Сүйектің бойымен ығысу ұзын түтікті сүйек сынғанда кездеседі. Сынықтың бір ұшы екінші ұшымен сырғып, сүйектің бойымен ығысады. Клиникалық тұрғыда аяқ-қолдың қысқаруы байқалады.
Бұрыштық ығысу – сынықтың ұштары бұрыш жасап орналасады.
Ротациялық ығысу – сынықтың бір ұшының (әдетте, шеткі ұшының) айналып ығысуын айтады.
Жұлынған сынықтар жоғарыды айтылғандай, бұлшықеттердің тез жиырылуы нәтижесінде болады, сүйектің ұштары буынның ішінде немесе айналасында ығысып орналасады.
а б в г д
Сурет 13.8. Сүйек ұштарының ығысу түрлері: а) бұрыштық; б) іргелес (бүйірлік);
в) ротациялық; г) сүйектің бойымен ұзарып; д) сүйектің бойымен қысқарып ығысу
8. Сынықтардың дара және көптеген түрлерін ажыратады.
9. Сонымен бірге жай және асқынған сынықтар болып бөлінеді. Асқынған сынықтарға жанында орналасқан ағзалардың зақымдалуымен қатар жүретін сынықтарды жатқызады, мысалы бассүйегі сынғанда мидың жарақаттануы, жамбас сүйектері сынғанда – қуық, аяқ-қол сүйектері сынғанда – тамырлар жыртылуы мүмкін.
10. Біріктірілген сынық – бұл жағдайда сынық басқа зақымдармен бірге қатар жүреді. Мысалы, бассүйегінің сынығы + бауыр зақымдалуы.
11. Қабаттасқан (комбинирленген) сынық – бұл сынық + улы немесе радиоактивті заттардың әсері.
Сынықтың тұтасып бітуі – өте күрделі және ұзақ биологиялық үрдіс, ол жарақаттан кейін бірден басталады.
Сынықтың айналасына аққан қан, сулы ісік сұйықтығы жиналады. Қан ұйып, екінші күннен бастап экстравазатқа тамыр түзілістерімен бірге мезенхимальді жасушалар еніп өседі. Сынықтың қасында пайда болған тіндердің ыдырау өнімдері, васкуляризация үрдістерін ынталандырады. Ары қарай экстравазат жартылай сорылып, жартылай құрамдалады. Бұл үрдіс 5-7 күннен соң аяқталады. Жарақат алғаннан 30 -шы күнге дейін, оның орнында борпылдақ дәнекер тін түзіледі. Бұл сүйектердің байланысуын қамтамасыз етеді, осылай біріншілік сүйек сүйелі пайда болады. Осы сүйелден алғашқы кезде кемікті зат, кейінірек жетілген сүйек тіні дамиды. Сүйек сүйелінің бірінші бағанашықтары сынықтан кейін, 4-5 күннен соң пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |