Адамилық қасиет абстракты ұғым емес, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты
құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет
-
ғұрпының, салт
-
дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің,
тұрмыс
-
тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі. Адамилық қасиет адамилық
дүниетанымға негізделеді.
Ал адамилық дүниетаным дұрыс таным
-
түсінік арқылы өріс жайып, адамилық дәстүр арқылы өз болмысын
танытады. Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші –
адамилық қасиет
-
сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Қазақ
этносының өкілі болуды құдай маңдайыңа жазғаннан кейін, оны мамандық ауыстырғандай ауыстыру мүмкін емес.
Өйткені, ауыстырмақ болып, басқа ұлттың мәдениетін қаншама бойыңа сіңірдім дегеніңмен, бәрібір сен сол
ұлтқа кірмейсің, төлтумасы бола алмайсың. Қабылдамайды, реті келген тұста өгейлігіңді есіңе салады да тұрады.
Мұндай жағдайды бастан кешірген жан кейін рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы бақытсыздыққа айналады [6].
Сонымен адамилық қасиет жайлы ғылыми зерттеулерді талдай келе оның төмендегі құрамдас бөліктерін,
компоненттерін белгіледік. Олар: Адамилық мүдде, адамилық мінез, адамилық намыс, адамилық патриотизм,
адамилық сезім, адамилық тәрбие, мәдени құндылықтар. Адамилық қасиетті құрайтын компонеттер кестеде
көрсетілген.
Бұдан шығатын қорытынды –
адам ата
-
анасын таңдай алмайтыны сияқты этносын да таңдай алмайды.
Тағдырдың жазуы солай. Өзінің тәрбиесіздігінен, біліксіздігінен төл мәдениетін жатсынып, өзге мәдениеттің
шапанының шалғайына жармасып жүргендер ерте ме, кеш
пе, дағдарысқа ұшырап, Абай айтқан: “не ол емес, бұл
емес, менің де күнім күн емес” күй кешеді. Асылы, дана халық “Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң”
дегенді бекер айтпаса керек.
Біздің міндет –
үйіріне қосылуға талпынғандарды қолдап, барынша
бауырмалдық көмек беру, адамилық
қасиетті қалыптастыру. Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен Адамилық
құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың
таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында
дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, адамилық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп
сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысу қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ халқының тәлім
-
тәрбие тарихынан /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –
Алматы: Кітап, 1992, 196 б.
2.
Ұзақбаева С.А., Қожахметова К.Ж. «Педагогикалық пәндерді оқытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын
пайдалану». –
А.: Өнер, 1998.
3.
«Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003ж.
4.
Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. А.: 1998, 71 б.
5.
Пірәлиев С. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу
-
тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің
кәсіби бейімделуі
//Қазақстан жоғары мектебі, №2, 2001
6.
Қазақстан: Адамилық энциклопедия, А: 1999, ҚЭ, 2 том, 135 б.
Ғылыми жетекші
:
п.ғ.к. Нұрабаева Л.С.
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
243
А.Д. Рымкулова
(Тараз қаласы, Қазақстан)
ЖАСТАР БОЙЫНДА АДАМИЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адамилық қасиет
-
сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты адамилық ойлау қабілеті, ұлттық әдет
-
ғұрып, ұлттық салт
-
дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Адамилық қасиет
-
сезімнің қалыптасуы бала
дүниеге келгеннен бастап отбасындағы адамилық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында адамилық тәрбие
болмаса, балалардың адами тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады. Бәсекеге
төтеп бере алмаған ұлттың болашағы қашан да бұлыңғыр. Саясаттың кесірінен адамилық құндылығынан біртіндеп
(немесе біржола) қол үзген талай
-
талай ұлттың жер бетінен жойылып кеткендігіне тарих куә. Ғалымдардың есебінше,
«ақпараттар айқасы» басталған ХХІ ғасырда тағы көптеген ұсақ ұлттардың басына осындай қатер төніп тұр. Төл
мәдениеті мен әдебиетін сақтай алмағандықтан, адамилық болмыс
-
бітімінен адасып, тілі мен ділінен айырылып бара
жатқан мұндай халықтар өзге ұлттарға сіңісіп кетуде. Осындай жағдайларға қарап отырып қазақтарды жолы болған
халық деп қасиеттеуге болатындай. Дүние жүзін мекендеген елдердің ішінде тіршіліктің кермек дәмін молынан татқан,
тағдыр тәлкегіне түсіп, заманның қиын тұстарымен қатар келген екі халық болса, соның бірі қазақ шығар, жалғыз
болса, ол да қазақ болар. Барлығымызға белгілі талай «қилы замандарды» басынан өткерген біздің жұрт қазіргі
мемлекет дәрежесіне дін аман, алдына асқақ мақсаттар мен міндеттерді межелеп жетіп отыр.
Тәуелсіздігімізді алған жылдар ішінде саясат пен экономикадағы жетістіктеріміз бен бағындырған
асуларымыз туралы көп айтылып, көп жазылып жүр. Кеңестік идеологияның кесірінен ғасырлар қойнауынан сыр
шертетін адамилық ерекшеліктерімізді айшықтайтын төл тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз қолмен
тұншықтырылып, ел игілігі үшін жұмыс істеудің орнына сан жылдар бойы архивтерде «шаң басып» жатқандығы мәлім.
Өткен ғасырдың сексенінші
-
тоқсаныншы жылдарына дейін орта білім алған әрбір қазақ баласының қасиеті
миллиондаған ұрпақ құдайдай сенген «ұлы кеңестік идеологияның иісалмас идеясымен уланып», нәтижесінде түрі
өзгермесе де тілі шұбарланған әрі ділі дүдәмаланған талай буын төл тарихы мен мәдениетінің, одан қала берді
әдебиетінің тамырына терең бойлай алмады.
Ал сол асылдарымыздың барлығын тарих бетіне шығарып, ұлтымыздың қисапсыз мұраларын жаңғыртуға
тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Оларды жинақтап, бір арнаға тоғыстыруда елбасы Н. Назарбаевтың
тікелей тапсырмасымен әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» [1] мемлекеттік бағдарламасының қосқан
еңбегі өлшеусіз. Алғашқы кезеңі 2004
-2006-
шы жылдар ішінде жүзеге асырылған, ал екінші кезеңі 2007
-2009-
шы
жылдарға арналған бағдарлама аясында өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жаңғыртуда, жалпы мәдени мұрамыздың
тұтастай жүйесін жасауда көңілді қуантатын, көзді сүйсіндіретін толағай игілікті істер жасалды, әлі де жасалып жатыр.
Бағдарлама аясындағы сондай берекелі істердің бірі бұл мәдениетіміздің, әдебиетіміздің, салт
-
дәстүріміздің, әдет
-
ғұрыпымыздың, жалпы адамилық болмысымыз бен бітіміміздің, тілдік ерекшелігіміздің, сондай
-
ақ түрлі
дереккөздерден алынған тарихымыздың тұңғиығына етене бойлап, барымыз бен жоғымызды жан
-
жақты саралауға
мүмкіндік беретін көп томдық еңбектердің жарық көріп жатқандығы. Бағдарлама жүзеге асып жатқан кезеңнен бері
түрлі мазмұндағы көп томдық 50
-
ге тарта кітаптар жарық көріпті. Басылып, түптеліп бүгін
-
ертең баспаханадан
бұқараға жол тартуға дайын тұрған томдықтар да жетерлік. Осының барлығы әрине көңілдің қуанышын еселей түседі.
Мұндайда қандай жұрттың алдында болсын «біздерде мынадай бар, мынадай бар», деп мақтануға болады. Бұл
мәселенің бір жағы. Мәселенің екінші
жағының сабағын тарқатар болсақ, ендігі жерде бағдарлама аясында шыққан
еңбектер діттеген жеріне жетіп жатыр ма, жетсе қалай, қаймана қазақ, соның ішінде әсіресе жастар сол кітаптармен
жіті таныс па, деген сауалдар төңірегінде мықтап ойлану қажет сияқты. Бұл сөз жоқ үлкен жауапкершілікті талап ететін
дүние. Егер кез
-
келген мемлекеттің адами идеологиясы сол мемлекетті құрған ұлттың тарихы мен мәдениетінің,
әдебиетінің, жалпы Адамилық ерекшелігінің негізінде жасалатынын ескерсек, бұл қасиет тұрғысынан алғанда
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жаңағы жарияланған еңбектердің, сол еңбектердегі жазылған идеялардың
тиісті жеріне жетіп, ұлт игілігі мен мемлекет болашағына, адамилық қасиетті қалыптастыруға жұмыс істеуіне маңыз
беру қажет. Өйткені адам баласын тал бесіктен, жер бесікке дейін жалықпай
-
талмай өз ұлтының адамилық қасиеты
тұрғысынан жазылған кітаптар мен соларды айтылған идеялар ғана тәрбиелей алады. Ал дәл қазіргі таңда қазақ
халқының адамилық қасиетті толық қалыптасты ма, деген сауал төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылып жүр.
Ал сол адамилық қасиет ұғымына анықтама берер болсақ, ғаламтордағы ашық энциклопедияда оған
төмендегідей анықтама берілген. адамилық өзіндік қасиет дегеніміз –
этностық адамилық жоғары, күрделіленген,
жетілдірілген формасы. Адамилық
өзіндік қасиетті ұлттың өзінің әлеуметтік
-
этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік
қауымдастық жүйедегі өзінің орнын және қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік
рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан
өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп
тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи
-
тарихи құқығын түсінуі деп
ұғуға болады [2]. Адамилық қасиеттің
қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:
біріншісі
-
сезімдік, түйсіктік, екіншісі
-
қасиетлы теориялық. Біріншісі өз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық
сезімнен туса, екіншісі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық
тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүние жүзілік тұрғыдан теориялық адамилық бағыт
-
бағдарлама
тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын қасиетлы ойдан туады. Адамилық қасиетті жасаушысы, қолдаушысы,
қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда адамилық интеллигенция,
адамилық зиялы қауым.
Ал, Абайша адамилық қасиеттің ең негізгі белгісі –
әр ұлттың өзін
-
өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра
білуі, Адамилық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, адамилық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл
адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Өз ұлтының жетімсіздер, мешеулеу жағымен күресе
отырып, ілгері дамыған ұлттардың жақсы, жағымды жақтарынан үйрену, дүние жүзілік адамилық қасиетға жету [3].
В.Бромлей адамилық қасиет –
«адамның өзінің осы ұлттың өкілі екендігін, ұлт
мүддесі мен құндылықтарын және басқа
ұлттарға қасиетін сезініп
-
түсіну, бір сөзбен өзінің кешенді адамилық ұғымын калыптастыру» деп білгірлікпен атаған
[4].
Біздің ойымызша, адамилық қасиетті қалыптастырып қана қоймай, оны заман ағымына сай жетілдіріп отыру
бүгінде басқа басқа, дәл біздің халық үшін аса көкейкесті болып отыр. Ұлтты тәрбиелеу, адамилық қасиетті
қалыптастыру өте нәзік дүние. Оны күштеп істеу мүмкін емес. Сондықтан, бағдарлама аясында аса ауқымды
жұмыстар атқарылып жатқан тұста мәдени мұраларымызды насихаттап, ондағы идеяларды жастардың қасиетіна
терең сіңіру жұмысы уақытында әрі жоғары сапада жасалуы тиіс.
244
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Түйіндеп айтқанда, «қолымызды мезгілінде дөп сермеуіміз керек». Өйткені мемлекеттің болашағы өсіп келе
жатқан жас буынның, жастардың қолында. Оған ешкімнің таласы жоқ. Олай болса, енді бір бес
-
он жылдан кейін
шешуші мемлекеттік құрылымдардың тізгінін ұстайтын азаматтардың төл тарихы мен мәдениетін тұмардай
қастерлеп, әдебиетін әспеттеуі бүгінгі тәрбиенің, бүгін қалыптасып жатқан Адамилық қасиет деңгейімен тығыз
байланысты болмақ. Ал ақпараттың ағыны артқан заманда қазақ жастарының адамилық қасиеті қалай қалыптасып
жатыр, қандай бағытқа бет алуда деген сұрақ қоғамды алаңдатуда. Бұл бүгінгі күні адамилық қасиетімізді өзге ұлттың,
соның ішінде батыстың ықпалы артып тұрған тұста зиялы қауымнан бастап, қарапайым әрбір азаматты ойландыруы
тиіс. Бұл жерде әрине ол еңбектердің таралымын мейлінше көбейтіп, еліміздің барлық өңірлеріндегі кез
-
келген
кітапханалардан табылуына, ол кітаптарға студент жастардың қол жеткізуін жеңілдетуге жағдай жасау қажет.
Қазақтың әрбір баласы ата
-
бабаларының кім болғандығын, қандай жолдармен жүріп өткендігін мейлінше терең танып
-
білгені жөн.
Әдебиеттер:
1.
«Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2003ж.
2.
http://kk.wikipedia.org/wiki/Адамилық
қасиет
3.
Абай. Энциклопедия. /Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы/ –
А.: Атамұра., 2001, 214 б.
4.
Бромлей Ю.В. Этнос и этнография. –
М., 1981, 76 б.
Ғылыми жетекші:
п.ғ.к. Нұрабаева Л.С.
Қ.Ө. Сыдықова
(Тараз қаласы, Казахстан)
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚЫЛ
-
ОЙ
МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІДСТЕРІ
Қазіргі білім беру саласындағы даму тенденциясының қарқындылығына орай кейбір маңызды болып келетін
өзекті мәселелердің бірі –
халық педагогикасы арқылы болашақ мамандардың ақыл
-
ойын дамытудың
этнопедагогикалық шарттары. Кейбір зерттеуші ғалымдар осы мәселе төңірегінде сыңаржақ пікірлер айтып жүр. Бір
қарағанда зерттеуді қажет етпейтін, бүгінгі таңда ешқандай маңыз
-
ыдылығы жоқ сияқты болып көрінетін бұл мәселені,
шындығына келгенде, ертеңгі күнге қалтырмай, дәл бүгін егжей
-
тегжейлі зертеу керек деп ойлаймыз. Осы орайда
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы Заңында» былай деп жазылған: «қазақ халқының мәдениеті мен
салт
-
дәстүрін оқып
-
үйрену үшін жағдайлар жасау керек». Яғни, еліміз бей
-
жай қарап жатқан жоқ, ертеңіміз үшін
алаңдап, уайымдауда. Ал осы туындап отырған мәселені тек мұғалімдер ғана оңтайлы шеше алады. Заңда айтылып
отырған халық педагогикасына қатысты мәселені ғылыми негізде пайдалану және даму жолдарын іздестіру көкейтесті
мәселелердің бірі.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –
қазақ мектебі түлегінің білім
сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ақыл
-
ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы
тәртіп пен орынды мінез
-
құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және
қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш
-
қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін
игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Жас ұрпақ ата
-
бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен
маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшыл
-
дығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан,
тәлім
-
тәрбиесі мен үлгі
-
өнегесінен нәр алары анық.
Қазақстанда халық ауыз әдебиет үлгілерін бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға
бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім
-
тәрбиелік ой
-
пікірлерінің
зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың, З.Әбілованың еңбектерінде айқын көрініс
тапқан. Халық ауыз әдебиет үлгілері туралы зерттеулер көп болғанымен, оқу
-
тәрбие үрдісінде баланың ақыл
-
ойын
дамытуға оның мүмкіндігінің зор екендігі жайында аз мағлұмат берілген.
Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында
-
ақ тәрбиеге өзіндік
көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ
этнопедагогикасының қайнар
-
бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол
ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап
-
ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып
жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын
ойдан шығарған жоқ. «Көзбен көрген, құлақпен естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген ақиқат».
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми
педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл
-
ой тәрбиесі деп
шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана
-
сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық
анықтамасы бойынша ақыл
-
ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл
-
ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл
-
ой
еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс
-
әрекетін түсіндіруді айтамыз. Бірақ оқушы өмірінің іс
-
әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары
мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл
-
ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл
-
ой тәрбиесі тұлғаның
жан
-
жақты дамуының негізі. Ақыл
-
ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал
жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте
ұстағанымыз жөн. Ақыл
-
ой тәрбиесі –
адам зиялылығының негізі. Ақыл
-
ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау
және ақыл
-
ой күштері. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні,
мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке
-
жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы,
оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс
-
әрекеті іскеріліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет. Жалпы оқу іс
-
әрекеті іскеріліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі
пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп аталған білім негізінде шәкірттердің
практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу,
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
245
және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу –
сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы,
мәнерлеп оқу. Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының
деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына
байланысты.
Ақыл
-
ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып
табылады. Мұның негізінде әлемді тану, түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Яғни, оқушылар барлық
пәндерді оқу үрдісінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.
Оқу
-
тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін қажетті деңгейде қолдануға мүмкіндік бар. Соның
ішінде бастауыш сыныптарда оқушылардың ақыл
-
ойын дамытуға тікелей әсер ететін жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі,
мақал
-
мәтел, шешендік сөздер, жұмбақ
-
айтыс т.с.с. этнопедагогикалық құрал
-
дардың алатын орны ерекше.
Жұмбақ
жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып, баланы халық поэзиясы әлеміне баурайды,
оған эстетикалық ләззат береді. Баланың ақыл ой қабілетін дамытып, ой
-
өрісін, танымдарын кеңейтеді. Жұмбақтар
заттардың, нәрселердің, құбылыстардың қырсырларын талдауға, салыстыруға айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын табуға үйретеді.
Жаңылтпаштар
баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы
көріністермен, құбылыстармен таныстыратын қызықты жанр. Оқушылардың тілін ұстартудағы тәрбиенің бір түрі –
жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтуда көзделетін мақсат, біріншіден, жиналғандарды күлдіріп, көңіл көтеру болса,
екіншіден, әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ұстартуға үйрету болып табылады. Қазақтың салты бойынша, ойын –
сауыққа келген жастардың бәрі ән салып, күй шертіп, өлең айтуға тиіс. Ал өнерден құралақан жастарға берілетін жаза
ретінде ойынды басқарушы адам жаңылтпаш айтқызған. Жаңылтпаш –
тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату
үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балалардың тілі шығып,
сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей,
мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі
-
жиі дыбыстап айтып, жаңылмай
жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы
баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой –
қиялы дамиды, тәрбиеленеді.
Қазақ халқы жаңылтпаштарды бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Тілі шыға
бастаған жас бала мен тілі шыққан балалардың тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с»
дыбысымен шатастыру байқалады, сондықтан жаңылтпаштар көбінесе осы дыбыстар кездесетіндей етіп
ұйқастырылады.
Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол
жаңылтпаштар, көбінесе тіл ширатып, дүниені танытып, білім беріп, тәрбиелейді.
Ертегілер
баланың қиялын шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға
тәрбиелейді. Қазақ ертегілері әрқилы. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял
-
ғажайып ертегілер, тұрмыс
-
салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге
болады. Хайуанаттар
туралы ертегілер көне заманда елдің және аңдардың, малдың киесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда болған.
Ол дами келе, тыңдаушыны қуантатын, көңілдендіретін ертегілермен толысты. Ертегілердің ішінде баланың қиялын
шарықтатып, балалық шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер –
қиял –
ғажайып ертегілері. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» өмірде бар екенін тілге
тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Мұндай ертегілердің
көпшілігі ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылады. Сондықтан оларды ғылыми –
фантастикалық ертегілер
деп атайды. Тұрмыс –
салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай
баласы мен жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз
саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс
-
әрекеттері, мінез –
құлықтары суреттелінеді. Батырлық ертегілерде
елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс
-
әрекеттері баяндалады (Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай
т.б.), олардың еңбектері мен ерліктері, адамгершілік іс
-
әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етіп айтылады. Көбінесе,
қиял
-
ғажайып ертегілер мен батырлық ертегілер бір
-
бірімен сабақтас, өзектес келеді. Сондықтан, көп батырлық
ертегілерді, әрі қиял
-
ғажайып ертегілер деуге болады. Аңыз ертегілер негізінен, Алдар Көсер мен Жиренше шешеннің
Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кейіпкерлер сараң бай, зұлым хан, қаніпезер уәзір, еріксіз қыз,
еңіреп туған ер
-
азамат болып келеді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырады.
Оқушылардың ақыл
-
ойын дамытып, ой –
санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде
әсіресе жұмбақ айтысы
ерекше рөл атқарған. Қазақ халқының әдет –
ғұрпынан, сал –
санасынан туған ойын –
сауық
кештерінде өлең –
жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп, жиналған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа
тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жұмбақ айтысу балалардың логикалық ой
-
өрісінің дамуына әсер еткен,
оларды тапқырлыққа тәрбиелеген. Академик
-
жазушы М.Әуезов: «Жұмбақ
-
халық шығармаларының ішіндегі ең ескі
түрінің бірі. Жұмбақ –
өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенің тамаша құралы. Ол
бүгінгі біздің дәуірімізде де өзінің
керектілік қасиетін жойған жоқ» деген болатын. Жұмбақ адам баласы санасының
даму сатысында әр алуан өмір құбылыстарын түсініп –
білу үшін ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой
–
өрісін, қиялын кеңейту мақсатынан туған.
Бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогиканы, дәлірек айтқанда ертегілерді, мақал
-
мәтелдерді,
жұмбақтар мен жаңылпаштарды оқытудың маңызы зор. Оқулықтарда жұмбақ, мақал –
мәтелдер, жаңылпаштардың
көпшілігі тараулар соңында беріледі. Сонымен қатар бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал –
мәтелдер жинағы
жоқ болғандықтан авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдарың орасан зор маңызын еске алып,
оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал –
мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Дегенмен, шебер мұғалім оқулықтағы бар
материалмен ғана
шектеліп қалмауы керек. Мұғалім қандайда болмасын бір мәтінмен жұмыс жасау барысында
жұмбақтар мен мақал –
мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп
пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға немесе жаттауға
тапсырады.
Шешендік сөздер
–
ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне
пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған данышпандардың,
жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздері.
Халқымыз салт
-
дәстүрін сақтап, ата
-
бабаларымыздың өсиеттеріне ден қоя бастағаннан бері мұғалімдер оқу
-
тәрбие
үрдісінде де сол ғұламалардың, билердің шешендік сөздерін тиімді қолданып жүр.
Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан
-
ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге
-
үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.
246
«Проблеми та перспективи розвитку науки на початку третього тисячоліття у країнах Європи та Азії»
Халық ауыз әдебиеті үлгілері балаларға мейлінше жақын, барынша түсінікті дүние болғандықтан, ол арқылы
балалар қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік, әдептілік
жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт
-
дәстүр, әдет
-
ғұрып туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың жеке
тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының
құндылығын қуаттайды. Ауыз әдебиетінің қай жанрын алсақ та, оның педагогикалық тұрғыдан тәрбиелік
-
білімдік
мүмкіндіктерінің саналуандығы көрінеді.
Халық ауыз әдебиет үлгілерін сабақта өтілетін тақырыпқа сай іріктеп алып, оқушыларға ұсыну керек. Халық
ауыз әдебиет үлгілерін беруде оқушы
-
лардың жас ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Шамадан тыс мөлшерде сабақта
халық ауыз әдебиет үлгілерін ұсынған да дұрыс емес. Өйткені ол оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі бесік жыры, тұсау кесу жыры, төрт түлік жырлары, арнау
-
тілек
өлеңдері, ойын өлеңдері, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал
-
мәтелдер, ертегілер, аңыздар, батырлық
ертегілер мен батырлар жырынан үзінділер оқыту төменгі сынып оқушыларының ақыл
-
ойын дамытуға зор ықпал
етеді.
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың біріне саналады.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала
қоршаған ортаның қыр
-
сырын, сын
-
сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін
дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық
шығармаларды оқып
-
танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды адам мұратына жеткізетініне, ал
жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді. Бұл оқушылардың ақыл
-
ойын дамыту мәселесін шешудің бір жолы деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |