Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет41/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Клиникалық көрінісі

Жараның жалпы және жергілікті белгілерін ажырата білу керек. Жергілікті белгілер: ауыру сезімі және қансырау. Ауыру сезімі жараның орналасуына, жарақаттаушы құралдың түріне, жаралану жылдамдығына және зардап шегушінің нерв жүйесінің жағдайына байланысты қарқындылығы әртүрлі дәрежеде болады. Қансырау жараланған тамырдың еніне және жараның түріне байланысты болады. Кесілген жарадан өз еркімен ұсақ қан тамырларынан аққан қанның тоқтауы жараланудан кейін, 7-15 минуттан соң байқалады, ал шаншылған және соғылған жаралардан – жылдамырақ тоқтайды. Жараланғаннан кейін, қан 15-20 минуттан артық уақыт ақса, онда ірі тамырдың зақымдалғанын немесе гемостаз жүйесінің бұзылғанын білдіреді. Науқасты жан-жақты және ұқыпты тексеру қажет. Оның жалпы жағдайын дұрыс бағалау керек: терісінің түсін, тамыр соғуының жиілігі мен толуын, тынысының тереңдігі мен жиілігін бағалау қажет. Жараны қарағанда, оның орналасқан жерін, көлемін, түрін, деформацияның бар-жоғын, жанында орналасқан буындардың қозғалғыштығын, аяқ-қолда белсенді және енжар қимылдардың болуын, терең және беткейлік сезімталдықтың жағдайын, шеткі тамырлардағы тамыр соғуының сипатын анықтау керек. Кеуде аймағы жараланса, өкпенің аускультациясы мен перкуссиясы, ал құрсақ аймағы жараланса – іштің пальпациясы мен перкуссиясы және аускультациясы жүргізіледі.


Жараның сипатын зерттеп қарайды.
Кесілген жара өткір құралдың (ұстараның, скальпельдің немесе пышақтың) әсер етуінен пайда болады. Шеттері тегіс, жылтыр болып келеді, бір-бірінен алшақ тұрады және қатты қансырайды. Тіліктің бағытына қарай олар қиғаш, көлденең, ұзына бойы және қиықты (лоскутты) болуы мүмкін.
Шабылған жара – балта сияқты өткір және ауыр құралдардың соққысынан пайда болады. Оның шеттері тегіс, жылтыр болады, қан көп мөлшерде ағады. Ол тереңдігімен және төменде жатқан тіндер мен ағзалардың зақымдалуымен сипатталады. Клиникалық ағымының ауыр өтуімен ерекшеленеді.
Шаншылған (тесілген) жара – біз, қанжар, істік сияқты ұшы үшкір құралдармен жарақаттағанда пайда болады. Шаншылған жаралар үңіреймейді, қан аз ағады. Олардың көлемінің кішілігіне қарамастан, ірі тамырлар, нервтер мен ішкі ағзалар зақымдалып, оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Жараның бұл түрінде инфекцияның, әсіресе анаэробты инфекцияның даму қаупі өте жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет