Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі


Кеуде қабырғасының жаралары қуысқа енген



бет43/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Кеуде қабырғасының жаралары қуысқа енген болуы мүмкін. Оған мынадай белгілер тән: жарадан көпіршікті қанның шығуы, плевра қуысына ысқырықпен ауаның сорылуы, жарадан ауа көпіршіктерінің шығуы, тері асты эмфиземасының пайда болуы. Өкпенің зақымдалуымен асқынған кеуде торының енген жарасында, ашық пневмоторакс дамуы мүмкін. Бұл жағдай ауаның тыныс алғанда плевра қуысына еніп, ал тыныс шығарғанда шумен сыртқа шығуымен сипатталады. Пневмоторакстың басқа да түрі – керілген (қақпақты) пневмоторакс кездесуі мүмкін. Бұл кезде тыныс алғанда ауа плевра қуысына кіріп, ал тыныс шығарғанда кеуде қабырғасының тіндерінен түзілген қақпақтың жабылуынан, сыртқа шықпайды. Қақпақты пневмоторакстың клиникасы: науқастың жағдайы өте ауыр болады, айқын ентігу, акроцианоз, әлсіз жиі тамыр соғуы, пневмоторакс жағындағы қабырғааралықтарының кеңеюі, кеуде қуысының зақымдалған бөлігінің ұлғаюы байқалады; перкуторлы – қораптық дыбыс анықталады, аускультативті тыныс шулары естілмейді. Көкірекаралық ағзалар жараланған жақтан сау жаққа қарай ығысады.
Іштің енетін жараларында құрсақішілік қансырау мен перитониттің белгілері пайда болады. Науқастың терісі бозғылт, тамыр соғуы жиі, іші ауырады, қатайған. Щеткин-Блюмберг белгісі оң, іштің жайпақ жерлерінде дыбыстың ұяңдануы, бауыр тұйықтығының жоғалуы анықталады. Кейде ішкі ағзалар (шарбы майы, ішектер) сыртқа шығуы мүмкін.


Алғашқы көмек: қансырауды тоқтату, асептикалық таңғыш салу, қажет болса иммобилизация жасау керек. Ашық пневмоторакста науқастың кеудесіне окклюзионды таңғыш салу керек, сонда ол жабық пневмотораксқа ауысады. Іштің енген жарақатында – асептикалық таңғыш, сыртқы қансыраудың белгілері болса – басып, қысып тұратын таңғыш салу керек. Жарадан ішкі ағзалар сыртқа шықса, оларды құрсақ қуысына қайта кіргізбей, асептикалық таңғышпен жауып, мүмкіндігінше дәкемен орап тастау қажет.
Емі

Жараларды хирургиялық емдеудің мақсаты – жаралық инфекцияның дамуының алдын-алу және оны жедел іріңдеуден сақтау; дамыған инфекциямен және жараның іріңдеуімен күресу; жаралану кезінде бұзылған анатомиялық және физиологиялық зақымдарды қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатпен жараны хирургиялық өңдеуден өткізеді, әсіресе микроорганизмдерге бай кездейсоқ жараларда, міндетті түрде жүргізілуі тиіс.


Тіпті, операциялық жараның өзі салыстырмалы залалсыз болып есептеледі, өйткені оған қоршаған ауадан және науқастың өзінің терісінен микробтар түсуі мүмкін. Сонымен, инфицирленген жараны емдеудегі негізгі кезеңге ЖБХӨ жатады. Оны жасау барысында инфицирленген, өмірге қабілетсіз тіндер кесіліп алынады, бұл жаралық инфекцияның дамуының алдын-алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет