Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет93/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   267
 
әлеуметтік жұмыс
 
мамандығының қоғамда алатын орнын, қызметтері туралы кәсіби бағыт-бағдар 
беру
 
жұмыстарын жетілдіру керек. 
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 
желтоқсандағы N 114-IV Заңының
 
11-бабында
«......
Облыстардың (республикалық 
маңызы бар қалалардың және Астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті 
шегінде халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді 


200 
қамтамасыз етеді, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде 
шараларды қабылдайды....» -деп көрсетілген [2 ]. 
Осыған орай, өңірдегі әлеуметтік қызметкерлер жұмысын бақылайтын бірыңғай 
құрылымдалған ақпараттық алаң құрылса. Ол өз кезегінде өңір тұрғындарының 
әлеуметтік проблемалары және оларды шешуде әлеуметтік жұмыс теоретиктерімен қатар 
практиктердің де күш-жігерін біріктірер еді. 
Мамандар даярлауда келесі өзекті мәселе практикалық тұрғыда даярлығына аса мән беру 
қажет. 
Студенттердің 
мамандық 
бойынша 
тәжірибеден 
өтуінің 
дұрыс 
ұйымдастырылуына, тәжірибеден өту базаларын таңдауға, әдістемелік қамтамасыз 
етілуіне, басқарылуы мен бақылануына қатысты көптеген жұмыстарды жетілдіру керек.
Іс-тәжірибеден өту қорытындысы мамандыққа қатысты біліктілікті игеру болып 
табылады, сондай-ақ әлеуметтік сала аясында отандық және шетелдік білімді игеру
категориялды-түсініктерді еркін игеру, компания қызметінде әлеуметтік сфераның 
дамуына талдау жүргізе білу, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет 
саласында мамандандырылған кеңес беру, кәсіби жұмыс жүргізе білу қасиеттерін 
қалыптастыру болып табылады. 
Әлеуметтік жұмыс қызметкері әртүрлі әлеуметтік рөлдерді атқара отырып келесі 
функцияларды атқарады
:
- Оқыту-тәрбиелік – қызметкер ересектер мен балалардың тәрбиесі мен қызметіне 
мақсатты түрде бағытталған педагогикалық әсер етуді қамтамасыз етеді, олардың білім 
алуы мен тәрбие жұмыстарына, басқа да әлеуметтік институттарға кәсіби әсер етеді. Олар: 
отбасы, білім беру мекемелері, еңбек ұжымы, бұқаралық ақпарат құралдары, діни 
мекемелер және қоғамдық бірлестіктер; 
- Диагностикалық – қызметкер «әлеуметтік диагноз» қояды, психологиялық және 
жастық ерекшеліктерін, адамның қабілетін анықтайды. Олардың қызығушылықтарын, 
өмір сүру сапасын, қоршаған ортасын бақылап, проблемаларына позитивті және негативті 
әсер етеді; 
- Ұйымдастырушылық
 –
қызметкер балалар мен ересектердің қоғамдық 
қызметтеріне әсер етеді. Кәсіби бағытталуына, бейімделуіне, еңбекке орналасуына 
көмектеседі. Клиенттің медицина, білім беру, мәдениет, спорт, құқықтық мекемелермен, 
қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен қарым-қатынасына әсер етеді. Проект және 
бағдарламалардың, жоспарлардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді; 
- Болжамдық – қызметкер жоспар құруға, әртүрлі микро әлеуметтік 
бірлестіктердегі және микро аудандардың әлеуметтік дамуының бағдарламалары мен 
жоспарларына қатысады, баланың нақты тұлғалық дамуына әлеуметтік экономикалық 
бағдарламаларды ойластырады, әлеуметтік педагогикалық тапсырмаларды шешу үшін 
схема, алгоритм ойластырады; 
-Профилактикалық және әлеуметтік-терапиялық – негативтік әсердің алдын алуда 
әлеуметтік қызметкер әлеуметтік құқықтық, психологиялық тұрғыдан көмектеседі, 
көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік терапиялық көмек көрсетеді, қоғамдағы адамның 
құқығын қамтамасыз етеді, жастар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби 
қалыптасуына көмек көрсетеді; 
- Ұйымдастырушылық-коммуникативтік – әлеуметтік қызметкер өз бетінше көмек 
көрсетушілер мен клиент арасында жеке және іскерлік байланысты орнатады, олардың 
бірлескен демалыс пен еңбектерін ұйымдастыруға көмектеседі, әртүрлі әлеуметтік 
институттармен ақпараттық және өзара қарым-қатынастарын бір жүйеге келтіреді; 
- Құқық қорғаушылық – клиенттің қызығушылығын қанағаттандыру үшін барлық 
құқықтық нормаларды қолданады. Клиентке тікелей немесе жанама түрде қарсылық 
көрсеткен адамдарды заңды түрде жауапқа алады; 
- Делдалдық – әлеуметтік қызметкер отбасымен, әлеуметтік білім беру 
мекемелерімен, жақын ортамен, баланың қызығушылығындағы институттармен жақын 
қарым-қатынаста болады [3]. 


201 
Әлеуметтік жұмыс – бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық 
принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі, 
әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір 
жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да 
әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да жоғары.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби сапасын дамытуда оның моральды бейнесі, басқа 
адамдармен қарымқатынастағы жеке тартымдылығы, психологиялық мінез ерекшелігі 
маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-адамгершілік мәселелері оның 
барлық іс-әрекетінде орын алуы мүмкін. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкердің 
адамгершілік мәселелерін шешу мен олардың алдын алу мақсатында, оның бойында 
кәсіби-этиклық негізін қалыптастыру қажет [4]. 
Е. Ярская-Смирнова әлеуметтік қызметкерге келесі талаптарды қояды: 
- кәсіби дайын болу; 
- қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму салаларында жан-
жақты адам болуы тиіс; 
- өз іс-әрекетінің салдарын көре білу, өз мамандығының құндылықтарын өмірге 
енгізе білу; 
- қиын балалармен, мүгедектермен және қарттармен қарым-қатынасқа түсе алу 
үшін коммуникативті қабілеті болуы; 
- клиенттің жеке басына қатысты мәселелерде кәсіби құпияны сақтай білуі мен 
кәсіби шеберлікті қолдана білуі тиіс; 
- кез келген күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі; 
- қандай жағдайда да мейірімділікпен кәсіби парызын орындауға дайын болуы 
қажет [5]. 
Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлықтың дамуының мәні мен жолдары 
экономикалық, социологиялық, психологиялық, этикалық, т.б. сипаттағы көптеген 
факторлармен айқындалады. Мамандық бұл адамның әлеуметтік әлемін өзгертетін және 
қиын өмірлік жағдайларды шешуге, жеке өмір мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерге 
адекватты әрекетті қалыптастыруға әр адамның потенциалын жоғарылататын, әлеуметтік 
пайдалы қызметпен айналысуға дайындық екені белгілі 
Әлеуметтік жұмысты дамыту жөніндегі мынадай бағыттарды ескеру өте маңызды:
-
әлеуметтік жұмыстың неғұрлым маңызды және бекітілген мемлекеттік 
бағдарламаларын іске асыру, оларды шын мәнінде өзектілендірілетін және ұйым 
қызметінің ажырамас бөлігі болып есептелетін жергілікті жерлердегі әлеуметтік жұмыс 
құрылымдары қызметінің практикасына енгізу;
-
халықтың әлеуметтік әл-ауқатының проблемаларына қатысты жергілікті 
жерлердегі тиісті білікті кадрларға қажеттіліктерге сәйкес білім беру жүйесін жетілдіру; 
-
«әлеуметтік қамтамасыз ету» мамандарын даярлау бағыты бойынша оқу-
әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; 
-
өңірдегі әлеуметтік қызметкерлер жұмысын бақылайтын бірыңғай құрылымдалған 
ақпараттық алаң құру,
-
әлеуметтік қызметкерлерді әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, енгізуге ғылыми 
кадрларды көптеп тарту, жастарды әлеуметтік саладағы жұмысқа даярлау;
-
әлеуметтік проблемалар және оларды шешуде әлеуметтік жұмыс теоретиктерімен 
қатар практиктердің де күш-жігерін біріктіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет