Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет39/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   267
Әдебиет 
1.
Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // Егемен Қазақстан. 
12 сәуір, 2017 жыл. 
2.
«Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері»: атты 
университетішілік апталықтың материалдары, Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий 
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2019. - 127 б. 
3.
Рүстемов Н. Бірегей тұлға // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. Әл-Фарабидің 1130 
жылдығына арналған 2001 жылдың қазан айының 12 жұлдызында Отырарда өткізілген 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, - Алматы: Қазақпарат, 
2001.Б.216. 
4.
Ф.Абдихаева, Е.Балабеков. Тәрбие жүйесіндегі музыканың алар орыны 
туралы Әл-Фарабидің ой-пікірлері. // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. (Әл-Фарабидің 1130 жыл 
толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары). – А., 
2001. 
5.
Мырзалы С. Философия. А., 2010. 


92 
 
ӨҢІРЛІК ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
Бауыржан С.Б., Абдимомынова А.Ш. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Әлеуметтік саясаттың ең негізгі мақсаты - әлеуметтік инфрақұрылымның қызметін 
тұрақтандыру. Бұл мақсатты шешу мемлекеттік және жергілікті құрылымдардың 
әлеуметтік проблемаларды шешуді тиімді реттеу жэне бақылауға байланысты. Жаңа 
жағдайларға сәйкес өндірісті және әлеуметтік инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу үшін 
құқықтық, орындаушы биліктің кұралдарын меңгеріп қоғамдағы әлеуметтік және 
өндірістік қатынастарына белсенді әсерін тигізу қажет. 
Ресейлік ғалам Ж.Т.Тощенко әлеуметтік инфрақұрылымның объективті сипатын 
бөлек экономикалық категория ретінде қарастыра отырып, «әлеуметтік инфрақұрылым 
мәдени-экономикалық маңызы бар ұйымдар мен мекемелер жиынтығы бола тұра, 
адамның қызметін оңтайлау жағдайларын қалыптастырушы» деп атап өткен. Автор 
әлеуметтік инфрақұрылым элементтерін деңгейлер бойынша топтастыруды ұсынды: 
республика, облыс, аудан, кала, еңбек ұжымы әлеуметтік инфрақұрылымы [1]. Кейбір 
зерттеушілер әлеуметтік инфрақұрылымның экономикалық өсуге әсерін, өндірісті 
интенсивтендіру және әлеуметтік өзгерістерге негіз болуын, оның негізгі сипаты ретінде 
атап өткен [2]. Әлеуметтік инфракұрылымның жаңа құрылымдық элементтерінің пайда 
болуы оның жіктелуін күрделендіреді және оның қоғамдағы орны арта түседі. 
Әлеуметтік инфрақұрылым параметрлерін және критерийлерін анықтауды 
халықтың мұқтаждықтарын зерттеуден бастаған жөн. Мұндай көзқаркас адамды 
экономикалық зерттеулер ортасына қою қажеттілігінен және экономикалық 
қатынастарына негізделеді. Адамның экономикалық табиғаты өз мұқтаждықтарынан 
басталады, себебі оларды қанағаттандыру үшін ол әртүрлі әлеуметтік-экономикалық 
қатынастарға кіреді. Бұл теория бойынша адамның мұқтаждықтары күрделі екі түрге 
бөлінеді: базистік (тамақ, қауіпсіздік және т. б. мұқтаждықтар) және туынды (ақиқат, 
сайлау, әлеуметтік өмірдің бөлігі және т.б. мұқтаждықтар). Адамның базистік 
мұқтаждықтары тұрақты, ал туынды мұқтаждықтары өзгеріп тұрады. Базистік 
мұқтаждықтар қажеттілігіне байланысты «төменнен» (материалдық), «жоғарғы» (рухани) 
деңгейге дейін өзгереді. А.Маслоудың мұқтаждық теориясын әлеуметтік инфрақұрылым 
моделінің негізі ретінде қолдандық [3]. 
Қазіргі кезеңде адамдар мұқтаждықтарын анықтауда үш негізгі көзқарас 
байқалады: біріншісі - мұқтаждықтарды адамның материалдық және рухани өміріне 
қажеттілік ретінде қарастыру; 
Екіншісі - мұқтаждықтарды өмірдің объективті жағдайы ретінде қарастыру; 
Үшіншісі - мұқтаждықтарды адамның сыртқы материалдық (заттар әлемі) әлеміне 
қатынасы ретінде зерттеу. Біздің ойымызша, ең соңғысы дұрыс келеді, себебі оның 
құрамы алдыңғы екеуінің де мағынасын қамтиды. 
Инфрақұрылымдық бөлімдерді орналасуына қарай топтастырумен қатар, өндірістік 
үрдіске қатысы бойынша да жіктелу жүргізілді. Әлеуметтік инфрақұрылымның атқаратын 
функцияларының көп түрлілігі және біркелкі еместігіне байланысты бұл сала үш топқа 
бөлінеді: 


93 
-
халыққа 
материалдық 
қызмет 
көрсетуге 
қатысатын 
салалар: 
комуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет; 
-
материалдық 
емес 
қызмет 
көрсететін, 
ерекше 
материалдық 
құндылық 
(рухани 
құндылық) 
шығаратын 
материалдық 
емес 
өндіріс 
салалары; 
-
тұрғын үй шаруашылығы (сурет 1).
Сурет 1 – Әлеуметтік инфрақұрылым 
Мемлекеттің әлеуметтік инфрақүрылымдық объектілерін орналастыруды дамытып 
жетілдіру халықты көшіріп-қондырудың сандық-сапалық параметрлерінің өзара байланыс 
жағдайларына, 
халыққа 
қызмет 
көрсету 
жүйесіндегі 
оңтайлы 
қүрылымдар 
қалыптастырудың методикалық тәсілдемелері және мынадай принциптерге негізделу 
керек.
Біріншіден, өмір сүру орны жэне нақтылы елді мекеннің даму болашағына. 
Екіншіден, басқа елді мекендермен қалыптасқан байланыстар жүйесін ескере отырып
әрбір тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етілу деңгейіне. 
Өңірімізде әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы әлеуметтік обьектілердің даму 
деңгейімен 
сипатталады. 
Әлеуметтік 
және 
инженерлік 
инфрақұрылымының 
обьектілерінің құрылысы мен капиталды жөндеу жұмыстарын қаржыландыру, кәсіпкерлік 
қызметті дамыту. 2018-2020 жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым 
обьектілерін дамытуға 10325,8 млн теңге бөлінген , оның ішінде Республикалық 
бюджеттен 4307,9 млн теңге, жергілікті бюджеттен 6017,9 млн теңге бөлінген ,оның 
ішінде жергілікті бюджеттен білім беруге 3746 млн теңге, денсаулық сақтауға 1502,9 млн 
теңге, сумен қамтуға 2966,3 млн теңге бөлінген [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет