Xiii тарау. Жарақаттық зақымдалулардың диагностикасы мен емі жұмсақ тіндердің Жарақаттық зақымдалуларының диагностикасы мен емі



бет45/63
Дата08.10.2024
өлшемі52,41 Mb.
#147171
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
13 тарау

Екіншілік ерте тігіс 8-15 тәуліктің ішінде, грануляциялық жараға, оның шеттерін кеспей салынады.
Екіншілік кеш тігіс 15 күннен кейін, тыртықты және грануляциялық тіндерді кесіп алып, жараның шеттерін жаңартып алғаннан соң салынады.
Екіншілік тігіспен, іріңдемей жазылған жаралардың тартылып бітісуін – біріншілік типтес тартылып жазылу деп атайды.
Жараның іріңдеуі

Іріңдеудің клиникалық белгілері жараланғаннан кейін, 2-3 тәулікте пайда болады. Оған зақымдалған тіндердің аумағының көп болуы, флораның вирулентілігі, ЖБХӨ кезінде зақымдалған тіндерді толық алып тастамау себепші болады.


Іріңдеудің клиникасы оны қоздыратын микробтың түріне байланысты дамиды. Мысалы, ол стафилококкты инфекцияда айқын байқалады: тігілген жарадағы қатты ауыру сезімімен, дене қызуының жоғарылауымен, айқын интоксикациямен сипатталады. Стрептококкты инфекцияда – терідегі қабынулық инфильтрациямен, қызарумен, жергілікті температураның жоғарылауымен ерекшеленеді. Жара ішек таяқшасымен, протей және көк іріңді таяқшалармен инфицирленсе, клиникалық ағымы баяу дамиды және айқын шекарасы жоқ өліеттенген тіндердің үлкен ошақтарының түзілуімен сипатталады.
Жара іріңдей бастағанда ауыру сезімі күшейеді, шеттері ісінеді, лас-сұр қабық пайда болады, серозды-геморрагиялық сұйықтық серозды-іріңді экссудатқа ауысады, ал содан кейін іріңді болады. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаяды, пальпаторлы ауырады. Лимфангоит дамуы мүмкін. Егер үрдіс баяуласа, онда қоршаған тіндердің ісінуі мен тері гиперемиясы азаяды, өліеттенген тіндер ажырайды, жараның түбі мен қабырғалары грануляциямен қапталады, үрдіс репаративті кезеңге, яғни жараның жазылу сатысына (дегидратация кезеңіне) ауысады.
Қолайсыз жағдайда жалпы интоксикация белгілері үдей түседі: дене қызуы қатты жоғарылайды, тахикардия, қалтырау, қоршаған тіндердің ісінуі, гиперемия күшейе түседі, тіндердің өліеттенуі үдейді, іріңнің мөлшері көбейеді, дене қызуы 39-400С -қа дейін көтеріледі, интоксикация өрши түседі. Қанда лейкоциттердің саны көбейеді, лейкоцитарлы теңдеу солға қарай ығысады, ЭТЖ жоғарылайды.
Экссудаттың сипаты микрофлораның түрімен анықталады. Жағымсыз сасық иісті, лас-сұр түсті ірің – шірікті флораға тән. Көкшіл-жасыл экссудат және оған тән иіс жарада көк іріңді таяқшаның бар екендігін көрсетеді. Іріңді жарасы бар науқастың ауыру сезімінсіз қайтадан қалтырауы – тіндердің шірікті ыдырауының қосылу белгісі болып табылады. Шірікті инфекция дамығанда жара құрғап, грануляциялар жоғалады, тіндердің өліеттенуі күшейеді, бұлшықеттер сұрланып, бозғылттанады. Жарадан бөлінген сұйықтық – лас-сұр түсті, кейде жасыл немесе қоңыр реңді болады, өзіне тән иіс шығарады. Жараны қоршаған тері жамылғысы лас-жасыл түсті дақтармен қапталады.
Клостридиальді емес анаэробты инфекцияның клиникалық белгілері: экссудаттың жағымсыз иісі, жарада өліеттенген тіндердің көбеюі, май тамшыларымен араласқан лас-сұр түсті бөліністердің болуы, айқын интоксикация, терінің және көздің ақ қабығының (склераның) сарғыштануы, анемия, тахикардия.
Емі: Міндетті түрде антибактериальді, дезинтоксикациялық және қабынуға қарсы ем жүргізу қажет. Жара үрдісінің бірінші кезеңінде өліеттенген тіндер мен іріңді алып тастау керек. Ол үшін дренажды түтіктер мен гипертониялық ерітінділерді пайдаланады. Некролиз мақсатымен салицил қышқылын, протеолиттік ферменттерді, лазер сәулелерін, ультрадыбыстық кавитацияны қолданады. Механикалық некрэктомия да орындалуы мүмкін. Жараны күніге 1-2 рет таңады.
Жара үрдісінің екінші кезеңінде – репарация (дегидратация) кезеңінде майлы таңғыштар қолданылады; грануляцияның өсіп-жетілуін күшейтеді; жараның шеттерін лейкопластырьмен тартып жақындатады. Қабыну құбылыстары толық басылғанда, екіншілік ерте немесе кеш тігістер салынады, ал тіндердің көлемді және беткей ақауларында аутодермопластика жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет