Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет44/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Көпкомпонентті жүйелерде химиялық құрам (ерітінді) бойынша тұрақты (жеке заттар) ретінде және ауыспалы фазалар түзіледі. Мұндай фазалар қатты, сұйық және газтәрізді күйде түзілуі мүмкін. Тұрақты құрамның фазаларының бар болу облысының ұзындығы сыртқы параметрлердің (Р және Т) мәндерімен анықталынады.
Айнымалы құрамның фазаларының бар болу аумағының ұзындығы әртүрлі фазалардың аумағы секілді сыртқы параметрлер және фаза құрамымен анықталынады.
Конденсирленген жүйелер – критикалық нүктелерден (фазалық ауысу нүктелері) алыс қатты денелер мен сұйықтықтар. Қатты денелер мен сұйықтықтар газдарға қарағанда сығылуы миллион есе аздығымен сипатталады. Бөлшектердің жылулық қозғалысына: конденсирленген ортада – тербелістік, газдарда – қозғалысқа түсушілік тән және ажыратылады.
Температура мен қысымға тәуелді барлық заттар (металдар үшін негізінде температураға, Р-соnst): плазма тәрізді, газ тәрізді, сұйық және қатты сияқты төрт агрегаттық күйде болады.
Плазма – беттік тығыздықта оң және теріс электрлік зарядтар тең иондалған газ.
Газ тәрізді күйде атомдар бір-бірімен мүлдем байланыспайды, кеңістікте хаосты қозғалады.
Сұйық күйде атомдар бір-бірімен әлсіз байланысқан, жақын реттілік бар, ыдыстың формасын алады, бөліктері бір-бірімен оңай бөлінеді.
Қатты күйде атомдар бір-бірімен белгілі заң бойынша бір-бірімен әсерлеседі, құрылымда жақын сияқты алыс реттілік бар, атомдар сол немесе басқа түрдің кристалдық құрылымын түзеді.
Агрегаттық күй арсындағы ауысулар еркін энергияның өзгеруімен аяқталады:

F = U – TS, (3.1)


мұндағы, U – ішкі энергия;


T – температура;
S = – энтропия.
Конденсирленген жүйенің:
1. Сұйық
2. Шынылар
3. Аморфтар
4. Сұйық кристалдар
5. Кристалдар сияқты 5 түрі бар
Сұйықтар – тепе-теңдікті, изотропты, құрылымды ретсіз жүйелер, аққыштыққа ие, яғни өзінің формасын лезде өзгертуге қабілетті.
Шыны – квази тепе-теңдікті, изотропты, құрылымды ретсіз жүйелер, қатты дененің механикалық қасиеттеріне ие.
Аморфтар – экстримальды шарттарда алынған күшті тепе-теңдікті, изотропты, құрылымды ретсіз жүйелер.
Сұйық кристалдар – тепе-теңдікті, анизотропты, жоғары аққыштыққа ие, жартылай құрылымды реттелген жүйелер.
Кристалдар – тепе-теңдікті, анизотропты, құрылымды реттелген жүйелер (алыс реттілікпен трансляцияның симметриямен сипатталатын).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет