Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы



бет21/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
«Есуас адам» атты үзіндісінде ол өзінің атақты «Құдай өлді! Біз оны өлтірдік!» деген сөздерден тұратын пайымын ұсынады. Ницше біз үшін бүгін рухтың дамуы өте маңызды болғандықтан да, «Құдайға лайықты болу үшін біз өзіміз оған бет бұруымыз керек» дейді. Адами көзқарастарды ауыстыру идеясы «сенімсіздікке сенуді» уағыздайды. Сенімсіздік, яғни өлім мен іштей ойран болу сырттан мәжбүрлеумен келген, қоғамдық сананың әсерінен қорытылмаған көзқарастардан бас тартып, құндылықтарды қайта бағалауға әкеледі.
Осы мәселелер «Заратустра депті» деген кітабында жан-жақты қарастырылады. Бұл кітап Ницшенің философиялық ғұмырындағы үлкен бетбұрыс әкелген туынды болып есептеледі. Ол бұл кітабын «адамзат қол жеткізген барлық кітаптардың ішіндегі ең мазмұндысы» деп бағалайды. Заратустраның образы – адамның санасынан жоғары қалыптасушы адамның бейнесі болып табылады.
Ницше рухтың адамға айналуының үш сатысын Заратустраның сөзімен жеткізеді: «рух – нарға, нар – арыстанға айналған соң, арыстан сәбиге айналады». Рух еркіндігіне жету жолында, ең алдымен, әлсіздігіңді жеңу үшін қиындықты көру керек. Ендеше «менменділігіңді басу үшін қорлық көру керек дегенді білдірмей ме бұл? Төзімі мықты рух қандай қиындыққа болсын, төтеп бере алады, ол жүк артылған нар сияқты өте төзімді... ол өзінің шөл даласына асығады», сөйтіп өзін жалғыздыққа душар етеді.
Дәл осы сияқты адам да «қиындықтың бәрін көтерем деп», өзімен-өзі күреседі. Бұл күресте ең соңғы қарсыласы – адамгершілік заңдарды, «міндеттісің» деген моральдық императивті жеңуі керек. Ол адамның ең соңғы қарсыласы – соңғы «аждаһа» да, «төре» де, «Құдай» да. Бұл майданда адам арыстанға айналады: «арыстанның рухы: мен осыны қалаймын» дейді». Осылайша, ол өмірдегі құндылықтарын қайта бағалап, жаңасын қалыптастыру құқығын жеңіп алады. Бала болу деген сөз – бұрынғы қалыптасқан көзқарастарды қабылдамай, «жасампаздық ойынына» деген ықылас-талғамға қайта ие болу дегенді білдіреді. Әлемді және өзіңді ойын деп қабылдап, онымен бала сияқты ойнау дегеніміз – өзіңдегі дионистік бастауларды ояту деген сөз. «Иә, бауырларым, жасампаздық ойыны үшін, наныммен айтылатын қасиетті сөзіңізді табуыңыз керек: енді рух ерікті болғысы келеді, адасқан рух өзінің орнын тапқысы келеді». Жоғары Адам болудың жолы осы.
«Билеу еркі» кітабында Ницше өмірде өз орнын табуға ұмтылдыратын ең басты жасампаз күш – ерік дегенді айтады. Билеу еркі – көптеген еріктердің мәңгілік шайқасы, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысы. Өзінің іліміндегі негізгі ұғымдарды ескі философияның тыйымдарынан тазалайды. Сөйтіп, ол еркіндік ұғымына ерекше мән береді. Жоғары Адам ерікті жүзеге асырушы ең жоғары орталыққа айналған кезде еркіндік өмірдің жалғыз ғана мақсатына айналады.
Өзіңе деген еркіндік пен өзіңді-өзі жек көру – өмірде өз орнын тапқысы келетін жоғары Адамға тән басты ерекшелік. Жоғары Адам туралы түсініктерді ақиқатты мойындау еркі деп те қарастыруға болады. Ол «Жақсылық пен жамандықтың екінші жағы» деген еңбегінде осы туралы айтады.
Жоғары Адам идеясы «өмірге қайта оралудың қатаң заңы» болып та есептеледі. Заратустра айтқандай, «Өмір, мен сені сол күйіңде қабылдаймын: сен маған мәңгілік берілдің, маған қуаныш болып, менің қалауларым болып қайта ораласың; тағдырымды сенімен қосқан дөңгеленген шексіз дүние мен сені шексіз сүйемін». «Өмірдің мәңгілік қайта оралуы» заңы өмірден босау, таңдау, жаңару және жақсару дегенді де білдіреді. «Құдайдың өлімі» пайымы «ерікке тұсау болатын адамилықтың өлімі» туралы идеясымен үндеседі. Күнделікті өмірдің мәніне айналып, құндылықтардың сыртқы түр-тұрпатына айналған нәрсе ғана өледі. Өлген соң Құдайды Жоғары Адам алмастырады, сонымен бірге алдағы өзгерістердің жақсы нышаны болып мереке, мейрам да біртіндеп енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет