Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет49/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   267
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Н.Ә.Назабаев. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» Астана, 2017 
2.Н.Ә.Назабаев. Ұлы даланың жеті қыры Астана, 2018 
3.Қазақстан тарихы І-V т. Алматы, 1996-2010 
4.Сыр өңірі тарихы (авторлық ұжым), Алматы 1998 
5.Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан.Кызылординская 
область. Коллективное энциклопедическое издание.Алматы, «Аруна», 2007. 376 с. 
6. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерініңжинағы. 
Қызылорда облысы. Энциклопедиялық ұжымдық басылым.Алматы, «Аруна», 2011. 504 б. 
7.Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия, Алматы 20058.Байпаков К.А., 
Таймаганбетов Ж. К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы, 1993. 
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ 
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
 
Бекболатұлы Н., Баймахан С.Н. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
«Жаман мінез-құлық рухани кесел» деп Әл-Фараби айтқандай қазіргі кезде 
адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқында көптеген ауытқушылықтарды байқап 
жүрміз және оның өзіндік ғылыми атауы да бар екенін білеміз. Бұл педагогикада – 
девиантты мінез-құлық деп аталады. Сонымен, девиантты мінез-құлық көпшілік 
мақұлдаған нормалармен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңды) 
ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психологияда адамның белсенділік деңгейін 
көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен мінез-құлық термині 
кең қолданылады.
Девиантты мінез-құлықты зерттеу жұмыстары көп жылдан бері жүргізіліп келе 
жатыр. Осы бағыттағы зерттеулердің мазмұнын бірнеше анықтамалармен көрсетуге 
болады: Б.Фокс девиантты мінез-құлық «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа 
жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді.
Н.Смелзер: «Девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен 
типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет» деп көрсетсе, Роберт Мертон 
«Әлеуметтік құрылым және аномалия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда 
болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының 
арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне 
әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизиммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың 
әр алуан түрлерінде қалыптасады деп көрсетеді. [1, 11] 


103 
Берілген анықтамалардың мағынасы девинатты мінез-құлық теориясын кең түрде 
ашылмаса да, олардың девиантты міне-құлықты зерттеу бағытындағы теориялардың 
мазмұнынан көруімізге болады.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері әр түрлі. Оның тек қана бір 
себептен пайда болды деген түсінік жансақ пікір. Жасөспірімдер мен жастардың жат 
қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің 
жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген 
ниеттің жоқ болуы.Девиантты мінез-құлық ұғымын жайында айтқан уақытта, девиантты 
мінез-құлыққа тән балалар көбеюіне себеп болатын әлеуметтік ауытқулар жайында да 
айта кетуіміз жөн болар. Осыған дәлел С.А.Беличева девиантты мінез-құлық кезіндегі 
әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады: 
А) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға 
ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Бұлар: тонау, алыпсатарлық, 
аляқтық, т.б. 
Ә) қастандық бағытта: жеке тұлғаға қарсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, 
бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б. 
Б) әлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық 
міндеттерден бастарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құқылықсыз болуы. 
Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық
токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. жатады. [2, 18] 
Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алдында үлкен мәселені 
туғызып отыр. Осындай үлкен мәселені шешу үшін қазіргі қоғамда барлық мемлекеттер 
және солармен қатар біздің елімізде жоғары оқу орындарында арнайы әлеуметік педагог 
және психологмамандар дайындалуда.
Әлеуметтік педагогтың жүргізетін жұмыстары девиантты мінез-құлықтың алдын 
алу шараларын ұйымдастырумен түсіндіріледі: 
-
әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, 
психологиялық және әлеуметтік – мәдени жағдайының алдын алу; 
-
баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау; 
-
баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі 
потенциялын ашуға көмектесу. 
Әлеуметтік педагог девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс жасағанда 
алдын алу және оңалту жүмыстарына байланысты жұмыс технологияларын жиі қолдану 
керек. Өйткені, ауытқушылықтың алдын алу мен оңалту жүмыстарыжеткіншектердің 
мінез-құлқында әртүрлі әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын 
себептермен жағдайлардың алдын-алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-
медициналық және тәрбиелік ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығын құрайды. 
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің келесі түрі – қоғамдық 
қалыпты мінез-құлыққа бейімделмеген балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту. 
Оңалту кең ауқымды міндеттерді шешуге бағытталған, бала бойында қарапайым 
дағдыларды қалыптастыруда адамды қоғаммен толық интеграциялауға дейінгі 
шаралардың жүйесі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, оңалту жұмыстарын 
тұлғаға бағытталған психикалық және дене қызметтерінің ықпал ету нәтижесі ретінде де 
қарастыруға болады.
Әлеуметтік педагогтар мен психологтар девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен 
жұмыс жасағанда келесі міндеттерді басшылыққа алады: 
-
баланы жан-жақты зерттеп, девиантты мінез-құлыққа душар болу себебін нақтылау 
керек; 
-
ата-анасымен кеңесіп отыру; 
-
жұмыс барысында баламен ашық әңгіме құру.
Осындай міндеттерді басшылыққа ала отырып мектеп оқушыларымен оның ішінде 
девиантты мінез-құлықты балалармен тығыз байланыста болу керек. Педагог өз сабағын 


104 
балалар арасында мінезінде ауытқуы бар балаларды байқаған жағдайда, психологпен 
келісе отырып, түзету жұмыстарына негізделген түрлі әдістемелер, тренингтер жүргізіп, 
мұндай кеселдің алдын алуға тиіс. 
Балалар мінезінде ауытқушылықты болдырмау жолдары педагогикалық ықпал
әлеуметтік қолдау және психологиялық көмектүрлерін жүйелі және орынды қолдану, 
оларды ұйымдастырумен түсіндіріледі. Мінез-құлықтық бұзылулардың күрделі сипаты, 
олардың алдын алу мен жою әлеуметтік ықпалдардың жақсы ұйымдастырылған жүйесін 
талап етеді. ). [4,28]. 
Мұғалім тарапынан оқушыға көрсетілетін қолдаудағы педагогикалық ықпал 
девиантты мінез-құлықты болдырмаудағы достарымен қарым-қатынас құру, мұғалімммен, 
ата-анасымен қарым-қатынас орнату жағдайларына бағыт беріп отырады. Сондықтанда 
педагогикалық ықпал арқылы баланы девиантты мінез-құлықтан сақтандыруға болады. 
Психологиялық көмек – қарастырылып отырған жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде 
байланыстырушы рөлін атқарады және айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді. Бұл 
факт психологиялық жұмыстың құпиялық еріктілік және жек мүдделілік, адамның өз 
өміріне жауапкершілігін өзіне алуы, өзара сенімділік, қолдау, жеке тұлға мен 
индивидуалдылықты құрметтеу секілді принциптерінде көрініс табады. 
Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады: психологиялық 
превенция (ескерту профилактика) және психологиялық интервенция (қиындықты жеңу, 
түзету, риябилитация). [3,82]. Педагогикалық ықпал және психологиялық көмек қазіргі 
таңда девиантты мінез-құлыққа ұшыраған балалар үшін ең басты көмек болып табылады.
Қазіргі жастар арасында девиантты міне-құлыққа ұшыраған жастар өте көп. Мінез-
құлқында аутқушылықтың жастар арасында көбейюі қазіргі қоғам үшін өте қауіпті. Себебі 
олар тек өз мінезін ғана көрсетпейді, сонымен қатар қылмыс жасайды. Қазіргі қылмыстың 
жастар арасында көбейюіне осындай ауытқушылыққа ұшыраған жастар әрекеті үлкен әсер 
етеді. Олар өз ісіне жауап бере алмайды және өз істері үшін өкінетіндер аз.
С.Ф.Анисимованың пікірінше «Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, 
жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз 
кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде 
болатындай етіп тәрбиелеу керек» деген.Осы мәселелерді ескере отырып біз балалар мен 
жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез-құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін 
төмендегідей жұмыстар жасалу керек деп есептейміз:

жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру;

оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, қызығушылықтарын 
дамыту, олардың пайдалы іспен шұғылдануларына ықпал ету;

әлеуметтік және психологиялық қорғау, қолдау жұмыстарын жүйелі, дер кезінде 
ұйымдастыру;

оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуіне, оларды дұрыс 
орындай білуге үйрету, өзгелердің құқығы мен теңдігін есепке алуды үйрету;

маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке
бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану [5, 23 б].
Девиантты мінез-құлық ол туа пайда болмайды. Ол әр адамға әр түрлі уақытта 
келуі мүмкін. Оған душар болмау үшін педагог-психологтардың көмектерін пайдаланған 
дұрыс. Ата-ана жұмыс бастылықтан арылып өз балаларына қамқорлық жасап, оларды 
дұрыс қадағалау қажет. Себебі, девиантты мінез-құлықтың пайда болуының әртүрлі 
себептері бар. Басты себебі, ата-ананың шектен тыс өбектеуінен және жоқшылықтанда 
девиантты мінез-құлық пайда болу мүмкін. Девиантты мінез-құлықтың соңы өзіне қол 
жұмсау және қылмыс жасаумен аяқталады. Бұл қазіргі қоғам үшін өте қауіпті.
«Болашақ жастардың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай
болашақтың жастары осындай кеселге душар болса, онда болашақтан не күтеміз. Қазіргі 
жастардың тәрбиесіне жауап беретін ата-ана, мұғалім және қоғам өз жұмыстарын жақсы 
атқарса, еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, болашаққа нық қадам жасай аламыз.


105 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет