Көп жарқыншақты және ұнтақталған сынықтар дөрекі күштің тікелей әсерінен пайда болады. Көп жарқыншақты сынықтар, әдетте оқ жарақатының салдарынан дамиды.
Бұраудан болған диафизарлы сынықтар торсионды деп аталады және бұралмалы (винт тәрізді) сынық сызығының пайда болуымен ерекшеленеді. Олар ұзын түтікті сүйектерде жиі кездеседі. Сүйектің бір шеті бекітіліп тұрған жағдайда айналудың салдарынан бұралмалы сынық пайда болады.
Жұлынған сынықтарбұлшықеттердің шектен тыс, кездейсоқ және өте тез жиырылуының нәтижесінде дамиды. Бұл кезде жиырылған бұлшықетке байланысқан сүйек бөліктері, жұлынуы мүмкін (өкше сүйегі, шынтақ өсіндісі, толарсақ).
6. Сынық сызығының сүйек білігіне орналасуына байланыстысынықтар бойлы, көлденең, қиғаш және бұралмалы болып бөлінеді.
Бойлы сынықтар – бұл сынық сызығының сүйектің ұзын білігімен сәйкес келетін сынықтар. Олар сирек кездеседі.
Көбінесе көлденең сынықтаржиі кездеседі, онда сынық сызығы сүйек білігіне перпендикуляр бағытта орналасады.
Сынық сызығы сүйек білігіне қиғаш бұрыш жасап орналасса, мұндай сынықтарды қиғаш сынықтар деп атайды.
Бұралмалы (винт тәрізді) сынықтар деп – сүйектің өзінің меншікті білігінде бұралануынан болатын сынықтарды айтады, бұл кезде сынық сызығы спираль тәрізді болады.
7. Сынған сүйек ұштарының орналасуына байланысты сынықтың ығысқан және ығыспаған түрлерін ажыратады. Олардың ығысуы жарақаттаушы фактордың әсерінен және бұлшықеттердің эластикалық ретракциясының (рефлекторлы жиырылуының) салдарынан болады.
Сынған сүйектің проксимальді бөлігін – орталық, ал дистальді бөлігін – шеткі (перифериялық) деп атайды.
Ығысудың іргелес (бүйірлік), сүйектің бойымен, бұрыш жасап (бұрыштық) және ротационды түрлерін ажыратады.
Егер сынықтың ұштары сүйектің көлденең білігінің бағыттымен ығысса, онда сүйектің іргелес (бүйірлік) ығысуы байқалады.