Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


СЫР ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ ДІНИ ЖӘНЕ ҒИБАДАТ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет47/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   267
СЫР ӨҢІРІНІҢ ҚАСИЕТТІ ДІНИ ЖӘНЕ ҒИБАДАТ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 
Бейсова Н. Т., М.С. Караманова
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық 
санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтып өткен болатын.
Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ 
халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, 
оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған белгілі 
ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды.
Аймақтарда жергілікті өлкетанушылар мен ғалымдар, облыстық әкімдіктің 
қатысуымен қасиетті орындарды анықтау үшін облыстық жұмыс топтары құрылды. 
Солардың ұсынысы бойынша Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің 
тізімі анықталды. «Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері» ретінде ерекше 
қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі 
ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған 
тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.
Қазақстанның 
тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық 
бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру 
символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын 
нысандар мен кешендер кірді. 
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктелді.


100 
1. Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Ел аузында киелі аталып кеткен, 
кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғат құбылыстарының 
нәтижесінде пайда болған орындар.
2. Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар. Бұл 
топқа қалашықтар, бекіністер, петроглифтер, қорымдар, халқымыздың қалыптасуында 
ерекше рөл атқарған, Қазақ мемлекетінің, Ұлы Жібек жолының құрылуына ұйытқы 
болған орта ғасырлық қалалар кіреді.
3. Діни және ғұрыптық орындар. Бұндай қасиетті орындарды әулие феноменімен 
байланыстыруға болады. Түркі кезеңіне дейінгі дәуірдегі аттары аңызға айналған, көне 
түркі дәуірі және орта ғасырлардағы, сонымен бірге XIX аяғы - XX ғасырдың басына 
дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды. 
4. Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Қазақстан тарихында елеулі орын 
алатын, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен егемендігіне арнап, үш жүздің батыр-
билерін жиып, елдік маңызды мәселелерді шешкен хандар, қазақ хандығының тәуелсіздігі 
үшін күрескен қазақтың батырлары, ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері, 
қолбасшылар, ғылым мен білімге, мәдениетке үлес қосқан мемлекет және қоғам 
қайраткерлері, ақындар, ғалымдар, ағартушылар туралы мәні зор жерлер алынып отыр. 5. 
Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар. Қазақ даласында қазақ халқының 
бірлігі үшін болған шайқастарды, ерлікті, батырлықты, қайсарлықты насихаттайтын, елдің 
бірлігін білдіретін ескерткіштер мен ел жадында өшпес із қалдырған қасіретті орындар. 
Қоғамның, мемлекеттің тарихында ерекше орны бар мемлекетіміздің жаңа нышандары 
еніп отыр.
Кешен Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан 
(Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы).Қорқыт ата тарихи тұлға, жырау, қобызшы. Ол 
ел бірлігін нығайтқан қайраткер, түркі дүниетанымының негізін қалаған ғұлама ойшыл 
ретінде белгілі.Қыпшақтар арасында кең тараған аңыз бойынша Қорқыт ата жаңадан 
туылған балағаат берген; өйткені Қорқыт ата арқылы адамдарды дүниеге келтіреді деп 
сенген. Оған халқы баба, пір, ер – деген үш ат беріп, пайғамбардан кем табынбаған. 
Әдепкі деректерде Қорқыт тәңірге сенген ғұлама ретінде көрінсе, оны кейіннен Алламен 
байланыстыратын болған. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әртүрлі 
болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында 
өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде Х ғасырдың басында дүниеге келген 
деген тұжырым бар. Ә. Марғұланның еңбектерінде ол VII–VIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрді 
делінсе, Ә. Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата ХІ ғ. басында дүниеден өткен 
деген пікір айтылады. Ғалым Ә. Қоңыратбаев одан әрі Қорқыт бейнесінің көп 
сипаттылығына орай деректерді екі арнаға жіктеген: бірі – тарихи жазба мәліметтер де, 
екіншісі ел аузындағы аңыз-әңгімелер.«Қазақ аңыздарында Қорқыт бір ғана бақсы емес, 
көптеген күйлер мен дастандар тудырған тарихи тұлға екені айғақ. Кейін бұл аңыздар 
ислам санасымен бояла бастаған. Бірақ бұл жай оның жырларында жоқтың қасы. Қорқыт 
жырлары дала поэзиясының басы, сондықтан оның жырлары мен күйлері, аңыздары қазақ 
халқына ортақ болып табылады.Қорқыт аңыздарының ішінде әлемге кең тарағаны – 
«Қорқыт пен қырық қыз» туралы жыр. Қорқыт Сыр суының бетіне жайылған кілемнің 
үстіне отырып өмірге, еліне, жеріне арнап күйлер тартқан. Сарнап шыққан Қорқыттың 
қобызының мұңды дауысын естігенде өзен бойында отырған елдер тобымен екі жағаға 
отырып, емірене тыңдайды екен. Қобыздың дауысы кешқұрым Сыр бойынан асып, 
Арқадағы елдерге жеткен. Арқаның қырық қызы Қорқыттың күйіне елітіп, үйлерінен 
жүгіре шығады. Қобыздың үні жақыннан шыққан сияқты болып естіледі. Бірақ қыздар 
күні-түні жүріп, оған жете алмайды. Жол жөнекей ел таба алмаған 39 қыз өкпесі өшіп 
өледі. Тек қырқыншы қыз аяғынан айрылып, ақсаңдап Сыр жағасына жетіп, Қорқытты 
көріп, сол жерде көзін жұмған.Тағы бір аңыз бойынша жаналғыш әзірейіл көп заман 
Қорқыттың жанын ала алмай, бос қайта беріпті. Бір күні әзірейіл алтын сандық жасап, 
Қорқытқа келіп: «Кір мына сандыққа», – деп бұйырады. Мына бойыммен қалай кіремін, 


101 
әуелі өзің кіріп көрсетші, – деп Қорқыт әзірейілді алдап, сандыққа кіргізіп, суға ағызып 
жіберіпті. Әзірейіл көп заман сандықтан шыға алмай, суда қалқып жүргенде, халық ол 
жоқта еркін өмір сүріп, көп уақыт өлім дегенді білмей, бір қызықты дәуір кешкен екен.
Төлегетай-Қылышты ата кесенесі ХІ-ХІІ ғғ. діни ескерткіші. Мазарлар күйдірілген 
кірпіштен салынған. Ұлттық сәулет өнерінің озық үлгісі 1970 жылдардағы кесененің 
түсірілген суреті арқылы сызбасын сызып, кесененің күмбезі, қасбетінде қос бағана 
болғандығын айқындаған. Қайта жаңғырту жұмыстары 2005 жылы 1 маусымда басталып, 
2008 жылы 30 тамызда толық аяқталды. Еліміздің көрнекті сәулетшісі Ыбыраев Бек 
Әнуарбекұлының шығармашылығымен қайта жаңғырған көне кесене жобасы аса шебер 
қолтаңбамен айшықталып жүзеге асырылды. Қос күмбезді, төрт мұнаралы, сегіз 
сынтасты. Күмбезді құрылыс нысаны 9х9 м., биіктігі 10 м. өлшемде. Әдемі және ерекше 
пропорциялы. Ескерткіштің төлқұжаты толтырылып, қорғау тақтасы орнатылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет