Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


Философиялық герменевтика негізінің қалануы



бет15/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
annotation11178

Философиялық герменевтика негізінің қалануы.
Ф.Э.Д. Шлейермахер, В.Дильтей
Неміс философы, әрі діндар, әрі филолог Фридрих Эрнст Даниэль Шлейермахер (1768-1834 жж.) қазіргі философиялық герменевтиканың бастауында тұр. Ол «әмбебап герменевтиканың» ғылым ретіндегі тұжырымдамасын жасауға тырысты. Герменевтика бойынша жазылған өзінің дәрістері мен баяндамаларында Шлейермахер мынадай ұстанымға сүйенді: «Сөзді алдымен автордың өзі сияқты жақсы, сосын барып одан да артық түсіне алатындай болу керек». Бұл ұстаным бойынша түсінуші мәтіннің объективтік мағынасын терең түсінуі керектігін көрсетпейді, ол түсіндіруші адамның «сезіммен терең түсіну» қажеттілігіне меңзеп тұр.
Герменевтиканы өнер ретінде қарастыра отырып, ол түсінуге қажеттілік барлық нәрсенің бастауы әрі бәріне ортақ болады, ал «түсінбеу» қалыптасқан ережеге жатпайтын жеке нәрсе болып табылады деді. Оның ойынша, адам түсінікті нәрсенің континуалдылығы (өріс, кеңістік) бұзылған кезде герменевтикаға сүйенеді. Шлейермахердің көзқарасы бұл пайымнан өзгешелеу. Оның пікірінше, «түсінбеу» – ол іргелі (фундаменталды) феномен. Герменевтика «түсініктілік» жоғалған кезде қажет болатын ғылым емес, әуел бастан сөзді түсіну өнері туралы ғылым болуы керек деп есептеді.
Шлейермахердің пайымдауынша, егер тілді «грамматикалық түсіндіру» оның тілдік жағын қарастырса, «техникалық» («психологиялық») түсіндіру тілдегі мағынаның ішкі сезімдерді, қатынасты білдіруін қарастырады. Тілді «психологиялық түсіндіруді» герменевтиканың ең маңызды мәселесі әрі міндеті деп есептейді. Себебі тілдің осы шығармашылық табиғатына байланысты герменевтиканы «өнер» ретінде түсінуге болады.
Тілді түсіндірудің көптеген канондарын анықтап келіп, «бұл ережелерді қолданудың ережелерін» ұсынбауы да кездейсоқ емес. Шлейермахер бойынша тілді психологиялық тұрғыдан түсіндіруде «болжау» жасау өте маңызды. Бұл – автордың стилистикалық шығармашылығынан туындайтындықтан, түсіндіруші үшін ерекше мәнге ие (бұл әсіресе тілді кеңейтіп, шығармашылық жетілдіретін поэтикаға қатысты өте маңызды). Оның пікірінше, тілді түсіну алдын-ала дайындалған түсінудің «техникасына» бағынбайтындықтан, ол конгениальды шығармашылық, «өнер» деп танылуы керек.
Ф.Шлейермахер герменевтиканың негізін түсінудің жалпы теориясы ретінде салды, мәтіннің заттық-тұлғалық, жеке-тұлғалық қырлары болатынын анықтады. Ол мәтін мазмұнын (яғни ондағы сипатталатын нәрсені) мәтіннің тұлғалық белгілеріне (яғни ондағы оқиғаның қалай өрбігеніне), мазмұндау стиліне тән ерекшеліктерге, мәтіндегі негізгі ойға қарама-қарсы қойды. Герменевтикада ең маңыздысы, Шлейермахер бойынша, ойда жасалған мазмұнның тұлғалық жағын ұғу емес, «нақты мәтінді туғызған ойланушы индивидті» түсіну.
Немістің мәдениет тарихшысы және философы Вильгельм Дильтей (1833-1911 жж.) неміс идеализмінің де, романтизмінің де, өзінің дәуірінде өзекті болған позитивизмнің де әсерін басынан кешірді. Ол неокантшылдардың пайымына сүйенді. Ғылыми жаратылыс танымы мен мәдени-тарихи таным бір-біріне қарама-қарсы болады деді. «Өмірде табиғат пен ғылым және рух туралы ғылымдардың барын» құптады. Дильтей гуманитарлық білімдерді жаратылыстану ғылымдарының деңгейіне «көтергісі» келді, сөйтіп оған қажетті білімге тән категориялық аппаратты және оның жалпы ұстанымдары мен зерттеу жолдарын анықтауға тырысты. Мұндай жағдайда бұл білімдер қатаң, ғылымиланған формаға ие болады деді. Осылайша «рух туралы ғылымдардың» теориялық негіздерін анықтаумен айналысты. Бірақ ол ғылымның категорияларын рухани салаға әкелу мәселесі қойылмады.
«Тарихи ақылға сын туралы ойлар» атты еңбегінде Дильтей Канттың, әсіресе Гегельдің ақылгөйшіл (ойшыл) философиялық жүйелері мен Ағартушылықтың интеллектуализмін түсіндіруге тырысты. Гуманитарлық ғылымдар өмірге негізделеді, оған толғану, түсіну, түсіндіру сияқты өмірлік белгілердің теологиялық (яғни оған тән мақсаттардың ішкі қасиеті) байланысы дәлел болады деді.
Дильтей бойынша, рухани әлем туралы білімдер өзге адамдарды түсіну, олар турасында ойланып-толғану, тарихи қозғалыстың әрі объективті рухтың субъектілері ретінде қауымдастықтарды тарихи түйсіну арқылы қарым-қатынасқа түсу барысында пайда болады. «Ойланып-толғану» осының барлығының фундаменталды алғышарты, онда ойлаудың қарапайым әдістері бар (ойланып-толғанудың интел-лектуалдылығы). Сол сияқты өткен өмір туралы пайымдаулар да бар және ол пайымдаулар нақтылық сипат алған. Осындай қарапайым актілердің нәтижесінде «бірлік», «сан алуандылық», «теңдік», «айырмашылық», «деңгей», «қатынас», «ықпал», «күш», «құндылық» және т.б. ұғымдардан формалды категориялар пайда болады.
Осы айтылғандардан мынадай түйін шығаруға болады: таным субъектісі барлық заттармен біртұтастықта, ол зат объективтенудің барлық деңгейінде сол қалпында қалады. Егер оның шындыққа, шынайы уақытқа қатыстылығы үнемі байқалып отыратын болса, ойланып-толғанудың мазмұны өзгереді. Дильтей бойынша, өмірдің екінші бір маңызды қыры – оның «байланыстылығы» болып табылады. Тарих әлемінде себептер ғылыми жаратылыс жолымен пайда болмайды, өйткені оның міндетті түрде салдары болады. Тарих ықпал ету мен қайғырудың, әрекет пен қарсы әрекеттің қатынасын ғана біледі.
Өмірдің екі компоненті де өзара тұтастыққа бірігеді. Адамдар бұл тұтастықты түсіну арқылы меңгереді. Дильтей бұл ойын философияның автобиография жанры, ондағы ірі тұлғалар Августин мен Руссо, Гётенің өмірлері арқылы дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет