Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «АТАУ КЕРЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК



Pdf көрінісі
бет41/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «АТАУ КЕРЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК 
ҚОЛДАНЫСТАР 
 
Бахарадин Н.Ғ., Сарышова К.С.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
«Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады» 
О.Бөкей. 
Атақты сөз зергері, орамды ой иесі, қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы 
туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» 
сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек 
жағдайда, кейде бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты
зілді, ауыр ұғым. «Атау кере» ұғымының тарихы тереңде жатыр деп айтсақ та болады.

Атау кере -
адамның өлер алдындағы ең соңғы асы. Көне заманда қалыптасқан 
салт. Б.з.б. 2 ғ-ға жататын қытай жазба деректерінде үйсіндерде атау кере ішкізу салты бар 
екендігі айтылады [1]. Онда «атау кере» дәм таттыру, ең соңғы асын ішкізу түрінде 
көрсетілген. Бұл салт басқа халықтарда да кездеседі. Қазіргі кезде Қытайда өлім жазасына 
кесілген адамнан соңғы тілектерінің ішінде “не тамақ жегің келеді” - деп сұрайтын әдет 
бар. Соның негізінде ол адамға қалаған тамағын даярлап береді. Бұл тамақты қытайша: 
«Ниан йе фан» («Ғұмырыңның соңғы күнгі тамағы») дейді. Қытай қазақтары арасында да 
өлер алдындағы адамның аузына жұбайы немесе ең жақын адамы: «Қолымнан татқан ең 
соңғы дәмің болсын», -деп, су тамызады. Олар мұны «атау суы» деп атайды. Қазақ 
жерінде «атау кере» деп айтылса, ал басқа өңірлерде «атау», «атау суы» немесе «кере» 
деген балама атаулары да бар. Бұл адамның жантәсілім етep алдында «бой жасау» деп 
аталатын аз ғана бір сәтке сергіген кезінде арыздасып, бақұлдасқан соң атау кере шартты 
түрде аталған дәм, сусын беру атқарылған. Ең жақын туысы «Қолымнан татқан ең соңғы 
дәмің болсын», - деп, көбінесе су немесе сұйық тағам тамызады. «Атау керең болсын», 
«атау кереңді ішкір» деген сияқты тағы басқа соңғы дәм дегенді білдіретін қарғыс 
мәніндегі сөз орамы құн тартып, жанын алатын түрлі жазаларды атқарар 
алдында қылмыскерге берілетін соңғы, ғұрыптық ас «атау кере» деп аталған деген кейбір 
дерек берушілердің мәліметі дәйекті деуге болады. Ал, қиналып жатқан жантәсілім етуге 
жақын қалған адамға иман айту, тілді кәлимаға келтіру кезінде оның ақтық демі шықпас 
бұрын аузына тамызатын діни ғұрыпқа байланысты туындаған арнайы су имансу деп 
аталады [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет