338
бұл – жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,1 процентке (6,3 мың адамға) көп. Жалпы, жеке
кәсіпкер болып тіркелген әйелдердің үлесі 47 процентті құрап отыр (бір жыл бұрын 46,9
процент еді) [3].
Қазақстандағы жеке кәсіпкер әйелдер мынадай салаларда шоғырланған (сурет 1).
Сурет 1. Кәсіпкер
әйелдердің салалық құрылымы
Бизнестің бастапқы кезеңіндегі әйел мен ер адамдардың арасындағы біршама
айырмашылық көп жағдайда әйел адамдар кәсіпкерлікті қалыптастыруда көбірек
қиындықтарға тап болатынын көрсетеді.
Олар:
- ішкі жауапкершіліктің жоғары дәрежесі;
- білім деңгейінің төмендігі;
- әйел адамдық ролдік модельдердің болмауы;
капитал мен активтердің болмауы;
өзі-өзіне деген және бизнесте табысқа жету қабілетінде сенімділіктің болмауы.
Қазақстан әйелдердің құқығын қорғауға және олардың мүдделерімен санасуды
міндеттейтін барлығы 60-тан астам халықаралық пактті ратификациялаған.
Қазақстан әйелдері экономикада 26-орын, бизнесте 30, білім саласында 36,
денсаулық сақтауда 46, саясатта 93 орын алады. Саясаттағы осы төмен көрсеткіш басқа
индекстерді төмен тартып кетіп тұр. Және ол жыл сайын тек құлдырау үстінде, мысалы,
2016 жылы-ақ қазақстандық әйелдер 65-орында болатын. Ал әйелдердің шешім қабылдау
кезеңінде болуы өте маңызды [4].
OECD
атап өткендей, Қазақстанның гендерлік мәселелерді түсінуге және
мемлекеттік органдар арасында гендерлік теңдік туралы түсіндіру қажеттігін сезінуге
талпынысы бар. БҰҰ-ның әйелдерге қатысты шеттетуді жоюды Комитеті отбасыдағы
міндеттерді тең бөлу және бір саладағы гендерлік теңдік – жанама түрде ескі
патриархалдық нормаларды керісінше күшейтіп, гендерлік теңдікке кері әсерін тигізуі
мүмкін. Отбасыдағы, демографиялық және гендерлік саясаттағы, гендерлік бюджеттеудегі
біліктілікті арттыру Мемлекеттік басқару Академиясында өткізу көзделген. Бұл
Қазақстанның отбасы және гендерлік саясатының 2030 жылға дейінгі концепциясы
бойынша мүмкін болды.
Әйелдерді шеттетудің барлық формасын жоюға, гендерлік тепе-теңдікке ұмтылыс
– бүкәлемдік үрдіс. Дүниежүзілік Банктің мәліметі бойынша, әйелдерді шеттетуді жою –
бір жұмысшының еңбек өнімділігін 25 проценттен 40 процентке дейін арттыруы мүмкін.
Қазақстан үкіметі 2002 жылдан бері әйел-кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында
шаралар өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында ондаған мың әйелдер оқытылып,
жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін ашты. Халықаралық аудиторлық компания Ernst &
Young зерттеуі бойынша, 2030 жылға қарай әйелдер әлем бойынша шығынның 75
пайызын қадағалайтын болады.
339
Қазақстанда әйелдер үшін тең құқылық жағдай жасалып жатыр. Мысалы, «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры екінші деңгейлі банктерге шартты түрде
қаржы сақтау
бағдарламасын бастады. Бұл қаржы кейін әйелдер кәсіпкерлігіне шағын несие беруге
жұмсалады. Бұл әдіс Қазақстан әйелдерінің V форумында Президент айтқан тапсырма
бойынша жасалған болатын.
Бұдан бөлек, аталмыш қор Азия Даму Банкінің несиесі есебінен шағын-орта
бизнесті дамыту бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бұл несиенің шарттарының бірі -
несиенің кемінде 24 проценті әйел-кәсіпкерлерге берілуі тиіс.
Жалпы алғанда, екінші деңгейлі банктер арқылы «Даму» қорының барлық
бағдарламалары бойынша әйел-кәсіпкерлердің 5 мыңнан астам жобасы қолдау тапқан.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мыңнан астам әйел
кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидиясын алып отыр.
Мемлекет сонымен бірге кәсіпкерлік әлеуетті күшейту жұмыстары аясында оқыту
және кеңес беру жұмыстарын жүргізіп отыр. Мысалы, жұмыс істеп жүрген әйел-
кәсіпкерлер экономиканың өзі бейім саласы үшін «Назарбаев Университетінде»
дайындықтан
өтіп,
біліктілігін
шыңдай
алады.
Мұнда
әлемнің
жетекші
университеттерінен лекторлар шақырылып жүргені белгілі.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкер әйелдерге жедел
кеңес беру үшін кәсіпкерлікті қолдаудың көпдеңгейлі инфраструктурасы жасақталған.
Облыстарда – кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары болса, моноқалалар мен аудан
орталықтары деңгейінде – кәсіпкерлікті қолау орталықтары бар, ал
елді-мекендер мен
ауылдардар кәсіпкерлікті қолдаудың мобилді орталықтары жұмыс істеп тұр.
Осылайша, елімізде жалпы алғанда кәсіпкерлікті, жалқы алғанда әйелдер
кәсіпкерлігін тиімді пайдалануға барлық жағдай жасалған. Тәжірибе көрсеткендей,
әйелдер несиеге, жабдықтарға, технологиялар мен біліктілікке қол жеткізгеннен кейін,
оларды бақылау мүмкіндіктері де болса, олар өндірісін кеңейтіп, сату көлемін ұлғайтып,
өз кәсіпорнының тұрақты дамуына қажет табыс таба алады. Ендеше, әйелдердің әлеуетін
тиімді пайдалану, оларды экономикаға үлес қосуға ынталандыру түптеп келгенде
Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіруін жеделдете алады.
«100 нақты қадам» реформалар бағдарламасы мен гендерлік теңдіктің жаңа
стратегиясының жасақталуы – гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі ұсыныстарын тиімді
мониторинг жасаудың тамаша мүмкіндігі. Бұдан әрі қарай
мемлекеттік басқарудың
реформасы кезінде гендерлік проблематиканы уақтылы көтеруге оңтайлы сәт туады.
Сөйтіп, еліміз бұл сала бойынша жұмысты нақты қадамдар мен өлшеуге келетін нақты
нәтижелерге қол жеткізер еді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік Экономикалық
Форумның гендерлік алшақтық индексі бойынша 144 елдің ішінде 52-ші орын алды. Ал
«әйелдердің экономикаға қатысуы мен олардың мүмкіндіктері» көрсеткіші бойынша
республикамыз 30-орын; денсаулық индексі бойынша 36-шы орын, білім деңгейі бойынша
48-ші орын алды [5].
Қазіргі қоғамда жаңа психиологиялық келбеті бар әйелдер маңызды рөл ойнайды.
Соңғы жылдары табысты әйелдердің үлкен бір легі пайда болды. Ерлерге тәуелсіз, өз
бинесі бар, жоғары лауазымы бар әйелдер. Бұл енді дәтүрлі түрдегі мінез-құлқы бар әйел
емес, бұл тіпті басқа, жаңа психологиялық структура. Қазіргі әйелдер өз жолын өзі таңдап,
рухани және адами құндылықтарды өзі үшін өзі анықтайды.
Гендерлік саясаттың мақсаты – шынайы гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу. Ол
дегеніміз, азаматтардың барлығы таңдау құқығы мен өзінің және өзінің қабілетін даму
жолын таңдауға ерікті деген сөз. Оған шектеу болатын стереотиптер мен дәстүрлі
гендерлік ахуал. Гендерлік саясат жүргізу – демократия жолындағы маңызды
қадамдардың бірі.
Әдебиет
340
Прокофьева Л., Фести П., Мурачёва О. Женщины на рынке труда //
Социологический журнал. – 2006. - № 3. – С. 22-25.
Караханова Т.М. Профессиональная карьера мужчин и женщин //Социологические
исследования. – 2005. - № 11. – С. 74-81.
«ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ ӘЛЕУЕТІН
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР
САЛАЛАРҒА БАҒЫТТАУ КЕРЕК»Қыркүйек 14, 2018// kazgazeta.kz
Еркеназым Амангелдіқызы – 26.05.2018. Әйел кәсіпкерлер экономикасы дамыған
елдерде табыстырақ болады/ baribar.kz
О ситуации на рынке труда в IV квартале 2019 года1. Экспресс информация. № 36-
8/67 11 февраля 2020 г.
Достарыңызбен бөлісу: