Механикалық қоспалар екі немесе одан да көп фазалардан түзіледі. Қоспа түзетін фаза элемент немесе қосылыс. Алайда, ережеге сай, оларға қатты ерітінділер жатады.
Механикалық қоспалардың түзілуі:
1) қаныққан қатты ерітіндіден екінші фазаның бөлінуі салдарынан.
2) эвтектикалық және эвтектоидтық айналу салдарынан өтеді.
Эвтектика (грекше еutektos – оңай балқитын) –
1) Жеке компоненттердің балқу температурасынан төмен температурада ерітіндіден бірдей уақытта кристалданатын қатты ерітіндінің жұқа қоспасы;
2) Эвтектикалық айналулар:
1 ) Сұйық фаза қе1 + қе2 Эвтектикалық айналу
2 ) қе1 қе2 + қе3 кристалдануларынан түзілетін сұйық балқыма немесе ерітінді.
Қатты кристалдық фаза дәндер жиынтығынан тұратын (немесе кристалдар жиынтығынан тұратын) монокристал, поликристал және аморфты қатты денелер түрінде алынуы мүмкін. Кеңістікте әртүрлі бағытталған поликристалдың кристалиттері бір-бірінен бөліктің кеңістігімен – дәннің шекарасымен – қалыңдығы бірнеше атомаралық қашықтықпен бөлінген. Дән шекарасы поликристалдағы фаза аралық шекара болмайды.
Жүйе компонеттері (К) – фаза түзілуі мүмкін химиялық элементтер немесе қосылыстар, яғни компонент ретінде жеке заттар (химиялық элементтер) немесе байланыстар кіре алады.
Компонент саны (К) – жүйенің фазасынан құралатын жеке заттардың минималды саны. Жалпы жағдайда компоненттер саны фаза құрамына кіретін химиялық элементтердің санынан аз болуы мүмкін.
Мысалы: InAs және InP қатты ерітінділердің үздіксіз қатарын өзара түзуі мүмкін: InAs – InP. Химиялық элемент – 3, жүйе компоненттері – 2 қосылыс, құйманың кез келген құрамында суммалық атомдық үлес (As+P)=In.
Физикалық-химиялық жүйе және компоненттерден түзілген жүйе адекватты түсінік емес екенін ескертуіміз қажет.
Біркомпонентті жүйелерде әртүрлі агрегаттық күйде; қатты, сұйық, газтәрізді күйде бола алатын химиялық құрам бойынша тұрақты фазалар түзіледі. Сол немесе басқа фазаның немесе біркомпонентті жүйелердің әртүрлі фазааралық бар болу аумақтарының ұзындығы сыртқы параметрлер - температура (Т) мен қысыммен (Р) анықталады.