Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет51/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   267
жалпақ жондай
жалт-
жұлт етіп, көзді қариды. Көл-көсір болып жатқан, шеті-шегіне көз жетіп болмайтын теңіз 
суы емес, көктен әлдекім төге салған 
сынап секілді
. Күн нұрында ойнақшып, су беті сан 
құбылады», – деп, теңеуді образ жасауда шебер қолдана білген. Академик Қ. Жұмалиев 

дай, -дей, -ша, -ше, -дайын, -дейін
жұрнақтарынан басқа, 
секілді, сияқты, тәрізді
сөздері 
арқылы теңеудің жасалатынын айтса, теңеуді зерттеумен айналысқан Т. Қоңыров «Қазақ 
теңеулері» еңбегінде теңеудің жасалуының 10 түрлі тәсілін атаған. Сонымен бірге «Қазақ 
ССР қысқаша энциклопедиясында» теңеудің жасалуының 40 түрлі тәсілін көрсетіп, 
оларды лингвистикалық тәсіл тұрғысынан қарастыру арқылы төрт топқа бөліп 
қарастырады: 
морфологиялық, лексикалық-семантикалық, лексикалық-синтаксистік 


108 
және фразеологиялық-синтаксистік
. Осы келтірілген тұжырымдарды пайдалану арқылы 
теңеу жасау тәсілдерін төрт топқа бөліп қарастырған:
1.
Синтетикалық тәсіл:
а)
–дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін, -ша, -ше 
жұрнақтары;
б)
–нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
шығыс септік жалғауы;
2.
Аналитикалық тәсіл:
а)
сияқты, секілді, тәрізді, сыңайлы, тақылетті, реуішті, іспетті 
т.б. 
септеуліктер;
б)
бейне
көмекші сөзі;
3.
Синтаксистік тәсіл:
а)
тең, ұқсас, ұқсау
сөздерінің қатысуымен;
б)
параллелизм тәсілінің көмегімен;
4.
Аралас тәсіл:
а)
синтетика-аналитикалық;
б)
синтетика-синтаксистік және т.б. (12123). 
Аталған мысалда көрсетілгендей, 
сынап секілді, жалпақ
жондай 
сияқты теңеулерді 
беру арқылы таңғы уақыттағы теңіз сұлулығын сезініп, оның әсемдігін елестете аламыз. 
Сондай-ақ, 
теңіз беті
– теңеудің сипатталушы заты, 
жалпақ жон 
– теңеудің образы, 
жалт-жұлт ету 
– теңеудің негізі, 
-дай
– теңеудің көрсеткіші деп теңеудің құрылымы 
бойынша жіктей және синтетика-анлиткалық тәсілдің қолданылғандығын көре аламыз.
Теңеу жасауда көп қолданылатыны 
–дай, -дей, -тай, -тей
жұрнағы болып келеді. 
Ол көбіне теңеу жасауға қатысу барысында зат есімдерге жалғанады. Келесі мысалдарға 
назар аударайық:
1. Жағалық жуыла-жуыла бір кездегі көкшіл өңінен өзгеріп, қуқыл тартқан жұқа 
шүберектей
елестейді.
2. Жағалықтағы байлаусыз қайықты жылжыта-жылжыта теңіз айдынына алып 
кететін 
толқындай
оны ой арнасы өз құшағына түсіріп жібереді. 
3. Ондай сәтте жігіт қолы сылқ ете түсіп, бір ноқатқа қарай қадала қалды. Көз 
алдында... Мөлдір судың 
тамшысындай
қос ноқат. Жәудірей, жәутеңдей қарайды. Түпсіз 
тұңғиық 
секілді...
Осы берілген үш мысалда да теңеу жасауға қатысатын жұрнақтар тікелей 
шүберек, 
толқын
және 
тамшы
зат есімдерінің негізіне жалғанып тұр. Алдыңғы екі мысалды жасалу 
тәсілі бойынша синтетикалық тәсілге, ал соңғы мысалды аралас тәсілге топтастырамыз 
және теңеудің құрылымы бойынша келесідей жіктейміз:
1. 
Жағалық 
– теңеудің сипатталушы заты, 
шүберек 
– теңеудің образы, 
қуқыл тарту
– теңеудің негізі, 
-тей
– теңеудің көрсеткіші. Бұл алдыңғы мысалмен бірге келіп, тұнық 
жатқан теңіздің әсемдігін, таң ертеңгілік оның сол мезетте қандай күйде болатынын 
оқырманға шынайы жеткізіліп тұр.
2. 
Ой
– теңеудің сипатталушы заты, 
толқын
– теңеудің образы, 
түсіріп жіберу
– 
теңеудің негізі, 
-дай
– теңеудің көрсеткіші. Ал, бұл мысалда толқынның бір орнында 


109 
тұрмай, қатты соқса жолындағының бәрін жалмайтыны секілді ойдың да оның ойларын 
жан-жаққа алып кеткенін сезіне аламыз.
3. 
Қос ноқат
– теңеудің сипатталушы заты, 
тамшы
– теңеудің образы, 
мөлдір су 

теңеудің негізі, –
дай
– теңеудің көрсеткіші. Берілген мысалдан байқайтынымыз, адам ойы 
шартарапты шарлағанда ештеңе сезбей, сол ойдың әуресімен ұзаққа барғанда жан-жағын 
елемей, өзімен-өзі оқшауланатындығы.
Теңеу жасауда қолданылатын тағы бір синтетикалық тұлға 
–ша, –ше
жұрнағы. 
Аталған жұрнақтардың тілімізде үстеу жасауда кеңінен қолданылатындығымен қатар, 
шақтық және теңдестіру, салғастыру ұғымы бар сөз жасайтындығы «Қазіргі қазақ тілінің 
сөзжасам жүйесі» атты оқулығында баяндалады. Ол –дай, -дей жұрнағымен синонимдес 
болып келеді. Маршал Әбдіхалықов шығармаларында теңеудің бұл түрі де кездеседі. 
Мысалы,
1. Келер сәтте Өмірзақ назарын балықшылар аударып алды. Олар маңғаз, паң. 
Жүрістері сабырлы. Өз істеріне 
риза адамдарша
, көпке самарқау көз тастайды.
2. Кеменің жүрісі жолдан шатысамын деп, ауаны қолымен қармаған соқыр 
адамның жүрісінен бірде-бір айнымайды. Бір аттап – кідіріп, екі аттап – тоқтап, 
қарғаша
сақтанады.
Бұл мысалдардағы теңеулер 
–ша, -ше
жұрнағының көмегімен жасалып тұр. 
Алғашқы мысалда теңеудің образы – 
риза адам
, тұлғасы – 
ша
, белгісі – 
самарқау көз 
тастау
, теңеудің заты – 
балықшылар
. Теңеуді мұндай мақсатта қолданудағы жазушының 
айтпақ ойы жетістікке жеткен адамның көңіл-күйін сипаттау арқылы, балықшылардың да 
елге әкелген ризықтың көптігіне қуанғандықтарын, өз істеріне көңілдері толғандығын 
көрсету. Осы жерде теңеудің образы мен белгісі өзара пысықтауыштық қатынаста тұрып, 
теңеудің сипатталушы мүшесі 
балықшылар
зат есімін анықтаған эпитет болып келген. Ал, 
соңғы мысалда, теңеудің образы –
қарға
, тұлғасы 
– ша
, белгісі – 
сақтану
, теңеудің заты 
– 
кеме
. Жазушы кемені қарғаға теңеу арқылы нені меңзеп тұр деген сұраққа жауап беретін 
болсақ, 
қарға
сөзінен бастап талдаймыз. Қарға жем жегенде екі шоқып, бір қарайтын өте 
сақ құс. Сол сияқты бөтен елде бірінші рет жүзіп тұрған 
кемедегілер
де адасып кетпейін 
деген ниетпен екі шоқып, бір қарап жүзіп келеді деп, кеменің жүрісін, ішіндегі 
адамдардың ішкі қорқыныш сезімін бейнелейді.
Маршал Әбдіхалықов шығармаларындағы теңеулердің қиыннан қиыстыра, 
шеберлікпен ұсына білгенін жоғарыда аталған мысалдардан байқауға болады. Қорыта 
айтқанда, қаламгердің әдеби мұрасын тұтас және жан-жақты зерттеп, идеялық-көркемдік 
болмысын, қаламгердің ерекшелігін публицистикасы, прозалық шығармалары негізінде 
ашып, тақырыптық – идеялық ізденістері мен жанрлық сипатын, стильдік – тілдік 
ерекшеліктерін байыптаудың маңызы зор. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Әбдіхалықов М. Сүйінғара:. – Алматы: «Нұрлы Әлем». 2008. – 280 бет.
2 Отарова А. Маршал Әбдіхалықовтың әдеби әлемі. Ақтау. 2018. – 168 б.
3 Ахмет Байтұрсынов.Ақ жол.Алматы: Жалын,1991. – 463 б. 
4 Қазақ ССР қысқаша энциклопедия. 4 том.,Алматы: Мектеп,1989. – 718 б.
5 Т. Қоңыров. Қазақ теңеулері. Алматы: Мектеп, 1978. – 192 б.
6 Жұмалиев Қ.Ж. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының 
тілі. Алматы: 1960. – 364 б.
7 Маликов Қ.Т. Қалижан Бекхожин поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің қолданыс 
ерекшеліктері. Астана. 2005. – 134 б.
8 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы: Ғылым. 1989. – 368 б. 


110 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет