Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 33-бет 36 беттен
платформалар, цистерналар, крандар, метро поездары) өзінің ведомстволық меншігіне қарамастан темір жол деп
танылады.
Су жолы көлігінің қатарына (теңіз және өзен кемелерінің) жолаушылар таситын, ғылыми-зерттеу, көлік,
табыс табушы (балық аулаушы, краб аулаушы, т.б.), өңдеуші (жүргізуші базалар мен жүргізуші заводтар),
қосымша (буксирлер, т.б.), техникалық (түпті тереңдеткіш, түпті тазалағыш снарядтар, кабель жүргізуші, т.б.),
құтқарушы, спорттық кемелер, соның ішінде, ауа толтырылған тіректегі, сүңгуір қанатты кемелер де жатады.
Заң су жолы көлігінің қатарына, сонымен бірге, бас двигателінің қуаттылығы 75 ат күшінен кем шағын
мөлшерлі теңіз және өзен көліктерін, жалпы сиымдылығы 80 регистірлі тоннадан кем өздігімен жүрмейтін
көліктерді, азаматтардың меншігіндегі моторлы кемелерді (двигатель қуаттылығына қарамастан), желкенді
кемелерді, 100 және одан да көп килограмдық жүк көтере алатын ескекті қайықтарды, байдаркалар мен үрленетін
қайықтарды жатқызады
20
.
Әуе көлігінің қатарына азаматтық авиация көлігімен қатар әуеде ұшатын басқа да құралдар
(гидроұшақтар, ұшақтар, тікұшақтар, автожирлер, аэростаттар, дирижабльдер, планерлер, т.б.) жатады.
Заң Әйелдер қылмыстардың жоғарыда аталған заттарының қатарына қатынас жолдарын, байланыс және
белгі беру құралдарын қосады.
Қатынас жолдары ретінде: темір жолда - кәдімгі, тар табанды, балалар темір жолы, кәсіпорындарға, кен
орындарына, шахталарға, т.б. тартылған жеке жолдар; су көлігінде - мұхиттың немесе теңіздің ашық жерлері,
бұғаздар, каналдар арқылы кеменің жүретін жолы, сол сияқты, ішкі су жолдары (кеме жүретін және сал ағызатын
өзендер, көлдер); әуе көлігінде - әуе жолдары мен жергілікті әуе жолдары танылады.
Белгі беруші құралдарға жататындар: темір жол көлігінде - жолдың автоматты және жартылай автоматты
блокадалануы, локомотивтің автоматты белгі беру жүйесі; су көлігінде - маяктар, қалқып жүретін белгілер,
навигациялық (суда жүру) белгілер; әуе көлігінде - радиомен белгі беруші жүйелер, жарықпен белгі беретін
қондырғылар және т. б.
Темір жол көлігіндегі- радиобайланыс, сым арқылы байланыс; судағы - рациялар, телетайптар; әуе
көлігіндегі - радарлар, ультрақысқа толқындағы радиобайланыс, борттағы жауап бергіш құралдар, т.б., байланыс
құралдары болып табылады.
Субъективті жағынан алғанда, Әйелдер жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі қылмыстық менмендік
немесе қылмыстық немқұрайлық түрі ретіндегі абайсыз кінә ретінде сипатталады. Бұл қылмыстардың
кейбіреулері (ҚК 297, 306-баптары және 305-баптың 1-бөлімі) тек қасақана жасалуы мүмкін.
Талқыланушы іс-әрекеттердің субъектілері ретінде, ҚК-тің жауаптылықты 14-жастан бастап жүктейтін
299-шы бабынан басқа жағдайларда, ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа толған кез келген жеке тұлғалар таныла алады.
Әйелдер қылмыстардың бірқатарының субъекті (ҚК 295, 302, 305, 306-баптары және 298-баптың 1-бөлімі) -
арнайы субъект болуы мүмкін. Әйелдер қылмыстарды екі топқа жіктеуге болады:
1. Көлік құралдарын пайдалану және қауіпсіздігі ережелерін бұзумен тікелей байланысты қылмыстар. Бұ-
лардың қатарына ҚК-нің 295-298, 300, 302, 306-баптары арқылы жауаптылық көзделген қылмыстар жатады.
2. Көлік құралдарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуымен байланысы жоқ
қылмыстар. Бұл қатарға ҚК-тің 299, 301, 303-305-баптары арқылы жауаптылық көзделген қылмыстар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: