Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


«Канттың тәжірибе теориясы», «Канттың этиканы негіздеуі», «Канттың эстетиканы негіздеуі», «Иммануил Кант»



бет13/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
annotation11178

«Канттың тәжірибе теориясы», «Канттың этиканы негіздеуі», «Канттың эстетиканы негіздеуі», «Иммануил Кант» және «Таза ақылға сын» еңбегінде түсініктеме» деп аталатын еңбектерінде Г.Коген (1842-1918 жж.) И.Канттың трансценденталды идеализмін сыни тұрғыдан жан-жақты талдады. Ол Канттікіне қарағанда, бір ізге түсірілген идеализмді негіздеуге тырысты. Идеализмді ол ғылымның – математика және математикалық жаратылыстану сияқты ең жоғары түрінің мүмкіндіктерін түсіндіруге қажетті логикалық және гносеологиялық ілім деп түсіндірді.
Коген болмысты «сезілетін» емес, категориялық оймен түсінілетін дүние деп ұқты. Уақыт пен кеңістікті сезімтал интуицияның формалары деп емес, логикалық ойлаудың категориялары деп түсіндіреді. Оның пікірінше, шындықтың «белгілері» деп санамен қабылданатын дүниелер шын мәнісінде ғылыми ұғымдар тудырған дүниелер.
Этикалық социализм туралы ілімінде социалистік идеалға ұмтылу мәңгілік жүріп отырады делінеді, ал ол идеалға жету – іс жүзінде орындалмайтын нәрсе. Когеннің этикасы У.Бернштейннің марксизмді қайта қарау негіздеріне арқау болды. Ол «Дүниедегінің бәрі – қозғалыс, ал оның соңғы мақсаты – ешнәрсе де емес» деген тезисті ұсынды.
Марбург мектебінің тағы бір көрнекті теоретигі П.Наторп (1854-1924 жж) болды. Философия тарихының ірі өкілі бола тұра, ол антикалық дәуірдегі және Жаңа дәуір философиясындағы ілімдер Канттың философиялық критицизмі турасындағы идеяларына негіз болған деп түсіндірді. Наторп гносеологиялық идеализмді жүйелі түрде салыстыра отырып, қорғауға тырысты.
«Ойда берілетін» болмыс болмайды деді. Наторп математика априорлы формалар мен сезімдерге емес, ойға құрылады, сол себепті уақыт пен кеңістіктің мазмұнын білу ол үшін маңызды емес деген ой айтады. Кейінгі зерттеулерінде ол Канттың идеализмінен бұрынғыдан да алыстап, Гегельдің онтологиялық идеализміне жақындайды. Этиканы «ақылға» (логосқа) тәуелді ету арқылы П.Наторп этикалық нормалардың қоғамдық өмірден бастау алатынын мойындағысы келмейді.
Марбург мектебінің ортодоксальды көзқарастарын Э.Кассирер (1874-1945 жж.) 1920 жылдарға дейін жазылған еңбектерінде дамытты. Жаңа заман логикасының тарихы мен таным теориясы және философиясы таным туралы неокантшылдық ілім пайда болғанға дейін қалыптасты деді. Э.Кассирер «Канттың ғылыми объективтілігі» мәселесін ғылымның жалпы әдістемесі ретінде тар аяда сәтті қызмет ететін абстракция түрінде қарастырады.
Оның философиясында ойлау мен қабылдаудың формалары тәжірибе мен танымның жүзеге асуының шарты болатыны туралы Канттың идеясы өзінің жалғасын тапты. Канттың қабылдау мен ойлаудың априорлық формалары «біздің өмір туралы түсініктерімізді» анықтайтыны секілді, Э.Кассирердің «мәдениет формалары» да «біздің өмір туралы түсініктеріміздің» жалғыз ғана формасы болып табылады. «Символдардың жүйесінен тұратын» барлық мәдениеттің жасалу формалары «әлемді бейнелеп көрсетіп қана қоймайды, ойлаудың, түсінудің, бейнелер мен қиялдардың, суреттердің сан алуан амалдарын да көрсетеді».
Э.Кассирер тарихи оқиғаны себептердің жинақталған нәтижелерінен де жоғары тұрады деп есептейді. Құбылысты сипаттау және түсіну оған әсер еткен барлық себептерді тауып, жинақтап көрсетуден тұрмайды. Құбылысты түсіну дегеніміз – оны түсіндіру, оның жүзеге асқан тетіктерін тұтастықта қарау, яғни ерекше жинақтау дегенді білдіреді. Оның ойынша, «тарихи түсіну» – интеллектуалдық жинақтау әдісі тарихи ескерткіштерді жүйелеп, түсіндіру арқылы тарихи шындықты қайта толық қалпына келтіру, ол тарихи түсіндіру әдісіне, яғни тарихи процесте жүзеге асып, тарихтың тұтастығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды анықтауға мүлдем қайшы келмейді. Ол әлемді түсінудің, бейнелеудің, сезудің, танудың бір формасы, мәдениет әлемінде адамның объективтенуінің бір жолы ретінде ғылымды мәдениетпен біртұтастықта қарастырады.
Марбург мектебінің неокантшыл өкілдері ғылым туралы түсініктерге қатысты өзгерістерді, әлемнің жалпы ғылыми бейнесі жөніндегі пікірлерді өздерінше түсіндірді. Канттың теориялық мұраларына сүйене отырып, олар адамзат ақылының қазіргі ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудағы белсенді контруктивтік рөлі туралы өздерінің пайымдарын ұсынды. Осы пайымдарына сәйкес, адамның ақылы әлемді бейнелемейді, керісінше, оны туғызады. Сөйтіп тегінде байланыссыз, жүйесіз болмысты өзара байланыстырып, тәртіп орнатады. Жекелеген заттар мен процестерге тән жалпы қасиеттерді механикалық жолмен абстракциялау логикалық әдісі арқылы алынған болмыстың өзгермейтін әр жалпы субстанцияларын табудан принципті түрде бас тарту жаңа пайымды дүниеге әкелді. Ол пайым адамзат ақылының шығармашылық жаратылыс күшіне сенім артады. Марбургтықтардың ойынша, ғылыми пайымдардың және осыған сәйкес дүниедегі заттардың логикалық байланысы функционалдық байланысқа негіз болады.
Ғылыммен анықталатын ақиқаттың жалпы қажеттілігін негіздеу үшін Канттың беделіне сын айта отырып, шынайы затқа емес, субъектіге сүйене отырып, Марбург мектебінің өкілдері Канттың теориялық мұрасынан «жасырын заттар» ұғымын шығарып тастады. Өз алдына дербес тіршілік ететін объектілер мүлдем жоқ, тек ғылыми ойлау актісі туғызатын заттық әлем бар деп пайымдады. Марбурлықтар алгебра мен геометриядағы қажетті әрі жалпыланған пікірлерге негіз болған сезіммен пайымдаудың априорлық формалары ретіндегі Канттың уақыт пен кеңістік туралы ойларын сынға ұшыратты. Олардың ойынша, уақыт пен кеңістіктің мәні сезіммен пайымдаудың априорлық формалары болуында емес, ойлаудың формалары болуында.
Марбургтықтар танымдық әрекет барысындағы шындықтың практикалық та емес, тіпті материалдық тәжірибенің де емес, теориялық және логикалық өлшемдерінің маңызды рөлін ерекше атап көрсетеді. Себебі практикада және материалдық тәжірибеде көптеген математикалық абстрактілі теорияларды тексеру мүмкін болмайды. Марбургтықтардың ғылым тарихын ғылыми ойлар мен мәселелердің ішкі даму логикасынан тыс түсіну мүмкін болмайтындығы туралы ойлары да ерекше назар аударарлық. Ғылым тарихындағы адамзаттың ақыл белсенділігінің өсуі оның басты заңдылықтарының бірі болып табылады. Олардың ғылымды адамзаттың рухани мәдениетінің ең жоғары формасы деп мойындауына келіспеске болмас. Шынында да, ұғымдар мен теорияларда адамның жоғары шығармашылық қабілеттері объективті сипат алады.
Сонымен бірге, олардың бағдарламаларының кемшілік жақтары да болды. Бұл кемшіліктер олардың философия сахнасының төрінен кетуіне әсер етті. Біріншіден, білім мен болмыстың байланысына құрылған классикалық гносеологиялық мәселелерді қарастырудан бас тартуы оларды иррационалды волюнтаризмге әкеп соқтырды. Екіншіден, олардың антисубстанционалды және антиметафизикалық турасындағы шабытты ойларының бірізділігі болмады және қайшылықты болды. Марбургтықтар, түптеп келгенде, әлемнің субстанционалдық негізін Құдай мен Логос құрайды деген метафизикалыққа сілтейтін пайымдаулардан толық бас тарта алмады.
Неокантшылдардың Фрейбург (Баден) мектебі В.Виндельбанд, Г.Риккерттің есімдерімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет