Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 35-бет 36 беттен
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтіруі -қылмыстың ерекше белгілерінің бірі ретінде танылады.
Біріншіден, лауазымды тұлға немесе өкімет өкілі қызметін жүзеге асыруында,өзіне жүктелген қызметтік
міндеттерін қылмыстық жолға, яғни кереғар пайдалануынан тұратындығымен көрінеді.
Екіншіден, (қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар) өкілеттілік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге
асырушы не Кәмелеттік органдар қызметтерін жүзеге асырушы адамдар, азаматтардың немесе ұйымдардың құ-
қықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзуы, заңды бостандықтарын, құқықтары мен мүдделерін кемсітуі, елеулі түрдегі мүліктік зардап келтіруі, өнді-
рістерді тоқтатуымен сипатталынады.
Қылмыстың субъективтік жағы - ҚК аталған тарауда көзделген қылмыстардың барлық түрлері кінәнің ны-
саны бойынша тек қасақаналық болып танылады. Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыс құрамы,
кінәнің абайсыздықтағы нысанын құрайды.
Кейбір қылмыстар (мысалы, ҚК 307, 310, 314- баптары) пайдакүнемдікпен немесе жеке басының мүддесі
үшін немесе (ҚК 311-б) пайдақорлық мақсатпен жасалынады.
Қылмыстың субъектісі - заңға сәйкес лауазымды тұлғалар және Кәмелеттік қызмет атқаратын адамдар,
яғни арнайы субъектілері болып, ал ҚК 312, 313-баптары бойынша - 16 жасқа толған қандай да болмасын есі
дұрыс адам танылады.
Достарыңызбен бөлісу: