Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   267
 Қызылорда қаласындағы
 
Христос Спаситель шіркеуі, 1890-1895 ж.
Маңызы:
Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Ақмешіт бекінісі патшалы Ресей 
әскерінің келуімен Перовск бекінісі болып өзгертілді. Қоқандықтарды ығыстырған соң, 
Перовск бекінісінде христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарады. 
Бекініске шіркеу қажеттігі туындап, 1855 жылы жылжымалы шіркеу ашылады. Оның 
негізін салушы поп Л.Гороховский болды. Ал қала христиандары үшін алғашқы тұрақты 
шіркеу 1863 жылы ашылды. Бұл шіркеу үйі 1868 жылы болған қатты жауыннан құлап 
қалады. Сол жылы күйдірілген кірпіштен салынып, төбесі жабылған шіркеудін жана үйін 
пайдалануға береді. 1890 жылы шіркеудін жаңа ғимараты салына бастайды. Бұл құрылыс 
1896 жылы пайдалануға беріледі. Шіркеу кең тараған жобаның баламасы. Осыған ұқсас 
шіркеулер Астраханда және Ташкентте кездеседі. Шіркеу 250 -300 адамға арналған. 
Бүгінгі танда шіркеу христиандардың бас қосып, мінәжат етер негізгі орны. Шіркеу 
ғимараты екі бөліктен тұрады: мінәжат етуге арналған зал және кіреберістен тұрады. 
Көлемі 17х28 м, биіктігі 18 м. 
Негізгі көлемі крестті - куполды, кресттің соңдары тең («гректік»), кресттің кіруші 
бұрыштарында қосымша бөлмелер бар. Бұл крест тәрізді кеңістік биік (екі шырақты), орта 
кресті екі бөліктік сегіз қырлы барабанда тұрған жарты циркульді аркалы сегіз тар терезе 
ойықтарымен кесілген. Крест жеңдері қасбеттерге сәйкес пішінді жасайтын жарты 
циркульді көрініске ие күмбезшелермен жабылған. Осы бөлшектердің үстінгі жағында 
жартылай дөңгелек доғалармен жабылған жоғары пропорциялы үш бөліктік терезелер 
жасалған. Төменгі деңгейдегі қапталдық қасбеттерге қосымша кіреберіс ойықтары 
жасалған. 
Арал теңізінің жағасында Қаратерең ауылы бар. Ауылдан 30 шақырым оңтүстік-
шығысында «Бегім ана» мазары орналасқан. Көпшілік бұл орынды «Бегім ана» мазары, 
«Бегім Ана» кесенесі, немесе мұнарасы деп те атайды. Қалай айтсақ та, тарихи орынға 10 
ғасырдан бері талай адам бас иіп, дұға бағыштауда. 1979 жылы мұнараның құжаты 
жасалынып, республикалық маңызы бар қорғау аймағы белгіленген архитектуралық 
ескерткіш санатына қосылды.
Оқшы ата - Сыр бойы халқы әулие санайтын адам. Шын аты – Ибраһим шайхы, 
лақап аты – Көгентүп, ал Оқшы ата – кейіннен елдің берген есімі. Бұл оны Ысқақ бабтың 
баласы деп танығандықтан туған ұғым болуға тиіс. Оқшы түркі тайпаларының арасына 
ислам дінін таратқан әулие болып шығады. Түрколог Әуелбек Қоңыратбаевтың 
көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Қазір батырдың көне қорымы бар 
өңір кезінде шаһар болған деседі. Ел ішінде ІХ–Х ғасырлардан бастау алып, ХV–ХVІ 
ғасырларда белгі қойылған қорымның күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар да аз емес. 
Оқшы ата кесенесі сазды лаймен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Фундаменті де 
күйдірілген кірпіштен 0,8м тереңдікте салынған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы 1,1-
1,2м. Көпірі 25х25 көлемді күйдірілген кірпіштен салынған. Олардың бүліну себебі 
лайдың дымқыл сыз тарту себебінен ылғалданған. Шиеліге қарасты Жөлек ауылынан 7 


102 
шақырым жерде, теміржол торабында орналасқан. Оқшы Ата 1043 жылы қайтыс болып, 
қазіргі өз атымен аталатын «Оқшы Ата» мазаратында жерленген.
Қорытындылай келе, Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті 
жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты 
негіздерінің біріКиелі орындардың тақырыптық-туристік маршруттық картасы туристер 
үшін қолайлы болу керек. Аталған нысандардың басым бөлігіне туристер апаруға болады. 
«Қызылорда облысының қасиетті жерлерінің географиясы» атты облыстық іс-шаралар 
жүзеге асқан жағдайда киелі нысандарға қатысты аңыздар мен хикаяттарды жинақтау 
үшін аудандарға экспедициялар ұйымдастыру қажет. Нәтижесінде Сыр өңірінің қасиетті 
орындарын қамтитын үлкен еңбек шығары сөзсіз екенін түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет