Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет7/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Стационарлық ем: анальгетиктер, седативті заттар, транквилизаторлар, антигистаминді заттар, витаминдер, диуретиктер тағайындалады. Керек жағдайда спинальді пункция жасалады.
Мидың соғылуы

Мидың соғылуы (contusio) бұл ми затының бүтіндігінің бұзылуы мен ішкі анатомиялық байланыстардың өзгерістерімен ерекшеленетін жарақат. Соғылу кезінде механикалық энергия мидың белгілі бір аймағына беріліп, оның құрылысының бұзылыстарына әкеліп соғады. Көбінесе соққы тиген жердегі ми тіні немесе физикалық күшке қарама-қарсы орналасқан жері көп зардап шегеді. Мысалы, оң жақ самай бөлігіне соққы тисе, сол жағы зақымдалуы мүмкін, ол «қарсы соққы соғылуы» деп аталады. Соғылу бір ошақты немесе көп ошақты болады. Соғылған тіннің зақымдалу сипаты әртүрлі болуы мүмкін: жеңіл кішігірім ошақты деструкциядан үлкен көлемді мидың езілуіне дейін кездеседі. Мидың соғылуының клиникалық көрінісі алуан түрлі болады, өйткені жалпы милық және локальді неврологиялық белгілер бір-бірімен қиылысады. Жалпы милық белгілер мидың шайқалуының белгілерімен ұқсас болады: есінен тану, құсу, АҚ төмендеуі. Осыған қоса, ошақтық ми симптомдары пайда болады: анизокория, көз қарашықтарының жарыққа екі түрлі жауап қайтаруы, бет нервінің парезі, сіңірлік анизорефлексия және т.б. Ошақтық белгілерге қарап, топикалық диагнозы (зақымдалған аймағы) анықталады. Қанның субарахноидальді кеңістікке құйылғандығын анықтау үшін, жұлын пункциясын жасайды. Арнайы зерттеу әдістеріне бассүйек рентгенографиясы, КТ, УДЗ жатады.


Алғашқы медициналық көмек: тыныштық, басына суық басу, емдеу мекемесіне жеткізу.
Емі: ми затының езілуімен қабаттасқан ашық жарақатта, бассүйегінің батыңқы сынықтарында, гематомамен асқынған соғылуларда операция жасалады. Оның мақсаты – ми детритін, гематоманы, батып тұрған сынған сүйектердің бөлшектерін алып тастау болып табылады. Қан субарахноидальді кеңістікке құйылғанда, қайта-қайта спинальді пункция жасалып, 10-20 мл ликвор алынып отырады. Қалған жағдайларда консервативті ем қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет