Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Сурет 13.6. Джанелидзе әдісімен жамбас-сан буынын орнына салу



бет22/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Сурет 13.6. Джанелидзе әдісімен жамбас-сан буынын орнына салу


Төменгі жақтың екі жақтық шығуын орнына салу
Буындарды жергілікті жансыздандырғаннан кейін, науқасты стоматологиялық креслоға отырғызады да, басын бекітеді. Хирург өзінің үлкен саусақтарын дәкемен орап, олармен азу тістерінен басып, қалған саусақтарымен төменгі жақты астынан ұстайды. Төменгі жақты төмен және алдыға қарай ығыстырып, буын бастарын, олардың шұңқырына жылжытады. Түзету кезінде «сырт» еткен дыбыс естіледі. Буынды орнына салғаннан кейін, оны 1,5-2 аптаға сақпанша таңғышымен бекітеді.
Шыққан буынды орнына салудың қиындығы шығудың түріне ғана емес, сонымен қатар түзетуге дейінгі өткен уақытқа да байланысты болады. Бұл уақыт неғұрлым аз болса, соғұрлым буынды орнына салу жеңіл болады. Шығудың алғашқы уақыттарында бұлшықеттердің созылуы және босаңсуы оңай болғандықтан, буынды түзету қиындыққа соқпайды. Ал ұзақ уақыт өткеннен кейін, буын ұштарының екіншілік ығысуының салдарынан және бұлшықеттер тыртықтанып, дәнекер тініне ауысқандықтан, шыққан буынды орнына салу өте қиын болады. Бұл кезде дәнекер тінді түзілістердің және тыртықты жіпшелердің мәжбүрлі жыртылуы байқалады. Ескірген буынның шығуын әдепкі әдістермен, тіпті терең наркозбен жасалса да, қан шығармай түзету мүмкін емес.

Кейбір травматологтар ескірген буынның шығуын орнына салар алдында, 3-4 апта бойы үлкен күшпен созып тартуды қолданады, мысалы – жамбас-сан буыны шыққанда. Бұлшықеттерді осылай босаңсыту және созу буын түзетуді анағұрлым жеңілдетеді. Буынның шығуын орнына салудың оперативті әдісінде буынның ойығы босатылып ашылады, жабысқан жерлері ажыратылады, содан соң сүйектің басын қысып тұрған бүріскен буын қапшықтары кесіліп алынады да, тыртықты жіпшелерді қиып (тартылып, жаншылған бұлшықеттердің бөліктері) сүйектің басын орнына салады. Егер буын қапшығы қатты өзгерістерге ұшыраса, бұлшықеттер тартылып тырықтанса, репозиция жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда сүйек басының резекциясын жасаған дұрыс, өйткені ол келешекте буын қозғалысының қалыптануына мүмкіндік береді. Ескірген буын шығуының қанды репозициясы анкилозға және буын қозғалысының шектелуіне алып келеді. Әлсіз және кәрі (70 жастан асқан) адамдарда мұндай жағдайда экономды резекция жасап, буын қапшығын тіккен жөн.


Буын шығуын емдеудің екінші міндеті – буынды түзеткеннен кейін, буын ұштарының дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, бұл кезде иммобилизация орындалуы тиіс және буынға күшті ақырын түсіру керек.


Үшінші міндеті – буын қызметін тез арада қалпына келтіру, ол үшін массаж, ванналар, физиотерапия және арнайы жаттығулар тағайындалады. Буында үнемі және жүйелі белсенді қозғалыстарды орындау, гематоманың тез сорылуына әсер етеді, жарақаттанған буын аймағындағы бұлшықеттер мен байламдардағы лимфа және қан айналымын жақсартады, ал ол өз кезегінде зақымдалған тіндердің жазылуын тездетеді. Буын бұлшықеттеріне ерте күш түсіріп, көп қимылдау өте қауіпті және зиян болып табылады. Зақымдалған бұлшықеттер түсірілген күшке шыдай алмай, үйреншікті шығудың дамуының себепшісі болуы мүмкін.
Буынның шығуының кеш асқынулары: а) деформациялық артрит; б) буын қапшығы мен айналасындағы жұмсақ тіндердің сүйектену үрдістері (оссификация); в) сүйектің буындық ұштарының декальцинациясы; г) сүйектің буындық ұштарының өліеттену үрдістері.
Буын қайта-қайта шыға берсе, үйреншікті шығуға ауысады. Олар иық пен самай-төменгі жақ буындарында жиі кездеседі.
Буынның үйреншікті шығуының радикальді емі – хирургиялық операция болып табылады. Оған буын қапшығын тігу және бұлшықет пен шандыр пластикасын қолданып, босаған буынды бекіту операциялары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет