1)
Xviii ғасырдағы Солтүстік американ революциясы. АҚШ-тың құрылуы
1. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары 2. Тəуелсіздік үшін соғыс 3. 1787 жылғы КонституцияСолтүстік Америкадағы отарлардың негізі Батыс Еуропадағы буржуазиялық қатынастардың «алғашқы қорлану» үдерісінің пайда болуымен байланысты . ХVІ ғасырдан бастап отарлауды Испания, Франция, Англия, Нидерланды жүргізді. Олардың ішіндегі ең берігі ағылшын қоныстанушылары болды. Мұның себебі Англияның əскери қуаттылығы мен отарлау сипатымен де ерекшеленді. Англиядан «алғашқы қорлану» үдерісі өте қарқынды өтті жəне шаруа мен қолөнершілердің көп бөлігінің кедейшілік күйге түсуімен қабаттаса болды, Америкаға қоныстанушы адамдардың тасқыны көптеп кетті. Солтүстік Америкаға ағылшындардың алғашқы тұрақты қоныстануы 1607 жылы Виргинии аумағындағы Джеймс өзенінің сағасында болды. Қоныстанушылар алтын іздеді. 1620 жылы Код мүйісінің жағалауына Англиядан діни қудалаушылықтан қашқан пуритан тобын əкелген болатын. Олар Жаңа Англияның отарына бастама болған Жаңа Плимутты құрды. Жаңа Англияның 13 отары: солтүстікте 1. Нью Гемпшир 2. Массачусетс 3. Коннектикут 4. Род Айленд орталықтар 5. Нью-Йорк 6. Пенсильвания 7. Нью Джерси 8. Делавер 9. Оңтүстік Виргиния 10. Мэриленд 11. Солтүстік Каролина 12. Оңтүстік Каролина 13. Джорджия)Үнді тайпалары – 200 мың адам ирокездер алгонкиндер Алғашқы отарлар ағылшын компанияларының пайда табу жəне баю мақсатымен құрылды, ал Еуропадан Мұхитқа қашқан қоныстанушылар феодалдық деспотизмнен құтылуды іздеді. Буржуазиялық қатынастардың қалыптасуында басты рөлді пуританизм атқарды. Ұсақ фермерлік шаруашылықтар қалыптасқан Жаңа Англияда буржуазиялық қатынастардың дамуы үшін өте қолайлы алғышарттар қалыптасты. Біртіндеп олармен байланыса отырып, үй өнеркəсібі де дамыды. ХVІІ ғасырдың ІІ жартысында капиталистік мануфактуралар (тоқыма жəне т.б.) пайда болды. Капиталистік өндірістің бастапқы көзі болып табылатын «алғашқы қорлануы» солтүстік американ отарларында бірнеше ерекшеліктерге ие болды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы «ақ» жəне «қара» құлдықты пайдалану үшін біраз əрекеттер жасады. Салықтар енгізілді. Ағылшын королі губернаторлар тағайындап, көптеген жерлерін шенеуліктер мен лордтарға бөліп берді. Көптеген салықтар сөзсіз əртүрлі наразылықтар туғызды. 1676 жылы Бэконның басшылығымен еркін жер иелену жəне əділетсіз салық жүйесін жоюды талап еткен Виргинии фермерлерінің көтерілісі 1689 жылы 98 жер жəне сауда аристократиясына қарсы Нью-Йорктегі Дж.Лейслер басшылығымен көтеріліс болды. Отар мен метрополия арасындағы қайшылықтар аграрлы мəселелермен қатар, сауда-экономикалық мəселелерге қатысты да пайда болды. Ағылшын буржуазиясы отарды шикізат көзі ретінде жəне өнеркəсіп тауарларының өтімділігі үшін нарық ретінде қарастырды. Меркантилизм доктринасына сəйкес отарға əкелінетін ағылшын тауарларының ақша құны шығаратын шикізат құнынан асып кетті. Бірақта солтүстік пен оңтүстік отарлары капиталистік даму жолы бойынша яғни метрополияның өзі сияқты дамыды, американ буржуазиялық кəсіпкерлері кеме жасау, темір жасап шығаратын өнеркəсіптерде, ағылшын буржуазиясымен бақталастыққа түсе алды. Англия отарлардың экономикалық дамуынан қорқып, Америкадағы өнеркəсіптің жəне сауданың дамуын тежеуге тырысып бақты. ХVІІІ ғасырдың ортасында он үш американ отарының саяси ұйымдасуында көптеген ортақтық болды. Король көп отарда губернаторлар тағайындады, олардың қолында атқару, сот жəне жоғары заң шығару билігі болды. Отар ассамблеясы кеңестерден тұрды (жоғары палата), оның мүшелерін губернатор ақсүйектерден тағайындады. Сайланушыларға мүліктік ценза енгізілді, сайлау ашық түрде жүргізілді.1775 жылы 13 ағылшын отарында тұрғылықты халық үнділер 2,5 млн адам болды, оның ішінде 500 мың негр құлдар болды. ХVІІІ ғасырдың ортасында аумақтың, тілдің, экономикалық өмірдің ортақтығы отарлардың шаруашылық мүдделері жаңа буржуазия ұлтының құрылуына əкелді. Отарлар арасында сауда байланыстары дамыды. Солтүстік отардан оңтүстікке астық, балық жəне өнеркəсіп бұйымдары əкелінді. Бірыңғай ішкі нарық құрылды. Сонымен қатар өзіне тəн ұлттық мəдениетте қалыптасты. Оның негізін əрине ең алдымен ағылшын мəдениеті қалады, ал ХVІІІ ғасырдың ортасында американдықтардың төл мəдениетінің белгілері де пайда бола бастады. Тəуелсіздік жолындағы күрес қарсаңында ағылшын жəне француздық ағартушылық идеологиясының əсер етуімен американдық ағартушылар пайда болды. Олар Т.Джефферсон, Уильямс, Хукер, Томас Пейн, Бенджамин Франклин болды. Американдық Ағарту Бенджамин Франклин (1706-1790 жж.) есімімен тығыз байланысты. Ол қоғам қайраткері, философ, жазушы, экономист, ғалым болды. Бенджамин Франклин үздік өнертапқыштар қатарынан ойып орын алады. Оның ең айтулы жаңалығы - найзағайды қуатын жоба. Франклиннің арқасында адамдар өмірі біршама қауіпсіз бола бастады. Ол сондай-ақ электр қозғалтқышын жəне электростатикалық 99 күштердің көмегімен айналатын «электр доңғалақтың» нұсқасын ортаға салды. Франклин ең алғаш рет оқ-дəріні жару үшін ұшқынды пайдаланды, кейінірек тербелмелі орындықтың патентін де бірінші болып иеленді. Бұл ғалымның əлемдік ғылымға қосқан өзге де жаңалықтары жетерлік.Англия үкіметінің жаңа герб салығын енгізуі наразылық туғыза бастады. 1763 жылы ағылшын королі жаңа Батыс жерлерін жаулап алуға тыйым салды. Солтүстік Америка мен Англия арасында шиеленісті күрес басталды. 1765 жылы алғашқы революциялық ұйымдар «Еркіндік ұлдары» құрыла бастады. 1767 жылы парламент Тауншенда заңдарын қабылдады. Заң бойынша Англиядан əкелінетін бірқатар тауарларға жаңа салықтар салынған. 1768 жылы Бостонға əскер кіргізілді. 1770 жылы 5 наурызда Бостон көтерілісі болды, ағылшын солдаттары халыққа оқ жаудырды. 60-70 жылдардың басында фермерлік қозғалыстар да кең етек алды. Олар Оңтүстік жəне Солтүстік Каролинде, Нью-Йоркте болды. 1773-1775 жылдар революцияның қалыптасып келе жатқан жылдары еді. Метрополия өзінің провинциядағы бақылауын жоғалта бастады. Отаршылдардың қысымымен таушенд заңын жойса да, ағылшындар отарлардың келісімінсіз салынған салықтарды төлету əрекетін қоймады. Осы мақсатпен «шай заңы» қабылданды. Ост-Үнді компаниясының отарларға əкелетін шайына салық салынды, яғни отарлардың өзін-өзі басқару органдарынан парламенттік биліктің үстемдігін көрсеткен əрекет еді. Бұл заң отарларда тағы да наразылық туғызды. 1773 жылы желтоқсанда «Бостон шайы көтерілісі» болды. Шайларды суға тастады, Британ өкіметі репрессиямен жауап берді. Бостон порты жабылды. 1774 жылы қыркүйек айында Филадельфияда алғашқы конгреске жиналады. Отарлар бірінші рет ағылшындарға өз талаптарын қояды.1775 жылы Конгресс ашық түрде Англияға соғыс бастайды. Бастапқы кезде Солтүстік отарлар жеңіліске ұшырайды, себебі Англияның тұрақты əскері жəне əскери экономикалық жағынан Англия күшті дамыған ел еді. 1776 жылы 4 шілдеде Тəуелсіздік жөніндегі Декларация қабылданады. Декларация 13 отар елдің Англиядан бөлініп, жаңа АҚШ-тың құрылғанын жариялады. Мұнда барлық азаматтар тең деген демократиялық қағидалар көрсетілген. Бірақ АҚШ-ты ешкім мойындамады. 1778 жылы АҚШ-пен Франция арасында келіссөздер басталады. 1781 жылы қазанда генерал Корнуоллис басқарған ағылшын əскерлері біржолата жеңіледі. 1783 жылы Францияның қысымымен Англия ресми түрде АҚШ-ты мойындап, қол қояды. Бұл соғыс 1775-1783 жылдар аралығында болды. Соғыстың маңыздылығы біріншіден, АҚШ құрылды, екіншіден, соғысты Американың алғашқы буржуазиялық революциясы деп есептеуге болады. Америка буржуазиялық революциясының басқа еуропалық елдердегі революциясынан өзгешеліктеріне тоқталатын болсақ, Америкада Еуропадағы сияқты феодалдық қатынастардың тамыры тереңге жайылмады, мұнда тұрақты мемлекет болмады, американдық революция барысында американ ұлты қалыптасты, ал еуропалық революцияны қозғаушы плебейлер, қолөнершілер болған, Америкада ірі қалалар болмады, қозғаушы күші ауыл фермерлері болды. Америкада капиталистік қатынастар тез дами бастады. Ол үшін Америкада тағы да қолайлы жағдайлардың болуы, атап айтқанда батыс бос жерлерге қоныстану басталады, басып алынған жерлерде жаңа капиталистік фермерлік шаруашылықтар қалыптасты. Соғыстан кейін эмигранттардың келуі көбейіп кетті. Бұл тұрғындар санының өте тез өсуіне əкелді. Соның нəтижесінде жұмысшы күші жеткілікті болды. Соғыстан кейін Америка буржуазиясының жерді сатып алуы нəтижесінде капитализмнің қорлану үдерісі тез жүргізілді.1787 жылы 12 штат өкілдері қайтадан (Райаден штатынан басқа) конгресске жиналады.1787жылы мамырда Филадельфияда жаңа конституция жасау үшін Конвент құрылады. 1787 жылы қабылданған Конституция бойынша федеративті мемлекет құрылды. Конституцияның негізгі сипаты мұнда күшті орталықтандырылған мемлекет құрылды.Атқару билігі – Президент Президент 4 жылға 1851 жылғы қосымша бап бойынша 1адам Президент болып тек 2 рет 1787 жылы І-ші президент Джоржд Вашингтон Заң шығару билігі Конгрессте төменгі палата жоғары палата депутаттар 2 жылға сайланады, сенат, оны 6 жылға сайлады, əрбір депутат өз штат округтерінен əрбір штаттан 2 сенат сайланады сайланады, мұнда 435 адамЗаңды екі палата да қабылдағаннан кейін ғана ресми заң жүзінде қабылданады. Сот билігі Конституция бойынша жоғары сот қолында болды. Жоғары соттың 9 мүшесі бар. Мұны президент өзі тағайындайды. Жоғары сот шағым арыздарды, парламент, президент қабылдаған заңдарды бақылап отырады. Конституция сол кездегі саяси құрылыстың негізін салды. 1791 жылы 10-бап қосымша қабылданды. Қазір 26-бап қосымша қабылданған болатын.1787 жылы І-ші президент Джоржд Вашингтон сайланды. Конституцияда құлдар мəселесі шешілмеді, олар азаматтар деп есептелінбеді. Конституция қабылдағаннан соң АҚШ күшті орталықтанған мемлекетке айналды. ХІХ ғасырдың І жартысында АҚШ өз аумағын кеңейтуге тырысты.
------------
2)Америкадағы азамат соғысы
Америкадағы азамат соғысы (1861 — 65) — 19 ғ-дың ортасында АҚШ-тың солт-нде жалдама еңбек пен оңт. штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туған соғыс. Оңт-те құл иеленушіліктің сақталуы АҚШ экон-сының дамуына кедергі жасады. 1860 ж. Солт-тің қолдауымен АҚШ-та респ. партиядан А.Линкольннің президенттікке сайлануына байланысты Оңт-ті жақтап келген демократтар билігі (1829 — 60) аяқталды. Бұл жағдай Америка Одағының ыдырау қаупін тудырды. 1861 ж. қарсаңында Оңт. Каролина өзін тәуелсіз деп жариялады. Сол жылдың басында Оңт-тің 6 штаты Одақтан шықты. Одақ құрамынан бөлініп кеткен штаттар өздерінің Конфедерациясын құрды. Америка Одағы бір-біріне өш екі аймаққа бөлінді. 1861 ж. көкек айында Оңт. аймақ Оңтүстік Каролинадағы Федерациялық форт (қамал) — Самтерді басып алды. Солт. аймақ бүлікшілерге қарсы соғысқа кірісті. Линкольнның үндеуімен еріктілер жасақтары, жұмысшы полктары құрыла бастады. 1861 ж. шілде айында Вашингтон қ-на жақын жердегі Булл-Ран жылғасында болған алғашқы ұрыс Оңтүстік армиясының жеңісімен аяқталды. Осы кезде Конфедерация құрамында 11 штат, Одақта — 23 штат болды. Булл-Рандағы жеңілістен кейін Солтүстік өзінің әскери күшін қайта құруға белсене кірісті. Армия Мак-Клемон опасыз генералдар мен офицерлерден тазартылды. 1862 жылдың бастапқы айларында генерал Грант басқарған армия батыс Теннесидегі азат етіп, Миссисипидегі Мемфис қ-сын алды. 1862 ж. көкек айында адмирал Фаррагут эскадрасы Оңт-тің ірі порты Жаңа Орлеанды басып алды. 1862 ж. мамыр айында Линкольн Гомстад туралы (жер үлесі) заңды бекітті. Заң бойынша әр адамға 160 акр жер тегін берілетін болды. Армиядағы фермерлер мен жұмысшылар үшін бұл заң өте қолайлы еді. Маңызды шара ретінде құлдықтан босату туралы үндеу жарияланды. Оңт-тен солт. аудандарға зәңилер (негрлер) топ-тобымен қашып келе бастады. Олардың Одақтық армияда болуына рұқсат етілді. Гомстед Заңы мен құлдарды босату құл иеленушілікке қарсы соққы болды. 1863 ж. жаз айында Азамат соғысының екінші табысты кезеңі басталды. Солт. армиясын басқарған генерал Мид 1863 ж. шілде айында Пенсильваниядағы Геттисберг түбінде үш күнге созылған ірі шайқаста генерал Ли басқарған Оңтүстік армиясын ойсырата жеңді. Дәл осы кезде генерал Гранттың жауынгерлері Миссисипи бойындағы Биксберг қ-сын алды. Бүкіл Миссисипи жағалуы Солт-тің қолына көшті. Оңт-тің күші әлсірей бастады. Тылда да наразылық күшейді. Жүз мыңдаған зәңгілер Солт. армиясына, флотына өз еріктерімен келіп қосылды. Генерал Шерманның армиясы 1864 ж. көктемде Оңтүстіктің маңызды тірегі саналатын Джорджия штатын, қыркүйек айында соғыс өнеркәсібі орталығы Атлантты, желтоқсанда Атлант мұхитындағы ірі порт Саваннаны басып алды. 1865 ж. 3-көкекте генерал Грант пен Шерманның біріккен күші конфедерация астанасы Ричмондты алды. Генерал Ли 9-көкекте тізе бүкті. 1861 — 65 жылдардағы АҚШ-та болған азамат соғысы Америка халқының өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Оңт-те құлдықтың жойылуы АҚШ-та капиталистік қатынастардың дамуына зор мүмкіндіктер тудырды.
___________________
3)
Ост-Үнді компаниясы
|
Жылдар туралы
|
Ағылшындық Ост-Үнді компаниясы қай жылы құрылды?
|
Британдық Шығыс Үндістан компаниясы (ағылш. East India Company), 1707 жылға дейін — ағылшындық Шығыс Үндістан компаниясы-1600 жылы 31 Желтоқсанда Елизавета I жарлығымен құрылған және Үндістанда сауда операциялары үшін үлкен артықшылықтарға ие болған акционерлік қоғам. Шығыс Үндістан компаниясының көмегімен Үндістанды және бірқатар Шығыс елдерін Британдық отарлау жүзеге асырылды.
|
Біріккен голланд Ост-Үнді компаниясы қай жылы құрылды?
|
Біріккен Ост-Үндістан компаниясы») — нидерландтық сауда компаниясы. 1602 жылы негізі қаланған ол 1798 жылға дейін өмір сүрді. Жапония, Қытай, Цейлон, Индонезиямен сауданы жүзеге асырды (соның ішінде шай, мыс, күміс, мата, мақта, жібек, керамика, дәмдеуіштер және апиын); Тынық және Үнді мұхиттарының осы елдерімен сауданы монополиялады.
|
Франсуздардың Ост-Үнді компаниясы қай жылы құрылды?
|
17 ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Үндістан компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды.
|
Ағылшын парламенті Ост-Үнді компаниясын бақылауға алып, сауда мекемесі ретінде қай жылы жойды?
|
Ұлыбритания билеуші топтарының арасында Үндістанды отарлық езгіге түсіруге ұмтылушылық жолындағы күрес Ост-Үндістан компаниясын ағылшын парламентінің бақылауына алатын заң қабылдаумен аяқталды (1773). 1774 жылы Үндістанда ағылшын генерал-губернаторы тағайындалды. 1813 жылы Ост-Үндістан компаниясы Үндістанмен сауда жүргізу монополиясынан айрылып, 1833 жылы сауда ұйымы ретінде жойылды. Үндістанға ағылшын өнеркәсіптік бұйымдары әкелініп, жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын метрополияға тасу басталды.
|
Ост-Үнді компаниясының өз миссиясын сәтті орындағаны үшін рыцарь атағын алаған, алғашқы атақты приватиры кім?
|
Джеймс Ланкастер
|
Ост-Үнді компаниясының 1839 жылдардағы Қытайдағы іс-әркеті қандай соғысқа ұластырды?
|
1711 жылы компания Қытайдың Кантон қаласында (кит. 广州 — Гуанчжоу) шай сатып алу үшін. Алдымен шай күміске сатып алынды, содан кейін компанияға тиесілі Үнді (негізінен Бенгалия аумағында орналасқан) плантацияларында өсірілген апиынның орнына жүрді.
Қытай үкіметінің 1799 жылғы апиын әкелуге тыйым салғанына қарамастан, компания жылына шамамен 900 тонна көлемінде апиын контрабандалық жолмен әкелуді жалғастырды. Қытайлық компанияның сауда көлемі Үндістанмен сауда көлемінен кейінгі екінші орында. Мысалы, 1804 жылы Англияға жіберілген конвойдың жалпы құны сол кездегі бағамен £8,000,000-ға жетті. Оның сәтті қорғанысы ұлттық мерекеге себеп болды.Қытай шайын сатып алуға арналған қаражаттың көпшілігі апиын саудасынан түскен кіріс болды. 1838 жылға қарай апиынның заңсыз импорты жылына 1400 тоннаға жетті және қытай үкіметі апиын контрабандасы үшін өлім жазасын енгізді.
1839 жылы британдық контрабандалық апиын партиясының Қытай губернаторының жойылуы британдықтардың Қытайға қарсы соғыс басталып, апиын соғысына ұласып кетуіне әкелді (1839-1842).
|
Достарыңызбен бөлісу: |