Єл-фараби атындаѓЫ



бет13/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Ақшаға сұраныс

Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар: трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп.


Бірақ ақшаны қолында ұстау – оларды депозитте сақтағанда алатын пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.
Шынында адамдар ақшаға емес, алайда М/P ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс білдіреді, себебі ақшаның мөлшері емес, бірақ сол ақшаға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер мөлшері маңызды. Мұндағы М – ақша массасы, ал Р – бағалар деңгейі. Ақшаның нақты қалдықтарына сұраныстың функциясы бұлайша жазылады:


(М/Р)D = L(i, Ү),
оның үстіне і пайыз мөлшерлемесінен тәуелділік кері, ал Ү табыстан – тікелей.
Ақша айналысының жылдамдығы (табыс бойынша) орташа есеппен алғанда әрбір ақша бірлігі жылына неше рет жұмсалғанын көрсетеді, яғни
V = (P . Y) / M,
мұндағы М - ақша жиыны, P - бағалар деңгейі, Y - шығарылым.
Ақша айналысының жылдамдығы пайыз мөлшерлемесінен де, табыстан да тікелей тәуелді. Бұл теңдікті бұлайша жазып алуға болады
M .V = P . Y.
Бұл теңдік ақшаның сандық теориясының теңдеуі деп аталады. Ескерту: ақша айналысының жылдамдығын анықтау – ақша жиыны ретінде нені түсінуге болатынына тәуелді – М1, М2, М3? Сәйкесінше V1, V2, V3 ақша айналысының жылдамдықтары пайда болады. V1 жылдамдығы V2 жылдамдығынан төмен, өйткені ол (V2) тұрақтырақ болып саналады.
Ақшаның сандық теориясының теңдеуін пайыздық формуламен көрсетуге болады:
M % өзгерісі + V % өзгерісі = P % өзгерісі + Y % өзгерісі
Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемелері арасында байланыс бар:


1 + r = (1 + i) / (1 +),
мұндағы  - инфляция қарқыны. Егер инфляция қарқыны нөлге тең болса, онда нақты пайыз мөлшерлемесі атаулы пайыз мөлшерлемесіне теңеседі. Инфляцияның аз қарқындарына сәйкес шамамен алғандағы байланыс мынадай: r = i - . Бұл ара қатынас i = r + түрінде Фишер теңдеуі аталады.
Несиегер мен қарызгер келіссөз жүргізу барысында атаулы пайыз мөлшерлемесі жөнінде келісімге келгенде, алдағы кезеңде инфляция қарқыны қандай мәнге айналатынын білмейді. Сондықтан Фишер принципіне сәйкес келесі шарт қабылданады:
i = r + e,
мұндағы e – болжалды инфляция қарқыны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет