2. Докторанттардың кәсіби-педагогикалық құзыреттерін қалыптастыру және ғылыми әдебиеттерді оқу барысында алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту.
2. Докторанттардың бойында кәсіби дайындығына жауапкершілік сезімін, білімін жетілдіруге деген ұмтылысты қалыптастыру.
Уақыт: 50 минут
Әдіс: ауызша айту және слайдтарды тамашалау
Негізгі бөлім Бірінші оқу сұрағы: Педагогикалық ой-пікірлердің дамуы. Жоғары мектеп педагогикасының пайда болуының тарихи алғы шарттары.
Екінші оқу сұрағы: Жоғарғы әскери мектеп педадгогикасының тарихы. Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери білім беру жүйесінің құрылуы.
Кіріспе бөлім: докторанттардың дайындығы туралы есеп қабылдау, білім алушылардың сабақта бар болуы мен дайындығын тексеру. Содан кейін тақырыптың атын, сабақтың мақсатын, уақытын, орнын, өткізу әдісін, сонымен қатар оқу-материалдық қамтамасыз етіліуін хабарлау. Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын, сонымен қатар оның пәнді оқудағы маңызын хабарлау. Негізгі және қосымша әдебиеттерге шолу жасау үшін әдебиеттер мен оқу-әдістемелік құралдар көрмесін пайдалану.