Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 5 том Елең - алаң. екінші бөлім. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 400-401 беттер)



бет15/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy

.(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 5 том Елең - алаң. екінші бөлім. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 400-401 беттер)
Жазушы кейіпкердің ішкі жан күзелісін қос үнді сөздер арқылы ұтымды бейнелеген. Аманатқа апарып берген баласының болашақ қамын ойлаған әке, өз оитбасымен бірге халық қамын ойлаған кейіпкер тұлғасын көрсетеді.
Автор Әбілқайырды қазақ халқының жаңа үлгідегі ханы етіп көрсетуге ұмтылады. Әрине, бұл құптарлық ниет, жақсы нышан. Дегенмен, тарихи шындық пен халықтың ақиқаттан сыртқары тұруы қиын. Автор осы шындықты өз шығармасында жүйелеп сөз етеді. Әбілқайыр тағдыры – оңай тағдыр емес. Ол бар болғаны кіші жүздің ғана ханы. Сондықтан оған бүкіл елдің басын қоспадың деп кінә артуға болмайды. Ол бар қазақты билеп Ресейдің қол астына тұтастай енуді арман етеді. Іс жүзіне келгенде, бірақ оған бет – бетіне түйе айдаған хандар мен сұлтандар ырық бермейді. Қайта семсерін білеп қарсы шығады. Әбілқайырдың оларды күшпен көндіруге дәті жеткенімен, дәрмені жоқ. Сондықтанда ол ой – жады болып пұшайман күй кешеді. Жазушы Әбілқайырдың өзімен - өзі тұйықталып, тығырыққа тіреліп, тегеурінді іс әрекетке көше алмай сергелдеңге түсіп, санамен сарғайған сәттерін сары майдай қылшық суырғандай бипаздап жеткізеді.
... Хан ол әңгімеге араласқан жоқ. Мұртынан күліп үнсіз келеді. Назары сонау көз ұшындағы оқшау төбеде. Маңтөбе десе Маңтөбе... Ойы – орыс елшісімен мәмлесі көңілдегідей шығып жатса, мынау домалақ төбенің бауырайының бәрін жер ошаққа толтырып, төбесіне кілем жайып, күллі ұлыстың ауызынан ақ май ағызып, Маңтөбенің атын Майтөбеге аудару, жер түбінен келген шаруасы діттеген жерінен шығып, дені жайылған құрметті қрнақпен айлап саят құрып, Аманкөлдің айдыны толы құсы мен жынысы толы қабанын атқызу.
Енді, міне сол тоқтамына бүгін өзі риза боп келеді. Көкжиектен шұбарытып шыға келген шұбалаңқы көштердің қайсысының қайда қонатынын ойлап қояды. Хан орда сол Қарақоғаға қонады. Маңтөбенің ығы мен шуағы мол күнгей бауырына, хан ордадан қарасын көріп отыратындай жерге ақ патшаның елшілігі жайғасады. Маңтөбенің өз бауырына сол сый қосыннан басқа ештеңе жолатпайды. Қалған ауылдар айдаладан көзіңді шұқып тұрған айқай төбені шыр айнала қоршап сонау төменге, тегістікке орналасады. Сонда елшілікті тек төбенің ұшар басында күні – түні көз ілмей қарауыл қарап тұратын сақшылар ғана емес, бүкіл ауыл түгел күзетіп отырады.
Өйтпей бола ма!... жұрт арасынан не шықпайды дейсің! Қымыздың буы мен қыздырма әңгіменің желіне ылығып, ақ патшаның елшісіне қаралық ойлап жүрер әулекі біреулер табылып жатса, қапы қалмастай боп абай отырған жөн...

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет