Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет40/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Үшінші кезеңжараның тыртықтану және эпителиймен қапталу (эпителизация) кезеңі. Ол 2-4 аптадан кейін басталады. Коллагенді және эластикалық талшықтардың белсенді қалыптасу үрдісі жүреді, яғни тыртықты тіннің талшықты негізі құрастырылады. Эластикалық талшықтар 4-6 аптадан кейін қалыптаса бастайды, ал олардың түзілуі 6 айда аяқталады. Осымен операциядан кейінгі кезеңде науқастардың рациональді физикалық жүктемесінің мерзімі анықталады. Грануляциялық тіннің жетілуі, жара бетінің эпителиймен қапталуымен қабаттасып жүреді. Бұл үрдістердің біркелкі жүрмеуінің нәтижесінде келлоидты тыртық түзіледі (тыртықты тіннің тым артық түзілуі). Жеделдетілген эпителизацияның салдарынан батыңқы (атрофиялық) тыртық пайда болады. Жаңадан түзілген эпителий қабатында май мен тер бездері және түк қапшықтары болмайды. Жараның орнында иннервацияның қалпына келуі баяу жүреді: 2-3 аптадан кейін басталып, 6-7 айда аяқталады. Жараның жазылу мерзімі, оның көлеміне, қоршаған тіндердің зақымдалу дәрежесіне, өліеттенген тіндердің мөлшеріне, жараға түскен микроорганизмдердің санына, түріне және вируленттілігіне, науқастың жалпы жағдайына, сонымен қатар жараның шеттері мен қабырғаларының орналасуына (түйісуіне, жабысуына) байланысты болады.
Осы факторларды ескере отырып, жараның жазылуы былай бөлінеді: жараның біріншілік және екіншілік тартылуы, қабыршақтың (струптың) астында жазылуы.
Жараның біріншілік тартылып жазылуы сызықты жараларда және жараның шеттері мен қабырғалары тығыз түйіскенде байқалады (мысалы, ЖБХӨ -ден кейін). Мұндай жағдайда репаративті регенерация жара үрдісінің даму кезеңдерінің барлығынан (қабыну, пролиферация және тыртықтану мен эпителизация кезеңдерінен) өтеді.
Жараның екіншілік тартылып жазылуы жараның шеттері мен қабырғалары бір-бірінен алшақ тұрғанда (арасы 10 мм -ден көп болғанда) байқалады. Мұндай жаралардың жазылуы іріңді қабыну арқылы барлық кезеңдерді өткізіп жүреді. Өліеттенген тіндер некролизге ұшырап, жара тазарады, оның беті грануляцияға толады.
Жараның қабыршақтың астында жазылуы терінің кішігірім жараларында (терісі сырылғанда, күйікте) болады. Бұл кезде жараның беті кепкен қан, лимфа және өліеттенген тіндерден түзілген қабыршақпен жабылады. Ол қорғаныш қызметін атқарады, қабыршақтың астында грануляция мен эпителизация жүреді. Бұл үрдіс аяқталған сайын, қабыршақ жұлынып түсе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет