Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


«Өмір философиясы»: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон



бет19/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
«Өмір философиясы»: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон
XIX ғасырдың екінші жартысынан кейінгі кезеңде Германия мен Францияда «өмір философиясы» деген атау алған жаңа ағым қалыптасты. «Өмір философиясының» негізін салушы Артур Шопенгауэр (1788-1869 жж.) рационализмді де, Гегельдің идеализмін де, Фейербахтың материализмін де сынға алды. Ол өзінің философиялық жүйесін «Кант пен Платонның және үнді буддистері идеяларының қоспасы» ретінде дүниеге келді деп айтты. Кант ұсынған категориялардың ішінен ол тек «себептілік» категориясын ғана мойындайды, дегенмен одан өзге уақыт және кеңістікті де категориялардың қатарына қосады. Практикалық ақылдың теориялықтан басымдылығы жөніндегі Канттың ойларынан өзінің ерік бастауларының басымдылығы жөніндегі ілімінің бастауларын көреді. Үнді философиясындағы «майя» ұғымы мен «нирванаға» берілу идеалы оның назарын ерекше аударды.
Шопенгауэрдың ойынша, біздің тәжірибемізге феноменалдылық тән, ол категориялық тәртіпке түскен және «майяға» ұқсайтын ой-елестеріміздің жиынтығынан тұрады. Бізді қоршаған құбылыстар әлемі – субъектілердің (адамдардың) сезімдік-интуитивтік ой-елестерінің жиынтығы. Жер, теңіздер мен үйлер, адамдар, адамдардың тәні ой-елес нысандары болуымен мәнді. Сондай-ақ, субъект-адамдардың өздері де ой-елес нысаны болып табылады, сондықтан феномендер әлемі тіпті ой-елестен басқаша, ол буддалық «майя» секілді қиял әлемі.
«Құбылыстардың» арғы жағында «жасырын заттар» әлемі бар, ол бір метафизикалық Ерік-жігер сияқты. Ол жалғыз болғанымен, белгілері сан алуан. Ең басты белгілеріне мыналар жатады – гравитация, магнетизм, химиялық ұқсастықтардың күші, жануарлардың өзін-өзі сақтауға ұмтылысы, жануарлардың жыныстық инстинкті мен адамдардың түрлі сезімдері (құштарлықтары). Бірақ Канттың философиясынан өзгешелігі, Шопенгауэрде Ерік жасырын зат болса да танылады немесе оны тануға мүмкіндік бар деді. Оны Күш немесе Жігер (қуат) деп атау түсініктірек болады.
«Ерік пен Елестер ретіндегі әлем» деп аталатын кітабында Шопенгауэр еріктің онтологиясын қарастырып, барлық философтардың жіберген қателігі – адамға негіз болатын интеллект деуінде, шын мәнісінде, адамға негіз болатын тек ерік-жігер ғана деді. Ерік-жігер адамның негізі болып қана қоймайды, ол сондай-ақ әлемнің де ішкі негізін құрап, оған мән береді.
Шопенгауэр бойынша біздің болмысымызды екі әлемге бөлуге болады – «бергі жақ» беті және «арғы жақ» беті. Алғашқысында себептілік заңы үстемдік етсе, екіншісінде заттардың нақты формасы мен құбылыстар аса маңызды емес, жалпы трансцендентті мәнді нәрселер маңызды. Күнделікті өмірде ерік-жігер эмпирикалық (тәжірибемен келеді) сипатқа ие және оған шектеу қойылады. Адам күнделікті тұрмыста үнемі таңдау жасайды, бірақ солай бола тұра, еркін ерік-жігерін тежеп, шектеп отырады. Шопенгауэрдің ойынша, «эмпирикалық әлемнен тыс» болған кезде ерік-жігер себептілік заңына тәуелді болмайды. Бұл жерде ол заттардың нақты формасына, уақытқа байлаулы емес; адам мен әлемге негіз болатын мәнге ие болады.
Жаратылыстану ғылымын жақсы меңгерген Шопенгауэр табиғаттың барлық қасиет-белгілерін әлемдік Ерік-жігердің шексіз бөлшектенуімен, «объективтенуімен» түсіндірді. Адамның тәні де осындай объективтендірілген. Ол индивидті және оның ой-елесін, түсініктерін әлемдік Ерік-жігермен байланыстырады. Әлемдік Ерік-жігердің елшісі бола тұра, бұл ой-елестер мен түсініктер адамның ақыл-есін көрсетеді. Тән арқылы әлемдік Ерік-жігер адамның барлық әрекетінің басты тірек күшіне айналады. Әрбір ерік актісі тәннің әрекетін туғызады немесе керісінше. Аффектілердің (эмоциялар мен құштарлану) табиғаты мен адамның мінез-құлқына түрткі болған себептер де осымен түсіндіріледі. Бұл аффектілер мен мінез-құлықтар белгілі бір орында, уақытта және жағдайда адамның тілек-қалауларымен анықталады. Ал ерікке қажеттілік (мотивация) заңына бағынбайды, бірақ адамның мінез-құлқына негіз болады. Ол адамға әуел бастан «берілген» және адам оны өзгерте алмайды. Шопенгауэрдің бұл ойы дау туғызуы мүмкін еді, бірақ оны кейінірек З.Фрейд өзінің санадан тыс әлем туралы ілімінде қайта қарап, негіздеді.
Еріктің адам рухы формасында даралануы объективтенудің ең жоғары деңгейін білдіреді. Ол өнерде ерекше танылады, өнерде ерік шынайы, «таза» түрінде іске асады. Шопенгауэрдің осы пайымдаулары данышпандық теориясына негіз болды: данышпан, ол бұл әлемнің адамы емес, сондай-ақ ол негізделген заңдарға бағынбайды (ол заңдарға бағынатын сана ақыл мен сана-сезімнен жасалатын ғылымды жасайды), данышпан ерікті, себебі ол себеп, салдарлар әлемінен алыс. Сондықтан да ақыл-есінен айырылудың сәл-ақ алдында жүреді. Осылайша данышпандық пен ақылдан алжасудың тоғысатын жерлері бар.
Шопенгауэр ерікті рационалдық философиядағыдай біздің жеке әрекеттерімізден іздемеу керек, адамның күллі болмысы мен оның мәнінен іздестіру қажет деген. Күнделікті өмірде адамдардың түрлі себептер мен салдардың, уақыт пен кеңістіктің нәтижесінде жасап жатқан әрекеттерін жиі көреміз, сөйтіп өзіміздің еркімізге шек қоямыз. Бірақ бұл әрекеттердің шын мәнісінде сипаты бір, сондықтан да олардың себебін табу мүмкін емес.
Бұл пайымдаулар ерікті, еркіндікті жоққа шығармайды, ол күнделікті өмірден жоғары тұрған әлемге ғана тиесілі. Адамның санасы оны тануға қабілетті емес. Еркіндікке әуел бастан трансцендентальдылық тән. Бұл дегеніміз, әрбір адам әуел бастан ерікті, оның істеген істерінің барлығына ерік негіз болады.
Бақыт ұғымын негіздеуде де Шопенгауэр әдеттегіден тыс көзқарас ұстанады: адамдар барлық замандарда рақатқа, бақытқа ұмтылды, бірақ олардың теріс жақтары бар. Себебі, бақыт пен рақат – шын мәнісінде жамандық атаулының жоқ болуы. Басқаша айтқанда, бақыт дегеніміз уайым-қайғысыздық.
Шопенгауэр иррационалды көзқарастарды нығайтуға бастау болды, Еуропа философиясында адамды тек ойлайтын құралмен теңестірген рационалды көзқарасқа еріктілік компонентін қарама-қарсы қояды. Еріктің алғашқы екендігі туралы идеяларын Фр. Ницше, А. Бергсон, У. Джемс, Д. Дьюи және т.б. қолдап, әрі қарай дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет