З. А. Мовкебаева (қолы)



бет18/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

3 тақырып. Тұлғаның дамуы
Жоспары:
1. Тұлғаның дамуына ықпал етуші негізгі факторлар.
2. Адамның табиғатына қатысты негізгі тұрғылар


1. Тұлғаның дамуына ықпал етуші негізгі факторлар.
Тұлға өмір бойына дамиды. Кейбір теоретиктер адамның өміріндегі дамуы мен өсудің фазаларын түсінудің сатылы үлгісін ұсынды. Тұлғаның қалыптасуы психосексуалды дамудың бірізділігі ретінде берілген З.Фрейдтің теориясы осы ықпалдың бір мысалы бола алады. Келесі бір мысал ретінде Э.Эриксон құраған эго дамуының сегіз сатысы жайлы тұжырымдаманы атауға болады. Аталған еңбектерге қарағанда көптеген теоретик-ғалымдар ата-ана мен баланың арасындағы өзара қатынастардың рөлін даму мәселесін түсінудегі маңызды фактор ретінде қарастырған. Мәселен, Карл Роджерс, тұлғаның қалыптасу сатысында –да ата-ана ұстанымы мен мінез-құлықтың әсерінен танымда және эмоционалы қатынаста индивидуумның Мен-тұжырымдамасының қалыптасу ерекшеліктеріне мән берген.
Тұлғаның жеке басы өсуі көптеген ішкі және сыртқы детерминанттар мен көптігімен шарттанған. Индивидуумның нақты мәдениетке, әлеуметтік-экономикалық тапқа немесе әркімге бірегей отбасылық ортаға қатысты болуы Сыртқы детерминанттарға жатады. Екінші жағынан, ішкі детерминанттар генетикалық, биологиялық және физиологиялық факторларды да қамтиды.
Отбасындағылардың әсері де индивидуумның дамуына едәуір әсер етеді. Осы тұста ата-анаға мінез-құлқтың,сендіру мен мақсаттардың да түрі ерекше маңызды. Ата-аналар еліктеудің үлгісі болып табылады, әрі қылықтары өз әрекеттері арқылы балаларына әсер етеді.
Генетикалық факторлар- бұл тұқымқуалаушылықтың механизмдері арқылы ата-анадан балаға берілетін мінез-құлыққа ықпал етудің бір түрі. Қоршаған ортамен бірге олар тұлға дамуының шарттануында шешуші роль атқарады. Егіздерге жүргізілген зерттеу, эмоциялы тұрақтылықтың, экстраверсияның, альтруизмнің, ұялшақтықтың немесе жасқаншақтықтың тұрақты түрде тұқым қаулайтынын көрсетті. Қалыпты байқалатын генетикалық компонентке басқа да ерекшеліктерге: жатырқау, агрессивтілік, жетістіктерге деген талпыныс, лидерлік т.б. (Tellegen et al., 1988).
Тұлға теориялыры өмір барысындағы даму мен өзгеру мәселелеріне қандай мән берілетінінде, әркүндік дамуға жауапты факторларды суреттеуде, сонымен бірге, тұлғаның дамуына әсер ететін генетикалық және ортадағы факторлардың салыстырмалы рольдерін мойындауда ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет