Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет138/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін 
ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау 
хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 370 б. 
2.
Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. – Егемен Қазақстан.- 3 
Шілде, 2017 .
3.
 
Ізтілеуұлы Т. Шығармалары. Екі томдық. –Астана: Фолиант, 2009. – Т.1. 
Өлеңдер, көңілқостар, нақыл сөздер. –382 б. 
4.
 
Карбозов, Е. К.
 Т.Ізтілеуов шығармашылығындағы адамгершілік мәселелер: 
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған 
диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2005. - 24 б. 
5.
Таубаева , Ш. Т.
Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің тарихи 
негіздері / Ш. Т. Таубаева, С. Т. Иманбаева, Қ. М. Солтанов // Ұлттық тәрбие . - 2017. -
№1(37). - С. 19-25.
6.
Жанбершиева Ұ. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің поэтикалық шығармашылығы. 
Кандидаттық диссертация авторефераты. - Алматы, 1990.
7.
Тұяқбаев Ғ. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармаларындағы исламдық-
ағартушылық сарын // Мәдени мұра - асыл қазына. - 2013. - №4. - С. 47-52. 
8.
Кәрібозов Е. К. Тұрмағамбет Ізтілеуұлының ақыл-нақыл сөздері // ҚазҰУ 
хабаршысы=Вестник КазНУ. Сер. Филологическая. - 2014. - № 2. - 168-170 б.


300 
ҒАЗИЗА ӘБІЛДА ЛИРИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
 
 
Құлымбетов М., Оралова Г.С. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Ақын жайлы Ж.Баласағұн: «Ақын көңіл теңізіне батады – Інжу, гауһар, жақұт 
нұрын шашады» деген екен.
«Ақын-поэзиялық туындыларды, өлең, жыр-дастан, поэмаларды ауызша айтып не 
жазып шығаратын өнер иесі» [1]. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін 
лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал нағыз 
лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс.
Сыр өңірінде ұлттық өнерге, қазақ поэзиясына үн қосып жүрген ақын-қыздар 
дегенде аға буын өкілдерінен Сәнімкул Желдірбаева, Қатира Жәленова, жас ақындар 
Назгүл Бердіқожа, Толқын Қабылша жарқ ете көрінеді. Солардың ортасынан өмірдегі әр 
құбылысқа зер сала қарап, байсалды
 
бағалайтын ақын Ғазиза Әбілданың поэзиясы ерекше 
дараланады. Әйел адамның жан-дүниесі жомарт әрі кірпияз келеді. Осы мінез ерекшелігі 
Ғазиза өлеңдерінде кездеседі. 
Әрине қалам мен әйел жүгін қатар алып жүру үшін үлкен 
күш керек. 
Сан қилы сезім толқыныстары ол ақынның жүрегі арқылы өтеді. Ақындық 
Ғазизаға берілген-болмыстың ерекше сыйы. Ғазиза ол ең бірінші-ана. Ана жанына өнерді 
серік еткен. Ғазизаның ерекшелігі нәзік жанды әйел, ана бола тұра, қиындыққа мойымай, 
өлеңнен теріс айналмай, өнерге деген адалдығын дәлелдей білген, өзінің қуанышы мен 
ішкі күйзелісін, өмірден түйгендерін өлеңге ақтара алатындығында болса керек.
Ал қазақтың ұғымында, талант – ана сүтімен бойға даритын туа біткен қасиет. 
Ақындық та солай. Ғазиза Әбілданың 2011 жылы «Тұмар» баспасынан жарық көрген 
«Таңсәрі» атты өлеңдері мен публицистикалық жанрдағы шығармалары, мақалалары 
енгізілген кітабы қолыма тиді. Бұл жинақ ізденіс іздері мол, көркемдік-рухани әсері 
жоғары, суреттеу амал-тәсілдері, шеберлігі өзара үйлесім-тұтастық тапқан тағылымды 
туынды екен. Осы еңбектің алғы сөзінде Жақсылық Раматулла Ғазизаның 
шығармашылығына қатысты «Сыр бойында туып, Қорқыттың қоңыр сазынан суысындап 
өскен сезімтал жан» деген пікір білдіреді.

Алматы қаласында өткен жас әдебиетшілер жиынында


 
Тұманбай Молдағалиев пен 
Ақұштап Бақтыгереева Ғазизаның өлеңдерін үздік деп бағалап оның «Ана мен адасқан 
ұл» атты өлеңін былайша талдаған. Өлеңнің алғашқы тармағы «...Кеш күмәнді, түн уайым, 
таң үміт» деп басталады. Т.Молдағалиев :«Қазақта екі ауыз өлең құрамайтын адам кемде-
кем. Бірақ мына өлеңнің алғашқы жолынан-ақ бүкіл мазмұны айқын аңғарылып тұр. Ой 
бар, тұжырым бар, үйлесімді сөз, жүрекке жетер түйінді мағына бар деп бағалаған. Ғазиза 
Әбілда шығармашылығындағы басты тақырыптар – атамекен, туған жер, ел-жер 
мұраттары, достық жырлары, махабат тақырыптары көркемдік-рухани мұраттар 
тұрғысында кемел де келісті сипаттарымен әр буын өкілдерінің талап-талғамдарына 
жауап бере алатын туындылар. Ақын ізденісі мен көзқарас мұраттарынан жаңа уақыт 
бедері, тәуелсіздік талаптары да көрініс береді. Ғазизаның жырлаған тақырыбы жанрлық 
ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Жанрлық тұрғыдан зерделесек, өлең, 
мысал өлең, арнау өлең, жазбаша айтыс деп жіктеп қарастыруға болады.
Қуандық МәшҺүр-Жүсіп «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» деген 
еңбегінде «Поэзия адам сезімін бейнелеуде тура айтуды да, тұспалдауды да, қарапайым 
түсінікке лайық ұғынықты өрнектеуді де, сипаттап жеткізуі қийын күрделі мегзеу, 
шарттылықты да кең пайдаланады»,- [2.,15] деп адам жанының қалтарыстарын ашудағы 
поэзияның ықпалды орнын айқындаған.
Ғазизаның 
өлеңдері тақырыптық жағынан алып қарағанда кілең лирикаға 
құрылған деуге болады. Оған мөлдірлік, тазалық тән. Жасандылық жоқ. Өлеңдерінде 
терең сезіммен баурап әкететін табиғилық басым. 


301 
Табиғаттың тылсым жұмбақ жанына үңілу оңай шаруа емес, сол табиғаттың ішкі 
дүниесінде болып жатқан құбылыстарды «Көктем» деп аталатын өлеңінде «Жер ана да 
жігі босап, Жатыр көзге жас алып» деп оқырманының да көңілін әдемі күйге бөлейді. 
«Қыс дария шегіншектей, 
Шешкені ме бел жаңа. 
Кербез сұлу келіншектей,
Керіледі кең дала. 
Жылғаларда су бұраңдап,
Сөгіледі сең жаңа. 
Көл жағалай құлдыраңдап, 
Жүгіреді Жел-бала... [3.,8] 
Ғазиза Әбілда лирикасының табиғатынан ұлттық болмыс бедері, қыс өтіп 
көктемнің келгенін «Қыс дария шегіншектей, 
Шешкені ме бел жаңа деп кейіптеу тәсілімен көктемгі дала көрінісін, келіншекке 
теңеп,
Жылғаларда су бұраңдап,
Сөгіледі сең жаңа. 
Көл жағалай құлдыраңдап, 
Жүгіреді Жел-бала... деген метафоралық көркемдеу құралдармен әрлеп, өлең-жыр 
етіп төгілтіп, «Көкірегіме-гүл бағыма, Қайта оралды бақ бүгін» деп сырлы да нәрлі түрде 
лирикалық кейіпкер сезімі қиял қанатымен қанаттанып, құштарлық, өмірге сүйіспеншілік 
сезімдері түрінде өріс алады. 
Ғ.Әбілда поэзиясында ақынның өмірге деген құштарлығы, өнерге деген шынайы 
ілтипаты «Таңсәрі», «Ақын жүрек», «Жақсыға құмар жүрегім», «Бес 
күн жалғанда», «Халқымның бір қызы едім», «Нанталап», «Өмірге келдім адам боп», 
«Шумақтар», «Ақын мұңы», «Көңіл көкжиегі» деген өлеңдерінде шынайы суреттеледі. 
Ақынның кез келген тақырыпты толғаусыз толғап, қиыннан қиыстырып жаза 
бермегені айқын аңғарылады.
Біреулер өліп, біреулер жеңіп бәйге алған. 
Жанашыр таппай, жазықсыз қайран тектілер, 
Жазалы болып жер түбіне де айдалған, 
Өмірдің өзі құрулы жатқан қақпандай, 
Қапысын тауып, капқалы аңдып жатқандай. 
Адам боп тудым, адам боп өлсем өкінбен, 
Арым мен асқақ абыройыма дақ салмай. [3.,20] 
«Шағала көңіл» деп аталатын бұл туындысында өзінің бақытын дүниеден тапқан 
тоғышарларға ұқсағысы келмейді. Адамдық істі ардақтау, ақынның өмірге деген 
құштарлығы, өнерге деген шынайы ілтипаты айқын аңғарылады. Лирикалық кейіпкердің 
ішкі жан әлемін беруде теңеуді өзінің дүниетануына сәйкес етіп бейнелейді. Ғазиз Райыс 
«Сөз өнері теориясы» деген еңбегінде лирикалық кейіпкер ұғымына ақытама берген: 
«Көңіл-күйлік 
(лирикалық) 
кейіпкер 
дегеніміз- 
көңіл-күйлік 
(лирикалық) 
шығармасындағы автордың өзі немесе көңіл-күйдегі (лирикадағы) автордың ойына арқау 
болған адам». [4.,86] 
Образ жасауда ақынның өзіне ғана тән даралық сипат ерекшеліктері барлығы 
аңғарылады. «Көңіл көкжиегі» өлеңінде
Жаңылған бағытымды жаңа таптым,
Жетегінде еріксіз бара жаттым. 
Поэзия-періменен көңіл қосып,
Өлең деген өміршең «бала» таптым [3.,14]. 
Ақын Ғазиза «Анама», «Әке-Ана» деген өлеңінде ана мен бала махаббатын, әкенің 
мейірім шуағын кең көлемде ашады. Автордың өзі Мұқағали ізімен деп атаған жыр 
жолдары көркем теңеулер жүйесін құрап, ән әуезіне сұранып тұрғандай әсер қалдырады. 


302 
Сенің әсем жайлы даусың күліп аққан бұлақтай, 
Сенің жұмсақ алақаның жағадағы құрақтай. 
Өнегең мол өміріме жетелейтін шырақтай, 
Құшағың кең, шетсіз, шексіз жазиралы қыраттай [3.,14]. 
Туған жер тарихы, атамекенге деген құрмет бәрі – Ғазиза шығармашылығында 
әдемі үйлесім тауып тұр. 
Негізінен, Ғазизаның өлеңдерінде туған жерінің ғажап сұлулығы әр қырынан 
суреттелген. Қарт Аралмен сырласу» және «Туған өлке» деп аталатын өлеңінде: 
Асықпын туып-өскен аулыма,
Аулым, ағайын бауырыма. 
Төсінде жылап жатып жұбанамын, 
Тағдырдың тап болғанда «дауылына»,- деп туған жерге деген перзенттік сезімін 
ақын шынайы сүйіспеншілікпен, көңілінің мұңын астастыра жеткізе алған. 
Қ. Жұмалиев: «Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе, 
арнау дейді» [5., 132] 
Лирикалық арнау – әлемдік поэзияда көп таралған жанр. Ақын басқаға қаратып 
жыр арнау арқылы өзі туралы емес, өзінің сезім-күйі арқылы өзге туралы ой қозғайды. 
Ортақ мәселеге үн қосады. «Ақын Фаризаға», «Ақын тойына арнау Жақсыбай 
Сарбалаевқа арналған өлеңінде, Мардан Байділдаевқа арналған «Даламен үндесіп дархан 
жүрек», ұстазы Қайнарбаева Гүлсанаға арнаған «Алғашқы ұстазым», Кежеғара 
Сүлейменовке арнауы «Көңілі көлдей шалқыған» өлеңдерінде еңбекпен өскен ел 
азаматтарына деген құрмет сезімі өріледі 
Ақын поэзиясының көкжиегі кең. Көркемдік көкжиегі, тілдік мүмкіндіктері мол. 
Таныс тақырыпты әр қырынан байытып, түрліше суреттейді. Алуан салыстыруларға 
барады. Олар табиғи, шындық сипатында өріс алады. 
Ғазиза Әбілда эпитет (айқындау) жасауда кербез сұлу, қатал жауға, жас ғұмыр, 
жартыкеш бақыт, жары мұң, көзсіз қиял, асау толқын, жарым жанға, асау айдын, көк 
аспан, шағала көңіл, тылсым үн, алау нұр, көк күмбезді ақ шарбы бұлт, алтын бесік секілді 
көркемдегіш сөз бедерлерін қазақ өлеңін өзіндік өзгешеліктеріне сай сыр-сипаттарымен 
жеткізеді. 
Мен-қыранмын, құлашымды жазамын,
Арамдықтан, қараулықтан тазамын [3.,27] деп жырлаған Ғазиза 
лирикасында нақты дүниетанымды байқататын метафоралар (алмастыру) жүйесі мол. 
Мәселен «Жел-бала», Жер-ана», Күн-Ана», Мен-қыранмын», «тағдыр-ұстаз» секілді 
ауыстырулар ақынның өмірге көзқарасын байқатады.
«Құстар дауы» деп аталатын мысал өлеңінде құстардың билікке таласуын 
«ауызбіршілік» деген берік ұғымға түйіндеп қыран сөзі арқылы қараулық пен арамдықтан 
таза болуға, адалдықты ту етуге шақырады. 
Хат жанрындағы жазбаша айтыс Сыр сүлейлерінде дәстүрге айналған жанр түрі. 
Ғазизаның аталған кітапқа енген жазба айтысы Сыр өңірінде кеңiнен қолданылған 
шығармашылық үрдiстiң занды жалғасындай туынды деуімізге болады. Еңбек ауылының 
ақыны Ғазиза мен Мақпалкөл ауылының ақыны Кендебай Атырауовпен сөз сайысында 
суырып-салмалықтан гөрі жазып айтысқа түскендіктен жазба айтыста поэзияға 
қойылатын талаптар сақтала жазылған. Ақындар көркемдік, теңеу, образдау, сөздің қуаты 
мен шеберлігінің деңгейін танытуға тырысады. Екі ақын да өз туған жерлеріндегі көрнекті 
тұлғаларын дәріптейді, елдегі ауылшаруашылықтың жайын сөз етеді. Өз кезегінде екі 
ақын да өз ауылындағы игiлiктi iстердi жүйелей баяндаған. Өзiнiң және қарсылас 
ақынның ауылдарындағы жағымды жағдайлар мен кемшiлiктердi уақыт тынысына сай 
шыншыл және сыншыл тiлмен жырлайды.
Поэзия мен махаббат – бір-бірінен айрылмайтын егіз ұғым. Әрбір ақынның ой-
түйсігіне қарай махаббатты әркім өзінше жырлайды. 


303 
Ғазиза өмірдің өзі махаббаттан бөліне алмайтынын, тек сол сезім арқылы бір-бірімен 
жарасым, үйлесім табатынын айтады. 
Анаға сүйспеншілік, досқа құрмет, бобегіне деген мейірім, Отанға перзенттік, 
туған топыраққа борыштық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы 
ең асыл сезімдердің бірі – адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Әзілхан 
Нұршайықов «Махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал 
адамгершілігі жоқ кісінің жүрегіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды» деген сөзінің 
мәнін өз шығармашылығы арқылы танытқан Ғазиза ақын поэзиясының жастарға берер 
ғибрат мол.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Әдебиеттану терминдер сөздігі. –Алматы, 1998-383 б. 
2 .Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар – 1999-440 б. 
3. Ғазиза Әбілда.Таңсәрі. Тұмар, – Қызылорда, 2011-205 б. 
4.Ғазиз. Райыс. Сөз өнері теориясы. – Алматы, 2010-523 б. 
5. Қ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. – Алматы,1969-243 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет