Тбк сессия жауаптары. Тіл біліміне кіріспе пәні туралы түсінік?



бет1/16
Дата29.12.2023
өлшемі72,52 Kb.
#144606
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ТБК сессия жауаптары


ТБК сессия жауаптары.
1.Тіл біліміне кіріспе пәні туралы түсінік?
Тіл білімі лингвистика-тіл жане онын даму зандары туралы. ғылым. Тіл білімінін зерттеу нысанасы - тіл. Тіл - адамнын табиғи тілі. Тіл-танбалар жүйесі. Тіл - коғамның ең манызды байланыс құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жене грамматикалык құрылысы болады.Осыдан келіп тіл білімінін салалары шыгады.Тіл білімінін салалары: фонетика, лексика, грамматика (созжасам, морфология жене синтаксис) стилистика.
Тілдін әр түрлі жактары: дыбыс жуйесі, сездік курамы, грамматикалык курылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені тіл білімінің әр турлі
жактары мен салалары, олардын дамуын, өзара байланысын, тіл дамуынын ішкі заңдары зерттейді.Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым.Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер.Диахрондык лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезендегі тіл жадайын зерттеу, ягни белгілі бір уакыттан жане езгерістерден тыс жататын катынастар жүйесін зерттеу.
2.Этималогия жайлы
Этималогия-грек тілінен аударғанда(etymon) шындық деген мағынаны білдіреді.Этималогия сөздердің шығу тегін зерттеп олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғанын айқындайды. Яғни бір сөздің бастапқы мағынасын және тарихын зерттейді.Этималогиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар бірі тіл мен тарих екіншісі тіл мен ойлау.
3.Жеке тіл білімі жалпы тіл білімі жайлы?
Жалпы тіл білімі- жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
4.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
Ғылым атаулы әдетте екі топқа бөлінеді жаратылыстану ғылымдары және қоғамдық ғылымдар.
1.Тіл білімі бірінші кезде Әдебиетпен байланысты.Өйткені тіл әдебиеттің бірінші элементі.Әдеби шығарма лингвисттер үшін өте құнды материал.Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз байланысты.
2.Тіл білімі логикамен тығыз байланысты.Көпшілікке белгілі логика ойлау заңдары туралы ғылым.Ал ойлау әдетте тіл арқылы іске асады,тіл арқылы жарыққа шығады.Адамның ой тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып болады.
3.Тіл білімі физикамен байланысты.Нақтырақ айтқанда тіл білімінің акустика саласымен. Жалпы дыбыс атаулыны физиканың акустика саласы зерттейді.
4.Тіл білімінің тарих ғылымымен оның ішінде этнографиямен археологиямен байланысы бар. Тілдік деректерді-тарихтарихи деректерді тіл зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет