199
көмектесетін, кәсіби тұрғыдан ақыл-кеңес беретін, олардың мұң-мұқтажын тиісті
мемлекеттік органдарға жеткізетіндігімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарында әлеуметтік
жұмыс үлкен өзектілікке ие.
Әлеуметтік жұмыс мемлекет пен қоғамның объективті қажеттіліктерінен пайда
болды:
1. Халықтың жалпы санында әлеуметтік қызмет түрлерін қажет ететін адамдардың
үлесімен және жағдайымен байланысты;
2. Әлеуметтік қызметтерді көрсетудің институттық жүйесін жетілдіру;
3. Әлеуметтік қызметті көрсетуді дамытуды халықаралық тәжірибе анықтап отыр.
Әлеуметтік жұмыс – бұл мамандық әлемдік тәжірибеде престижді
мамандықтардың қатарына кіреді. Жыл өткен сайын өзіне терең назар аудартады. Оның
негізгі мақсаты – өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған адамдарға көмек көрсету.
Қазақстанда «Әлеуметтік жұмыс» кәсібінің дамуына кедергі келтіретін бір
маңызды мәселе –әлеуметтік жұмыстың рөлін білмеу салдарынан қоғамның кәсіби
қызметтің бұл түріне қажеттілігінің төмендігі.
Кейбір адамдар «әлеуметтік жұмыс» деген не және ол не үшін екенін білмейді.
Олардың пікірінше, әлеуметтік қызметкер өзіне күтім жасай алмайтын қарт адамдарға
күтуші рөлін ғана орындайды деп түсінеді.
Осыдан азаматтардың осы кәсіптің рөлі мен маңыздылығы туралы бұрмаланған
көзқарас идеясы бар деп қорытынды жасауға болады. Бұл жағдайда мемлекет барлық
деңгейдегі әлеуметтік қызметкерлердің беделін арттырып, олардың қызметі туралы
халықтың хабардарлығын арттыруы керек. Яғни, Қазақстанда әлеуметтік жұмыс
мамандығының қоғамдағы рөлін көтеруді мемлекет тарапынан қолдау қажет Сонымен
бірге, әлеуметтік жұмыс мамандығына берілетін мемлекеттік білім беру гранттарының
санын көбейту қажет.
Әлеуметтік жұмыстың бұл рөлі өткір әлеуметтік қақтығыстарды болдырмайды
және әлеуметтік шиеленісті азайтады. Көптеген әлеуметтік проблемаларға душар болған
біздің мемлекетіміз үшін әлеуметтік жұмыс шиеленісті әлеуметтік жағдайды шешудің
негізгі тетіктерінің бірі болуы керек. Сондықтан мемлекет әлеуметтік жұмыстың қоғам
дамуында алатын рөлі мен маңыздылығын түсініп, мүмкін болатын күйзелістердің алдын
алу үшін тезірек лайықты деңгейге жеткізуге тырысуы керек.
2019 жылғы 2 кыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан хаалқының
жолдауында айтылған «.......адамдардың мұң-мұқтажына назар аударып халықпен тиімді
кері байланыс орнатуды қалыптастыру, азаматтардың өтініш-тілектерін қарастыратын
«Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға қолдау
көрсету, билікпен пен қоғам арасында диалог орнату арқылы тұрақты әлеуметтік
мемлекет қалыптастыру......» мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асыруда әлеуметтік
салада жұмыс жасайтын қызметкерлердің рөлі басым болатыны анық [1].
Жоғарыда «әлеуметтік жұмыс» деген не және ол не үшін екенін білмейтіндер бар
екендігін атап өткен болатынмын. Осыған орай, кәсіптік бағдар беру жұмысы қоғамдағы
өзекті мәселелер қатарына жатады.
Елімізде жыл сайын көптеген мектеп түлектері кәсіби және жоғары оқу
орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы қоғамда әлеуметтік проблемалар
туындатуы мүмкін. Осыған орай, оқушылардың қабілетін айқындап,
Достарыңызбен бөлісу: