Экономиканы ақшасыз елестетуге мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдалануы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды – тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.
Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.
Бірте-бірте тауарлық ақшаны қағаз ақшасы ығыстырып жіберді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «алтын стандартқа» көшті. Ақша алтынға бекітілген тепе-теңдік бағамы бойынша айырбасталатын болды. Алтын стандарт І Дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылды.
1944 жылы дамыған елдер Бреттон-Вуд келісіміне келді, ол бойынша жетекші валюталар АҚШ долларына байланатын болды, ал доллар алтынға айырбасталатын болды. Бұл келісімнің күші 1972 жылға дейін созылды. Қазіргі кезде ұлттық валюталардың икемді бағамдары әрекет етуде.
Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.
М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.
М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.
М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.
Ақша ұсынысы
Ақша ұсынысы дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады:қолдағы бар ақша мен депозит.
Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.
Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:
(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу. Орталық банктер құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады.Бұл жағдайда артық ақша массалық резервтері төмендейді, нәтижесінде экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.
(2)Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер орталық банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері (M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.
(3)Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.
Ақша ұсынысын тек қана Орталық банктың саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша йелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.
Ақша құрамына халықтың қолындағы қаражаттар мен мәмілелер жасауға қолданылатын банктік шоттардағы қаражаттар кіреді. Ақша массасының көлемі: M=CU+D, мұндағы CU-қолма-қол ақша, D-депозиттер, яғни ағымдағы шоттардығы қаражат сомасы.
Ақша ұсынысын анықтайтын факторларды анықтау үшін CU мен D арасындағы өзара әрекеттеу механизмін және олардың әрқайсысына ақша-несие саясатының тигізетін ықпалын талдау қажет.
Ақша массасын құрудың 2 жолы бар, яғни механизмнің екі жолы бар:
100%-қ банктік резервтеу;
жартылай банктік резервтеу.
Мысалы ретінде, CU-1000$ қолма-қол ақша бар деп есептейік. Ол банкке келіп түсті. Депазитке D айға салынды деп есептейік. Бұл жерде салымдарды несиеге берілмейді деп қарастырайық. Әрбір коммерциялық банктің ішінде салымшылардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру үшін және олардың төлемдері бойынша қаражатты басқа банктерге аудару үшін резервтер болады. Банктің резервтері оның Орталық банктегі қолма-қол ақша мен депозиттерінен құрылады.
Актив Re=1000; Пассив D=1000, делік.
Резервтегі қаражатты тек салымшылардың өзі талап еткенде ғана қозғалттады. Сондықтан да ақша массасы өзгермейді. Яғни бұл механизмде ақша ұсынысына ешқандай әсері жоқ.