11
Жеңіл
атлетикалық
жаттығуларды
ерте
балалар
бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына
дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың
жаттығулары адамды сергітіп,
адам ағзасының жақсаруына
әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға
қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі
спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады.
Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз
адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді.
Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі
адамдарға пайдасы зор.
Жаттығулардың оңай түрі
қарапайым адамдарға жеңіл
атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде
айналысуға мүмкіндік береді.
Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар
спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына
жетуіне,
мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын
жөндеуге көп көмек береді.
Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады:
-спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже
көрсететін спорт түрі;
-
ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы;
-
келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы;
-
дене
тәрбиесі
мен
спорт
саласында
маман
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.
Достарыңызбен бөлісу: