Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет36/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   267
Список использованной литературы: 
 
1.
Multiple 
Benefits 
of 
Energy 
Efficiency. 
Официальный сайт IEA 
(Международное Энергетическое Агентство) - 
www.iea.org
, 2020 
2.
Официальный сайт Комитета статистики Республики Казахстан - 
www.stat.gov.kz
, 2020. 
3.
Казахстан повышает энергоэффективность экономики// Международное 
информационное агентство Kazinform, 2019. 
4. Натриевая лампа — статья из Большой советской энциклопедии (3-е издание) 
5. 
Байдаков С.Л. Гашо Е.Г. Анохин С.М. ЖКХ России./ Деп. ВИНИТИ 3 марта 
2005 г. № 305 - В2005. / 
www.rosteplo.ru/kniga_gkh.php
 
ҚАРАТАУ ЖОТАЛАРЫНДАҒЫ САУЫСҚАНДЫҚ ПЕТРОГЛИФТЕРІ 
 
Әлибай Б., Тәжекеев Ә.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мелекеттік Университеті 
Қаратау сілемдері – Тянь-шань тауының батыс бөлігінің жалғасы болып табылады. 
Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұсына Қаратау сілемдері 
жетіп жығылады. Тарихта өзіндік ерекше орны бар, қазіргі таңда маңызды ескерткіштер 
қатарында.
Қаратау ішінде көптеген археологиялық ескерткіштерге бай. Бұл ескерткіштердің 
басым бөлігі «Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. 
Қызылорда облысы» атты 2011 жылы жарыққа шыққан еңбекте жарияланған. Археолог 
Ә.Ә.Тәжекеев Қаратау ескерткіштерін бірден-бір зерттеуші белгіліғалым М.Елеуовтің 
археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде есепке алынған ескеркіштері бойынша 
бірнеше топқа бөледі: 
1.
Петроглифтер (жартас суреттері); 
2.
Обалы қорымдар (жеке обалар, «мұртты» обалар); 
3.
Қалашықтар; 
4.
Қоныстар[1]. 
Осылардың ішінде жартас суреттері ең көп кездеседі. Олар Қарасүйір, Қаратас, 
Қоспа, Құланшы, Күйкентай, Нарынбай, Нұрмаханбұлақ 1, 2, Табалдыбұлақ, Дарбаза, 


84 
Дәуітбайсаз, Қоскөл, Қаратоғай, Сатайбұлақ 1, 2, Сауысқандық, Шалабай, Тасбұлақ және 
т.б.[2].Мақалада аталған ескерткіштердің ең ауқымдысы Сауысқандық туралы 
баяндаймыз. 
Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі 
болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: 
Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, 
Таңбалы, Теректі-Әулие және т.б. Тәуелсіздік жылдары осы ескерткіштер жайлы құнды 
еңбектер жарыққа шыққан. 
Ал Сауысқандық петроглифтеріне келсек, Жартастағы бейнелер ғалымдар 
тарапынан зерттеліп, М.Қ.Қадырбаев пен А.Н.Марьяшевтың «Наскальные изображения 
хребта Каратау» атты кітабында жарияланған[3].2004 жылы археолог М.Елеуов 
географиялық координаттарын анықтап, жартастағы суреттерге толық сипаттамасын 
берген. Жартас суреттері Үлкен Сауысқандық және Бала Сауысқандық тауларының 
аралығында орналасқан суреттерді шартты түрде: 1, 2, 3, 4, 5 деп бірнеше топқа 
топтастырып қарастырады[4]. 
2005-2014 жылдар аралығында белгілі археолог З.Самашев жетекшілігімен 
жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Сауысқандық жартас суреттерін қола, ерте темір, 
ортағасырлық кезеңдерге және қазақтардың жартасқан салынған бейнелеу өнері 
туындылары деп кезеңдерге бөлініп, жүйеленді [5]. 
1-сурет. Сауысқандық петроглифтері. Фото Б.Е. Әлибайдыкі 
Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылынан солтүстік-шығысқа 
қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Олар Атасауысқандық, Баласауысқандық тау 
жоталары, сондай-ақ Сауысқандық өзенінің оң жағында орналасқан Сүлеймен 
жайлауының іргесіндегі Үлкеншоқы, Кішішоқы тау жоталары жартастарында 
салынған.Қаратау жартас суреттерінің мерзімдік ерекшеліктері ежелгі қола дәуірінен 
бастап, ортағасырлық қазіргі этнографиялық кезеңдерге дейін созылып жатыр. Жартас 
суреттерінің басым бөлігі қола дәуіріне жатады. Суреттер тіршілік тынысын бейнелей 
отырып, қола дәyipi адамзаттың шығармашылық дамуының жарқын кезеңі болғандығын 
айқындайды. 
Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни, жартасқа сурет 
салу өнері дами бастады. Жартастың теп-тегіс жазық бетіне аңдардың, адамдардың 


85 
бейнесін немесе белгілі бір сюжеттік желіге құрылған тұтастай композицияны 
шекімелеп түсірген. 
Бұл уақытта репертуарлары түрленіп, адамның қоршаған ортаға деген 
көзқарастары күрделеніп, шаруашылық-мәдени қызметтерінде технологиялықдамуы 
нәтижесінде ой-танымындағы өзгерістер жартастарға суреттермен салынады. 
Олар ашық аспан астында су көздерінде орналасып, түрлі культтік-мистикалық 
табыну ғұрыптарын жасап, діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсірген, 
жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін 
білімі мен тәжірбиесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдар арқылы кейінгі ұрпаққа 
қалдырып отырған. XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында жартас 
суреттеріне деген аса кызығушылық бүгінгі күні ғалымдардың жеке дара зерттеулеріне 
әкелді. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында да жартастағы 
суреттерді зерттеуге жалпы ұмтылыс тарихымызға жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. 
Қазақстан жері шөлді, шөлейтті аридттік зона болғанымен ерте кезеңнен бepi 
қарай ата-бабаларымыз осы жерді мекендеген.
Қазақстанның шексіз таулы-далалы аймақтарынан жүздеген жартас 
суреттерінің орындары анықталды, олардың оншақтысы ежелгі ғибадатхана орындары, 
яғни ежелгі адамдардың ұзақ уақыт бойы мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің 
жетістігі.
Қазақстандағы жартас суреттерінің көп бөлігін зооморфтық бейнелер кұрайды. 
Жартастардағы ешкі, арқар, өгіз, жылқы, кұлан, түйе, таутеке, қабан және т.б. аңдардың 
бейнелері 
егіншілік 
шаруашылықпен 
қатар 
діни-наным 
сенімнің 
дамуымен 
байланыстырылады. Қаратаудағы Сауысқандық жартасындағы ит пен қасқырдың, бұғы 
бейнесін кездестіруге болады.
Қола дәуіріндегі тайпалардың дүниетанымы түгелдей табиғатқа тәуелді болды, 
сондықтан адам табиғат күшін кұдірет деп білді. Ең маңыздысы жартастағы суреттерде 
адамның түрлі бейнеде салынуы. Біріншіден, өсіп-өну культі (плодородия), екіншіден, 
сол кезеңдегі наным-сенімге сәйкес пұтқа табынушылық, үшіншіден, жақсылыққа, 
гүлденуге және сәттілікке ұмтылысты негізге ала отырып суреттердің салынуы. 
Жартастағы бейнелер адамға күнделікті өмірде үй жануарлары да, дала жануарлары 
да таныс, шаруашылықта міндетті түрде пайдаланылғанын көрсетеді. 
Әсіресе аңдар бейнесі кiшiгірiм ғибадатханаларда көптеп кездеседі. Олардың ішінде 
eшкi мен арқарлардың бейнеленуі ғұрыптық дәстүрмен, яғни көктем мерекелерін қарсы алу 
немесе егіншілік культімен байланыстырылады.
Қола ғасыры ғибадатханаларында eшкi бейнесі ең көп кездесетін бейне болып 
табылады. Жартас суреттерінің ішінде стилистика бойынша «зооморфты» ешкінің 
бейнеленуі анық реалистік емес мінез-кұлықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 
З.С.Самашев пен С.С.Мұрғабаевтың «Сауысқандық жартас суреттеріндегі қола 
дәуірінің бейнелері» атты мақаласында әр түрлі кейіпте кескінделген антропоморфты 
бейнелер мен өніп-өсу культіне байланысты ортақ композициялар жиі кездеседі[6]. 
Олардың кескінделу пішінінде белгілі бір тұрақтылық болмағанымен барлығына ортақ 
белгі күн іспеттес шуақ, нұр т.б. белгілердің болуы. Жартас суреттерінде күнбасты 
кейіпкер кеңінен таралған. Олардың қатарында Орталық Қазақстанның Байқоңыр жартас 
суреттері, оңтүстіктің Ішкі Қызылқұм жартас суреттері, Саймалы-Таш жартас суреттерін 
айтуға болады. Бұл кейіпкерлердің айқын бейнесі Тамғалы жартас суреттері де 
кескінделген. Ал біз қарастырып отырған Қаратау жотасында күн бейнесі көп жағдайда 
таңба, белгі ретінде кескінделіп кең тараған. Ал антропоморфты кейіптегі күнбасты 
бейнелері соңғы кездерге дейін бұл аймақта белгісіз болып келді. Әйтседе соңғы 


86 
зерттеулердің нәтижесінде олардың сирек те болса жартас суреттерінде кездесетіндігі 
байқалып отыр. Мысалы, Сауысқандық жартас суреттерінде кездесетін екі күн бейнесі 
өзінің кескінделу ерекшелігі жағынан Тамғалы жартас суреттерімен өте ұқсас болып 
келеді. Сауысқандықтың негізгі топтарынан алшақтау орналасқан жартастардың бірінде 
күн бейнесі кездеседі. Сауысқандық ІІІ тобында кеудесі қос үшбұрыштан тұратын 
«садақшылар» бейнеленген көріністе қолын бүйіріне таянған «шуақ» ретіндегі сызықтар 
орнына басын айнала ойықтар көрсетілген антропоморфты бейнені көруімізге болады. 
Сауысқандық жартас суреттерімен қатар, жерлеу орындары да кездеседі. Жерлеу 
ғұрпы, жалпақ тастардан жерге жартылай батырып, орнатқан қоршау түрінде болып 
келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, тіктөртбұрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) 
түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары 
кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе 
екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен 
қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады. Яғни, осы аумақтағы жерлеу орындарымен, 
жартастарға салынған жартастағы суреттерден байқап, қола дәуірінің тайпалары өмір 
сүрді деп толық сеніммен айтуымызға болады. Осындай жерлеу орындарының құрылысы 
Орталық Қазақстандағы қола дәуіріне жататын Нұра кезеңінің ескерткіштеріне де тән. 
Мақаланы қорытындыламас бұрын маңыздылығына тоқталып өткенді жөн 
санадым. 2019 жылы желтоқсан айында жетекшіміз Тәжекеев Әзілхан Әуезханұлымен 
Қаратаудағы Сауысқандық петроглифтерінебарып, танысқан едік. Аталған ескерткіш қола 
дәіріндегі тайпалардың тұрмысы мен мәдениетінен сыр шертеді, оларды зерттеу біздің төл 
тарихымызға аса қажет екені сөзсіз. Осылай анық сөйлеуімізге негізде жоқ емес. Себебі 
қазақ халқының антропологиялық негізі осы дәуірден бастау алады. Оған тағы 
халқымызға тән этникалық, мәдени және шаруашылық элементтерінде қосыңыз. 
Қаратауда ертеден қалған жартастағы суреттерді зерттеу қалыптасып келе жатқан жас 
маман ретінде менің қызығушылығымды туғызды. Бұл жерде қандай тайпалар мекендеді, 
неліктен басқа жаққа қоныс аударды деген сауалдар мен үшін ғана емес ғалымдардыңда 
алдында тұрған шешімін таппаған сұрақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет