Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет23/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Байланысты:
13 тарау

СЫНЫҚТАР


Сынық (fractura) деп – механикалық әсердің немесе сүйектің патологиялық үрдістерінің нәтижесінде пайда болатын сүйек бүтіндігінің бұзылуын айтады.


Сынықтардың жіктелуі


1. Этиологиясына байланысты сынықтар толық және толық емес немесе жарық, сызат (fissura) болып бөлінеді.


2. Табиғатына байланысты – туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді.
Туа біткен сынықтар құрсақ (жатыр) ішінде дамиды. Көбінесе көп шытынаған болады және анасының құрсағының жарақатануының әсерінен және ұрықтың сүйек қаңқасының толық жетілмегендігінен дамиды. Босану кезіндегі зақымдалулар туа біткен сынықтарға жатпайды.
Жүре пайда болған сынықтар жарақаттық және патологиялық болып бөлінеді. Жарақаттық сынықтар механикалық факторлардың әсерінен, ал патологиялық сынықтар сүйектің патологиялық үрдістерінің салдарынан болады: остеомиелит, туберкулез, қатерлі ісік, сүйек эхинококкозы, мерез, миелома ауруы. Патологиялық сынықтар сыртқы күштің әсерінсіз-ақ немесе кішігірім жарақаттан кейін пайда болады.


3. Жұмсақ тіндердің зақымдалу сипатына байланысты сынықтар ашық және жабық болып бөлінеді.
Жабық сынықтарға терісінің бүтіндігі бұзылмаған сынықтар жатады.
Ашық сынықтарда – сынған жердің тері жамылғысының бүтіндігі бұзылады.
Сынықтардың көпшілігін жабық сынықтар құрайды. Олар барлық сынықтардың 90-95% құрайды, тек 5-10% ғана ашық сынықтардың үлесіне тиеді.


4. Орналасу орнына байланысты сынықтар эпифизарлы, метафизарлы, диафизарлы болып бөлінеді. Жиі жағдайда диафизарлы, сирек – эпифизарлы (буынішілік) және метафизарлы (буыннан тыс) сынықтар кездеседі.
Эпифизарлы сынықтар ең ауыры болып табылады, сүйек сынықтарының ұштары қатты ығысады, нашар түйіседі және өзінен кейін қозғалыстардың тұрақты шектелуін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет