Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бағыттары



Pdf көрінісі
бет52/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   267
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бағыттары 
 
Сұлтан Ә.А., Бекхожаева А.К 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен мақсатты 
қондырғыларын жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың пәрменді ұйымдық құрылымының 
болуымен айқындалады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда жүргізілген 
мемлекеттік басқару реформасын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады. 
Бастапқы кезеңде 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін әкімшілік реформа күрделi 
жағдайда жүзеге асырылды. Ел экономикасы ауыр жағдайда болды және қоғамдық және 
әлеуметтік-экономикалық қатынастармен қатар, тұтастай алғанда, мемлекеттің рөлін және 
ұзақ мерзімді перспективада даму үлгісін айқындау қажет болды. Қазақстан басқарудың 
командалық-әкімшілік жүйесінен бас тартты да, нарықтық қағидаттарға және мемлекеттік 
құрылыс 
пен 
басқару 
негізіне 
батыл 
түрде 
бағытталды. 
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін экономикалық реформаларды жүргізу қарқынын 
жеделдетуге және даму бағытын нақты айқындауға көмектескен мемлекеттің тыныс-
тіршілігінің барлық негізгі бағыттары бойынша заңнамалық актілер қабылданды. Ең 
алдымен, бұл заңдар экономиканы ырықтандыруға және монополиясыздандыруға, 
кәсіпкерліктің еркіндігі мен оны қолдауға, банк секторын реформалауға бағытталды. 
Бұдан әрі 1997 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда әкімшілік 
реформаны жүргізу басталды, бұған 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» 
стратегиясы ықпалын тигізді. Негізгі функцияларға дейін шектелген тиімді мемлекет 
қалыптастыру елдің даму басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. 2003 және 2006 
жылдар кезеңі мемлекеттік басқару құрылымынынң, мемлекеттік басқару деңгейлері 
арасында 
өкілеттіктің 
аражігін 
ажырату 
реформаларымен 
белгілі 
болды. 
Экономиканы басқарудын бағдарламалық-мақсатты әдістерін енгізуі бастамалары 
көзделген. Қабылданған Бюджет кодексінің шеңберінде басқарудың төмен деңгейлеріне 
берілген мемлекеттік функциялардың қаржылық қамтамасыз етілу мәселелері реттелді. 
Мемлекеттік секторды реформалаудың ағымдағы кезеңі «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының 
қабылдануымен 
2007 
жылы 
басталды. 
Реформалардың осы кезеңінің негізгі міндеті мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің 
жаңа моделін енгізу, сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін 
реттеу, мемлекеттік қызметті жаңғырту, әкімшілік реформамен байланыстыра отырып, 
«электрондық үкіметті» құру және дамыту есебінен мемлекеттік аппарат қызметінің 
тиімділігін арттыру болып табылады. 
2010 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын 
іске асыру басталды. Қазіргі уақытта ел дамуының стратегиялық мақсаттарының 
мониторингі және оларға қол жеткізуді бағалаудың кешенді жүйесі қалыптастырылды 
және «электрондық үкіметті» дамыту бағдарламасы бекітілді. «Электрондық үкімет» 
шеңберінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта: 1) электрондық қызметтердің 
дамуы транзакциялық кезеңді белсенді іске асыру кезеңінде тұр, ол азаматтарға 
мемлекеттен анықтамалар мен құжаттарды электрондық түрде алуға ғана емес, олар үшін 
төлемдер төлеуге де мүмкін береді; 
2) «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының негізгі компоненттері құрылған 
және енгізілген; 


111 
3) әр түрлі мемлекеттік органдар көрсететін аса маңызды мемлекеттік қызметтердің 
кешенін азаматтар алатын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық желілері 
жұмыс істейді (ХҚКО) [1]. 
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы жүйе құраушы элементтердің және 
олардың өзара байланыстарының бір-біріне тікелей және көлденең бағыныштылығын 
бейнелейді. Жиынтығында олар өздерін құраушы элементтердің қарапайым 
арифметикалық сомасына жатқызуға болмайтын, бірыңғай тұтас, сапалық тұрғыдан жаңа 
жүйені құрайды. Олардың жиынтығы, өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі аталмыш 
жүйеге жаңа сапалы айқындылықты беріп, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жүйе 
құраушы элементтердің болуы, оладың арасындағы тұрақты байланыстар бұл жүйенің 
құрылымы болып табылады [2].
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының негізін құраушы белгілер 
мыналар: 
мақсаттың болуы; 
жүйе құраушы элементтердің болуы (мемлекеттік басқару органдары);
ұйымдық жүйенің тұрақтылығын, тепе-теңдігін қамтамасыз ететін ішкі үйлестіруші 
орталықтың болуы;
орталықтың қолда бар ақпарат негізінде қамтамасыз ететін өзін-өзі реттеуі;
оқшаулану (ұйымдық құрылымды сыртқы ортадан бөлетін шекараның болуы); 
құқық пен тәлім-тәртіп нормаларына негізделген ұйымдық мәдениет.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының айқындаушы негіздемесі 
басқару субъектісі мен объектісінің болуы болып табылады.
Әрбір басқару субъектісі мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылым 
иерархиясында белгілі бір орынды ала отырып, нақты айқындалған міндеттерге, 
құқықтарға, тиісті нормативтік актіде, мысалы, мемлекеттік басқару органы туралы 
ережеде тіркелген жауапкершілік шамасына ие болуы тиіс. 
Басқару субъектісі мен объектісі арасында нақты ұйымдық қатынастар белгіленуі 
тиіс. 
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы нақты бір мемлекет жүйесінің 
қызмет етуін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ол төмендегідей негізде құрылады: 
мемлекет Конституциясы, оның аумағында әрекет ететін жалпы мемлекеттік 
басқаруды ұйымдастыру мен тиісті қызмет ету саласын реттейтін заңдар мен нормативтік 
актілер;
мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың қалыптасқан әлемдік тәжірибесі пен 
елдің ұлттық ерекшеліктерін ескеру [3]. 
2019 жылғы 2 кыркүйектегі Мемлекет басшысы Қазақстан хаалқының жолдауында 
«....Заман талабына сай тиімді мемлекет. Біз саяси реформаларды «асығыстыққа 
салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып 
жүзеге 
асыратын 
боламыз. 
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін 
жаңғыртпай, 
табысты экономикалық реформаларды іске асырумүмкін емес...» -деген болатын [4]. 
Жаһандану жағдайында жаңа заманның талаптары үкімет қабылдайтын 
шешімдердің сапасын арттыру мәселелерінің өзектілігін күшейтті. Мысалы, жақында 
орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан кейін нарықты реттеуді 
заңнамалық қамтамасыз ету сапасы мәселелеріне көңіл бөліне басталды. Өз кезегінде 
осындай шешімдердің тиімділігі көбінесе мемлекеттік аппараттың кәсібилігі, адал қызмет 
ету құндылықтарына жақын болуы, сақталу деңгейімен анықталады. 
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын объект ретінде зерттеу оның 
маңызды жүйе құраушы элементтері – мемлекеттік органдарды қарастыруды талап етеді. 
Мемлекеттік органдар республикалық, өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Қызылорда облысының аумағы 226,0 мың шаршы км немесе республика 
аумағының 8,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Солтүстік-
батысында Ақтөбе облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, шығысы мен 


112 
оңтүстік-шығысында 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облысымен, 
оңтүстігінде 
Өзбекстан 
Республикасымен шекараласады.
Облыстың құрамына 7 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, 
Шиелі, Жаңақорған) және облыстық маңызы 1 қала (Қызылорда қаласы), аудандық 
маңызы 2 қала (Арал және қазалы қалалары), қалалық маңызы бар 2 кент (Белкөл, 
Тасбөгет кенттері), 142 кенттік және ауылдық округтер, 260 ауылдық елді мекендер кіреді. 
Қармақшы ауданының аумағында Байқоңыр қаласы Қызылорда обылсының құрамына 
кірмейді және республикалық бағыныстағы қала болып табылады. Байқоңыр қаласының 
аумағы Ресей Федерациясына ұзақ мерзімге жалға берілген. Қала аумағында ресей 
заңнамаларының күші бар және ресей валютасы қолданыста. 
Облыстың әкімшілік орталығы 277,8 мың тұрғыны бар (облыстың жалпы халық 
санының 36,3%) Қызылорда қаласы болып табылады (Кесте 1).
Кесте 1. Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 
Аудандар, 
қала атауы 
Облыс/аудан 
орталықтары 
Аумағы, 
мың 
км
2

Ауылдық 
және кенттік 
елді-
мекендер 
саны 
Қызылорда 
қаласына 
дейінгі 
арақашықтық, 
км 
Ауылдық 
және 
поселкілік 
округтер 
саны 
Қызылорда 
қ. 
Қызылорда қ. 2,4 
20 


Байқоңыр қ. 
Байқоңыр қ. 


255 

Арал 
Арал қаласы 
55,2 
57 
448 
23 
Жалағаш 
Жалағаш 
кенті 
22,9 
18 
75 
15 
Жаңақорған 
Жаңақорған 
кенті 
15,4 
39 
200 
26 
Қазалы 
Әйтеке би 
кенті 
37,6 
45 
382 
20 
Қармақшы 
Жосалы кенті 31,0 
29 
185 
14 
Сырдария 
Тереңөзек 
кенті 
29,1 
17 
52 
15 
Шиелі 
Шиелі кенті 
32,4 
40 
128 
23 
Облыс 
бойынша 
226,0 
265 
145 
Ақпарат көзі - https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/kimshiliktik-aumaktyk-bolinis 
Облыстың алдағы бес жылға дамуының басты бағыттары әлеуметтік тұрақтылық, 
экономикалық өсу, іскерлік белсенділікті арттыру болып табылады. Бұл елдің жаңа 
экономикалық саясаты «Нұрлы жол» мен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру 
бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының талаптарына сәйкес келеді [5, 6].
Жергілікті жерлердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін төмендегі 
мәселелерге назар аударып,оны жетілдіру керек: 
1. Жергілікті мемлекеттік билікті күшейту керек, яғни ауылдық округтардағы 
әкімдердің құзыретін кеңейту, селолық мәслихатты құрып, селолық бюджетті 
қалыптастыру керек; 
2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары (селолық органдардың, аудандардың, 
қалалардың , облыстардың) мемлекеттік кәсіптік қызметшілердің біліктілігін көтеру ; 
3. Аймақтарда шағын бизнесті қолдау бағдарламаларын жетілдіру; 
4. Мәслихатты жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінен шығарып,жергілікті өзін-
өзі басқару органы ретінде қалыптастыру; 
5. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін құру. 


113 
Әр аймақ өзінің экономикалық, саяси жағдайы мен тұрмыстық-шаруашылық 
мәдениетінің деңгейіне қарай өзіндік жергілікті басқару жүйесінің элементтерін жетілдіру 
керек.
Әдебиеттер 
1 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту 
тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы 
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 612 Қаулысы// 
http://adilet.zan.kz/kaz
 
2 Атаманчук Г.В. Теория государственного упаврления: курс лекции/2-ое изд.доп. - 
Москва.- Омега-Л, 2004. -584 с. 
3 Маркова В.Д., Кузнецова С.А. Стратегический менеджмент /М.: ИНФРА-М, 
2002-391 с. 
4 Қасым-Жомарт Тоқаев.«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы 
мен 
өркендеуінің 
негізі» 
атты 
Қазақстан 
халқына 
Жолдауы.02.09.2019ж.// 
http://www.akorda.kz/kz/
 

https://e-kyzylorda.gov.kz
 
6 Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 
нақты қадам// 
http://adilet.zan.kz
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет