Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі



бет4/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
kur -korkem-shygarmadagy-ishki-monolog-tildik-tuzilimi-stilistikasy

1.2 Ішкі монолог құрудағы тілдік тәсілдердің ерекшелігі

Кез келген көркемдік тәсіл, бейнелеу құралдары жеке – дара тұрғанда ешқандай көркемдік қызмет атқармайтыны белгілі. Шығарма поэтикасының өзі сөз өнеріндегі түрлі көркемдік тәсілдер мен бейнелеу құралдарының жиынтығы екендігін естен шығармағанымыз дұрыс.


Әлем әдебиетіндегі алдыңғы қатарда жүрген ішкі монолог, ой ағысы сияқты көркемдік тәсілдер енді біздің ұлттық әдебиетте де көрініп, көркемдік ойлау жүйесін кеңейтті. Біздің қарастырып отырған мәселеміз ішкі монолог болғандықтан, бейнелеу құралдарының ішінде тікелей қатысты түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ой ағысы, психологиялық жағдай, портрет, дауыс ырғағы тағы басқа адамның сезіміне қажетті көркемдік тәсілдерге тоқталуды жөн көрдік.
Ұлттық әдебиетімізде 60-80 жылдар аралығында бой көрсеткен шығармаларда қаһарман мінезін дәріптеудің еркін өсу мәлесін кеңінен өрістудің ашық түрі әдебиетімізге ішкі монолог тәсілін алып келген болатын. Қазақ прозасында да оқиғаны қызықтау, тек баяндаушылық, сюжет қуушылық секілді сипаттан гөрі психологиялық тереңдік, образды ойлау, іштей өсу – түлеу айрықша өріс алды.
Әбіш Кекілбаев шығармаларында баяндаушылық сипаттан гөрі, образды ойлауға, оқырманын психологиялық тереңдікке бойлатуға мүмкіндік береді. Осындай шығармаларының бірі «Үркер», «Елең-алаң» романдарында ішкі монолог тәсілі жоғары деңгейде қолданылған. Мысалы: романның бас кейіпкері Әбілқайыр ханның өзімен-өзінің іштей сырласу мен сөйлесу тәсілі жоғары суреттелген.
Ішкі монологқа тікелей қатысты түс көру және оны жорыту тәсілі жазушының сөзге деген шеберлігін білдіреді. Әбілқайырдың Ресей патшалығына елшілік жібере отырып, ұзақ сонар күнді күтумен өткізген уақытында түс көріп, оны өзінің құрдасы Тайланға жорыттырудың өзі жазушының ішкі монолог тәсілін ауқымды қолданғанының бір кепілі.
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романының «Елшілік» тарауында ішкі монологпен қоса Ресей патшалығынан келген елші Тевкелев пен Әбілқайыр ханның әңгімелесуі диалог тұрғысында берілді.
Көркем шығармда кейіпкер атынан айтылатын төл сөз диалог және моолог түрінде келеді. Сонымен қатар авторлық баяндау ішінде диалогтың дара репликаллар да қолданылады.
Диалог – екі адамның белгілі бір тақырып шеңберінде сөйлесуі. Диалог – тілдік қатынастың батапқы және табиғи түрі. Оның түп – төркіні – сөйлеу тілі.
... Екеуі оңаша қалғасын хан сөз бастады.

  • Ал аман-есен жеттіңіз бе? Жол- жөнекей қиындық көрген жоқсыз ба?

  • Шүкір. Өз жағдайларыңыз қалай? Есендік пе?

  • Қалай болары әлі белгісіз. Ертең ру басыларының жиынына

шақырмас бұрын өзіңізбен оңаша сөйлесіп алғым келді. Олар Сейітқұл мен Құттымбет орыс патшасынан жоңғарға қарсы бірге соғысатын әскер сұрай кетті деп ойлапжүр еді. Елшілік келе жатыр деген хабарды естіп, көңілдеріне бір секем қонып, менің әр адымымды аңди бастады. Кеше сіздің қасыңызда ғаскер адамдары барын өз көздерімен көріп келген билер маған келіп, сізбен оңаша кездесуге тыйым салып, тек біздердің көзімізше ғана сөйлесесің деп шарт қойып кетті. Содан бері ешқайсысы қараларын көрсеткен жоқ. Өзара не деп пәтуа байласып жатқанын бір алла біледі. Бірақ, оларға бодан болу жайындағы әңгімені абайлап айтпай болмайтыны белгілі боды (Әбіш Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы 4 том Үркер романы, Елшілік тарауы. Алматы, Өлке баспасы 1999 ж 174 бет).
Осы бір үзіндіден жазушы монологпен қатар диалог тәсілінде қолданғанын байқаймыз. Кейіпкерлердің төл сөзі көркем шығармада диалог және диалогтық дара реплика түрінде ғана емес, сонымен қатар монолог түрінде берілуі жайында орыс ғалымы В.Виноградов сөз еткен болатын. Көркем шығармадағы монологтың сипаты, диалогтан ұзақтығы ғана емес, олардың диалогтан қарағанда композициялық күрделілігінде және бұлардың мазмұнына түгелдей сөзбен жауап қайырылуы міндетті еместігінде.
Ішкі монологқа тікелей қатысты түс көру, оны жорыту, ішкі дауыс, ішкі диалог, ой ағысы, психологиялық жағдай, көзқарас, ишара, дауыс ырғағы. Толып жатқан адамның әрқилы көңіл-күйіне байланысты ерікті кейде еріксіз күйде туатын психологиялық іс-әрекеттерді, ой мен сезім құбылыстарын бейнелейтін көркемдік тәсілдерді қарастыру (Г.Пірәлиева «Ішкі монолог» Алматы беті мен жылын жазу керек)
Әбіш Кекілбаевтың зерттеуге тірек болған шығармаларында ғалымның көрсеткен ішкі монологқа қатысты түс көру мен оны жорыту тәсілі көрініс табады.
Түс – ішкі монологтың бір элементі, яғни кейіпкердің көңіл – күйін, санасындағы үздіксіз жүріп жатқан үрдістің бір сәтін белгілейтін көркемдік тәсілдің бір түрі. Жазушы түсті өз шығармаларында өте көп және зор рөл атқаратын құрал ретінде пайдалады. Қазақ прозасында түске соншалықты мән беріп, одан терең философиялық ой, әлеуметтік мәселе көтеру алпысыншы, сексенінші жылдардағы жаңа лекке тән қасиет болса керек. Соның ішінде Әбіш Кекілбаевтай түстің көркемдік мүмкіндігін кеңінен пайдаланған қаламгерлер жоқтың қасы.
Романдарындағы кейіпкерлердің ең биігі Әбілхайыр хан өзінің ашқан балын жорытқалы Тайлан құрдасына барады. Әбілқайырдың бұл баруының өзін жазушы тек хабарлама сөз ретінде емес, Тайлан екеуінің ара қатысын, сонымен бірге уақиғаның барлық желісін автор баяндауында көрсете білді.
...- Бал аштырғалы келдің бе, жоқ түс жорытқалы келдің бе? – деді Тайлан оң қолында отырған қараша баланың кекіліне танауын көме түсіп.
Хан тамағын кенеді.

  • Басы бес әліп, ортада алты әліп, аяқта алты әліп, жүрегі мен босағасы жұп түсіп, қалғандары ұйыспай, шілдің құмалағындай шашырап кетсе, неге көрінуші еді?

  • Іздеген жоғың болса, хабары шыққанмен, қолыңа тиер – тимесі белгісіз. Ал, енді сапардағы жолаушыға бағыштасаң, белдеуге ат басын тіреп келіп қалыпты, бірақ жүрегінің басында бір зіл бар ма қалай... Қуаныштан күпті ме, әлдебір күдік пе... не де болса, келуі келіп – ақ қалды...

  • Һм!- деді хан.

Орынынан тұрып, жырық балақ құлын жарғақ шалбарына жабысқан шөп-шөңгені сілкіп тастап, етектегі жалғыз үйге қарай баяу басып жүріп кетті (Ә.Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы, 3 том, «Үркер» «Тығырық» бөлімі. Алматы Өлке баспасы 1999 ж, 235-236 беттер)
Түс – біздің көркем әдебиетімізде күні кеше ғана көркемдік тәсіл болып қалыптаспағаны белгілі. Оның түп – тамыры тереңде, сонау халық болып қалыптасып, ой – мұңы, ән – жыры дүниеге келген ықылым заманнан бастап жырлар мен лиро – эпостық жырларда әдеби тәсіл ретінде қолданылып келген. Қазақ халқында өзінің болмыс – бітіміне байланысты түс жоруды дәстүрлі түрде қалыптасқан және әдеби жанрдың кез –келгенінде кездеседі де. Өйткені адам бар жерде саналы және еркіңнен тыс болатын психологиялық құбылыстардың болуы заңды нәрсе. Ал, түс адамның шындықты санамен бейнелеуіне тікелей қатыспайтын психикалық құбылыс.
Әбіш Кекілбаев өз шығармаларында тоқырау түстеріне терең мән береді, оны көп пайдаланады. Ол түстер шығараманың шырайын ендңрңп, ең маңызды қызмет атқарып, өзімен бірге ұғым – сенім, оны жорыту секілді қосымша тәсілдерді алып келді.
...Жастыққа басы тисе болды, қайдағы бір ауызы үңірейген үңгірлерге тап болады. Үңгірдің аузында екі анары салбыраған тырдай жалаңаш ақ сары қыздар күнге қыздырынып отырады. Көздері көкпеңбек. Денесі уыздай аппақ. Жанарына бір қарадың - ақ, көзіңді енді қайтып ажырата алмайсың. Жады немелер жымың – жымың күліп, қараңғы үңгірдің түп жағын нұсқап, ымдап шақырады. Бұл, қапелімде, айтқандарына көніп, енді ұмтыла бергенде, тастан ырғып түскен сұлу қыздың аяғының екеу еместігіне көзі түседі. Жалғыз аяқ. Жалғыз балтыр.Маңдайындағы көзі де жалғыз. Бұл жалма – жан жалт бұрылып қаша жөнеледі. Жалғыз аяқ қыз аттатпайды. Қуып жетіп, ту сыртына жабысып мініп алады. Жан ұшырып қашып келе жатады. «Құтқарыңдар!» - деп айқай салып келе жатады...
... Біресе бір кекілі жалбыраған балаға еріп бүлдірген теруге бара жатады. «Бүлдірген, ана сордың ар жағында!» - дейді бала. «Апырай, сортаң жерде де бүлдірген өсетін болғаны - ау»! – деп ойлайды бұл. «Қорықпа, мына сорды кесіп өтсек, тез жетеміз», - дейді бала. Бұл жасқаншақтап сорды басады. Былқылдақ. Бір аттайды, екі аттайды. Әлгі былқылдақ сор бірте – бірте жұтып барады. Міне – тобықтан асты...Міне, тізеден асты... Міне – кіндіктен де асып барады... Табанынан бір мұздай суық қарып бара жатады. «Әй, сен мені қайда әкелдің?» Қасында бала жоқ. Анадай жерде қашып барады. Сорға бататын түрі жоқ. Қояндай орғып – орғып қояды. Сөйтсе, іздері бұдан қашып бара жатқан емес, бұған қарай жүгіріп келе жатқан кісінің ізіндей боп, теріс түсіп қалып жатыр.Бұл жан ұшыра бұлқынады. Оянып кетеді... (Ә.Кекілбаев он екінші том, 5 том. Елең – алаң романы «Тәуекел», Өлке баспасы 1999 ж,90 бет)
Осындай бір түнгі емес, бірнеше түнге созылған Ералының түсінің өзі сол уақыттағы қазақ елінің қым – қиғаш алаңдаулы тағдырын бейнелейді. Автор Ералының түсі арқылы ішкі бір үрей мен қорқыныштан, жан дүниесіндегі бір тоқыраудан, күйреуден хабар береді.
Жазушы түс арқылы бір рулы елдің ханын болашақ жарымен кездестіріп, сол кездегі ұғым – сенімдергеде құлақ түргізеді. Бопай ханымның түсін ІІІ жақтан беру арқылы кейіпкердің ішкі монологын береді. Тек жай ғана түс ретінде бермей, адамның ішкі сезімдерін тоғандыра суреттейді.
... Түн ортасынан ауып кеткен. Уқалай – уқалай қары талып қалыпты. Сонда да қимылсыз жатқан бөтен тәнге жылу бармай қалса, әлгі бір әлсіз үміттің өзі өшіп кететіндей бетін апарып, иегімен сипалап отырып қалғып кетіпті...Түс көріпті... Түсінде тап осы Белгілінің отауының табалдырығының ішінде мал сойып отыр... Мал дегені, терісін сыпырарда байқады, арлан қасқыр... Жон арқасы көк шуланданып тұр... Өзінен қан шықпайды, ағыл –тегіл сүт ақтарылып жатыр... Селк етіп қолын тартып ала қойды... (Ә.Кекілбаев он екінші том, 5 том. Елең – алаң романы «Тәуекел», Өлке баспасы 1999 ж,168 бет).
Осы бір түстен кейін Әбілқайырдың беті бері қарап, еліне кетіп, бірталай уақыттан кейін тағыда ауырған кезде осы Бопайды алдырып, өзі жазылған соң, жар етіп алған екен. Содан бастап Бопай ханым Әбілқайырдың бір жағынан жары, еінші жағынан қамқоршысы болып келді. Бұл жерде түс ішкі монологтың тууына үлкен әсер ете отырып, ең тиімді тәсілдердің бірі екенін байқатады. Жазушы өз шығармасының оқырманға тартымды болуын көздеп тарихи оқиғаларды түс арқылы ІІІ жақтан беруді көздеген. Сонымен бірге жоғарыда атап өткендей Ералының ауыр хәл үстінде жатып, түс көруі, сол кездегі халықтың наным – сенімге мән беретіндігін атап өткен.
Ішкі монолог арқылы әртүрлі әсерлердің, естеліктердің, ұғым – сенімдердің ішкі жан әлеміндегі бір – біріне тәуелді – тәуелсіз, өзара сабақтастық қатынасы ашылуц абзал. Сондай – ақ ішкі монологтың шығарма сюжеті, идеясы, композициясы өрісінде, кейіпкер сомдауда шешуші рөл атқаратыны да белгілі. Жалпы ұғым – сенім арқылы көрінетін ішкі монологтың шығарма сюжетін қоюландырып, идеясын айқындайтынын осы зерттеп отырған романдар арқылы түсінік аламыз.
... Бүгін түнде түсіне Ералы кіріп жүр. Бұлар іште сары табаққа салып ап сары сазандай аунатып бүйенге қатырған шырын уыз жеп отырғанда, ол түрулі іргенің тұсына келіп, көзін сатып, қолын жаяды. Бұлар оны аяп қолдарын қанша созса да, іргеге жетпейді. Үйдегілердің қайырынан күдер үзген Ералы отыра қалып, топырақтың астына қолын сүңгітіп, бұлқынтып саршұнақ па, борсық па бірдеңе суырып алып шығады. Жаңағы олжасын бауыздамай, іремей, тыпырлатып, тырнағын қадап, жайратып жатады. Әлгі немесінен қан шықпайды, ағыл – тегіл сүт ақтарылып жатады...(Әбіш Кекілбаев. Он томдық шығармалар жинағы 5 том, Елең – алаң романы. Тәуекел бөлімі. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 181- бет).
Жазушы Бопай ханымның түс көріп, оны өзі жорып, өткен күндерін есіне алдыра отырып, образ жасаудың ең биік шыңына шығады. Мұнда түс арқылы қазақ халқының ұғым түсініктеріне үлкен иән бере қарайды. Кейіпкерін іштей ойлата да, іштей зор сенімділікке баулата алады.
Қазақ прозасында түске соншалықты мән беріп, одан философиялық ой, әлеуметтік мәселе көтеру, алпысыншы- сексенінші жылдардағы жаңа лекке тән қасиет болса керек. Алайда олардың ішінде Кекілбаевтай түстің көркемдік мүмкіндігін кеңінен қолданған қаламгерлер тапшы. Жазушының шығармаларда кездесетін түстерінің барлығы туындының идеялық қазығы болумен қатар кейіпкердің бүкіл табиғатын, шын бет –пернесін, ішкі иірімдерін, көңіл түбіндегі құпия сырды, адам жанының психологиясын ашудағы ролі зор. Біздің ұлттық ұғым сенімімізде ежелден қалыптасқан түс. Ол туралы ұғым, оны жорыту, тіпті түстің адам мінезін кейде бүкіл өмірінде түбегейлі өзгертіп адамзат алдында ақиқатын тануға көмекші болатын құнды құрал. Міне, содан бері Түс төл әдебиетіміздің төрінен түспей, өзіндік көркемдік міндетін мінсіз атқарып келеді.Оны қандай мақсатқа, қалай қолданып жүр, ол өз алдына бір мәселе.
«Түс (ішкі монологтің) басқа елдерде, әсіресе, европа әдебиетінде де көркемдік тәсіл құрал болып келгені аян. Ғалым зерттеуші М.М. Бахтиннің айтуынша түс – европа әдебиетінде «Мениппиваз» - сатира жанрында тұңғыш рет көркемдік таным боп енді. Миниппайлы дәстүр бойынша, кейін ол түрлі варианттармен, әр түрлі әсерлермен еніп отырды.Орта ғасыр әдебиетінде ХYI-XYII ғасырдағы гротестік сатира да (әсіресе, Кеведо мен Гриммельсхузенде), сондай – ақ романтиктердің символистік- ертегілерінде (оның ішінде Г.Гейненің түс көру лирикаларында)қолданулары жүзеге асты. Әсіресе, адамды қайта тудыруға және жаңартуға тәкелей әкелетін тоқырау түстерінің маңызды вариациясын атап айту қажет» (Г. Пірәлиева. Сана ағымы және аңыз (Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы туралы әдеби сын) Жұлдыз журналы 1994 ж №1. 189-195 беттер)
Ә. Кекілбаев өз туындыларында тоқырау түстеріне терең мән беріп, оны көп пайдаланады. Көркем шығармадағы түс кейіпкердің кәдімгі күнделікті өмірінен өзгеше мүлде басқа заңдылықпен ұйымдастырылған бөгде өмірді өрнектейді. Түсте көрген өмір, шынында да кәдімгі өмірді сыпырып тастайды да, оны жаңаша бағалауғадц және түсінуді талап етеді. Өмірде өзіне айта алмаған немесе мойындамайтын қателіктерін осы түс арқылы танып, оның жаңа мүмкіндіктерін ашып жататын жайлар да аз емес. Кейде түсте кәдімгі өмірде бола бермейтін ғажайыптардың болуы мүмкін, алайда, ол өмірде емес, көркем шығармада қолданылып отыратындықтан адам мен көркем шығарма идеясын сай бейнеленетіні де белгілі.
... Осы қашып келе жатқан өзі кім? Расында да түлкі ме?.. Жоқ, түлкіге айналып кеткен басқа бір мақұлық па? Түлкінің мынандай бес саусағы болатын ба еді? Егер түлкі болмаса, қайтып жер бауырлап жымып қаша алады? Аш белі қайқаңдағанда кіндігімен жер сыза жаздайды. Аяқ – қолы жерге тимейді. Сонда бұл түлкі болмағанда не болды?
Тарғыл бүркіт үсті – үстіне шаңқылдайды? Не деп шаңқылдайды? Бұған не істемейсің дейді? Неге қашасың дей ме? Неге қасқиып қарсы шаппайсың дей ме? Неге айлаға жүгінесің дей ме?...
... Бұл солай біраз отырды. Жан – жағына көз салды. Бас сауғалатар саяя іздеді. Анадайдан бірдеңені көрді. Бөксесін сүйретіп қасына барды. Арбиған – арбиған қос дөңгелек. Тот баспаған. Жылтырап тұр.Соған қарағанда әлдеқайда бағыт алып бара жатқан қозғалыс үстіндегі бірдеңе. Қазақ арасына жиі келіп тұратын тарғыл шапан саудагерлердің арбасына келіңкіреймеді. Өңшең шойын... Үңірейіп аузын ашқан әлденесі сопайып тағы тұр. Әлгі от құсатын зеңбірек дейтіні осы емес пе екен? Ендеше мұның қасына қайдағы бір тарғыл бүркіт түгілі шайтан да жлоай алмайды. Ендеше қандай қуғыншыдан да құтылғаның. Өзінің біраз көлеңкесі де бар екен. Сұлқ түсіп жата кетті. Көзі тағы да көкке түсті. Манағы тарғыл бүркіт әлі шүйіп жүр. Мұның ендігі күні неболар екен деп алаңдай шолып айналсоқтап жүргендей...
Ентігіп демі бітіп бара жатқандай болған соң оянып кетті. Өз көзіне өзі сенбей біраз жатты.Қараңғы түн...(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. 5том Елең – алаң романы. Екінші бөлім. Алматы Өлке баспасы 1999 ж 402-405 407)
Осы Әбілқайырдың ұзақ түсі арқылы сол кездегі бүкіл халықтың ішкі ойын, ағысын байқауға болады. Сонымен бірге сол уақыттағы жағдайды, әлеуметтік жағдайды түз жануарларының елесі арқылы бейнелеу, жазушының аса бір парасаттылығын береді.
Өмір шындығының көркем шындыққа айналу үрдісінде әр алуан философиялық, эстетикалық, таза творчестволық факторларға байланысты. Бұл факторлардың ішінде тіршілік ағымын табиғи болмысымен теңдес суреттеу міндеті бар. Қызықты құбылысқа куә боламыз: қаламгер өз еңбегінде өмірдің табиғи болмысына едәуір жасандылықтар арқылы жақындайды және тағы сол ақиқатты жеткізу үшін жақындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет