудан аспаса кем тҥспейтіні аян. 

 

 Абақтыдағы Бейбақ жандар бҽрі де ҽділ сҧрақ кҿрмейді. 



Қараңғы зындан болды тҧрақтарым, 

Саңырау тҥк естімей қҧлақтарым. 

Тік тҧрды тҿбе шашым жаным шошып, 

Алғашқы естігенде сҧрақтарын. 

Тастайды кірген бойда бетіңді ашып, 

Отырған тҿрт-бес адам қаны қашып, 

– Қарныңды жарамын, – деп,–  айт шыныңды? 

    Ақырып арыстандай заһар шашып (―Тҥрме халы‖), –дегеніндей сҧрақ сҥркейлі болады. 

Қасапшының итіндей жалаң қаққан сҧрақшылар:    

Не істедің, не кҿрдің шыныңды айт деп, 

Дҥрелеп ашты тілмен тілдеп жатыр. 

– Қҧлатпақ болғансыңдар ҥкіметті, 

Қҧтыртқан осы сені кім? – деп жатыр. 

Терісін теріскейдей сойып алып, 

Жҥнін қойып тҥбітін жҥндеп жатыр! ( ―Абақтыда кім жатыр‖ ),– 


VI Халықаралық конференция

 

338 



 

дегеніндей оларға қарғыс қамытын кигізіп, ит терісін басына қаптап, терісін тірідей сойып, 

жҥнін жҥндеп жататын. 

 

Тарихи  факті  бойынша  Шың  Шысай  Шыңжаңға  ҿктемдік  жҥргізген  он  бір  жыл 



ішінде жан тҥршігерлік террорлыққа басып, 200 мыңнан астам адамды тҧтқынға алып, ҽр ҧлт 

халқының  60  мыңнан  астам  адамын  қырғындағаны  мҽлім  [6,  22  б.].  Ақын  дастанда 

Абақтыдағы  осы  ақиқатты  айна-қатесіз  бейнелейді.  Қаралы  жылдардағы  қанды  нҽубеттің 

қалай басталып, қаншама адамдардың ҿмірін қиғанын хабардар етеді. Шыңжаңдағы барлық 

ҧлттың  алға  басар  ардагерлерін  жалмап  жатқанына  ызалы  кекпен  қарғыс  жаудырады. 

Абақтыда жатқан  ҽр ҧлт халқының тағдыр-тауқыметіне  адамзатшыл ақын ҿз  басының,   ҿз 

ҧлтының тауқыметіндей ортақ  кҥңіренеді. 

Кім жатыр, абақтыда қытай жатыр, 

Олар да арық қойдай жҧтап жатыр... 

Кім жатыр, абақтыда қалмақ жатыр, 

Дауысы кҿкке жетіп зарлап жатыр... 

Кім жатыр абақтыда қазақ жатыр, 

Жҥрегін ашты қайғы қажап жатыр... 

Кім жатыр, абақтыда ҧйғыр жатыр, 

Азаптан қҧтылуды ой қып жатыр... 

Кім жатыр абақтыда татар жатыр, 

Ҿзбек пен тҽжік, қырғыз қатар жатыр. 

Дҥңгені, кержақ орыс, сібе, солаң, 

Олар да кҿр аузына тақап жатыр... (―Абақтыда кім жатыр‖). 

 

Кҿріп  отырсыздар,  абақтыда  аяқта  кісен,  қолда  бҧғау,  арық  қойдай  жҧтап,  кҿр 



аузына  тақап  жатқан  бір  ғана  ҧлт  емес,  Шыңжаңдағы  сол  кездегі  он  ҥш  ҧлттың  бҽрі  бар. 

Алаңсыз  ҿмір  сҥріп,  еркін  тірлік  жасап  жатқан  бірі  жоқ.  Бҽрінің  кҿкірегін  ашты  қайғы-

қасірет қажап жатыр. Ақын барлық ҧлттың арманы мен арын аяққа басып, тағдырын тҽлкек 

қылған зҧлымдықты ашып кҿрсетеді.  

Шыңжаңдағы  барлық  халыққа  ҥлкен  қасірет  ҽкеліп,  неше  он  мыңдаған  адамдардың  қан 

қарызына  мықтап  буылған  Шың  Шысай  –  барып  тҧрған  фашист.  Сол  себепті  ақын  оған 

қатты кектене, қаны қайнап: ―Шың Шысай суретіне‖ атты ҿлеңінде: 

Отырсың қара залым тҥсің қашып, 

Біз жҥрміз айдауыңда асып-сасып. 

Армансыз дҥниеден ҿтер едім, 

Қаныңды бір ҧрттасам жалғыз қасық,–деп тісін қайрайды. 

 

Абақтыдағы  аталған  азаптың  бҽрін  басынан  ҿткерген  қайсар  ақын  қорлық  пен 



зорлықтың  бҽріне  тҿзе  білді.  Сағын  сындырмады.  Зҧлымдыққа,  ҽділетсіздікке  ісімен  де, 

жырымен де қасқайып қарсы шықты. Бас кетеді деп тіл тартпады. Болашаққа зор сеніммен 



VI Халықаралық конференция

 

339 



 

қараған ақын жалынды жырларымен тҥрмелестерінің  кҿкірегіне нҧр қҧйып, сенімін сергітті. 

Жігерін қҧм қылмауға, келешекке сенім артуға ҥндеді. Бел шешіп, білек сыбанып кҥрескенде 

ғана азаптан арылып, еркіндік-теңдікке қол жететіндігі сынды ақиқатты ҧғындырды. 

Арман жоқ Отан ҥшін ҿліп кетсек, 

Енді біз қорлық кҿріп жҥре алмаймыз (―Тҥрме халы‖),–   

деп жар салды. 

 

Ел  тағдырын,  ҧлт  азаттығын  жырының  қайнары,  кҥресінің  мҧраты  ете  білген 



кҥрескер ақын: 

Бҽрі қан Ҥрімжінің айналасы, 

Ескі там, ҧңғыл-шҧңғыл, сай-саласы. 

Ішегін ит сҥйрелеп ҿлген жанның 

Қҧс шоқып, домаланып жатыр басы,– деп қанды қырғынды тағы бір елестетіп ҿтеді де: 

Келсеңдер Ҥрімжінің қаласына,  

Кҿзің сал қалтарыс сай-саласына. 

Ҧмытпа ҿле-ҿлгенше осыны деп, 

Тапсырып кет балаңның баласына (―Тҥрме халы‖),–     

деп  осы  қысым-қиянатты  ҿле-ҿлгенше  ҧмытпауға,  қанды  кек  қайтарып,  еркіндік  ҥшін 

кҥресті  тоқтатпауға,  ҧрпақты  баулып  кҥреске  шақырады.  Осылайша  ақын  ҿзінің  ҽділетшіл, 

шыншыл, отаншыл, кҥрескер ақын екендігін ҽйгілеп кетті. 

 

Қысқасы,  ақынның  ―Абақты‖  дастаны  –  халық  тағдырының  қаралы  беттерін 



қапысыз 

бейнелеген, 

ҿзінің 

ажар-айшығымен, 



кҿркемдік 

қуатымен, 

тҽрбиелік 

қҧндылығымен  ҿткен  кҥннің  ғана  емес,  бҥгінгі,  тіпті,  ертеңгі  кҥннің  де  талап-тілегіне  сай 

келетін ҿміршең, реалистік қуаты мол, деректі туынды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет