Я и моя мотивация



бет2/9
Дата16.12.2023
өлшемі1,5 Mb.
#140053
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 ЛЕКЦИЯ (1)

Джордж Мид (1863-1931) конфликт «тұлға  орта» қатынастарында ауытқудың пайда болуы салдарынан адамда ішкі үйлесімсіздік пен жайсыздықты сезіну негізінде әлеуметтік ортаға бейімделу үшін белсенді әрекеттер жасайды. Бейімделу барысында конфликтілер пайда болады.

Уильям Мак-Дугалл (1871-1938) – қоғамда конфликтіден қашып құтыла алмайсың, өйткені адамдарға қорқыныш, агрессия, өзін таныту т.б. сияқты әлеуметтік инстинкттер тән. Олар тұқым қуалау арқылы беріледі, сондықтан адамдар үнемі жанжалдасады.

Ресей психологтері Н.В. Крогиус, Н.И. Фрыгина, Л.А. Петровская, Н.В. Гришина - Конфликт оппоненттердің қарама-қарсы әрекеттері, бір-біріне қатысты жағымсыз әсерлері.

Конфликт туралы білімнің мәні

Конфликт туралы білу қарым-қатынас мәдениетін арттырады, адамның өмірін психологиялық деңгейде көтереді, әлеуметтік интеллектісін жоғарылатады. Адамдар конфликт және келісім бар екенін біледі, конфликтсіз өмір сүру жақсы екенін де біледі. Адамдардың практикалық санасы конфликт жағдайларынан арылу керек екенін біледі, сонда да адамдар мүлдем конфликтсіз өмір сүре алмайды.

Конфликт құрылымы


Конфликт тараптары – бұл конфликт жағдайында жүрген субьектілер
Конфликт пәні – конфликт не себептен туындады, сол конфликтінің пәні болып табылады.
Конфликт жағдаятының образы – субьект санасындағы конфликт пәнінің бейнеленуі
Конфликт себептері – конфликтіге итермелейтін ішкі ынталандырушы күштер
Конфликтілі тараптардың позициялары – конфликт барысында бір-біріне мәлімдейтін нәрселері
Егер де конфликт құрылымының бірі бар болса, онда конфликт шешілмеді деп есептелінеді.

Конфликт себептері


Жалпы себептер:
  • Қоғамдық-саяси және экономикалық себептер (елдің қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайымен байланысты)
  • Әлеуметтік-демографиялық себептер (адамдардың жынысына, жасына, ұлтына байланысты көзқарастар мен мотивтердің айырмашылықтарын көрсетеді
  • Әлеуметтік - психологиялық себептер (топтағы әлеуметтік - психологиялық құбылыстар)
  • Жеке - психологиялық себептер (жеке тұлғаның жеке қасиеттері).

Жеке себептер:
  • Қызмет ету шарттарына қанағаттанбау
  • Қарым-қатынас этикасын бұзу
  • Еңбек заңнамасын бұзу
  • Шектелген ресурстар
  • Мақсаттардағы, құндылықтардағы айырмашылық
  • Қанағаттанбаған байланыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет