Я и моя мотивация


Конфликтінің деструктивті функциясы



бет5/9
Дата16.12.2023
өлшемі1,5 Mb.
#140053
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
13 ЛЕКЦИЯ (1)

Конфликтінің конструктивті функциясы

Конфликтінің деструктивті функциясы

  • Қатысушылардың психикалық күйіне негативті әсер етуі;
  • Конфликтінің сәтсіз болуы қарсыластарды жарақаттаушы психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың көрінуімен жүруі мүмкін.;
  • Конфликт стресс жағдайында болады;
  • Конфликт екінші жақтың жағымсыз «жау, қарсылас» бейнесін қалыптастырады - бұл қарым-қатынаста кішігірім асқынулар болған кезде оңай қайта туындап, жаңа конфликтіге әкелуі мүмкін.
  • Егер конфликт күш қолдану көмегімен жеңіске жететін болса, онда болашақта проблемалар туындағанда осы әдісті тиімді деп есептей отырып, сол әдіске жүгіну ықтималдығы артады;
  • Конфликтідегі жеңіліс адамның «Мен» концепциясына кері әсер етеді.
  • Конфликт әрқашан коммуникация жүйесінің, ұжымдағы қарым-қатынастың уақытша бұзылуын білдіреді;
  • Егер конфликт деструктивті шешім қабылдаумен аяқталса, ұжымдағы қарым-қатынас жағдайы 19-30% нашарлайды.
  • Конфликтілердің жиі болуы топтың ұйымшылдық дәрежесін төмендетеді.
  • Конфликт кезінде бірлескен іс-әрекеттердің сапасы нашарлайды.

Конфликтінің деструктивті функциясы

Конфликтінің даму сатылары

  • Латентті кезең (конфликт алды кезең):
  • Ашық кезең;
  • Конфликтінің аяқталуы;
  • Конфликтіден кейінгі кезең.

Латентті кезең:

  • Объективті проблемалық жағдаяттың туындауы;
  • Обьективті проблемалық жағдаятты саналы тұрғыда түсіну;
  • Қатысушылардың объективті жағдаятты конфликтісіз тәсілдермен шешуге тырысуы (сендіру, түсіндіру, сұраныстар, ақпараттандыру, өтініштер).

Ашық кезең:

  • Инцидент - тараптардың алғашқы қақтығысы. Күштердің айтарлықтай теңгерімсіздігімен конфликт инцидентпен аяқталуы мүмкін.
  • Эскалация (латын тілінен scala - баспалдақ) - қарсыластар күресінің күрт күшеюі.
  • Теңдестірілген қарсы әрекеттік реакция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет