Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет38/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
13 тарау

ЖАРАЛАР


Жара (vulnus) деп – терінің, шырышты қабықтардың немесе терең жатқан тіндердің және ішкі ағзалардың сыртқы қабаттармен қоса механикалық зақымдалуын айтады.
Жара – бұл ашық жарақат. Жараларды зерттейтін ғылымды вульнерология деп атайды. Жаралар туралы ілім хирургияның теориялық негізін құрайды. Олар жарақаттардың кең таралған түрі болып табылады.
Жаралардың жіктелуі


1. Жарақатқа байланысты – жаралар операциялық және кездейсоқ болып жіктеледі. Арнайы себептерге шайқастан болған жараларды жатқызады.
2. Зақымдалу түріне байланысты – жаралар кесілген, тесілген, шабылған, соғылған, жаншылған, жыртылған, тістелген, уланған, атылған (оқ тиген) және аралас болып бөлінеді.
3. Инфицирлену дәрежесіне байланысты – олар асептикалық (тек қана операциялық), инфицирленген (барлық кездейсоқ жаралар) және іріңді жаралар (қабынған жаралар) болып жіктеледі.
4. Жанында орналасқан ішкі қуыстарға қатысына байланысты – енетін және енбейтін болып бөлінеді.
5. Әсер етуші факторларға байланысты – жаралардың асқынған және асқынбаған түрлерін ажыратады. Асқынбаған жарада тек механикалық зақым ғана болса, ал асқынған жараларда механикалық жарақатпен бірге, басқа да қосымша факторлардың әсері қосылады: удың, улы және радиоактивті заттардың, инфекцияның, күйік пен үсіктің әсері.
Жаралардың ерте және кеш асқынуларын ажыратады. Ерте дамитын асқынулары: шок, қансырау, жедел қан жоғалту, анемия. Кеш пайда болатын асқынулары: іріңдеу, екіншілік кеш қансырау, жалпы іріңді инфекция – сепсис, анаэробты инфекция, сіреспе.


Жара үрдісіне дененің жалпы және жергілікті әсері


Жара үрдісіне дененің жалпы әсері екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде (жарақат немесе операциядан кейінгі 1-4 күндер) өмірлік үрдістер күшейеді. Дене қызуы мен негізгі алмасу жоғарылайды. Дененің салмағы азаяды. Белоктың, майдың және гликогеннің ыдырауы жоғарылайды. Физиологиялық реакция тежеледі. Басталу механизмі: симпатикалық нерв жүйесінің қозуы, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондарының қанға бөлінуі (кортикотропин мен глюкокортикоидтардың).


Екінші кезеңде (жарақаттан кейінгі 4-10 күндер) парасимпатикалық бөлімнің әсері басым болады: кезбелік (вагусты) криздер болуы мүмкін, дененің салмағы жоғарылайды, белок алмасуы қалпына келеді, регенерация үрдістері белсендіріледі. Бұл кезеңде гормондар мен медиаторлардың маңызы жоғарылайды, олардың ішінде минералокортикоидтар, альдостерон, ацетилхолиннің әсері.
Жарадағы жергілікті өзгерістер күрделі және алуан түрлі болады. Олар: жасушалардың өлімі; белоктардың ыдырауы; анаэробты гликолиздің аэробтыдан басым түсуі; биологиялық белсенді заттардың – гистамин, серотонин, кининдердің жиналуы; микроциркуляцияның бұзылуы; гипоксия; зат алмасудың, жасушалар мен тіндердің ыдырау өнімдерінің жиналуы.
Жарадағы pH ацидоз жаққа қарай өзгереді. Егер қалыпты жағдайда дәнекер тінде рН мөлшері 7,2 -ге тең болса, онда іріңді жарада 6,0-6,5, тіпті 5,4 -ке дейін жетеді.
Ацидоз жарада экссудативті өзгерістерді шақырады, капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады, электролиттердің құрамы өзгереді. Жасушалар ыдырағанда калий босап шығады. Ортаның рН -ң және электролиттердің құрамының өзгеруі, жарада улы өнімдердің жиналуына және коллоидтардың құрамының өзгеруіне, жасушааралық кеңістікте сұйықтықтардың жиналуына және коллоидтардың ісінуіне алып келеді. Коллоидтардың гельден золь жағдайына ауысуы жасуша мембранасының жыртылуын және жасушалардың бұзылып, өліеттенудің дамуын шақырады. Жасушалардың ыдырауы бос иондардың жиналуына, осмостық қысымның жоғарылауына, қан айналымының бұзылуына, жасушалық инфильтрация мен экссудацияға әкеледі. Қабыну кезеңінде жарада белок алмасуы өзгеріп, катаболикалық үрдістер басым болады, ал регенерация кезеңінде – анаболикалық үрдістер күшейеді. Катаболикалық үрдіс өліеттенген тіндермен, фагоцитозбен, белсенді протеолизбен ерекшеленеді және жарада белоктардың ыдырау өнімдерінің (полипептидтер мен нуклеопротеидтердің) жиналуымен сипатталады. Анаболикалық үрдістер белоктың ыдырауына қарағанда, оның синтезінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Жарада көптеген амин-қышқылдары жиналады: лизин, тирозин, гистидин, пролин. Регенерацияда маңызды орынды пролин алады, себебі ол коллаген белоктарының оксипролиніне айналады. Жарада аденозин және аденил қышқылдары көбейеді. Бұл заттардың негізгі туындыларына АДФ және АТФ жатады. Олар бір-біріне оңай ауысып, көп мөлшерде энергия бөледі, бұл энергия регенеративті үрдістерге жұмсалады. Қабыну үрдісінің ағымына биологиялық белсенді заттар да өзінің әсерін тигізеді: гистамин, серотонин, гепарин, калликреин, кининдер, простогландиндер.
Қабынуға ферментативті үрдістер де қатысады. Жарада экзогенді және эндогенді ферменттер болады. Эндогенді ферменттер лейкоциттер мен басқа жасушалардың ыдырауының салдарынан пайда болады. Оларға протеазалар, лизоцим, липаза, оксидаза ферменттері жатады. Экзогенді ферменттерге табиғаты бактериялық болып келетін ферменттер жатады: дезоксирибонуклеаза, коллагеназа, стрептокиназа, гиалуронидаза. Бұл ферменттер өліеттенген тіндерге әсер етіп, белоктарды протеидтерден аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Ферменттер өліеттенген тіндерді ерітеді және жараның іріңнен тазаруын тездетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет