Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет72/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   267
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қонарбайұлы А. Туризм табыс көзі десек те... оны дамытудың тетіктерін қашан 
жүзеге асырамыз? /-Алматы, «Турист» Республикалық ақпараттық-танымдық газет. №11 
(60), қазан, 2006 
2. Сыдықов А. Алматыда туризмді дамытудың келешегі зор. ? /-Алматы, «Турист» 
Республикалық ақпараттық-танымдық газет. №12 (74) сәуір, 2006 
3. Самойленко А.А. География туризма. – Феникс Ростов-на-Дону, 2006 
4. Ердавлетов С.Р. География туризма. –А., 2011. –С.457. 
5. Енджейчин И. Современный туристический «Бизнес» –М.: Финансы и 
статистика, 2003. –С.112. 
6. Крючков Л.Л. История международного отечественного туризма. –М., 2009. -345 
с. 
7. Қонарбайұлы А. Туристік қызметті реттеу ісі көңіл қынжылтады. //Турист, №1-2 
(63-64). –А., 2007 
8. Мырза Кентұлы. Туризм – Табыстың қайнар көзі. //Турист №10 (59). –А., 2006 
9. Бейісбай Саясат. Туризм – бизнес көзі. //Турист №3 (52), 03.03.2006ж. –А. 
10. Арынтегі М. Оңтүстік аймақ – туризмге лайықты мекен. /-Алматы, «Турист» 
Республикалық ақпараттық-танымдық газет. №4-5, ақпан, 2007 
11. Тоқпанов Е., Мазбаев О. Тарихи археологиялық ескерткіштер туризмді 
дамытады. // География және табиғат.–А.: Дәуір, №1 (43). 2010 


157 
Ә. КЕКІЛБАЙҰЛЫНЫҢ «БІР ШӨКІМ БҰЛТ» ПОВЕСТІНІҢ ТІЛДІК 
АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Әлімжан З.Д., Қамзаева К.С 
Қорқыт ата атындағы ҚМУ 
Шығарма тақырыбы - аспан қорғасын бүркенген соғыс жылдарындағы қайғы 
қасіреттің шөкім бұлттай жылжып артта қалғанын меңзейтіндей. («Шөкім» сөзі 
Маңғыстау жерінде ғана қолданылатын диалект сөз, «кішкентай» дегенді білдіреді) 
Зұлмат соғыс «сый ғып тартқан» дерт мұғалима қыздың жанын жеп, әбден сарқып, 
сарылтып тастайды. Соғыс тұсынада күл-паршасы шыққан бір ғана Аққаймақ тағдыры 
емес, әйтседе автор толғақ кешкен бір тағдырдың бойына үлкен жүк салып отыр.
Қотандағы қозысына дейін қатар жамырайтын бірі ұл, бірі қыз өсіріп отырған екі 
отбасы. Ұлдың әкесін Құдай, қыздың әкесін ұлға қосып сұм соғыс жалмаған. Жігітке 
деген ықыласы тас түйін қыз бен еңіреген екі ана қала берді.
Алғашқы сөйлем - повесттің кіріспесі, шын мәніне үңілгенде кейінгі оқиғалардың 
барлығы туралы бір ауыз сөз. «Әбден қалжырап қалыпты» оқиға желісі мұнан әрі 
Аққаймақтың түйе іздеп шығуымен жалғасады. Әйткенмен, жүк осы бір сөйлемге түсіп 
тұрғандай. Неге десеңіз,аса күрделі емес жай сөйлеммен оқиға жұмбақталып, қызғылықты 
басталған: «Кім қалжырады, не себепті, нендей жайтқа тап болды?» деген сұрақтар санаға 
толассыз келе бастайды, оған қоса повестегі басты тұлғаның хал-ахуалын баяндап тұр. 
Шығарманың идеялық тақырыптық - мазмұнын бейнелеуге біршама тілдік емес 
амал тәсілдер қолданылған. Бұл мақсатта көп болмасада диалог, монологтар мен тілдік 
бояуларда қызмет етеді.
Повестте Аққаймақтың түйе іздеп түнде шыққанынан, өсек - аяңға қалсада өзінің 
ақ екенін дәлелдеп еңсесін түсірмегенінен әйел жанының қайсарлығын, батылдығы мен 
өжеттігін аңғарамыз. Аққаймақ повестте тым ұзақ суреттелмейді, дегенмен оқиға 
желісіндегі әрекеттерінен көп нәрсе байқаймыз. Көреалмаушылық, қызғаншақтық пен 
арамдықтың кесірі Аққаймаққа жара таңып берді. Алайда, бұған қайысқаннан сынып 
кеткен Аққаймақ жоқ. Автор кейіпкерлер бейнесін жасауда да, ауыл тұрғындарының хал - 
ахуал, жағдайын да шұрайлы сөз өрнектерімен өрнектеген. Повестің мына тұсынан 
«балам аман оралады-ау»-деген әке үміті мен ауыл адамдарының шарасыздығын 
аңғарамыз: 
- Қызым, біздің жаман немелереден сұрамадың ба, ұрыстағы балалардан хабар жоқ 
па екен? 
- Шынжырбек бұған қипақтай қарады. Аққаймақ абдырап қалды. 
- Тап шығарда жолыққан жоқпын. Жалпы хат келіп тұрады дейді. Аман көрінеді.
Шалдың екінші баласы Сәлкеннің қара қағазы бұдан бір ай бұрын келген. 
Шынжырбек Мырзайырға әкетті деп еді, әлі естірпегені ғой. 
- «Е, жақсы, жақсы,» - деді Досан шал көңілденіп, шоқша сақалын сапалағының 
сабымен сытыр-сытыр қасып қойды. 
... 
- Бейшара баласының өлгенін әлі білмейді. Мынадай қарбалас шақта естіртейін 
десең, жұмыс істейтін кісі жоқ, - дейді Шынжырбек өз-өзінен күбірлеп. 
Қара қағаз келгенінен тіпті бейхабар әке жайы өмірде қаншама адамның басында 
болды десеңші. Әрине, оңай емес... 
Соғыс салған жараны реалистікпен суреттеген қаламгердің тіл байлығына таңдай 
қағасыз. Портрет жасау үстінде автор шеберлік танытқан. Әп дегеннен Тайбағарды 
«өңгесі өңшең, шиеттей балаға», өзге еркек кіндікті «күл басында қорқылдаған қоразға» 
теңейді: «Қайбір ерлік қысып атқа қонды дейсің. Түйе іздемек түгілі қарға адым жер мұң 
болып Тайбағардың отырысы анау. Өңгесі өңшең шиеттей бала. Итжегірдің ашуы-ай. 
Түйеден түскендей қып қойып қалған екен де. Сырты бүтін, іші түтін боп қала берді-ау. 


158 
Өзге еркектер күл басында қарқылдаған қораздай күнде қиқу көтеріп жатқаны. Ол байғұс 
мелшиіп қала берді. Балалардан ұялды ма, мұртының бір шалғайын ширатумен болды»
«Жұмысты көп істетеді,- деп арыз айтып жүргеннен саумысың, сен жалмауыз?- 
деп аяқ жақта отырған самай шашы қобыраған қара қатын есіктен екі шелек су қолдап 
енді кіре берген бұқа мойын қара балаға тап берді.» 
Әбіш Кекілбаевтың бір образды бейнелеудегі, оның қимылын сипаттаудағы сөз 
саптауы – бір төбе. Мысалы, Аққаймақтардың үйіне келген қонақтың образы былай 
бейнеленеді: «Қақ ортадан көсілте жайған кең дастарханның арғы басыңда, шаршы төрде, 
шиедей қызыл мықыр білекті қайта-қайта созып, ши барқыт қара шалбарының кең 
балағының ауызынан шымшып ұстап, желпіп-желпіп қойып бір қасқа бас сары кісі жатыр. 
Ересен қарнының бір бүйірі астына төсеген күрең көрпешені мыж-мыж қып тастапты. 
Тығыншықтай құс жастықтан да ес кеткен. Жүк үстінде құлағын қайшылап едірейіп 
тұрушы еді. Қазір солып қалыпты. Семіз сары кісінің қысыңқы күлгін көздерінің астында 
екі білем ет көлбепті. Сол екі айғыр жалдың ортасынан сызаттана басталған мұрынның 
сұлбасы сұлқ басын шарадай беттің орта тұсына келгенде сәл еріне көтеріп, тұмсықтың 
ырымын жасапты. Көлдей-көлдей екі тесікке кептеле шуылдаған дем дыбысына жайын 
ауыздан жанталасып шыққан ырсыл қосылып, бір шылапшын тобыршықтың қызыл күрең 
шоғына бөксесін тығып көңілдене әндеткен көбеже бүйір қара шәйнектің үнін әрең 
естіртеді. Қонақтың тұмсығы мен қара шәйнектің шүмегінен басқаның бәрі тыйылып 
қалған. Шекелігі шығыңқы айна басын орамалмен анда-санда бір сүртіп қойып, сызданып 
отырған қара сұр Ожан қазандық жақтағы мырс-мырс жылаған Жаңылсынға айбары мол 
ала көзін төндіріп-төндіріп қояды». 
Шығарма тіліндегі лексикалық элементтердің қолданысына назар аударайық. 
Жазушы өз тұсының әдеби тіл үлгілерін мол пайдаланған: «Ши барқыт қара шалбар», 
«жайын ауыз» «бір қасқа бас сары кісі», «тығыншықтай құс жастық», «шиедей қызыл 
мықыр білек», «қысыңқы күлгін көздер. 
Кекілбаевтың 
жанына әсіресе жақын тұратын мұңдас, ойлас, азалас 
кейіпкерлерінің тазалығы сонша «ибай, мынау қайтеді?»- дегеннен әріге аспайды. 
Дегенмен өсекші, салақ әйелдің ұзын тілінен намысқа тиер, қыз баласы үшін аса ауыр 
жала, балағат сөздер шығып жатты.
Кейбір сөздердің қолданылуында да ерекшелік бар. «Сексеуіл сап қара балға мен 
қара шалда мігір жоқ», «Көптен мігір көрмей болдыртқан адамды қысаған ұйқыдай, бір 
дел сал ойлар қайта торып, қайыра қамап баурап барады» мұндағы: мігір - тыным 
мағынасында қолданылған. «Түбіт орамалының шалғайын да шешпепті» түбіт - 
хайуанаттың қылшық жүні астындағы биязы, үлпілдек жүн; шалғай - киімнің түйме 
қадалған, оң жағы мен сол жағы. «Майданға биялай тоқып жіберуге түбіт иіріп отыр екен, 
ұршығынтастай сала қызына ұмтылды» биялай - қолға киетін қолғап; ұршық- 
шүйкеленген жүннен жіп иіруге арналған аспап. «Жаулықтары қарқарадай боп, 
бастықтың үйінің төріне кісімсіне жайғасқан бес қатын «қой, қыз балаға бұл сөзің ауыр!» - 
деп пәтуа айтудың орнына, жалақ қатынның дікеңдеген сөздеріне бастарын шұлғи берді 
ау» бұл жерде: пәтуа - тоқтам, шешім сөздеріне синоним; жалақ - ерінді жалай беруден 
жел қақты боп кебірсіген жара. «Оның аз күн рахымына асып төгілме, шырағым, деп 
бұжыр қатын жадағайының омырауын ағытып, белбеуін шешіп былай алып қойды» 
жадағай - астарсыз тігілетін жеңіл, жұқа шапан, сырт киім. « Соның хиуазын қайтарғаның 
ба бұл, баласының алдын осынша даттап? деп кебіс ауыз шабдар қатын манадан бері төргі 
бөлменің ессігінен бері аттамай, әңгіме тыңдап тұрған Есетке» мұндағы: хиуаз сөзі- 
қайтарым, қарым, есе мағынасында; кебіс ауыз - аузы үлкен, жайын ауыз; шабдар шикіл 
сары болып жұмсалған. 
Повестте арнайы көріктеуіш құралдардан көп қолданылғаны: эпитеттер мен 
теңеулер дер едім. Себебі, автордың басқалардан ерекшелігі - сол. Сөз болып отырған 
шығармада эпитет те, теңеу де аса күрделі емес, халық арасында жиі қолданылатын 
сөздер. Мысалы: Кебіс ауыз шабдар қатын, көзі тышқанның көзіндей жылтыраған сидаң 


159 
қара бала, жұқа жүрек әйел, құба шөлдің гүліндей, семіз марқаның арқа жүніндей, пыш – 
пыш және т.б.
Шығармада тағы да көңіл аударарлық жайттың бірі:жазушының табиғат 
көріністерін беруінде. Ел суретін беруде жазушы шынайы өмірге тән тілдік бояуларды дәл 
таңдаған. Мысалы: 
«Соңғы айдың жауыны көп болды. Анау күні алатағанақтап жатқан дөңді қарашы. 
Көк жусан семіз марқаның арқа жүніндей бұйраланып алған. Туырылып-ақ тұр. Тарам-
тарам тамыр денесінің о жер, бұ жерінде сырға көп жапырағы бар шытыр да, сәл леп тисе 
қыбырлап жүре беретін, көрер көзге мамықтай жұмсақ көрінгенмен, қолың тиіп кетсе 
тістей алатын мықыр қылтанақты жермен-жексен ебелекте, ояң-ояң күрең қиыршық тасты 
қатқақтан жер бауырлап басын көтермейтін жапақта әбден толысыпты. Кез келген жыра, 
кез келген тақыр қалқып жатқан қақ. Мұндай отта түй қалай семірмесін.» 
«Тау алды мен Қаратау үстін алма кезек жайлап, ай сайын жұрт аударатын екі үй 
Қаhжау кеткен соң тіптен жүдеді. Айдай жазықтың бір жалында қалқиып, я бір бауырдың 
бөксесіне жармасып, көде түбінде қалған түз құсының жұмыртқасындай күңгірт 
қылаңытатын осы бір екі үй айбыны қашып, құлазыды да қалды.» 
«Ат пен түйе Қалматайдың жалынан асқан соң тіпті емпеңдеп кетті. Тау бойының 
әр жерінен ойдым-ойдым көгеріп жатқан бұлақтарды көріп, суға асықты ма үсті-үстіне 
пысқырына берді.» 
Повесттің сөздік құрамына тілдегі афоризмдерде тонның ішкі бауындай 
жымдасып жатады. Қазақ аулы халқының бейнесін аша түскендей: 

Күй тартқанда әлі қалыбына түсіп үлгермеген уыз адамның сынаптай 
сусыған елгезек сезімі бір сәт мағыналы арна тауып, жайдағы балалық албырттықтың 
бәрінен тыйылып, көрер көзге есейіп кететін.

Сағыныш та сарғайтар дерт.

Жұрт өзінің бір-екі баласына шақшадай басы шарадай боп жүргенде, бүкіл 
бір ауылдың баласын тезге салу оңай дейсің бе?

Ішің күйсе тұз жала.

Басқадан бағы жанса да, әйелге келгенде бағы жанбады ғой.

Бір мүшел өміріңді бір-ақ кеміріп кететін көз жасын кім санай алады?

Мына кең дүниені алшаңдап басып жүре алмасаң да, тірлігінен хабардар 
болып жатудың өзі бір ғанибет.

Қыз деген құба шөлдің гүліндей ғой.

Өз перзентінің жер басып жүргенін біле отырып, көз жұмарына шақырып 
келтіре алмаған ана қасіреті неткен зіл.

Соғыс та топан су сияқты ғой.

Бүкіл бір ұрпақ алды қатты, бауыры сыз боп өсе ме? Тұрмыс тауқыметін 
ерте көрген, содан опық жеген бала ғана осылай өседі.
Соғыстың моральдық-психологиялық соққылары осылайшы бірінен соң бірі 
үстемелене, шиыршықтана келген. Повесть Аққаймақтың алай - дүлей ой-сезімдері өң мен 
түстің арасындай күйге ауысып, қайта басталып, қайта мең-зең күйге түсіп, түбі Аққаймақ 
сезінген сезімдер суреттемелерімен тәмамдалған.
Әдебиеттер тізімі: 
1. 
Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: «Өлке» 
баспасы.- Т. 1.- 1999. 400 бет.
2. 
Cыздық Р.,Шалабай Б.,Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық 
талдау(Оқу құралы)- Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.184 бет. 
3. 
«Әбіш Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 312 б. 
4. 
https://e-history.kz/ 
5. 
https://massaget.kz/


160 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет