З. А. Мовкебаева (қолы)


Адамның табиғатына қатысты негізгі тұғырлар



бет19/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

2.Адамның табиғатына қатысты негізгі тұғырлар
Ойлауға қабілетті адамдардың барлығы адамның табиғаты жайлы өзіндік аксиомалық түсініктерге ие. Тұлға теоретиктері де ерекшелене қоймады. Адамның табиғаты жайлы түсініктер олардың дара тәжірибесінде тамырлануы мүмкін.
Бұл бөлімде біз адамның табиғатына қатысты әрбір негізгі тұрғыларды қарастырамыз.
Адамның табиғаты жайылы негізгі тұрғыларды төмендегідей қарама қарсы түсініктермен ұсынуға болады:

1. Бостандық Детерминизм


2. Рационалдық (орындылық) Иррационалдық
3. Холизм Элементализм
4. Конституционализм Инвайронментализм
5. Өзгерушілік Өзгермеушілік
6. Субъективтілік Объективтілік
7. Проактивтілік Реактивтілік
8. Гомеостаз Гетеростаз
9. Танымдылық Танылмаушылық
Жоғарыдағы тұрғылар салыстырмалы түрде тұрақты биологиялық қарама қарсы шкалаларды білдіреді және кез келген персонолог өзінің ұстанымын сол шеткі аймақтардың арасындағы нақты нүктені белгілей алады. Басқа сөзбеен айтқанда, әрбір тұрғы екі экстремумы бар континуум түрінде берілген. Философияның тұрғысында, сол тұрғыларды құрайтын категорияларды континуумдар түрінде емес, бір-біріне қарама-қарсы таптар түрінде қарастырған жөн еді. Алайда, персонологтардың арасында әрбір бастапқы тұрғының адамды қандай дәрежеде сипаттайтынына қатысты үлкен айырмашылықтар жатады. Мәселен, А. есімді ғалым Б. есімді ғалымға қарағанда адамдарды біршама еркіндеу деп есептейді. Осылайша бастапқы тұрғыларды континуумдар түрінде қарастырған жөн, себебі оның негізінде теоретиктердің арасында маңызды айырмашылықтарды оңай ажыратуға болады. Одан әрі негізгі тұрғылардың әрқайсысы қысқаша талданады. Біздің түсінуімізше, тұлға теориялары адамның мінез-құлқын психология көзқарасы бойынша алға жылжыту болып табылады. Тұлға теорияларының тек индивидуумның қызмет жасауына ғана емес, сонымен бірге адамдарың арасындағы даралық айырмашылықтарға да қатысы бар.
Қазіргі кезде тұлға жайында жалпы қабылданған анықтамалар болмаса да, көптеген теорияларда тұлға даралық айырмашылықтар жайындағы жалпы ой-пікірлер, болжаулық құрылымдар, бүкіл өмір бойындағы даму үрдісі және мінез-құлықтың тұрақты түрлерін түсіндіретін мән ретінде қарастырылады. Тұлға психологиясы көптеген теориялық бағыттарды, зерттеуден табылған олжалардың мәнді көлемін, біршама әдістер мен бағалау тәсілдерін және патологиялық мінез-құлықты түсіну мен түзету принциптерін өз аймағына қосып алатын академиялық психологияның бір бөлігі.
Тұлға теориялары екі қызмет атқарады: біріншіден - бақыланып жүрген өзара байланысты жағдайлардың әр түрлі кластарын түсіндіруге мүмкіндік беретін, түсініктер негізін қамтамасыз ету; екіншіден - әлі күнге дейін зерттелмеген жайттар мен байланыстарды алдын ала болжау.
Тұлға теориялары адам табиғаты жайлы негізгі ой-желістерімен негізделеді. Адам табиғатына қатысты тоғыз негізгі ой-желістерін анықтап талқыланды: бостандық-детерминизм, рационалдық (орындылық) иррационалдық, холизм-элементализм, конституционализм-инвайронментализм, өзгерушілік-өзгермеушілік, субъективтілік-объективтілік, проактивтілік-реактивтілік, гомеостаз-гетеростаз, танымдылық-танылмаушылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет