19. Науқастың түскендегі диагнозы: Сол жақ сирақ сүйектерінің ортаңғы ⅓ бөлігінің бұралмалы жабық сынығы. Қандай ем жүргізіледі? А) сынған жерді жансыздандыру, қаңқалық тарту
В) аяқтың ампутациясы
С) остеосинтез жасау
D) артқы гипсті лонгетаны салу
Е) операция жасау
20. 50 жастағы науқас баспалдақтан жамбасымен құлаған. Жедел жәрдем шақырған. Санының ауыруына шағымданады, орнынан тұра алмайды. Оң аяғы сол аяғынан 5 см -ге қысқа, аяқтың ұшы сыртқа қарай айналған. Саны деформацияланған, көлемі ұлғайған, пальпаторлы ортаңғы ⅓ бөлігінде ауырады. Осы жерде патологиялық қозғалғыштық анықталады. Сіздің диагнозыңыз? Дәрігердің іс-әрекеті? А) Оң жақ ортан жіліктің ұзына бойы ығысқан жабық диафизарлы сынығы. Науқасты ауырсыздандырып, аяғын Крамер немесе Дитерихс құрсауымен иммобилизациялап, ауруханаға жеткізу керек.
В) Оң жақ ортан жіліктің ығысқан сынығы. Репозиция жасап, аяғын бекітіп, травматология бөліміне тасымалдау керек.
С) Оң жақ ортан жіліктің шығуы. Шыққан буынды орнына салып, науқасты травматология бөліміне тасымалдау керек.
D) Оң жақ ортан жіліктің сынуы мен шығуы. Иммобилизация жасап, травматология бөліміне тасымалдау керек.
21. 14 жастағы бала жазылып тұрған сол қолына құлаған. Сол жақ бұғана сүйегіндегі ауыру сезімі мазалайды, пальпаторлы ауырады, айналасындағы тіндер ісінген. Сол қолының қозғалуы шектелген. Сіздің диагнозыңыз және іс-әрекетіңіз? А) Сол жақ бұғананың жабық сынығы. Науқасты ауырсыздандырып, Дезо немесе Вельпо таңғышын салып бекіту. Бұғананы рентгенге түсіру. Диагноз нақтыланса, Дельбе сақиналарының көмегімен 2-3 аптаға иммобилизация жасау.
В) Бұғананың сынуы. Операция – остеосинтез жасау керек.
С) Сол жақ бұғана аймағының тері асты гематомасы. Гематоманы кесіп тілу, гемостаз жасау және дренажды түтік қою керек.
D) Кеуде-бұғана қосылған жерінің жыртылуы. Иммобилизация жасау керек.
22. Ер кісі, жасы 67 -де, есінеу кезінде пайда болған екі жақтағы самай-төменгі жақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Аузы ашық, шайнау бұлшықеттері қатайған, ұрттары тегістелген, иегі алдыға қарай ығысқан. Диагноз, алғашқы көмек? А) Төменгі жақтың екі жақты шығуы. Буындарды жансыздандырып, оны орнына салғаннан соң, сақпанша таңғышымен бекіту қажет.
В) Төменгі жақтың екі жақты шығуы. Сақпанша таңғышымен бекіту қажет.
С) Төменгі жақтың екі жақты шығуы. Сымдық құрсаумен бекіту керек.
D) Төменгі жақтың үйреншікті шығуы. Операция жасау керек.
23. Оң жақ ортан жілігі шыққан науқасқа дәрігер жансыздандырғаннан кейін, Джанелидзе әдісімен шыққан буынды түзеткен, сөйтіп артқы гипсті лонгетаны салып, аяғын бекіткен. Дәрігердің істеген әрекеті дұрыс па? А) Дұрыс емес, ол науқасқа екі рет рентгенография жасауы тиіс еді: буынды салғанға дейін және оны түзеткеннен кейін.
В) Дұрыс, ол барлығын дұрыс жасаған.
С) Дұрыс емес, ол алдымен рентгенге түсіріп, содан кейін буынды түзету керек еді.
D) Дұрыс емес, ол шыққан буынды орнына салғаннан соң, бақылау рентгенографиясын жүргізу керек еді.