Азиядағы АРАБ ЕЛДЕРI Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, одан кейінгі жыл- дарда Азиядағы араб елдері біраз дами түсті. Негізгі өндіріс орындары, көлік, порт жабдықтары, банктер шетел капи- талына тәуелді болғанымен, жергілікті кәсіпкерлердің де қимылдары жетіле берді. Жұмысшылар саны өсті, халық қалаларға шоғырланды. Араб елдерінің шығысына Англия мен Франция билік жүргізді. Соғыс кезінде АҚШ-тың ықпалы ұлғая түсті. Америка компанияларын бұл аймақтағы шексіз мұнай-газ қорлары қызықтырды. Бұл стратегиялық маңызды аудан болғандықтан оны өзіне қаратуға әркім-ақ мүдделі болды. Азаттық күрестің барысында алғашқы жеңісті тойла- ған Сирия мен Ливан (1946 ж.) елдері араб әлеміндегі ең алғашқы республикалар болды. Ливандағы жағдай халықтың діни ұғымына қарай да- мыды. Ел тұрғындары христиан-католиктер, марониттер (католиктер), мұсылман-сүнниттер, мұсылман-шииттер, мұсылман-друздар және т.б. болып бөлінді. Христиандар басым кезде президент қызметі — марониттерге, премьер- министр — сүнниттерге, парламент төрағасы қызметі ши- иттерге тиесілі болды. Иракта 1947 жылы парламент сайлауы өтіп, монархия- ны жақтаушы партиялар басым орын алды. Келесі жылы Англия-Ирак шартына қол қойылып, басып алу тәртібі аяқталды. Халық қозғалыстары үкіметті сескендіріп, шарт күшіне енбей қалды. Англияның қолшоқпарына айналған Фейсал әулеті мен оңшыл күштер көрші елдерді ұйымдастырып, Бағдад пактін құруға қатысты (1955 ж.). 179 Сауд Арабиясындағы жағдай мұнайға тікелей байла- нысты болды. АҚШ-тың 5 мұнай компаниясының көме- гімен Сауд Арабиясы ең ірі мұнай сатушы елге айналды. Түбектегі көптеген елдер (Оман, Аден, Кувейт, Бахрейн, Катар, Бiрiккен Араб Әмірліктері) тәуелді болып қала берді. Иордания 1946 жылы наурыздағы Трансиордания тәуелсіз мәліктікке айналды. Оның ресми аты — Иордан Хашимит мәліктігі. Тақта отырған Абдулла Англияның айтқанынан шықпады. 1947 жылы жаңа Конституция қабылданып, мәліктің қолына барлық билік шоғырланды. 1945—1952 жылдары Египет халқының ағылшындар- дың кетуін талап еткен ереуілдері мен толқулары баста- лып, 1946, 1951 жылдары Суэц каналы мен Дельта аудан- дарында қарулы қақтығыстар болды. Египет социалистік елдермен жақындаса бастады. 1956 жылы жазда Египет Суэц каналын өзіне қаратты. Бұған Англия мен Франция келіспей, Израильмен бірігіп Египеттен Синай түбегін басып алды. КСРО басшылары Египетті қорғады. Асуан суқоймасын салуға жәрдем беріп, басқа араб елдеріне қолдау көрсету нәтижесінде КСРО-ның бұл аймақтағы беделі едәуір өсті. Палестина. Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алып келеді. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөлу туралы ше- шім қабылдады. 1948 жылы 15 мамырда Израиль ресми түрде жарияланды. Арабтар Израильге қарсы соғыс баста- ды. Бірақ бұл соғыста арабтар жеңіліс тапты. Азиядағы араб елдерінің 1950—1960 жылдардағы да муы. Бүкіл араб әлемі Египетті арқа тұтты. 60-жылдары елде саяси-әлеуметтік реформалардың мемлекеттік секто- ры күшейді. Халық бұқарасының саяси-қоғамдық өмірге қатысуы кеңейді. Жаңа кәсіпорындар құрылды. Жаңадан жерлер жыртылды. Египет капиталистік емес жолмен да- муды көздеді. Ол кезде бұл бағытты көпшілік тиімді деп бағалаған болатын. Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті Г. А. Насыр болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды. 180 1963 жылы 8 наурыздағы кезекті төңкерісте билік БААС-шылдарға (БААС — арабша — Араб социалистік өркендеу партиясы) тиіп, олар жеке билік орнатты. 1958 жылы Таяу Шығыс кезекті дағдарысқа тап болды. Бұл жолы ол Ливан мен Ирактағы оқиғаларға байланысты еді. Ливан “Эйзенхауэр доктринасын” қабылдап, Батыс- тың соңына ерді. Оған ұлтшыл және демократ топтар көнбеді. Президент Шамунға қарсы ереуілдер, шерулер ұлғайып, қарулы қақтығыстар басталды. Иорданияда да дәл сондай толқулар өрістей түсті. Соны басу үшін Ирак әскер жібермек болды. Аймақтағы жағдай асқынып тұрғанда Ирак әскери күштері көтеріліп, Ирак Республикасы құрылды. Оны ге- нерал А. К. Қасым басқарды. Бұл оқиғадан сескенген АҚШ Ливанға, Англия Иорданияға қарулы күштерін кіргізді. Бірақ олар Иракқа басып кіруге батпады. Күзге таман АҚШ пен Англия әскерлерін Таяу Шығыстан алып кетті. Ливанда президенттік орынға Ф. Шехаб келді. А. К. Қасым билікті өз қолына алды. Ирактағы күрдтер- ге қысым жасалды. Саяси тартыстардың аяғы 1963 жылы қарашадағы көтеріліске ұласып, билікке А. С. Ариф келді. Арабия түбегінде ағылшындар билеген отарлар тәуел- сіздік алып, Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері құрылды. Оңтүстік Йеменде социалистік бағыт ұстаған топтар 20 жылдай бір-бірімен араздасып, елдің берекесін кетірумен болды. 1990 жылы екі Йемен елдері бірігіп, ішкі жағдайы біраз тынышталды. Сол кезде Палестина босқындары есін жинап, арала- рынан бірнеше ұйымдар құрып, қарулы күреске шықты. Олар Батыс жағалауда, Газада, Ливанда, Сирияда, Иор- данияда дайындық жүргізіп, еврей еліне қарсы шықты. Израиль басшылары күшке сүйеніп араб елдеріндегі лагерьлерді атқылады. Осыдан Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, дүниежүзі елдерін алаңдатты. 1967 жылы көктемде Израиль Сирия мен Иорданияға бірнеше рет оқ жаудырып, сес көрсетті. Египет бауырлас елдерді жақтап шықты. Бұл жолы Г. А. Насыр жарты миллионға жуық жақсы қаруланған армиясына сеніп, батылырақ қимылдады. Израиль кемелерін Суэц каналы- на жауып, Синай түбегіндегі шекарада орналасқан БҰҰ 181 Ирак. 2004 ж. 182 қарулы күштерін қайтарды да, әскерлерін сол түбекке шоғырландырды. 1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналына қарай беттеп 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Сирия, Иордания әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шаршы шақырым жер жау қолында кетті. Палестина босқындары екінші рет қашуға мәжбүр болды. Сол кезде солшыл БААС-шылдар төңкеріс жасап, екі елде: Иракта (1968 ж.) және Сирияда (1970 ж.) билікке келді. Иракта С. Хусейн 1979 жылы шілдеде билікті өз қолы- на алды. Х. Асад (1971—2000 жж.) Сирияда билік құрды. 1972 жылы Ирак пен КСРО “Өзара достық пен ынты- мақтастық туралы” шартқа отырып, Кеңес Одағынан 32 млрд долларға қару-жарақ алды. Франциядан да қару сатып алынды. Ирак президенті Саддам Хусейн ядролық- химиялық қару жасау бағдарламасын ашық жария етті. Бағдад түбіне шетел мамандарының қатысуымен ядролық орталық салынды, бірақ 1981 жылғы шілдеде Израиль ұшақтары оның күл-талқанын шығарды. 1970—1980 жылдардағы Азиядағы араб елдерінің жағдайы. Арабтардың өмірінде бұл жылдар өте күрделі кезең болып есептеледі. Израиль басып алған жерлерінен кетпеді, Палестина мәселесі реттеусіз қалды. Египет президенті орнын басқан Әнуар Садат 1971 жы- лы мамыр айында КСРО-мен достасу туралы шарт жа- састы. КСРО-дан келген қаруды пайдаланып, Египет жауынгерлері 1973 жылы 6 қазанда Израильге шабуылға шықты. Израиль генералдары бұл жолы қатты қателесіп, көп шығынға ұшырады. Екі күндік шайқаста жаудың 400 танкісі өртеніп, Синайдағы бірнеше қалалар азат етілді. Израиль премьер-министрі Голда Меир АҚШ-тан жедел көмек сұрауға мәжбүр болды. Сирия әскерлерін шегіндірген, Израиль барлық күш-қуатын Синайға жи- нап, египеттіктердің қорғанысын бұзды да, Суэц — Каир тасжолына шықты. Египеттің жағдайы мүшкіл болып тұрған кезде АҚШ пен КСРО араласып, 24 қазанда соғыс аяқталды. 183 Соғыс күндері Израильге көмектескен Батыс елдеріне мұнай сату тоқтатылды. Бұл қадам дүниежүзілік энерге- тика дағдарысын туғызып, мұнай құны қатты өсті. Батыс мемлекеттері жанжалды реттеу ісіне қатысып, арабтармен санасуға бет бұрды. АҚШ-тың президенті Р. Никсон А. Са- датпен келіссөзге барды. Осы бағыт біртіндеп күшейді. Садат шетел капита- лына жеңілдіктер жасап, инфитах — ашық есік саяса- тын қолдады. Ел жекеменшік кәсіпкерлікке, нарықтық экономикаға бет бұрды. КСРО-мен қатынас саябырлай түсті. 1977 жылы қарашада А. Садат Израильге сапар шегіп, онымен жақындасуға тырысты. Кейін АҚШ президенті Дж.Картердің қатысуымен Египет — Израиль келісімдеріне және бітімшартына (Кэмп-Дэвид процесі, 1978—1979 жж.) қол қойылды. Сөйтіп, Египет өз жерін қайтарып алды. АҚШ-пен экономикалық жағынан ынты- мақтасып, әскери көмек алып тұрды. Египеттің бұл саясатын КСРО мен араб әлемі қабылда- май, Садатты сатқын санап, Египетке бойкот жариялады. 1981 жылы қазан соғысына арналған әскерилердің сал- танатты шеруінде мінбеде отырған Садат атып өлтірілді. Билікке келген Х. Мүбарак Израильмен, АҚШ-пен қатынастарды сақтай отырып, КСРО-мен және басқа араб елдерімен байланыстарын дамыта түсті. Сирия, Алжир, Сауд Арабиясы, Марокко және т.б. мемлекеттер Египетпен табысып, ел қайтадан араб әлемінің тірегіне айналды. Ирак 1980 жылдың күзінде Иранға шабуыл жасап, екі ел 8 жыл соғысты. Осы озбырлықтан екі елдің көптеген қалалары қиратылды, 1 млн-ға жуық адам қаза тапты. Қаржы шығыны 600—800 млрд долларға жетті. Ақыры, 1988 жылы тамызда екі жақ соғысты тоқтатуға келісіп, шекара бұрынғы қалпына қайта келтірілді. Ливанда 1975 жылы азамат соғысы басталып, оған Сирия өз әскерін жіберді. Соған қарамастан, қақтығыс өрши берді. 1981—1982 жылдары оған АҚШ пен Израиль араласып, Ливан мәселесі одан әрі шиеленісті. 2006 жылы жазда “Хизбаллаһ” (Аллаһ партиясы) жауынгерлеріне қарсы еврей мемлекеті соғыс ашып, оңтүстік аумағын басып алып, Бейрутқа оқ жаудырды. Бірақ “Хизбаллаһ” күштерін жоя алмаған Израиль кейін шегінді. 184 90-жылдардағы және XXI ғасыр басындағы араб елдерінің жағдайы. ХХ ғасырдың соңында араб елдерінің дамуында социалистік бағыт түбегейлі тоқтатылды. Ресей ықпалы бәсеңдеп, АҚШ-тың ықпалы жоғарылай түсті. Израиль — Иордания бітіміне қол қойылды. Палестина- ны азат ету ұйымы мен Израиль арасында келіссөздер басталып, алғашқы келісімдер жасалды (1993 ж.). Газа және Иорданның батыс жағалауына автономия беріліп, енді Палестина мемлекеті жарияланбақ болды. Бірақ сио- нистік оңшыл күштер оған жол бермеуге тырысты. Олар палестиндіктермен келісімге келген Израиль премьер- министрі И. Рабинді өлтірді. ХХ ғасыр соңында Палестина автономиясы жария- ланды. Оны “Фатх” ұйымының жетекшісі М. Арафат қайтыс болған соң М. Аббас басқарды. 2007 жылы пар- ламент сайлауы өтіп, үкімет басына “Хамас” ұйымы келді. Ол Израильді мойындаудан бас тартты. Көп ұзамай “Хамас” пен “Фатх” арасында жанжал шығып, азамат соғысы басталды. Аяғында “Хамас” Газада, “Фатх” Иор- дан өзенінің жағалауында билік орнатты. 2008 жылдың желтоқсанында Израиль Газаға қарсы шабуыл жасап, арабтар қатты шығындалды, бірақ “Хамас” ұйымы жо- йылмады. Қазір Палестина мүшкіл жағдайда. Неше дүр- кін өткен халықаралық конференциялар оның тағды- рына қатысты тиімді шешімге келе алмай отыр, өйткені Израиль 1967 жылғы шекараға қайтқысы жоқ. 2011 жылы Палестина тәуелсіздігін жариялау жоспары іске аспады. 1990 жылы 2 тамызда Ирак әскерлері Кувейтті ба- сып алды. С.Хусейннің бұл озбырлығын Ливия, Иор- дания, Палестинаны азат ету ұйымы, Йемен мемлекеті қолдағанымен, басқа арабтар қарсы болды. БҰҰ Қауіпсіз- дік Кеңесі шешім шығарып, АҚШ бастаған Батыс елде- рі Ирак қарулы күштерін талқандап, кері шегіндірді (1991 ж., қаңтар). Содан бастап Ирактың экономикасы құлдырап кетті. Соғыс бітісімен халықаралық атом қуатына қатысты агенттіктің (МАГАТЭ) атынан Иракқа арнайы тексеруші- лер жіберілді. Олар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қабылда- ған шешімі бойынша Ирактың ядролық, химиялық және 185 бактериологиялық қарулар шығаратын өндіріс орындарын жоюға, кейін тіпті Ирак зымырандарын қысқартуға да құқылы болды. Ал С.Хусейн араб елдерінің бірқатар бөлігі мен Ресей көмегіне сүйенді. 2003 жылдың наурыз айында АҚШ пен Англия Ирак- тың жасырып қойған жаппай қырып-жоятын қаруы бар, ол дүниежүзіне қауіп төндіруде деген сылтауымен Иракқа қарсы соғыс ашты. Оған Ресей, Қытай, Франция, Герма- ния елдері наразы болды және БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі де қолдай қоймады. Әйтсе де 1 мамырда АҚШ-тың әскері Бағдадқа дейін жетіп, БААС-шылдар тәртібі жойылды. Ал С. Хусейн қолға түсіп, сот үкімімен дарға асылды. Елде 2004 жылдан бастап шетел әскерлеріне қарсы қозғалыстар жүріп жатты. 2004 жылы 28 мамырда Ирак уақытша үкіметі құрылып, билік солардың қолына беріл- ді. Парламент сайланды. Бұдан былай елдегі жағдайды реттеуге БҰҰ да қатысуға келісім берді. Шииттер мен сүнниттер арасында қарулы қақтығыстар жиіледі. АҚШ-қа қарсы әрекеттер де ұлғая түсті. Бұл соғыс ел бірлігіне қатты нұқсан келтірді. Солтүс- тіктен күрдтер автономиясы шықты. Батыс елдерінің әскерлері де шығынданды. Африка араб елдерiндегi болған оқиғалар — “араб рево- люциясы”, “араб көктемі” деген атаққа ие болып, басқа елдерге үлкен әсер тигізді. Толқулар мен көтерілістер Йеменде, Египетте, Бахреинде, Сирияда, Мароккода, Иорданияда өршіген. Х. Мүбарак биліктен қуылып, сотқа тартылды. Бахреиндегі билікті Сауд Арабиясы қорғап сақтап қалды, ал Йемендегі азаматтық соғыс 2011 жылдың соңына дейін созылып, президент Али Салехтің кетуімен тоқтаған, бірақ ел ішіндегі қақтығыс- тар әлі жалғасуда. Сириядағы Б. Асад басқарған үкімет Ресейдің Қытайдың, Иранның көмегіне сүйеніп бiр жыл бойы өз халқымен соғысуда. 2012 жылдың наурызында БҰҰ мен араб мемлекеттері лигасының арнайы өкілі болып тағайындалған К. Аннан елдегі жағдайды бейбіт түрде реттейтіндей жоспар ұсынған. Оны екі жақ қабыл- даған еді, бірақ қақтығыстар тыйыла қоймады. Көптеген елдер Сириямен дипломатиялық қатынастарын үзіп, көте- рілісшілерді қолдауда. 186 Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Соғыстан кейінгі кезеңдегі арабтардың ұлт-азаттық күресінің бары сымен танысып, негізгі оқиғаларды қайталаңдар. 2. Таяу Шығыс жанжалының шығуына не себеп болды? 3. Араб елдері мен Израиль арасындағы соғыстардың барысы мен оларды реттеу жолдарын түсіндіріңдер. 4. Ирактағы оқиғаларға баға беріңдер. 5. Қазіргі кездегі араб революцияларын баяндаңдар.