Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54

 

References:  

Dobrosklonskaya.  T.  The  study  of  media  texts.  Dissertation  [Text]  /  TG  Dobrosklonskaya  -  

Moscow, 2000 - 288s.  

Kaftandzhiev H. Lyrics print advertising [Text] / H.Kaftandzhiev - Moscow, 1995-80c.  

Pirogov  J.K.,  PB  Parshin  Advertising  text,  semiotics  and  linguistics  [Text]  /  JK  Pirogov,  PB 

Parshin - M.: Publishing Grebennikova, 2000 - 250c.  

Maslov NM Language and style of advertising [Text] / NM Maslov - Moscow, 1997 - 137c.  

Jessica Wesley ADV 493 Paper 2Fall 2006 

Ward and Gaidis 1990 

Metaphor and Thought. 2nd ed., (202-251). Cambridge: Cambridge University Press.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

VI Халықаралық конференция

 

239 



 

КЕЙБІР АЛТАЙ ТІЛДЕРІНІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҤЙЕСІНДЕГІ 

ОРТАҚТЫҚ 

Хасен Бота 



Сулейман Демирель атындағы университет, Қаскелең қаласы, 0409006, Қазақстан 

Resume 

The  article  deals  with  the  investigation  of  Altai  languages,  parts  of  words  and  common  ways  of 

word  formation  in  Mongol  and  Kazakh  languages.  The  relationshipbetween  two  languages  are 

proved via analysis of actual data. 



Key  words:  Altaic  languages;kazakh,  mongolian;noun  derivation;synthetic  method  of  derivation; 

analytical  method  of  derivation;  lexical-semantic  method  of  derivation;genetic  relationship  Altaic 

languages. 

1.1Алтай  тҿркіндес  тілдердің  шығу  тегі  бойынша  бір-біріне  ең  жуығы  –  тарихы  жағынан 

тамырлас болып келетін қазақ, монғол тілдері. Бҥгінде Алтай тілдерінің шығу тегін, туыстық 

қатынасын,  даму  тарихын,  ҿзара  байланысын  жан-жақты  зерттейтін  жалпы  тіл  білімінің 

салыстырмалы  дербес  саласы  алтай  тіл  білімі  толық  қалыптасты.  Алтай  тілдерінің 

тҿркіндестігі туралы алғашқы болжамдар бҧдан 300 жыл бҧрын айтыла бастады. Жҽне кҥні 

бҥгінге  дейін  алтай  тілдері  ҽлемдік  компаративистиканың  маңызды  зерттеу  нысаны  болып 

отыр. «Орал-Алтай тілдері» туралы теорияның негізін 1730 жылы Стокгольмде неміс тілінде 

жарық  кҿрген  «Das  Nord  und  Ostliche  Theyl  von  Europa  und  Аsіа»  деген  еңбегімен  швед 

ғалымы  И.Табберт-Страленберг  қалады.  И.Страленбергтің  алтай  тілдерінің  туыстығы 

туралы гипотезасы кҿптеген ғалымдар тарапынан қолдау тапты. ХVІІІ ғасырдан ғалымдарды 

қызықтырған  бҧл  мҽселені  бҧдан  соң  неміс,  орыс,  ағылшын,  француз,  венгер,  швед,  фин, 

жапон, корей, тҥркі жҽне монғол ғалымдары да зерттеді.В.Шотт, М.А.Кастрен, О.Бетлингк, 

А.Вамбери,  Ф.И.Видеман,  Г.Винклер,  Ю.Немет,  И.Грунцел  сынды  зерттеушілер  солардың 

алғашқы легінен кҿрінеді. 

Тіл  аралық  ҧқсастықтар,  ортақ  белгілер  нҽтижесінде  тілдердің  генеалогиялық  туыстығы 

аңғарылды.  Осылайша,  Алтай  тіл  білімінің  ең  негізгі  мҽселесі  –  Алтай  тектес  тілдер 

теориясы тиянақталды. Бҧл теория бойынша қазіргі тҥркі, моңғол, тҧңғыс-маньчжур тілдері 

ҿте  ерте  дҽуірде  бір  тілден  тарап  ҿрбіген,  шығу  тегі  тҿркіндес  болып  есептеледі.  Бҧл 

тҿркіндестікке  жапон,  корей  тілдері  де  қатыстырылып,  бес  тҥрлі  тілдер  тҿркіндес  деп 

танылып  отыр.  Осы  теорияны  жақтаушы,  кҿрнекті  алтайтанушылар  Е.Д.Поливанов, 

Б.Я.Владимирцов, Н.Н.Поппе, Г.И.Рамстедт, Н.А.Баскаков, Б.Базылхан секілді ғалымдар осы 

тілдерді бір баба тілден тараған деп тҧжырымдайды. 



1.2Жоғарыда аты аталған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне зер сала отырып, алтай тілдерін 

топтастыратын ортақ ерекшеліктер ретінде мыналарды санамалауға болады: 

1. Бҧл тілдердің барлығы тҥрленуі бойынша жалғамалы (агглютинативті) тілдер. 

2. Сҿз алды элементі (префикс) жоқ. 

3. Сҿздер тҥрленіп, тҥбірлерге қосымша жалғанғанда тҥбір қҧрамы ҿзгермейді. Қосымшалар 

саны жағынан кҿп жҽне форма жағынан бай. 

4.  Сҿз  тіркестерінде  бағыныңқы  сыңарлар  алдымен  айтылып,  басыңқы  сыңарлар  соңында 

келеді.  Сын  есімдер  де  ҿзі  сипаттаушы  зат  есімнен  бҧрын  айтылады:  қызыл  гҥл,  ақылды 

бала, улаан цэцэг, ухамсартай хҥҥхэд т.б.с.с. 

5. Алдына сан есім келген зат есімге кҿптік жалғауы жалғанбайды. 

6.  Сҿйлемдердегі  сҿйлем  мҥшелерінің  орын  тҽртібі  белгілі  бір  қатаң  жҥйемен  сҿйлем 

біртҧтастығын сақтай отырып қҧрылады. 

7.  Алтай  тілдерінде  грамматикалық  тек  жоқ.  Яғни  аналық  тек,  аталық  тек,  орта  тек  деген 

ҧғым жоқ. 

8. Сҧраулық шылау бар. 


VI Халықаралық конференция

 

240 



 

9.  Бір  ғана  қосымшадан  тарап,  тҥрленген  жҧрнақтар  кҿп.  Бҧл  тҥркі  жҽне  монғол  тілдерін 

салыстыра зерттегенде айқын кҿрінеді. 

10.  Алтай  тілдерін  салыстыра  дыбыстық  талдау  жасаған  еңбектерге  назар  аударар  болсақ, 

олардың  арасындағы  ортақтықты  анық  байқауға  болады.  Бҧлардың  ең  кең  тарағаны  - 

ҥндестік  заңы.  Сондай-ақ  сҿз  басына  л,  р  дыбыстарының  келмеуі  −  де  алтай  тілдеріне  тҽн 

қҧбылыс. 

1.3Алтай  тіл  біліміндегі  тҧжырымды  жаңа  теорияны  қазақ  ғалымы  Б.Базылхан  ҧсынды.  Ол 

бар саналы ғҧмырын тіл біліміне арнаған нағыз алтай тілінің маман еді. Ғалымның кҿптеген 

теориялық  еңбектері  Америка,  Қытай,  Жапония,  Ресей  секілді  елдерде  жарық  кҿріп, 

зерттеушілер  тарапынан  зор  қҧрметке  ие  болды.  Профессор  Б.Базылхан  арғы  тҿркіні 

ғасырлар қойнауына кететін қазақ пен моңғол тілінің салыстырмалы тарихын тыңнан сҥрлеу 

салып,  ҧзақ  жылдар  бойы  зерттеген,  кеңірек  айтқанда  тҥрік-моңғол  тілдерінің  туыстық 

тамырын  ғылыми  тҧрғыдан  шынайы  тексерген  бірден  бір  алтаист  ғалым  еді.  Оның  40 

мыңнан  астам  сҿз  қамтыған  «Моңғолша-қазақша  сҿздігінің»  1984  жылы  жарық  кҿруі  – 

зерделі ғалымның ҧзақ жылғы тҿгілген терінің жемісі ғана емес, тілтану ғылымына қосылған 

қомақты ҥлес болатын. Б.Базылхан тек монғол тілін ғана зерттеп қоймады, сондай-ақ қазақ 

жҽне  монғол  тіл  білімінің  салыстырмалы-тарихи  зерттеуінің  негізін  салушылардың  бірі 

ретінде  танымал  болды.  Базылхан  Бҧқатҧлының  «Моңғол-қазақ  тілдерінің  салыстырмалы 

тарихи  грамматикасы»,  «Қазақ  жҽне  моңғол  тілінің  синтаксисі»,  «Қазіргі  моңғол  тілінің 

академиялық  грамматикасы»,  «Кҿне  тҥрік  жазба  ескерткіштері  тілінің  морфологиялық 

қҧрылымы»  секілді  алпыстан  астам  іргелі  зерттеу  еңбектері,  сонымен  бірге  жоғары  оқу 

орындары  мен  қазақ  мектептеріне  жазған  тілге  арналған  жиырмадай  оқулықтары  уақыт 

сынынан ҿткен жҧртшылық тарапынына терең сҧранысқа ие қҧнды ғылыми қазыналар деуге 

болады.  Ғалым  «ҿзек  тіл»  деген  терминді  ҧсына  отырып,  тҥркі,  моңғол  (қазақ,  моңғол) 

тілдерін  жҽне  тҧңғыс-маньчжур,  жапон,  корей  тілдерін  тарихи-салыстырмалы  ҽдіспен 

зерттеуі нҽтижесінде мынадай қорытындыға келді: о баста алтайлық бір ғана тек тіл болды. 

Осыбір  текті  тілден  қазіргі  алтай  тҿркіндес  тҥркі,  моңғол,  тҧңғыс-маньчжур,  жапон,  корей 

тілдері дамудың «ым тіл» дҽуірін, «келте сҿз» дҽуірін, «кҥрделі сҿз» дҽуірін бастан кешіріп, 

қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. Дҥниежҥзілік ҽйгілі алтаистердің қатарына кҿтерілген 

ғалым  ҿз  еңбектерінің  денін  қазақ  жҽне  монғол  тілдерінің  қатынасы  мҽселесіне  арнады. 

Еңбектері негізінен синхрондық негізде  жазылып,  екі тілдің сҿздіктері дайындалды. Ғалым 

«Монғол жҽне қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасында» екі тіл морфология, 

фонетика,  синтаксис,  лексика  тҧрғысынан  қарастырылғанымен,  сҿзжасам  мҽселесі  арнайы 

сҿз етілмеген(Базылхан Б., 1973). 

Сондықтан  да  бҧл  тілдерді  салыстыра  отырып,  тарихи  тҧрғыдан  зерттеудің,  екі  тілдегі  зат 

есім сҿзжасам ҥлгілерін салыстырудың, олардың туыстығын зерттеп кҿрсетудің мҽні ерекше. 

Бҧл  тілдердің  тҧлғалық  жҽне  мағыналық  ортақ  сипатын  айқындау  қазіргі  тілдеріндегі 

сҿздердің  тарихын,  жасалу  жолын  саралауға  мҥмкіндік  береді.  Генетикалық  туыстықты 

анықтауда тілдердің сҿзжасамдық жҥйесін салыстыра зерттеудің маңызы аса зор. 

1.4Ал сҿзжасам тілді толықтырып отыратын негізгі тілдік қҧбылыс болғандықтан, тілде оны 

жҥзеге  асырып  отыратын  сҿзжасамдық  заңдылықтар,  ҽдіс-тҽсілдер  дҧрыс  зерделеніп,  кҿне 

замандардан  бері  қолданылып,  дамып,  іріктеліп,  тҥрлі  ҿзгерістерді  басынан  ҿткізіп,  қазіргі 

қалыпқа тҥскен сҿзжасамдық бірліктер тарихи жҽне салыстырмалы аспектіде терең зерттелуі 

керек. Тілде жаңа сҿздердің кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейтіндігін де назардан 

шығармау  дҧрыс.  Ойымыз  дҽлелді  болу  ҥшін  қазақ  жҽне  моңғол  тілдерінің  кейбір  тілдік 

материалдарын салыстыра зерделеп кҿрелік. 

Қазақ  тілі  де,  моңғол  тілі  де  агглютинативті  тілдер  болғандықтан  сҿз  тудыруда  жҧрнақ 

ерекше белсенді қызмет атқарады. 

Екі тілге ортақ жҧрнақ ретінде қазақ тілінде -шы/-ші формасында кездесетін жҧрнақты алуға 

болады.  -шы  /  -ші  жҧрнағын  генетикалық  жағынан  Н.Ф.Катанов,  -шық/-шік  тҧлғалығымен, 

Н.А.Баскаков 



-са/-се 

формантымен, 

Г.И.Рамстедт 

қытай-корей 

тіліндегі 

адам 


мағынасындағы «ша» сҿзімен байланыстырады.  

Монғол  тілінде  қазақ  тіліндегі  -шы,  -ші  жҧрнағына  тҧлғалас,  ҽрі  мазмҧндас  -ч/-чин 

жҧрнақтары  бар.  Монғол  тіліндегі  бҧл  жҧрнақтар  да  белгілі  бір  кҽсіппен  шҧғылданатын 

адамды  білдіреді.  Мысалы:  зураг  –  сурет,  зурагч–  суретші;  тэмээ  –  тҥйе,  тэмээч–  тҥйеші; 



VI Халықаралық конференция

 

241 



 

хонь  –  қой,  хоньчин–  қойшы;  мал –  мал,  малчин–  малшы;  тэмээ  –  тҥйе,  тэмээчин–  тҥйеші 

т.б.. 


Дағдыға  айналған  іс-ҽрекет  пен  қабілет-қасиеттерді  де  атап  білдіретін  сҿздер  кездеседі. 

Мысалы: туршуул–барлау, туршуулч–барлаушы; байцааг–тергеу, байцаагч–тергеуші т.б. 

Кҿне тҥркі тіліндегі -чы, -чі, -чу, -чу жҧрнақтары да тҿмендегідей мағыналар берген: 

1)

 



Белгілі  кҽсіп  иесін  не  нақтылы  іс  істеушіні  білдіреді:  Табғач  қағанда  бедіз-чі 

келҥртім, бедізтім (Табғаш хандығынан бедершіні ҽкелдім, бедерлеттім). 

2)

 



Қҧрал  не  ҽлдебір  жабдық  атауы  ретінде  қолданылатын  сҿзге  жалғанып,  іс  иесін 

білдіреді.  Мысалы:  Он  оқ  оғлым  тҥргеш  кағанта  Макрач  тамға-чы  оғуз  Білге  тамға-



чыкелті  (Он  оқ  баламның  атынан  тҥргеш  хандығынан  мҿр  ҧстаушы  Макрач  жҽне  оғҧз 

Білгенің мӛр ҧстаушысы келді) (Есенқҧлов А., 1976;57-58). 

Байқағанымыздай,  -шы,  ші  жҧрнағы  адамға  қатысты  кҿптеп  сҿз  тудырады.  Бҧл  жҧрнақ 

туралы  Э.В.Севортян  «Существительные  на  -чы  означают  по  профессиям,  занятиям, 

привычкам  и  т.д.  значение  професии  (занятия),  все  остальные  представляют  собой  его 

дальнейшее развитие», – деген еді (Севортян Э.В., 1966.;152). Ғалымның бҧл пікірін қазіргі 

тҥркі тілдерінің де кҿптеген материалдары дҽлелдей тҥседі. 

Ҿзбек тілінде -чи:балиқ-чи, этик-чи; 

Тҥрікмен тілінде -чы/-чи:езув-чи, демир-чи; 

Тҥрік тілінде -джы/-джи, -чы / -чи:санат-чы, паста-джы; 

М.Қашқаридің сҿздігінде -чы/-чі: ота-чы (тәуіп), эт-чі, (қасапшы), этҥк-чі (етікші) сияқты 

сҿздер сақталып, кҽсіп иесін білдірген. 

Ғалым  И.Е.Маманов:  «Тіліміздегі  тергеуші,  оқушы,  оқытушы,  жазушы,  сатушы  сҿздері  -

шы,  -ші  қосымшасының  сҿз  тудыру  қызметінен  пайда  болған  сҿздер  емес, олар  белгілі  бір 

ҧғымды  ҧдайы  қолдану  нҽтижесінде  қимыл  иесі  формасынан  семантикалық  тҽсілмен  зат 

есімге айналған сҿздер», – дейді (Маманов Ы.Е., 1973.;45). 

И.Е.Мамановтың  айтып  отырғаны  –  етістіктің  тҧйық  рай  формасына  жҧрнақ  ҥстелген 

сҿздер. Мҧндағы  біздің ескеретініміз  -шы /  -ші  есімге  де,  етістікке  де теліне  береді.  Ал  біз 

ҥшін  анығы  бҧл  жҧрнақ  тҥркі-монғол  тілдеріне  ортақ  ҽрі  ҿте  кҿне  жҧрнақ.  Оған  тҿмендегі 

тізбек арқылы кҿз жеткізуге болады: 

Қазақша: -шы / -ші; 

Монғолша: -ч, -чин; 

Бурятша: -ша (-шэ, -шо); -шан / шэн; 

Тҥрікше: -джы (-джи, -джу, -джҥ); -чы (-чи, -чу, -чҥ); 

Ҿзбекше: -чи; 

Қҧмықша: -чы / -чи; 

Башқҧртша: -сы (-со, -сэ, -се); 

Алтайша: -чы (чі, -чи);  

Шорша: -чы (-чи, чу, чу). 

Алтай  тілдеріндегі  «-шы/-ші»-ге  мағыналас  жҧрнақтардыңтек  аздаған  фонетикалық 

ерекшеліктері  ғана  болмаса,  кҿне  тҥркі  жазба  ескерткіш  тіліндегі  -чы/-чі  жҧрнақтарынан 

айырмашылықтары  соншама  айтарлықтай  дҽрежеде  емес.  Оған  ғалымдардың  тҿмендегі 

пікірлері дҽлел болады: 

Г.Д.Санжеев: «...производные слова с аффиксом -шаотносит к категории предметных имен, 

выражающих в основном деятелей» (Санжеев Г.Д., 1953.;36). 

Н.П.Дыренкова:  «...Аффикс  -чы  /  -чи  образуют  имена,  обозначающие  производственную 

функцию  человека,  профессию,  занятие,  занимающиеся  тем,  что  выражено  первичной 

основой, или имеющее вообще отношение к тому, что выражено этой основой» (Дыренкова 

Н.П., 1941;45-46). 

Бҧл  тақылеттес  пікірлерді  қҧмық  тілін  зерттеген  Н.К.Дмитриевтің,  ҿзбек,  тҥрік  тілдерін 

зерттеген  А.Н.Кононовтың,  қарақалпақ  тілін  зерттеген  Н.А.Баскаковтың  еңбектерінен 

кездестіреміз. 

Монғол  тілінде  кездесетін  кезігеді  адуу-чин  (жылқышы),  хонь-чин  (қойшы),  хурга-чин 

(қозышы)сҿздеріндегі -чин жҧрнағы қазіргі монғол тілінде де ҿте ҿнімді жҧрнақ. Мысалы:ав-

чин (аңшы), агнуур-чин (аңшы), айл-чин (қонақ),айраг-чин (қымызшы), жуул-чин (жолаушы), 

оедол-чин (тігінші) т.б.. 


VI Халықаралық конференция

 

242 



 

Ал  бурят  тілінде  -шан  формасы  қолданылады.  Мысалы:хҥдэлмэри-шэн  (жҧмысшы), 



тҥлхҥҥр-шэн (кілтші), загаһ-шан (балықшы). Қазақ тілінде кездесетін -шынжҧрнағы ҿнімсіз. 

Ҽрі мағынасы да басқаша. Бҧл жҧрнақ арқылы жасалған қҧлақ-шын, буыр-шын сҿздері ғана 

кездеседі.  «-шын»  жҧрнағы  туралы  нақты  болжам  айту  қиын.  Дегенмен  де  -сын/-сін 

жҧрнағының  (бҧл  да  ҿнімсіз)  нҧсқасы  болуы  мҥмкін.  Қазақ  тілінде  су-сын,  қауыр-сын, 



самыр-сын сҿздері бар. 

«Самырсын» сҿзін біз бҥтін тҧлға ретінде қарастырып жҥрміз. Оның тҥбірі «самыр» монғол 

тілінде «самар» тҥрінде кездеседі, мағынасы – жаңғақ.  

Монғол тілдерінде -ж/-жин жҧрнағы зат есімге қосылып, малдың ҧрғашылығын кҿрсетеді. 

Мысалы: гуна – гунж, дӛнӛ – дӛнж. Қазақ тілінде де қҧн(ан)+жын, дӛн(ен)+жін сҿздері бар. 

Башкир тілінде бҧл жҧрнақ «-жин / -жэн» формасында кезігеді. 

Тіліміздегі ең ҿнімді жҧрнақтың бірі – -лық/лік, -дық/-дік, -тық/-тік. Аталмыш жҧрнақ қазақ 

тілінде  нақтылы  лексикалық  мағыналы  есімдерден  абстракт  ҧғымды  атау  сҿздер  туғызады. 

Мысалы: ер-лік, бала-лық, батыл-дық, ӛткір-лік, кӛрім-дік т.б.. 

Монғол  тіліндегі  -лаг/-лэг,  -лог/-лӛг  жҧрнағы  да  тура  осындай  қызмет  атқарады.  Мысалы: 



хӛрӛнгӛлӛг  (дҽулеттілік),  нийгэмлэг  (қоғамдастық),  баатарлаг  (батырлық,  ерлік),  баялаг 

(байлық), хӛвӛнлӛг (ҥпілдек, биязы), хӛлӛглӛг (жҥрдек) т.б.. 

Жалпы,  Н.К.Дмитриев  пен  Ф.А.Ганиев  -лықжҧрнағын  «лық»  (лық  толы)  сҿзімен 

байланыстырады. 



«-лығ»  жҧрнағы  кҿне  тҥркі  тілінде  де  жиі  қолданылған:  ат-лығ  (атты),  баш-лығ  (бастық), 

ердем-ліг  (қуаттылық).  Ал  М.Қашқари  еңбегінде  -лыг,  -ліг,  -лық,  -лік,  -лҧқ,  -лҥк  тҥрінде 

кездеседі. Мысалы: ач-лығ, қағун-луқ, чаруқ-луқ, ет-лік т.б.. 



-лық/-лік жҧрнағы бурят тілдерінде -лиг тҥрінде де кезігеді. Мысалы, тэр-лиг (халат), зар-лиг 

(жарлық),  баатар-лиг  (батырлық).  Ал  кҿне  тҥркі  тілінен  -лағ  жҧрнағын  кездестіреміз. 

Мысалы: кыш-лағ

А.Есенқҧлов -лағ жҧрнағын -ла мен -к/-г»-нің қосындысыретінде таниды. Бҧл жҧрнақ басқа 

да тҥркі тілдерінде кездеседі.  

Азербайжан тілінде: буз-лағ, дуз-лағ, от-лағ; 

Ҿзбек тілінде: қҧн-дақ; 

М.Қашқари сҿздігінде ав-лағ, ағ-лағ, қыш-лағ сҿздері бар. 

«Қобыланды батыр» жырында мынандай шумақтар кездеседі: 

Алтыннан бесік ойдырып,  

Ақ торғынға бӛлеген, 

Ӛлгенде кӛрген кӛбеген... 

Осында  кездесетін  кӛбеген  сҿзінің  этимологиясын  жасаған  ғалым  Ш.Сарыбаев  бҧл  сҿздің 

тҥбірі кӛбе(к) болу керек дейді. 

Кӛбе/кӛбей/кӛпе/кепе деп қазақ тілінің ҽр жерінде ерте туған қозыны, не басқа малдың тҿлін 

айтатынын қҿрсетеді, ал -генкішірейткіш мағына беретін -қан / -кен, -қана / -кене (кіш-кене) 

жҧрнағының ҿзгерген тҥрі деп танытады. Сонымен қатар бҧл зерттеуші қазақ тіліндегі  -қай 

жҧрнағын да талдайды. 

Қазақ тілінде ҿнімсіз саналатын -қай жҧрнағы арқылы бала-қай сҿзі жасалады. Бҧл жҧрнақ 

монғол  тілінде  -хай  тҥрінде  келеді.  Монғол  тілінде  -хай  жҧрнағы  қазақ  тіліне  қарағанда 

ҿнімдірек. Мысалы:  

шувуу – қҧс,  

 

шувуухай – қҧсша; 



дҥҥ – бауыр,  

 

дҥҥхэй – бауыртай; 



хҥбҥҥ – бала,  

 

хҥбҥҥхэй – балақай; 



алцан – алшақ,   алцанхай – алшаңқы. 

-м,  -ым,  -ім,  -ам,  -ем  жҧрнағы  зат  есімдік  жаңа  туылымды  ҽдетте  негізгі  тҥбір  етістікке  де, 

туынды  тҥбір  етістікке  де  жалғанып  жасайды.  Мҧндай  сҿздердің  мағынасы,  негізінен, 

дерексіз ҧғымды береді. Мысалы: тӛз-ім, кес-ім, ӛл-ім, ӛс-ім, же-м, жіт-ім т.б. 

Монғол  тілінде  тек  «-м»  формасы  арқылы  кездесетін  осы  мҽндес  жҧрнақтың  қызметі  де 

қазақ  тіліндегі  іспеттес.  Мысалы:  хэрчих  –  тілу,  кесу,  хэрчим  –  тілім,  кесім;  зҥсэх  –  тілім, 

зҥсэм – тілім; тохох – тоқу, тохом – тоқым; алхах – аттау, алхам – қадам т.б.. 

Монғол тілінде тӛрхӛм сҿзі бар. Қазақ тіліндегі «тӛркін» сҿзімен мағыналас. Тӛркін сҿзінің 

этимологиясын ғалым Ҽ.Қайдаров берген. Яғни, бізге мҽлімі тҥбірі тӛр (монғолша – туған


VI Халықаралық конференция

 

243 



 

екендігі. «Тӛр-кін» деп қосымшасын ажыратып алсақ, -қын, -кін жҧрнағының ҿзін «к-ін» деп 

бҿлу  бар.  Қырғызша  –  тӛркҥн,  қарақалпақшада  –  тӛркин,  ноғайшада  –  торькин  тҥрінде 

кездесетін  бҧл  сҿздің  тҥбірі  тӛр  десек,  -к  жҧрнағы  монғол  тіліндегі  тҧйық  етістік   

жҧрнағымен немесе біл-ік, тҥр-ік деген сҿздердегі зат есім тудырушы -ік жҧрнағымен сҽйкес 

келеді. Ал -ін жҧрнағының зат есім тудыратыны тілімізде анықталған. 



1.5Адам  танымы  ҥшін  бҧрыннан  ҿзіне  таныс,  қалыптасқан  атауды  қатыстырып,  ҧқсас 

заттарға  атау  беру  ыңғайлы.  Сондықтан  да  сҿзжасамның  аналитикалық  тҽсілі  ҽлемнің 

кҿптеген  тілдеріне  ортақ.  Аналитикалық  сҿзжасам  тҽсіліне  ҿзіне  тҽн  басты  ерекшелігі  – 

толық мағыналы сҿздердің бірігуі арқылы жаңа номинация жасай алу қабілетінде. Бҧл жерде 

екі негіз мағыналы бірдей қатысқанда ортақ сема жасалынады. Туындаған жаңа номинация 

себепші  екі  мағынаның  ешқайсысына  бағынбай,  жаңа  туынды  мағына  туғызады. 

Аналитикалық  сҿзжасам  тҽсілін  қарастырғанда  жаңа  мағына  туғызушы  сҿздердің  ішінен 

тірек  компонент  іздемейміз,  себебі  ол  екі  негіздің  бірдей  деңгейде  қатысатыны  жайлы 

айтылған (Қазіргі қазақ тілінің сҿзжасам жҥйесі, 1989;260). 

Қазақ  жҽне  монғол  тіліндегі  аналитикалық  тҽсілмен  жасалған  туынды  сҿздер  тҧлғасы 

жағынан ҧқсас сҿздер болғанымен, емледе моңғол тілінде барлығын сҿз тіркесі тҽрізді бҿлек 

жазу  қалыптасқан.  Мысалы  қос  сҿзді  дефиспен  жазу  деген  ереже  мҥлде  жоқ.  Ал  монғол 

тілдер  тобына  енетін  буряттілінде  қазірде  дара  сҿз  ретінде  танылатын  кҥрделі  сҿздер  ҿте 

кҿп. Мысалға мынадай сҿздерді атауға болады: 



Ҥхибҥҥд – балалар.  

Ҥхин – қыз жҽне хҥбҥҥд – ҧлдар, екінші компоненттің бірінші буыны тҥсіп қалған;  

һайндэр – мейрам.  

һайн – жақсы жҽне ҥдҿр – кҥн, ҥ дауыстысы тҥсіп қалған; 

Ламбагай – ескі қаратпа сҿз.  

Лама – будда монахы жҽне абгай – ҥлкенге қолданылатын қаратпа сҿз, екі ерін дауыссыздың 

арасындағы дауысты «а» айтылмай қалған. 

Қазақ тілінде тҥбірлері дыбыстық ҿзгеріске ҧшырап кіріккен сҿздер бар. Монғол тілінде бҧл 

сҿздердің бҿлек жазылып келген кҥрделі зат есімдердің қҧрамынан кездестірмедік. Мысалы: 



білезік сҿзі қазақ тілінде білек пен жҥзіктің кірігуінен жасалған. Монғол тілінде білезік сҿзі 

бӛлзӛг  деп  аталады.  Ал  білек  –  бугуй,жҥзік  –  бугуйвч,гархи  немесе  бӛлзӛг  деп  те  аталады. 

Бугуй мен гархи сҿзінің кірігуінен бӛлзӛг сҿзі шыққан деп айта алмаймыз, ҿйткені арада «з» 

дыбысы қалуы тиіс еді. Сондықтан монғол тіліндегі бірігіп жазылатын бҧл сҿз тҥркі тілінен 

енген. 

Қарлығаш  сҿзі  қазақ  тіліндеқара,  алажҽне  қҧс  деген  ҥш  сҿздің  кірігуі  арқылы  жасалған. 

Монғол  тілінде  қарлығаш  сҿзі  хараацай  деп  аталады.  Ала  сҿзі  монғол  тілінде  алаг  деп 

аталады. Ол қара сҿзінің алдынан келеді. Мысалы, хар алаг емес, алаг хар. Ал қазақ тілінде 

қараала деп келеді, яғни қара сҿзінен кейін келеді. Қҧс сҿзі де шувуу деп аталады. Демек, хар 

алаг  шувуу  сҿзінен  хараацай  сҿзі  жасалған  деуге  болмайды.  Монғол  тіліне  хараацай 

(қарлығаш) тҥркі тілінен енген. 

Қазақ тілінің бірігіп жазылатын сҿздері монғол тілінде бҿлек жазылады. Мысалы: 

марал цэцэг 

–  


маралгҥл,  

хар тамхи 

–  


кҿкнҽр,  

хар малинга 

–  


қаразығыр,  

хӛх дэглий 

–  


кҿкқҧтан. 

«Бор» сҿзі қазақ тілінде «боз, сҧр» мағынасын береді. Бор сҿзімен бҿлек жазылатын сҿздер 

қазақ тілінде бірігіп жазылады. Мысалы:  



бор элгэгэ 

–  


бозкілем (жусан тҧқымдас ҿсімдік;  

бор таар 

–  


аққаңбақ (ҿсімдік);  

бор хушуу 

–  


қаратҧмсық (торғай);  

бор харх 

–  


сҧршҧнақ;  

бор улиас 

–  


кҿктерек (ҿсімдік), т.б.. 

Тек бірігіп қана емес екі тілде де бҿлек жазылатын кҥрделі зат есімдер бар. Мысалы:  



бор туулай 

–  


сҧр қоян (жҽндік);  

бор харгана 

–  


боз қараған (ҿсімдік);  

бор шаваг 

–  


бҧта жусан (ҿсімдік);  

VI Халықаралық конференция

 

244 



 

бор ул  –  

кҿк тал (ҿсімдік);  



бор азрага 

–  


кҿк торғай (қҧс), т.б.. 

Қазақ тілінде дара сҿз ретінде келетін сҿздер де монғол тілінде бҿлек жазылады. Мысалы:  



бор гӛрӛӛс 

–  


елік;  

бор шувуу 

–  


торғай;  

бор бургас 

–  


шегершін (ҿсімдік), т.б.. 

Қазақ  тіліндегі  қос  сҿздер  де  монғол  тілінде  бҿлек  жазылады.  Мысалы,  ҧсақ-тҥйек  сҿзі 

монғол тілінде хар бор, ав сав немесе аар саар

Қазақ тілінде кездесетін  қарақат сҿзін біз дара сҿз ретінде танып жҥрміз.  Қызылқат деген 

сҿздің  де  кезігуі  бҧл  сҿздің  кҥрделі  тҥбір  екендігін  кҿрсетеді.  Бҧл  сҿздердің  қҧрамындағы 

екінші  компонент  қат  кҿне  тҥркі  тілінде  жеміс  ҧғымын  берген.  Қазіргі  монғол  тілінде  де 



хад  жеміс  ҧғымыңда  қолданылады.  Хад  сҿзінің  дербес  сҿз  ретінде  қолданылуына 

қарамастан,  жимс  (жеміс)  сҿзі  де  кезігеді.  Хад  тҥбірі ҧйытқы  сҿз  ретінде  сҿз  тудырмайды. 

Ал жимс сҿзінің сҿз тудыруға қабілеті жоғары. Мысалы:  

Жимс-гэнэ 

–  


бҥлдірген;  

Жимс-лэг 

–  


жемісті; 

Жимс-лэх 

–  


жемістену;  

Жимс-эрхҥҥ 

–  


жемісті;  

Жимс-эрхэх 

–  


жемісті;  

Жимс-сэг 

–  


жеміс қҧмар.  

«Жимс»  сҿзінің  сҿз  жасауға  қабілеттілігін  ҿзінің  де  синтетикалық  тҽсілмен  жасалуынан 

деуге болады. (Же-м, же-міс, же-нт). 

Қарақат, қызылқат тҽрізді ҿсімдік, жан-жануар, қҧс атауларының біріккен я кҥрделі сҿзден 

жасалуы  –  екі  тілге  де  ортақ  қҧбылыс.  Мҧндай  сҿздерді  екі  тілден  ҿте  кҿптеп  кездестіруге 

болады. Ҽсіресе, алғашқы компоненті сын есім,екінші компоненті зат есім болатын кҥрделі 

зат есімдер ҿте мол. 

Қазақ тілінде «қара» сҿзінің қосылуы арқылы мынадай зат есімдер туындаған: қарабай (қҧс), 

қарабалық, қарабарақ (ӛсімдік), қарабарқын, қарабас, қарабидай, қаработа, қарабҥлдірген, 

қараған, қарағаш, қаражусан, қаракӛз (балық), қаракҥзен, қаракҥйе, қарақал (аң), қарақоға, 

қарақия,  қарақоғыр,  қарақу,  қарақҧйрық,  қарақҧлақ  (аң),  қарақҧмық,  қарақҧр,  қарақҧрт, 

қарақҧс, қараандыз т.б. 

Монғол  тілінде  сын  есімнің  зат  есіммен  тіркесуімен  кҿмегімен  зат  есімдер  жасала  береді. 

Мысалы, «Моңғолдың қҧпия шежіресіндегі» тҿмендегі ҿлең жолдарынан,  

Хар хэрээ 

 

 

Қара қарға 



Халтар нугасыг  

 

Ала ҥйректі 



Барих болов 

 

 



Ҧстар болды 

Борэлээ  

 

 

Боз кезқҧйрық 



Борлогнугасыг   

 

Бозғыл ҥйректі 



Барихболов 

 

 



Ҧстар болды. 

Монғол  тілінде  де  хар  (қара)  сын  есімінің  кҿмегімен  жасалған  зат  есімдер  ҿте  кҿп.  Қазақ 

тілінде де, монғол тілінде де бҿлек жазылатын жағдайлар мол кездеседі. Мысалы:  

хар дэл   

 

 



қара жал; 

хар шарилж 

 

 



қара бота; 

хар даль  

 

 



қара емен;  

харзээргэнэ 

 

 



қара қҧйрық;  

харшаваг 

 

 



қара ҿрік; 

харӛрӛв  

 

 



кҿк қҧнан;  

харгургуул 

 

 



қара қырғауыл;  

хартогоруу 

 

 



қара тырна; 

хархулан 

 

 



қара қҧлан;  

харамар  

 

 



қара қайқан (балық); т.б. 

Алайда  қазақ  тілінде  бірігіп  жазылатын  зат  есімдер  монғол  тілінде  бҿлек  жазылады. 

Мысалы: 

хар тамхи 

 

 



кҿкнҽр;  

хар нэрс  

 

 



қарамық;  

VI Халықаралық конференция

 

245 



 

хар малинга 

 

 



қаразығыр, т.б.  

Монғол  тілінде  сҿздер  жазу  барысында  бірігіп  жазылмайды.  Тҥгел  бҿлек  жазылғандықтан, 

емледе  қиындық  туғызбайды.  Ал  қазақ  тілінде  зат  есімдерді  жіктеуде  тіркескен  сҿз  бен 

біріккен сҿздің ара жігін жазуға қарап ажырату мҥмкін емес. 

Екі  сҿздің  тіркесуі  арқылы  жасалған  сҿздердің  бір  мағынаны  білдіруі  монғол  тілінде  жиі 

кездеседі. Бҧл сҿздердің қазақ тіліндегі баламасы кҥрделі сҿз тҥрінде де, дара сҿз тҥрінде де 

келе береді. Мысалы: 

Ах дҥҥ– ағайындылар    

 

 

(ах – аға, дҥҥ – іні); 

Алдар хҥнд – абырой, бедел  

 

 

(алдар – атақ, хҥнд – қҧрмет); 

Эд хогшил – мҥлік  

 

 

 

(эд – зат, хогшил – мҥлік); 

Халуун хҥйтэн – температура   

 

(халуун – ыстық, хҥйтэн – суық); 

Газар дэвсгэр – тӛңірек   

 

 

(газар – жер, дэвсгэр – тӛсеніш); 

Эх эцэг – ата-ана, әке-шеше  

 

 

(эх – ана, эцэг – әке); 

Ус цас – жауын-шашын   

 

 

(ус – су, цас – қар); 

Амт шимт – дәм  

 

 

 

(амт – дәм, шимт – қҧнарлы); т.б. 

Қазақ  жҽне  монғол  тілдеріне  ортақ  сын  есім  кӛк  (хӛх)  сҿзі  де  кҿптеген  кҥрделі  зат  есім 

тудырады.  Жҽне  «кӛк»  сҿзі  қазақ  тілінде  аспан  мағынасында  қолданылады.  Аспан  сҿзінің 

парсы  тілінен  енгенін  жҽне  кӛк  сҿзінің  кҿне  жазба  ескерткіштерде  аспан  мағынасында 

кездесетінін  ескерсек,  ҽрі  монғол,  қазақ  тілдеріне  ортақтығын  қарастырсақ,  бҧл  сҿздің  ҿте 

кҿне екендігін байқаймыз. 



Кӛк  сҿзінің  о  бастағы  мағынасы  –  аспан.  Кҿптеген  тҧрақты  тіркестер  кӛк  сҿзі  арқылы 

жасалады.  Мысалы:  аяғы  кӛктен  келді,  кӛкке  байлады,  кӛкке  кӛтерді,  кӛкке  қарады,  кӛк 



соққан,  кӛк  соққыр,  кӛктен  тҥскендей,  кӛктен  сҧрағаны  жерден  табылды,  кҥлі  кӛкке 

ҧшты, тӛбесі кӛкке тигендей.  

Кӛк соққан, кӛк соққыр, кӛктен сҧрағаны жерден табылды деген тҧрақты тіркестердегікӛк 

тҽңірі,  жаратқан  мағынасына  жуықтайды.  Монғол  тіліндехӛх  тэнгэр  (кҿк  тҽңірі),  хӛхийн 



шашин  (тҽңірлік  дін),  сияқты  кҥрделі  зат  есімдердің  қҧрамында  ғана  балама  хӛх»сҿзінің 

тҥпкі мағынасы ҿте кҿмескіленген. 



Тэнгэр (тҽңір) қазіргі монғолшада  аспан ретінде қолданылады. Қалай да тәңір сҿзі мен кӛк 

сҿзінің  арасында  семантикалық  байланыс  бар.  Ол  семантикалық  байланыс  кҥштілік, 

мықтылық,  қҧдіреттілікке  саяды.  Мысалы:кӛк  сҿзі  қосылған  тҿмендегі  біріккен  сҿздерге 

қарайық: 



Кӛкжал – қасқырдың кҥштісі, арланы.  

Кӛкпар – кҥштілікті сынайтын ойын тҥрі.  

Кӛксерек – жас қасқырдың ең мықтысы.  

Кӛкшулан – бҧл да кҥшті қасқыр. 

Тҥркі  халықтарыныңҧғымындағы  кӛкбӛрі  де  кӛк  бӛрінің  тҥсін  емес,  тәңірі  бӛрісіҧғымын 

білдіреді.  

Кӛктҥркі,  кӛк  бӛрі,  кӛк  кӛл,  асау  кӛк,  кӛк  байрақ  сҿздерінің  қҧрамындағы  кӛк  сҿзі 

анықтауыштық  қызметтен  гҿрі,  қасындағы  екінші  компонентке  бірігіп,  біртҧтас  мағына 

жасауға  бейімдігі  байқалады.  Бҧл  жерде  семантикалық  тҧтастықпен  бірге,  синтаксистік 

тҧтастық та айқын кҿрінеді.  

Монғол тілінде кҿк сҿзімен жасалған зат есімдер ҿте кҿп. Мысалы: хӛх утаа – кҿк тҥтін; хӛх 

тэнгэр  –  кҿк  аспан,  кҿк  тҽңір;  хӛх  сарьс  –  кҿк  сауыр;  хӛх  хас  –  кҿгілдір  меруерт  тас;  хӛх 

дэглий –кҿкқҧтан; хӛх тҥрҥҥ– кҿкбас сона; хӛх ялаа – кҿк шыбын; т.б. 

Тҥр-тҥстердің  кҥрделі  сҿз  жасаудағы  ролін,  олардың  аналитикалық  сҿзжасамдағы 

семантикаға  тигізер  ҽсерін  айқындау,  олардың  шығу  тегін  бағдарлауға  мҥмкіндік  береді. 

Сондай-ақ бірнеше тілдің аясында саралаудың да нҽтижесі мол болары сҿзсіз.  

Монғол  тілінде  де  қазақ  тіліндегідей,  қос  сҿз  тҧлғалас  сҿздер  бар.  Бірақ  олар  дефиспен 

ажыратылмай-ақ,  қатар  тҧрып  жазыла  береді.  Мысалы:  дээл  мээл  –  шапан-мапан;  дарга 



марга  –  бастық-мастық;ус  мус  –  су-му;  дэвтер  мэвтер  –  дәптер-мәптер;тарла  марла  – 

егін-мегін; чихэр михэр – шекер-мекер; гэр мэр – ҥй-мҥй; т.б.. 

Қос  сҿздің  екінші  компонентінің  біріншіге  ҧқсас  мағыналас  жасалуы  екі  тілге  де  тҽн.  Тек 

екінші  компонентте  бірінші  компоненттің  алғашқы  дыбысын  «м»  дыбысына  ҿзгерткен,  не 

тек  сҿз  алдына  дыбыс  тіркеген.  Қос  сҿздің  екінші  компонентінің  тек  «м»  дыбысымен 



VI Халықаралық конференция

 

246 



 

басталуы  да  екі  тілдің  туыстығына  айғақ.  Сондай-ақ  басқа  дыбыспен  емес,  дҽл  «м» 

дыбысымен алмасу себебі ҽлі қҧпия. Бҧл да тілдің ҿзіндік ерекшелігінен туған дҥние екендігі 

сҿзсіз, жҽне де мҧндай ҧқсастықтың екі тілде де кездесуі кездейсоқтық емес. 

Қос  сҿздердің  сыңарлары  бір-біріне  қарама-қарсы  мағынада,  антоним  сҿздер  арқылы 

жасалуы да екі тілге ортақ. Мысалы: ӛндӛр нам – ҧзын-қысқа; халуун хҥйтэн – ыстық-суық; 



хол ойр – алыс-жақын; хатуу зӛӛлӛн – қатты-жҧмсақ; аруу таруу– анда-мҧнда, т.б.. 

Екі  тілде  де  мағынасы  жуық  сҿздер,  синонимдер  де  қосарланып  келіп  қос  сҿз  жасайды. 

Мысалы: хэл ам – тіл-ауыз, чоно нӛхой – қасқыр-ит, арга хэмтээ – айла-шарт,т.б.. 

Сондай-ақ қазақ тілінде бір компонентінің мағынасы кҿмескіленген қос сҿздер де кездеседі. 

Мысалы:  абысын-ажын,  кемпір-кепшік,  тоқты-торым,  қыл-қыбыр,  емін-еркін,  кӛйлек-

кӛншек, кӛрші-қолаң, бала-шаға, жҥн-жҧрқа, арық-тҧрық, темір-терсек, т.б.. 

Абысын  сҿзі  ағайынды  адамдардың  ҽйелдеріне  қолданылатын  туыстық  атау  ретінде  жеке 

қолданылса,  «ажын» сҿзі жеке тҧрғанда мағынасы жоқ. Ал монғол тілінде  ажин сҿзі жеке 

жҧмсалады  жҽне  авьсан  ажин  тіркесінің  қҧрамына  да  кіреді.  Сол  сияқты,  қыз-қырқын, 

қатын-қалаш, жігіт-желең, шал-шоқпыт, кемпір-кепшік қос сҿздері бар.  

Кемпір-кепшік  сҿзінің  екінші  мағынасыз  сыңарына  ҧқсас  монғол  тіліндегі  хӛп  шид  сҿзі 

кәрілер  деген  мағынаны  білдіреді.  Біз  қыл-қыбыр  сҿзінің  де  соңғы  компонентін  жеке 

пайдаланбаймыз. Ал монғол тілінде хӛӛвӛр деп жылқы мен сиырдың ҧяң жҥнін айтады. 



Бала-шаға  қос  сҿзіндегі  шаға  тҥркімен  тілінде  чага,  тҥрікше  чаға  деп  аталады.  Бҧл  сҿздер 

қазақ  тіліндегі  бала  мағынасының  орнына  жҧмсалады.  М.Қашқаридың  сҿздігінде  чар  сҿзі 



чар-чармақ деп алынған. Ал моңғол тілінде шаға сҿзі кішкентай деген мағына білдіреді. 

Кҿп жағдайда қазақ тілінде кҿнерген элементтер монғол тілінде белсенді қолданылуы немесе 

керісінше  жағдайды  байқаймыз.  Ауыл-аймақ  қос  сҿзінің  қҧрамындағы  ауыл  сҿзі  монғол 

тілінде  айл,аймақ  сҿзі  аймагдеп  қолданылады.  Айл  аймаг  сҿзі  кҿне  монғол  тілінде  туыс 

деген мағына берген, қазіргі мағынасы – қазақ тілімен пара-пар. Ал аймаг сҿзінің қолданылу 

аясы монғол тілінде ауқымдырақ. 



1.6Сҿзжасамның 

конверциялық  тҽсілі  арқылы  зат  есім  жасауды  лингвистикада 



субстантивтену  деп те  атайды.  Бҥгінгі таңдағы  монғол тілінде конверсиялық  тҽсілмен зат 

есім жасау кҿп кезігеді. Басқа сҿз таптарындағы сҿздер субстантивтене отырып, зат есімше 

тҥрленіп қолданылады. 

Мысалы: Сайныг авч, мууг  нь улдээлээ (Жақсыны алып, жаманды тастау) деген сҿйлемдегі 



сайн (жақсы), муу (жаман) деген сын есімдер зат есім орнында жҧмсалған.  

Сол сияқты монғол тілінде мынадай мақал бар: Сайныг даагвал сарны гэрэл, Мууыг даагвал 



могойн  хоор.Бҧл  жердегі  сайн,  муу  сҿздері  де  субстантивтенген.  Жақсы,  жаман  сҿзінің 

субстантивтенуі екі тілде де ерте жҥзеге асқанға ҧқсайды. Осы тектес сҿз саптаулары қазақ 

тілінде де кҿптеп ҧшырасады. Мысалы: 

Адам айтса нанғысыз, 

Жақсыдан туған жаман бар, 

Кҥндердің кҥні болғанда 

Бір аяқ асқа алғысыз (Бес ғасыр жырлайды). 

Монғол тіліндегі субстантивтеніп қолданылған  жақсы сҿзінің баламасы сайн, сайхан қазақ 

даласында  да  кезігеді.  Сауыр-Сайқан  тау  жоталарының  аты  болса,  сайын  дала  тіркесін 

кҿркем ҽдебиеттен кездестіреміз. 

Монғол  тіліндегі  «Тҥргэн  тҥҥхий,  удаан  даамай»  (шапшаңы  шала  келер,  баяуы  байыпты 

келер) мҽтелде сын есім субстантивтеніп, зат есімнің орнына жҧмсалып тҧр.  

Қазақ  тілінде  «ашық»  сҿзіне  антоним  болатын  «жабық»  сҿзі  бар.  Осы  «жабық»  сҿзінің 

субстантивтенген екінші мағынасы – киіз ҥйдің маңдайшасындағы уықпен қосылған жердегі 

негіз,  екі  ҥзік  пен  екі  туылдырықтың  айқасқан  жері.  Монғол  тілінде  оны  завагдейді.  Ҽрі 

мынадай мақал да бар: «Залхуу хҥн завагтаа хҥрэхгҥй» (Жалқаудың қолы жабыққа жетпес). 

«Еріншектің ертеңі бітпес» деген мҽтелмен мағыналас бҧл тіркестің қҧрамындағы заваг сҿзі 

біздің  тіліміздегідей  «жабулы»  деген  мағынада  қолданылмайды.  Мысалы,  жабық  қақпаны 



хаалттай  халгадейді.  Сондай-ақ  қазақ  тілінде  жабусҿзі  бар.  Жабу  сҿзі  жап  етістігінің 

атауын кҿрсетумен бірге  жас тҿлдерге, малдарға  тоңып қалмас ҥшін  жауып қоятын заттың 

атауы  ретінде  де  қолданылады.  Қазақ  тілінде  осы  сҿзбен  ҿзек  семасы  бір  мынадай  сҿздер 

тобы бар. 



VI Халықаралық конференция

 

247 



 

Диахрондық  жҽне  синхрондық  тҧрғыдан  қарағанда,  қазақ  жҽне  монғол  тілдеріндегі  тҥбір 

морфемалар  тҧлғасы  жҽне  қызметі  жағынан  ҿте  жақын.  Сол  сияқты  сҿздердің 

конверсиялануындағы ерекшелік те туыстықты байқатады. Сын есім мен зат есімнің, етістік 

пен зат есімнің тҧлғалас болып келуі монғол тілінде де жиі кезігеді.  

Екі тілдегі конверсиялы тҽсілмен сҿзжасауды тереңдете зерттеу арқылы кҿптеген сҿздердің 

этимологиясын  айқындауға  болады,  ҽрі  ҿлі  тҥбірлерді  ажыратуға  мҥмкіңдік  жасалынады. 

Сҿз  семантикасына  ҥңілгенде,  семантикалық  сҿзжасам  тҽсілінің  кҿнелігі  айқын  кҿрінеді. 

Макросемалар тҧлғасын сақтап, семантикалық жағынан тҥрленіп, жаңа мағына туған. Сҿздің 

семантикалық  жағынан  дамуын  диахрондық  аспектіде  қарау  дҧрыс.  Мағыналық  дамуының 

ауқымы ҿте кең. Тек бір сҿз табының тҿңірегінде қарастырудың мҥмкін емес екендігі айқын 

білінеді.  Конверсияланған  тҧлғалардың  генетика-семантикалық  жағынан  туыстығы  анық 

байқалады.  Синкретизмнен  де  айырмашылығы  осы  тҧлғалар  арасындағы  генетика-

семантикалық байланыс арқылы ажыратылуында. Тілдік тҧлғаларды тереңірек ҥңіле зерттеу 

нҽтижесінде синкретизм депжҥрген тҧлғалардың  конверсияланған туынды сҿздер  екендігін 

дҽлелдеуге болады. 



1.7Қазақ  жҽне  монғол  тілдерін  салыстырып,  неғҧрлым  жан-жақты  зерттей  тҥскен  сайын 

олардың  арасындағы  ҧқсастықтар  мен  ортақ  жайттар  молынан  табылып  отырады.  Ежелден 

қазақпен қойы қоралас, малы аралас болған моңғол халқының тҧрмыс тіршілігі мен ҧлттық 

болмысы қазақ халқымен ҿте ҧқсас. Ал тілді сол ҧлттың бҥтін болмысын танытатын, ҧлттық 

менталитеті  мен  психологиясын  кҿрсететін,  тегі  мен  тарихынан  хабар  беретін  қҧбылыс 

ретінде  бағалар  болсақ,  қазақ  тілі  мен  моңғол  тілінің  туыстық  байланысы  ешқандай  дау 

туғызбайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет